Просмотр содержимого документа
«Кош бол балабакша»
Қош бол балабақшам Тақырыбы: Қош бол балабақшам! Зал іші ертеңгілікке сай безендірілген.
Тәрбиеші: Қымбатты ата-аналар, қонақтар, балабақша қызметкерлері! Біз бүгін бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып мектепке шығарып салғалы отырмыз. Қуан шаттық, алақай Қуанатын күн бүгін Балабақшамен балақай Қоштасатын күн бүгін Жасымызға жас толып біріншіге барамыз. - келе сүйікті балабақшамен, қимастықпен қоштасатын балаларымызды ортаға қошеметпен шақырамыз. Айналайын балалар, Алда мектеп ана бар Өздеріңмен өседі Өнерпаздар даналар Жеті жасқа жеттіңдер Алуға терең білімді Мектепке бағыт алыңдар Құтты болсын қадамдарың аттаған Біз сендерге сәтті сапар тілейік Қуанышқа ортақпыз Құтты болсын тойларың Хормен Құтты болсын тойларың. Тәрбиеші: Еліміздің рәміздерін құрметтеуде мемлекеттік әнұран орындалады.
Өтті қызық көп күндер Жеті жасқа жеттіңдер Барсыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Ертеңгілігімізді ашу үшін балабақшамыздың меңгерушісі Перуза апайға сөз кезегін береміз.
Айвар: Ақ төсекке жатқызған Тәтті тамақ ұсынған Бала болып ойнаған Тәрбиеші көмекші апайларға алғысымызды айтамыз.
Қорытынды: Тәрбиеші балаларға алқасын, жұмыстар жинағын, портфолиосын тапсырып, винеткаларын береді Мектепке енді барыңдар, Үлгілі бала болыңдар Жақсы оқып сабақты, Кілең бестік алыңдар Көк жүзінде самғаңдар Тауды бұзып, тас жарып мұхиттарды жалғаңдар Күллі әлемді шарлаңдар, Ғарышқа да самғаңдар Хор: «Қош бол балабақшамыз» Қош сау болыңыздар.