Балалар біздің маймылдарымыз ауырып қалыпты тіпті тәбеттері жоқ екен. Банан жемей қойыпты. Енді біз жаңа-жылды қалай қарсы аламыз деп бәрі жылап жатыр.
Музыка әуенімен маймыл кіреді қолында градусник:
Сәлеметсіңдер ме, Балалар!
Ұлдар менен қыздар.
Маймылдарымызға не болды?
Балалар : Олар ауырып қалды.
Африкалық маймылдардан сендерге хабар келді? Олар қайғыға ұшырапты
жаман аурумен ауырып қалыпты. Қатты тұмаумен олар ол ауруды Африкада жұқтыртып алыпты.
Әрине.Бізде барлығы да жақсы,күннің көзі де өз жылуын береді, банан да өседі, бірақ шырша ғана өспейді.Сол себептен біздің маймылдарымыз жаңа-жылды қарсы ала алмайды.Ал,жасыл шыршасыз жаңа-жыл қалай өтеді?Ал пальмамен мереке сәнсіз болады. Бірақ мен оларға көмектесе аламын. Мен өте керемет шыршаны көріп тұрмын.
Сендер маймылдарға көмектесесіңдер ме? Өз шыршаларыңды бересіңдер ме?
Мен қазір өзімнің сиқырлы градуснигіммен тексеремін бергілерің келе ме ,әлде жоқ па.Маймыл өзінің градуснигің шығарады,балаларға немесе ата-аналарға қояды.. маймыл дене қызуын тексеріп жүреді.-қандай білгіш бала;
-жақсы бала;
-ақылды бала:
-үйінде өзін қалай жақсы ұстайтын бала.
Маймыл.Балалар мен көріп тұрмын сендер өз шыршаларынды бергілерін келмейді ғой.Енді пальмамызды безендіретін болдық қой. Бірақ сендер мені үйретіңдерші қалай мерекені қарсы алатынын. Көмектесесіңдер ме?
Балалар : Иә
Маймыл:
Балалар жаңа-жылда тағы да не істейді.
Жүргізуші:
Жаңа-жылда балалар билейді.
Би. «Маймылдар»
Маймыл. Жарайсыңдар қандай керемет.!
Бірақ маған балалар шырша керек!
Мен ойластырдым!
Нағыз жаңа-жыл болу үшін, пальмамызды безендіру керек маған ол үшін ойыншықтар керек бірақ мен білмеймін шыршаны қалай безендіретінін. Барлығымыз бірге ойлайықшы , шыршада не болмайды. Мен заттың атауларын атаймын ал сендер айтып беріңдер бұл шыршалық ойыншық па,әлде жоқ па екенін. Егер жауабы дұрыс болса сендер қатты иә деп жауап бересіңдер , ал олай болмаса сендер үндемейсіңдер.Маймыл ұжымдық ойын ойнатқызады «Шыршада қандай ойыншықтар болады?»
-Шыршада нелер болады?
-жемістер бола ма?
-әдемі ойыншықтар бола ма?
-пима?
-Неткен әшекейлер шыршада! Мұқият болындар.
-Қайталаймыз.
-Шырша шыртылдағы?
- жылтыр ойыншықтар?
-Ыстық тоқаш?
-Тоқаш, ол ыстық –әрі жұмсақ оны тез жеп қоямыз, ол шыршаны безендіре алмайды ол тамақ қой.
-Арғарай тыңдаймыз.
-Ақ қар ұлпалары бола ма?
-Балмұздақ бола ма?
-Жыртық бәтеңкелер?
-Алтын балықтар?
-Жарайсыңдар балалар ,ойынды жақсы ойнадыңдар !
Маймыл..
Балалар мен сендерді іздеп жүргенде ,көшеде бір ұлдарды кездестірдім. Олар мені нағыз жана-жылдық өленді қалай шырқайтынын ұйретті. Бірақ мен оны есте сақтай алмадым, бірақ жазып алдым. Сосын біздің ауырып жатқан маймылдарымызды үйретемін,оларға ол ем болады.
Хоровод «Маленькой елочке не холодно зимой»
«Қыста шырша тоңбайды»
Жүргізуші.
Маймыл сен отыра тұр ал біздің балалар тақпақтарын айтып берсін.
Даяна.
Аралайды бақшаны,
үзілмейді жақсы ән.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса-жаусын Ақшақар.
Асқар.
Аппақ қардай береке,
Даламызда самғасын.
Жаңа-жылдай мереке,
Таба берсін жалғасын.
Аружан.
Жаңа-жыл,жаңа-жыл,
Сені күттім елеңдеп.
Өзіңменен ілесіп,
аяз-ата келер деп.
Санжар.
Той ,мереке ,салтанат.
Думандатты шартарап,
Келді,міне жаңа-жыл.
Тартуларын арқалап.
Томирис
Аяз Ата келіп тұр
Маған сәлем беріп тұр
Сәлеміңді қайтейін,
Кәмпит жегім келіп тұр.
Ильяс.
Шаттық биге бөлеп тұр.
Кәмпиттерін арқалап,
Аяз-ата келіп тұр.
Мадина.
Далада қар борайды,
ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жылтырап жатады.
Маймыл.Балалар сендердің айтқан тақпақтарының ішінде Аяз-Ата мен Ақшақар бар ма?
Жүргізуші:
Әрине бұлар мерекедегі ең негізгі кейіпкерлер Аяз Ата мен Ақшақар ғой.
Жүргізуші:
Қане енді барлығымыз бірге Аяз-Ата мен Ақшақарды шақырайықшы!
Аяз-Ата!Ақшақар! Аяз-Ата!Ақшақар! 3-рет айтады.
Ақшақар!Аяз-Ата!
Ақшақар кіреді:
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Жаңа-жылдарың құтты болсын.
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт-жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін ,жырмын,тақпақпын.
Жүргізуші:Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз,
Ақшақарды ортаға алып,
Би билейміз бәріміз.
Қыздардың орындауында «Шырша биі»
Ақшақар.
Бізге балалар Аяз-Ата келе жатыр.Біздің шыршамызды жағуға.
Уақытымызды босқа кетіргенше,
Менімен бірге ойын ойнайықшы.,
Ойын:(Ақшақар ойын өткізеді)
Мен білемін бір ойын,
Үйретейін сендерді.
Мен бастаймын,
Ал, сендер аяқтайсыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр
Балалар. Жаңа-жыл!
Ақшақар.
Қызыл мұрын,ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге
Балалар:Аяз-Ата!
Ақшақар:Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі....
Балалар: Әдемі!
Ақшақар:Жарайсыңдар балалар!Тамаша!Қандай жақсы балаларсыңдар жан-жағына қарап сағатына қарайды: Аяз-Атамыз қайда екен. Кешікпеймін деген еді әлі жоқ?Қане,бәріміз бірге Аяз Атаны шақырайықшы.
Аяз-Ата,Аяз-Ата.-3рет
Аяз-Ата кіреді.
Амансыңдар ма,достарым,балаларым!
Құтты болсын,балалар!
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз,ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал,мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз-Ата.
Жүргізуші: Аяз-ата сен енді отырып біздің өнерлерімізді тамашала.Балалардың орындауында.
Ән: «Аяз -Ата»
Маймыл: Балалар сендер Аяз-Атаны қуантқыларын келсе тағы да кім тақпақ біледі?
Анвар. Аяз-ата аппақ,
Кәмпиттері тәтті-ақ.
Маған кәмпит көп берсең.
Тағы айтамын тақпақ.
Ануар.
Төрле, төрле жаңа жыл
Айтамыз Жаңа жыр Төрле, төрле құтты жыл
Әр кез жүрші төгіп нұр.
Матвей.
Ақ көрпесін жамылып,
Ұйықтап жатқан дала нұр Балаларды сағынып Келді міне жаңа жыл!
Эльдар.
Күттіріп келген жыл басы Бізбен бірге жырлашы Дастарханыма елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.
Алтынай.
Жаңа жыл, Жаңа жыл Төгілсін жаңа нұр
Сыйлығын сүйрет
Келді міне,маймыл жылы !
Қайсар.
Жаңа жылды қарсы алдың, Мініп алып күймеге
Мен де бүгін ән салдым, Араластым биге де.
Ән: « Новогодняя полька.»
Ойын: «Ата-аналармен Шыршаны безендір»
Тақпақтар.
Данияр.
Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың. Оранды ақ көрпеге, Асқартау, қарлы шың.
Б.Тимур.
Ақ қырауға малынған Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып.
О.Тимур.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы ән.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса-жаусын Ақшақар.
Настя.
Жаңа-жыл,жаңа-жыл,
Сені күттім елеңдеп.
Өзіңменен ілесіп,
Аяз-ата келер деп.
Б.Мансур.
Аппақ қардай береке,
Даламызда самғасын.
Жаңа-жылдай мереке,
Таба берсін жалғасын.
Жүргізуші: Ұлдардың орындауында Би «Аққала»
Аяз-Ата
Қандай керемет Жарайсыңдар!Ал енді менімен бірге ойын ойнаңдар.
Ойын: «Қатыру.»
Ақшақар:
Аяз-Ата сен ең негізгі бір нәрсені ұмыттың?Шыршамыз жағылған жоқ-қой?
Аяз-Ата:
Әрине бұл керек қой,
Қане барлығымыз бірге шыршаны жағып көрейікші.
«Шыршамыз жан !», «Шыршамыз жан!»
Музыка ойнайды.
Шырша жанады.
Жүргізуші.
Ән: « Шырша жыры.»
Маймыл.
Қандай керемет ,қызық мереке балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер!
Аяз-Ата.
Балалар мен сендерге сыйлық әкелдім. Олар қайда екен?
Ой кәрі басым ай,қапшығымды қайда тастап кеттім.
Жүргізуші: Аяз-ата бұл қалай болды ? Балаларымыз сізден сыйлықтар күтіп отыр!
Аяз-ата: Балалар ұмытпаңдар мен сиқыршымын ғой. Ақшақар сенің ұлпақарларың қайда?
Ақшақар.
Міне олар.
Аяз-Ата.Маған ең әдемісін берші. (Ақшақар. Аяз-Атаға қарды береді.)
Мен мына қарды шырша бойы домалатамын.Мынау қар жәй емес сиқырлы.
Шыршаның астына қарай домалатып сыйлықтарды табады.
Жарайсыңдар ,балалар!Алыс жерден шаршап келгенде мені бір қуантып,көңілімді көтердіңдер.Барлықтарың ақылды,білімді де өнерлі екенсіңдер.Киген киімделің де өте әдемі!Солай емес пе қызым?Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.Ал,енді біз жолға шығайық,басқа да балалардың өнерлерін тамашалайық.Ал,балаларым сендер өсе беріңдер,өркендей беріңдер! Жаңа Жыл құтты болсын!
Маймыл:
Мерекеміз өте,тамаша қызықты өтті!
Сау болыңдар ,біздің енді тағы басқа жаққа баратын жеріміз бар.Бізді ұмытпаңдар! (Аяз-ата мен Ақшақар Маймыл кетеді).
Балалар: Сау болыңыз!Рахмет сіздерге!
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар!Балалар.Қош келдің,Жаңа Жыл мерекеміз аяқталып қалды. Отбасыларыңызға бақыт,шаттық тілейміз. Жаңа-Жыл құтты болсын,тек қана қуаныш әкелсін.