Просмотр содержимого документа
«Құттықтаймын, ана мерекеңмен!»
«Бекітемін» МКҚК №22 «Ақбұлақ» балабақшасы директоры__________Джаманшалова Г.Н. «___»______________2017 ж
8 наурызға арналған сценарий
«Құттықтаймын , ана, мерекеңмен!»
Дайындаған: Жұмабай Г.Ж
2017 ж
Мақсаты: Аналарды, ұстаздарды, аруларды мерекелерімен құттықтау, ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау, парасатты, мейірімді болуға баулу.
Жүргізуші: Ана деген – жүректегі асыл ән,
«Ана - бақыт» деген сөзге қосылам.
Анаға арнап айта берсең сөз жетпес
Ол дегенің – өмірдегі асыл жан!
Армысыздар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз «Халықаралық әйелдер» күні мерекесімен құттықтаймыз!
Ананың көзінен төгілген нұр жан – жағына шуағын шашады.
Балалар, сендерге жарық дүниені сыйлаған кім?
Ана.
«Өмірде ана – бұлақ, ана – пана
Өмірді өркендетер ана ғана» - дей келе бүгінгі № 11 «Аққу» тобының «Құттықтаймын, ана, мерекеңмен!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Ақ қар еріп,
Су көбейіп
Сай салаға толады
Ағаш басы бүршік атып
Гүл бәйшешектер басады
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктемде. Олай болса, көктем ханшайымын қарсы алайық.
Көктем: Сәлеметсіздер ме балалар, аналар.
Сағыныш пен жеткен.
Келді міне көктем
Жайнап нұрлы күні
Құтты болсын Аналар!
Мерекеңіз бүгін!
Жүргізуші: Көктем ханшайымы біз сіздің келгеніңе өте қуаныштымыз. Балалар күннің шұғыласын, бұлақтың сылдырын сағынды. Сіз төрлетіп балалардың өнерін тамашалаңыз.
Хор: «Көктем»
Кәусар Бүгінгі көктем күнінде, Барлық адам қуанар, Аналарды мейраммен Құттықтайды балалар.
Рамазан Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір – бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар мен апайлар
Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы таппағым
Өзің жайлы әнімде
Арнадым саған бәрінде
Ақниет Жыл басы наурыз мереке Ақ нұрға әлем боянды Аналар тойы ерекше Тіршілік жаңа оянды
Көктем: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Кір жуу»
Шарты: Аналардың балаларымен шығады. Анасы кір жуады, баласы оны тез ілу керек.
Жүргізуші: Армысыз, еліміздің асылдары
Жайнаған көңілдерің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Ән: «Ана» орындайтын: Кулбаев Рамазан
Би: «Қазақ қыздары»
Жүргізуші: Аналарға арналған тақпақтармен жалғастырайық.
Акбобек. Анамды мен жақсы көрем, Айтқан тілін алып жүрем. Қасымда анам жүргенде, Шаттанып ойнап- күлем!
Акбота. Той пердесін ашайық Тойға шашу шашайық Аналарды құрметтеп Ән маржанын ашайық.
Жанель. Ананың біз гүліміз, ана біздің күніміз Ұландарды қуантып, ұзақ өмір сүреңіз.
Мадина. Әлпештеген аялаған Ақ сүт берген апатайым Сәлем жазып бүгін саған Мейрамыңмен құттықтаймын
Асия. Құтты болсын ақ анам Сегізінші науырызың! Қасымда бол әр қашан Жансын жарық жұлдызың! Тілейді бақыт бір саған Әлпештеген ұл-қызың!
Жүргізуші: Аналарға ақ тілекті, сөз көп дейін
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналарға ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Буратина» биін.
Би: «Буратина»
Саруархан. Үн қатасың бал тілмен, Еркелеймін әр күн мен. Құттықтаймын анашым, 8- Наурызбен!
Зангар. Жақсы көрем күлкіңді, Айналайын ақ анам. Менің анам сүйкімді, Бәрінен де жақсы адам. Муслим. Көрсең қайран боларсың Мақтанышы әлемнің Аналар ғой әрқашан Бала қамын ойлайтын Камшат. Бөбегіңнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Үзіл. Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаршамасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Ән: «Әке - Ана» орындайтын: Кулбаев Рамазан
Би: «Керемет»
Алихан. Өмірге бізді келтіріп, Жарық дүние сыйлаған. Жамандыққа баласын, Ешқашанда қимаған. Көрмесін қайғы балалар, Аман болсын аналар.
Мухсару. Мен анамды сүйемін, Құшағына енемін. Мәпелеген анамды, Қуантсам деп келемін
Аяулым. Today is mother′s day
let′s shelp mama
I′ll make breakfast
You make lunch
Нуртилек. Құтты болсын осы шаттық күніңіз Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз Қуанышты жүзіңізбен әрдайым Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Ән: «Мамочка моя» орындайтын: Саламат Аяулым
Сән үлгісі
Жүргізуші: Осымен 8 наурызға арналған ертеңгілігіміз аяқталды.