kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі сабағында диологтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлесім әрекетін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

бұл мақалада қазақ тілі пәніне қатысты пікірлер білдірілген

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі сабағында диологтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлесім әрекетін дамыту»

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДИОЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ



Куспанов Фархат Бегімқанұлы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



32 орта мектеп Новоишимка ауылы Целиноград ауданы Ақмола облысы





ХХІ ғaсыp – қоғaмның әp сaлaсындa қapқынды дaму үдеpісінің қaлыптaсуымен еpекшеленеді. Жоғapғы технологиялapдың дaмығaн зaмaнындa ең бaсты мaқсaтымыз – бәсекелестікке қaбілетті, білімді ұpпaқ тәpбиелеу. Өкінішке оpaй , қaзіpгі тaңдa еліміздегі білім беpу сaлaсындa aуыз толтыpып aйтapлықтaй ілгеpлеу бaйқaлмaйды. Оқушылapдың сaбaққa деген қызығушылықтapы төмендеді. Себебі, өткен ғaсыpдың оpтaсынaн беpі келе жaтқaн дәстүpлі түpде сaбaқ беpу әдісі әлі де болсa мектептеpде кеңінен қолдaнылудa. Сондықтaн бүгінгі кезде, уaқыт тaлaбынa сaй, оқушылapдың қaжеттіліктеpін қaнaғaттaндыpу үшін мектептің оқу-тәpбие жұмыстapынa өзгеpістеp енгізу қaжеттілігі туындaудa. Соңғы жылдары елімізде бірнеше білім бағдарламалары қабылданып, іске асырылып жатыр. Соның бірі быйылғы оқу жылында мектебімізде жүргізілген «Тәжірибедегі рефлексия» курсы болды. Мектеп тренерінің ұйымдастыруымен өткізілген курстың қатысушылары мен куәгерлерінің бірі мен болдым.

Республика президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында білім беру жүйесіне қатысты әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы қызмет көрсету, білімнің бәсекеге қабілеттігін көтеру сияқты міндеттерді алға қойды, білім мемлекет пен қоғамға пайда әкелуші және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қозғаушы күші болуы керек деген болатын. Қазақстандағы білім беру тұлғаны ол өмір сүретін және жұмыс жасайтын жағдайларын ескере отырып қалыптастыруға негізделген. Осыған байланысты біздің еліміздің білім беру жүйесінде реформалау жүргізіліп жатқандығы белгілі.

Көзқарасым өзгере бастағаннан кейін курста үйренген әдіс – тәсілдерімді күнделікті сабақтарымда қолданып көруді бастадым. Сол әдістердің бірі өзіме де қатты ұнап қалған «Қар кесегі» әдісі болды. Оның дәлелі 8 «Б»-сыныбына өзім курста үйренген «Қар кесегі» әдісін қолдануым болды. «Қар кесегі» әдісін жаңа сабақты оқушылар өздіктерінен түсіну үшін және топ болып жұмыс істеуі үшін қолдандым. Оқулықтағы берілген мәтінді өздіктерінен оқу, талдау мақсатында. Бірақ, сәтті қолдана алмай, кедергілерге тап болдым. Біріншіден, әдіс күрделі, өзге ұлт өкілдеріне арналған қазақ тілі болғандықтан оны оқушыларға түсіндіріп, олар қабылдап кеткеннің өзінде оқушылардың орындау процесі шашыраңқы болды. Екі оқушы ғана оның біреуі жақсы оқитын Милена мен Айша ілесіп алып кеткенмен, қалған оқушылар бейтарап қалып, оларды жұмылдыруда уақыт жағынан да ұтылып қалдым. Бұл шашыраңқылықтың оқушығада психологиялық тұрғыдан әсері болып, қызба оқушылар көңіл-күйлері түсіп, өздерінің орындай алмай, түсінбей жатқандарына наразы екендіктерін байқатса, сабақта бейтарап отыратын оқушылар осы сәтті өз пайдаларына шешіп, шулап, артық сөйлеуге мүмкіндік алды. Дегенмен, мұғалім болғандықтан тездетіп осы әдісті аяқтап, талдаған мәтін бойынша жұптасып диолог құрауға жұмылдырдым. Диолог құрауда және сұрақты сауатты құрап, сауатты жауап беру арқылы жұптағы екі адамға бір баға қойылатындығын ескерттім, осы әдісім менің ұтқан жерім болды. Жақсы оқитын оқушылар тек өзін ғана емес, жұбын да алып шығуға тырысып бірден жұмысқа яғни тапсырманы орындауға кірісті. Осы сабақтан соң мұғалім ретінде қайта ойландым. Алдыңдағы оқушыларды сабақ беретін пән мұғаліммінен басқа артық түсініп, деңгейін білетін жан жоқ. Ендеше оларға қолданатын әдісім де мен үшін жеті рет ойланып, бір рет кесілген болуы мүмкін екен. Бұл сабағым менің өзіме сабақ болды. Өз қателігімді ойлана келе, қазақ тілінің өзге ұлт өкілдеріне арналған ерекшелігін әр кез ескеруім керектігін, мәтін алды жұмыс, яғни сөздік пен жұмыс болуы керектігін неліктен «Қар кесегі» әдісін сәтті қолдана алмағанымдағы кемшіліктеріме талдау жасау арқылы түсіндім.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Қазақ тілі сабағында диологтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлесім әрекетін дамыту

Автор: Куспанов Фархат Бегімқанұлы

Дата: 19.01.2018

Номер свидетельства: 450994


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства