Мотивациялық қозғаушы | Жылулық шеңбері. Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі көңіл ашды, Күліп өмір сүрейік! | Балалар шеңбер болып тұрады, тәрбиешімен бірге қайталайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Кіріспе әңгіме Оқу іс-әрекеті жұмбақ жасырудан басталады. Шіркіннің өзіне обал-ақ Жүреді аяқта домалап. Аяғы бар жүрмейді, Аузы бар күлмейді. Айнымайды бөпемнен, Тек сөйлеуді білмейді. -Балалар, доп, қуыршақты біз бір сөзбен не дейміз? -Біздің бөлмемізде қандай ойыншықтар бар? Ендеше ақын Нұрсұлтан Әлімқұловтың «Ойыншықтар» өлеңімен танысып, жаттаймыз. Өлеңді мәнерлеп оқу. Ойыншықтар Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды Ақыл айтсақ бұйырсақ, Қуыршақтар ұйықтайды, Айтқаныңнан шықпайды. Бұзау, қозы, құлыншақ. «Ұйықта» десең, ұқпайды. Тыңдамайды ұрысса, Осылары дұрыс па? Тентектігін қоймаса, Тұрғызамын бұрышқа. Сергіту сәті Биік болып өсеміз, Жапырақтай жайқалып. Шетімізден шеберміз Біз тынығып аламыз Әсем сурет саламыз Сұрақ-жауап -Балалар, өлең сендерге ұнады ма? -Өлеңде не туралы айтылған? -Ойыншықтармен қалай орнау керек? -Ойыншықтар неден жасалады? Өлеңді жаттау. | Жұмбақтың шешуін табады. Доп Қуыршақ Ойыншықтар Өлең жолдарын мұқият, зейін қойып тыңдайды. Мағынасын түсінеді. Жаттығу жасайды. Ұнады Ойыншықтар Ұқыпты Әртүрлі заттардан |
Рефлекциялық-түзетушілік | Қорытындылау Сюжетті-желілі ойын: «Ойыншықтар әлеміне саяхат» жасау. Мақтау, мадақтау, жұлдызшалар беру. | Балалар қызықтап ойнайды. |