kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қоршаған ортамен таныстырудан ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Қыс кереметі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл оқу қызметі балабақшаға, балабақша тәрбиешілеріне арналған. Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Қыз мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге үйрету. Қыс мезгілі туралы тақпақтар жаттату арқылы тілдерін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қоршаған ортамен таныстырудан ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Қыс кереметі»»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Қыс кереметі»

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту, қыс мезгіліне тән белгілерді білу және таба алуға үйрету.

Міндеттері: Білімділік: Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге, табиғаттың ерекшелігін сезіне білуге үйрету. Дамытушылық: Қоршаған ортамен танысу арқылы баланың ой - өрісін дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты қорғап, аялауға және әсемдігін бағалай білуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Қыс мезгілінің суреті, үлестірмелі суреттер, қар, мұз, қалыптар, стақандар, бояулар

Сөздік жұмысы: бұрқасын, қыстап қалатын құстар, боран, қырау.

Қостілдік компонент: қар-снег, қыс-зима, снегопад-бұрқасын, қыстап қалатын құстар-зимующие

птицы, аяз-мороз, боран-метель.


Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

«Амансың ба, алтын күн!»


Жұмбақ жасыратынын, жұмбақтың жауабы бүгінгі іс-әрекетіміздің тақырыбы болатынын хабарлайды.

Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып, балдырғандар ойнайды.

Бұл қай кезде болады?

-Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

-Кане кім атап береді?

-Қазір қай ай?

-Енді барлығымыз бір сәт көзімізді жұмып, қыс мезгілінін елестетейікші.

(Осы кезде әдемі әуен естіледі)

Ой қозғау

Балалардан не елестеткендері туралы сұрайды.






Бәрі бірге айтады


Жұмбақтың шешуін табады.






Қыс мезгілінде болады.

Үш айдан тұрады.

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Қазір желтоқсан айы.

Көздерін жұмады, қыс мезгілін елестетеді.



Өздерінің ойларын айтады. мысалы:Мен қысқы желді елестеттім. Мен қар жауған

ды елестеттім. Мен қыста шана тепкенімді елестеттім.

Ұйымдастыру-іздестіру

(Осы кезде ұйытқыған боранның дыбысы естіледі)

-Бұл ненің дыбысы?


-Боран соққанда қардың қандай күйде болатынын білесіңдер ме?


Тыңдайды.

Бораннның, желдің дыбысы.

Қар ұшып жерге түседі, қалқиды, домалайды.



-Қане , олай болса, қардың қандай күйде болатынын көрейік.

Тыныс алу жаттығуы.

Алдыларындағы бөтелкенін ішіндегі қағаз қиындысына түтікше салып, қатты үрлеуді ұсынады.




-Боран қатты соғып, мынандай ұлпақарларды ұшырып әкеліпті. Бұл ұлпақарлар сиқырлы екен, әрбіреуінде тапсырмалар бар.

Бірінші тапсырма: «Сиқырлы ұлпақар»

-Мына ұлпақарды кім қолына алса, сол қыс мезгілінің бір ерекшелігін айтады.






Келесі ұлпақар қысқы сиқырлы шырша орманына саяхатқа шақырады.

-Орманда не көп?


Орманға іздер арқылы баруды ұсынады.


Дидактикалық ойын: «Ормандағы аңдарды ата»

-Бұл орманда нелер өмір сүреді?


-Дұрыс айтасыңдар. Бірақ аңдар тығылып қалған сияқты. Аңдарды іздер арқылы тауып, олардың тіршілігі туралы айтуды ұсынады.

-Мынау ненің құлағы?

-Ал, қоян қалай дайындалады?




-Не үшін ол түсін өзгертеді?


-Мынау ненің құйрығы?

-Түлкі қалай қысқа дайындалады?




-Тағы қай аңды көріп тұрсыңдар?

-Ал қасқыр туралы кім біледі?

Қызығушылық танытады.



Түтікшені бөтелкеге салып, үрлейді. Мұрындарымен демалып, ауызбен ауаны шығарады.


Қызығушылық танытады.




Қолдарына бір-бірден ұлпақарды алып, қыс мезгілінің ерекшелігін айтады. Мысалы: Қыста айналаның бәрі аппақ қар болады. Қыс күн суық, аяз болады.


Қызығушылық танытады.

Орманда қар көп, қалың.


Орындарынан тұрып, іздер арқылы орманға барады.


Орманда жабайы аңдар

өмір сүреді.

Қызығушылық танытады. Жан-жақтарына қарап, іздейді.

Қоянның құлағы.

Қоян -жабайы аң. Қоян жүнін аққа ауыстырады, ағаштардың бұтақтарының қабығын жейді.

Басқа жыртқыш аңдар оны жеп қоймау үшін.

Түлкінің құйрығы.

Түлкі-жабайы аң. Түлкі аң аулайды, мұрны иісшіл, көзі қырағы, құлағы жақсы естиді, інде тұрады.

Қасқырды көріп тұрмыз.

Қасқыр итке ұқсайды.

Қасқыр да аң аулайды, көшпенді өмір сүреді, тісі өткір,қорқынышты

Қасқырдың баласын- бөлтірік дейді.


-Ал, мынау ұйықтап жатқан қай аң?

-Аю туралы не айтасыңдар?




-Ал мынау ненің мүйізі?

-Бұғы қыста қалай өмір сүреді?




-Келесі ұлпақар сендерге мынандай ойын әкеліпті.

Сөздік жұмысы:

Қоян-заяц-рәббит, түлкі-лиса-фокс, қасқыр-волк-улф, медведь-аю-биа.

Сергіту сәті:









-Сендер аңдар туралы көп біледі екенсіңдер.

-Ал, енді келген ізімізбен топқа қайтайық.



-Біз саяхатқа кеткенде бізге қонақтар келіпті.

-Нелер қонаққа келген?


Келесі ұлпақар құстардың қысқы тіршілігі туралы айтуды ұсынады.

-Қандай құстар қонаққа келіпті?

-Қане қандай құстар, кім атап бере алады?



-Неге бұл құстарды қыстап қалатын құстар дейді?



-Қатты суық боран кезінде құстарға да қиын. Олар тамақ тауып жей алмайды. Оларға кімдер көмектеседі.

-Ал адамдар оларға қандай көмек көрсетеді?



-Құстардың қандай пайдасы бар?




- Құстар қыста немен қоректенеді деп ойлайсың?


-Сендер құстар туралы да біледі екенсіңдер.


-Келесі ұлпақар ойын алып келіпті.

Дидактикалық ойын: «Құстарды орналастыр»

Суретке қарап жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды дұрыс орналастыруды ұсынады.


-Ал, мына ұлпақар жұмбақ жасырғысы келіп тұр.

Өзі сондай аппақ,

Жердің бәрін жаппақ.

Ол не?

(Топқа тарелкамен қар кіргізеді).

-Қыс мезгілі несімен қызықты?

-Қар қандай?


-Қалай ойлайсыңдар, қарды алақанымызға салсақ, қар қандай күйде болады?



-Неге?


-Қардың түсі қандай? Неге ұқсайды?



-Қарды ұстағаннан кейін қолды жуу керек. Неге екенін білесіңдер ме?

Қолдарын дымқыл салфеткамен сүртуді ұсынады.

-Ал, енді қолымыз қар ұстағаннан кейін жылыды ма?

Міне сондықтан, қарды көп ұстамау керек? Неге?

-Ауызға салып жеуге болама? Неге?


-Қане, олай болса саусағымызды жылытайық.

Саусақ жаттығуы:

Раз, два, три, четыре, пять,      

Мы во двор пошли гулять.

Бабу снежную лепили,                    

Птичек крошками кормили,           

С горки мы потом катались,          

А еще в снегу валялись.                  

Весь в снегу домой пришли,

Съели суп и спать легли.   


Келесі ұлпақар сендерге тағы да жұмбақ жасырады.

 Қыста шыны болып қатады,
Жылыда су болып жатады.
 Ол не? 

Қар мен мұзды салыстыруды ұсынады.

-Мұз ол не?

-Мұз қандай?



-Ал , егер суға қар мен мұзды салса, қайсысы бұрын ериді деп ойлайсыңдар?


-Неге?


-Қайсысы бұрын батады?


-Ал, мынау түрлі-түсті мұздар.

-Оны қалай жасауға болады?


Келесі ұлпақар суға түрлі-түсті бояулар құйып мұз жасауды ұсынады.



Орысшаң қалай, балақай?

Қар-снег- сноу , мұз-лед- айс, қыс-зима- уинте , ұлпақар-снежинка- сноуфлек .


Жасаған мұздарын серуенге шыққан кезде далаға қатыратындарын айтып түсіндіреді.

Ол аю.

Аю күз бойы жеген азығын денесіне май қылып жинап алады да ұйқыға кетеді,

Ол бұғының мүйізі.

Бұғы- ағаштың бұтақта-

рын жейді, тез жүгіреді, алдыңғы екі аяғымен қорғанады.



Қайталап айтады.


Біз орманға барайық,

Жан - жағымызға қарайық.

Аю шықты қорбаңдап,

Қасқыр шықты ырылдап.

Түлкі шықты майысып,

Қоян шықты секіріп,

Қорықпаңдар, балалар,

Қарап - қарап алыңдар!



Іздермен жүріп, топқа қайтады.



Құстар қонаққа келді.




Қыстап қалатын құстар.

Көгершін, сауысқан, қарға, суық торғай, шымшық, торғай, тоқылдақ.

Өйткені олар суыққа шыдамды, өздеріне азық тауып жей алады.


Адамдар көмектеседі.

Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан қоқымын, жем шашып береді.

Олар өсімдіктерді, ағаштар

ды зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады.


Ағаш бүршігін, кепкен жемістерді қорек етеді.



Қызығушылық танытады.


Жыл құстарын бөлек, қыстап қалатын құстарды алып жіпке тізеді.




Ол қар.


Қыста қар жауады.

Қар суық, жұмсақ, жабысқақ.

Қолдарына қасықпен қар салады. Қорытынды: қар ериді, су болады.


Өйткені біздің алақанымыз жылы, қар жылыға ериді.

Қардың түсі ақ, қантқа, сүтке, айранға, мақтаға, ұнға ұқсайды.

Өйткені қар кір.


Қолдарын сүртеді.

Жоқ, қолымыз суық.

Ауырып қалмау үшін.

Жоқ жеуге болмайды, кір қарда микроб көп болады.















Мұз.


Мұз қатып қалған су.

Мұз қатты, жылтыр, суық,тайғанақ, айна сияқты, мөлдір.

Стақандағы суға қар мен мұзды салады. Қардың ерігенін көреді.

Өйткені қар жеңіл, жұмсақ, мұз қатты, ауыр.

Мұз бірінші батады, өйткені ол ауыр.

Суға бояу қосып, қатырып қою керек.


Қызығушылық танытады.

Алдыларындағы стақанға бояу құйып, дайын қалыпқа құяды.


Қайталап айтады, жаттайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытындылайды:

-Бүгін не туралы айттық?



-Тағы не істедік?



Рефлексия:

Егерде көңіл-күйлері көтеріңкі болса, үлкен ұлпақарлар алуды, көңіл-күйлері болмай тұрса, кішкене ұлпақарларды алуды ұсынады.



Қыс мезгілі, аңдардың қысқы тіршілігі, қыстап қалатын құстар туралы.

Қар мен мұздан тәжірибе жасадық. Түрлі-түсті мұз жасадық.



Өз көңіл-күйлерін білдіреді.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қыс мезгілі, қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы.

Болу керек: Тілдік, сөздік қорлары, есте сақтау қабілеттері, қыс мезгілі, мұз, қар туралы түсініктері.

Істей білу керек: Тапсырманы дұрыс орындауды, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруді, заттарды сипаттауды, салыстыруды, қорытындылауды.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қоршаған ортамен таныстырудан ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Қыс кереметі»

Автор: Турарова Алма Нурмухаметовна

Дата: 29.01.2019

Номер свидетельства: 497651


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства