Ұйымдастырушылық- ізденістік | Әже мен келіні балаларды қарсы алады. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менде үлкен қуаныш. Менің немерем дүниеге келді. Бірақ біз оған ат қойған жоқпыз, оған ат қоюға көмектесіңдерші. Әже балалар айтқан атты немересіне қояды. Бүгін оның дүниге келгеніне тура қырық күн болды. Қазақ халқы 40 санын қасиетті сан деп есептейді. Сонымен қатар 40 күннен кейін бала өмірінің жаңа кезеңі басталады. Ол өсті, анасын тани біледі, күлімсірейді. Оның шаш мен тырнағы өсті. Бұл күні баланы суға түсіріп, алғаш рет шашы мен тырнағын алады. -Ал енді рәсімге қажетті заттарды дайындайық. Бізге сәбиді суға түсіру үшін елеген мен жылы су керек. -Бәрі дайын, суға тиындар мен әшекей бұйымдарды салайық. Оларды суға бала болашақта қиыншылық көрмей, әдемі болып өссін деп салады. Әже сәбиді (қуыршақты) жуындырады. Әже баланы жуындыра отырып, «Отыз омыртқаң жылдам бекісін! Қырық қабырғаң жылдам қатсын!» -деп айтып, балаларға қайталаттырады. -Мінеки суға да түсіріп болық, енді шашы мен тырнағын алайық. Шаш пен тырнақты шүбереккке ораймыз. Шашты сәбидің киімінің иығына жамандықтан қорғасын деп тігеді. Ал тырнақты адам аяғы баспайтын жерге көмеді. Егерде оны біреу басса, бала ауырады. -Жақсы баламызды шомылдырып болдық, енді тоңып қалмау үшін тез бөбекті орайық. Келін әженің немересіне тілектер айтуды ұсынады. Әже:- Немеремнің ұйқысы келді. Оны бесікке жатқызып, бәріміз бесік жырын айтайық. Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем. Жылама, бөпем жылама, Жілік шағып берейін. Байқұтанның құйрығын, Жіпке тағып берейін. Әлди-әлди ақ бөпем, Ұйықта бөпем, ұйықтай ғой. Әже: -Немерем ұйықтады. -Енді рәсімімізді жалғастырайық. Немеремнің алғаш киген ит көйлегіне тәттілерді орап, оны итке байлаймын, ал, сендер сол итті ұстап, тәттілерді алып жеу керексіңдер. Балалардың шуынан бала жылайды. Әже баланы уатады, келіні балалармен ойын ойнатады. Келін:-Жақсы балалар, барлықтарың епті екенсіңдер, қандай той ойынсыз өтеді, мен сендерге ойын ойнауды ұсынамын. «Кім жылдам?» ойыны. Ойынға екі қыз баланы таңдап, оларға әдемілеп, жылдам көрпелерді жинауды ұсынады. –Жарайсыңдар, қыздар аналарыңның жақсы көмекшілері екенсіңдер. Ал, енді ұлдарға «Бәйге» ойынын ойнауды ұсынамын. Ойынға үш баланы таңдап алып, мәреге дейін шауып, мәреге бірінші жеткен баланың жеңімпаз болатынын түсіндіреді. | Балалар әжемен амандасып, отырады. Әжені тыңдайды. Әженің немересіне ат қояды. Әжені тыңдайды. Қырқынан шығару рәсімін тамашалайды. «Отыз омыртқаң жылдам бекісін! Қырық қабырғаң жылдам қатсын!»-деп айтады. Әжемен келінін тыңдайды.
Сәбиге тілектер айтады. Бір үйдің баласы болма, Бүкіл елдің санасы бол! Бір елдің баласы болма, Бар елдің данасы бол!
Әжемен бірге бесік жырын айтады.
Итті қуып, ұстап, тәттілерді алады.
«Кім жылдам?» ойынын ойнайды. Ойынға екі қыз бала қатысып, көрпелерді- әдемілеп, жылдам жинайды. «Бәйге» ойынын ойнайды. Ойынға үш бала қатысады, мәреге дейін шауады, мәреге бірінші жеткен бала жеңімпаз болады. |