kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?имылды ойындар ма?ызы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?имылды ойындарды? ма?ызы

Ойын ?сіп келе жат?ан бала организміні? ?ажеті. Ойында баланы? дене к?ші артады,?олы ?атайып,денесі шы?дала т?седі.К?зі ?ыра?ыланады,зеректілігі,тап?ырлы?ы,ынтасы артып,жетіле т?седі.Ойында балаларды? ?йымдастырушылы? да?дылары ?алыптасып шы?далады. ?стамдылы?ы,жа?дайларды салыстырып, ба?дарлау іскерлігі жетіле т?седі.
М?ндай жа?дайда балаларды? т?рлі топта?ы б?лшы? еттері бірдей ?ызмет етеді де,соны? н?тиежесінде олар бір?алыпты жетіледі.Алайда ?имылды ойындарды? ма?ызы тек м?нымен ?ана шектелмейді,олар сондай а? балаларды? жан жа?ты ?сіп жетілуінде ?лкен роль ат?арады.Сонымен ?атар.ойынны? зор т?рбиелік білімдік к?ші жекелеген гимнастикалы? жатты?улар?а ?ара?анда жо?арыра? т?ратын к?рделі ?рекет,баланы? жеке басын т?рбиелеудегі е? жа?сы ??рал деп саналады. Бала ойын ?стінде сергекте шира? болады,сезімтал келеді,бар ынта ы?ыласымен ойын?а беріліп кетеді.

?имылды ойындар зеректілікке,бай?а?ышты??а,зейінділікке,?иялдау?а, д?рыс сезімдерді? дамуына м?мкіндік жасайды.
Бала ?зіні? те? ??рбылары арасында олармен те? сезінуге тиіс.Ойында?ы белсенді ?рекет балаларды? к?шіне деген сенбеушілікті,?ялша?ты?ты, жас?анша?ты?ты болдырмайды.?имылдарды д?лме д?л орындау батылды?,ептілік,тап?ырлы?,сенімділік сезімдерін к?шейтеді ж?не ?жымда ?зіні? тиісті орнын алу?а к?метеседі.
Мектепке дейінгі ересек жаста?ы балаларды? доппен,ше?бермен,жіппен секіру,тас ла?тыру ж?не бас?а да заттармен ойнайтын к?птеген ?имылды ойындарында ережені балаларды? ?здері белгілейді.?ай жа?дайда болса да келісім барлы? ойнаушылар ?шін за?ды ереже болып табылады.
Б?л д?ст?рлерлерді? т?рбиелік м?ні ?лкен. Балаларды? т?ртіптілікке ша?ырады,?з беттерімен келісе білуге,келісіп ?рекет жасау?а,к?пшілікті? пікірмен санасу?а т?рбиелеуге к?мектеседі.
Жо?арыда айтыл?андарды? б?рі ?имылды ойындар ар?ылы алуан т?рлі міндеттерді шешуге болатынды?ы к?рсетеді.Ал ол ?шін б?л ойындарды балалармен к?нделікті ж?мыста ке?інен ?олдану керек.
?имылды ойындарды пайдалан?ан кезде дидактикалы? принциптерді:?олайлылы?ты,ж?йелікті,бірізділікті,белсенділікті,парасаттылы?ты са?тау керек.
     Ойындар,?рбір жас тобы ?шін балалар ?имылыны? басымдылы? процесіне ?арай орналастырылады:ж?ру,ж?гіру,ла?тыру,секіру,?рмелеу.Мысалы: «А??у ?аздар»деген ойында балалар?а мынадай н?рселерді ескеру керек,?аздар жайылып ж?рген кезде ш?п ж?лып жейді,су ішеді.Осы ?имылдар?а еліктеп бала е?кейеді,мойнын созады,басын арт?а ?арай шал?айтады т.б.
Кішкентай топты? балалары ал?аш?ыда,негізінен балаларды? ?имылына жа?дай жасайтын,ж?гіруге,секіруге,ынталандыру міндетін ат?аратын ойындар ойнайды.Ал одан кейін ?имылды? сапасына талаптар ?оятын ойындар орналастырыл?ан.Мысалы:ал?аш?ыда балалар?а с?л биіктен секіретін,одан кейін бір орнында т?рып,екі ая?пен ал?а ?арай жылжып секіретін ойындар беріледі.
Ересек балалар топтарында тере? орлар?а,жо?ары?а,ж?гіріп келіп ж?не бір орнында ?зынды??а секіруге жатты?тыратын ойындар іріктеліп алын?ан.
Айналып т?р?ан секіргіш жіп ар?ылы секіреді.
Ересек балалар топтарында «Кеглилер», «?ар д??гелектер»ж?не ж?ріп бара жат?ан нысана?а ла?тыру?а тапсырма беріледі.Мысалы: «А?шылармен мен ?ояндар»ойыны.
?имылды? ойындарды? б?рі,сайып келгенде балалар ?имылыны? же?іл де ?сем,батыл да сенімді болуына ба?ыттал?ан.
?имылды? ойындарды? ?сері к?п жа?дайда ойынны? алдында ?ойыл?ан міндеттерді? ауыр же?ілдігіне ж?не ден к?шіні? д?режесіне байланысты болады.Ойын к?п к?ш ?уат ж?мсауда талап етіп,бала организмін ?атты ж?мыс істеуге м?жб?р етуіне ?арамастан,олар ?детте ?уанышты,жа?сы к??іл к?й тудырады.
М?ндай жа?дайда олар та?ы да ойнай беруді с?райды,ал одан  ересек балалар топтарында ?з беттерімен де ойнайтын болады.
Ойындар топ ішінде де,далада ?ткізілгенде де тез ?имылды ?ажет ететін ойындармен алмастырып отыру керек.Жазда,ысты? к?ндерде,?имылды ойындар к?ле?келі сал?ын жерлерде немесе орман шетінде ?ткізіледі.?ыста серуен кезде,ойындарды ж?гіру,секіру т?сілдері ар?ылы ?йымдастырып ?имыл?а мейлінше жа?дай жасау керек: «Позд», «Тор?ай ж?не автомобиль», «Пятнашки»(доп ойынны? бір т?рі), «?ар д??гелектер», «М?з ?алау»ж?не бас?а ?имылды ойындар ?ыс кезінде ойналады.
Енді біз сіздерге кішкентай топ?а арнал?ан бірнеше ?имыл ?оз?алысты ойындарды к?рсетеміз.Б?л ойындар балаларды? ой ?рісін ке?ітіп,тілін дамыту?а к?мектеседі.Оларды шапша?ды??а,ептілікке,?жымшылды??а т?рбиелейді.Есте са?тау ?абілеттерін дамытады.
Б?л ойындар  1-кіші «Балапан»тобы балаларыны? к?мегімен ойнатылып к?рсетіледі.Балалар зал?а саз ?уенімен кіріп,би ?имылдарыны? жатты?уларын жасайды да ?она?тармен амандасады.
                                                Амандасу ?лкенге
                                                Т?рбиені? басы ?ой
                                                 Ал ?анекей,б?ріміз
                                                С?лем дейік ?лкенге.
 С?леметсіздер ме,апайлар!, деп амандас?аннан кейін ойындар?а кіріседі.
 1.«А?с?йек»ойыны.    
Балалар ше?бер жасап т?рып ?ле? айтады да к?здерін ж?мады.Сол кезде т?рбиеші ?олында?ы а?с?йекті алыс?а ла?тырып жібереді.Балалар к?здерін ашып,а?с?йекті іздеп тауып алады.
                                                   Ше?бер ??рып т?райы?,
                                                   К?зімізді ж?майы?.
                                                   Ла?тырыл?ан «а?с?йекті»
                                                   Іздеп тауып алайы?.

2.«Шабандоз» ойыны.       
Ойын?а ?атысушы екі шабандоз бала,оамал ?стайтын ?ыз бала керек.Бас?а балалар ?ле?ін айтып т?рады.
                                                    Шабандоздар келеді,
                                                    Астында аты желеді.
                                                    Шауып келе жатып,
                                                    Орамалды іледі, -деген кезде ?ыз бала орамалды тастап жібереді.?ай шабандоз орамалды бірінші алса,сол же?ген болады.

3.«Т?бетей» ойыны.        
Балалар ше?бер бойымен отырады.Бір бала ?олына т?бетейін ?стап айналып ж?реді де, кез келген бір баланы? артына тастап,?аша ж?неледі.Ал т?бетей т?скен бала оны ?уады.Т?бетейді таста?ан бала оны? орнына отыру керек. Отырып ?лгермесе айыбын (?з ?нермен) т?лейді.
                                                   Ше?бер ??рып отырайы?,
                                                   Т?бетейді к?тейік.
                                                   Т?сіп ?алса т?бетей,
                                                   Иесін ?уып жетейік.

3.«?оян?а с?біз бер » ойыны.
Екі ?оян орынды?та отырады.3м ?ашы?ты?та т?р?ан екі баланы? к?зін орамалмен байлап,?олдарына с?біз ?статады. Балалар с?бізді ?оянны? аузына апарып салу керек. К?зі байлан?ан балалар ?оянны? аузын таба алмай к?лкілі жа?дай?а ?шырайды.Ойын ?ызы?ты ?теді.

4.«Те?ге алу» ойыны.
Шабандоздар с?реде дайындалып т?рады. С?ре мен м?рені? арасында те?гелер шашылып жатады.Шабандоздар те?гені жинап алып,м?реге жету керек.Кім м?реге бірінші жетсе,сол же?іске жетеді.
                                                  Шабандоздар -жігіттер,
                                                  Шап?ан бойы с?реден,
                                                  Те?гені алып,т?гіп тер,
                                                   Бір а? шы?ар м?реден.
                                                  Ойында б?л т?сіл к?п,
                                                   Кім мол алса те?гені-
                                                   Ептілігі басым боп,
                                                   Сол жігітті? же?гені.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?имылды ойындар ма?ызы.»

АЙДАПСАЛ - ОЙЫНЫ
Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді де, бірінші топ үйдің сыртына шығып, екінші топ үйде қалады. Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады. Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір бірлеп шақыра бастайды.
Ойынның шарты бойынша, сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен өз есімі берілген ойыншыны табуы керек. Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартпайды. Айып тартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би билейді, т. б. өнер көрсетеді. Келесі жолы екі топ орындарын ауыстырады.
АРЫНДЫ АРҚАН - ОЙЫНЫ
Ойнаушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады. Бір ойыншы арқанның бір жақ ұшын ұстап, шеңбер ортасында отырады. Екінші ойыншы арқанның екінші ұшына таяқша байлап, шеңбер бойымен айналдырады. Ал балалар арқанды аяқтарының астынан секіре алмай ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша, ортада өнер көрсетеді.
Немесе былай да ойнауға болады: арқаннан секіре алмай қалған бала ойыннан шығып қалады, осылайша бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге болады, соңғы қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады.
АРҚАН ТАРТЫС - ОЙЫНЫ
Ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы сегіз он метр екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады. Ойынға қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен бір, екі… деп санап шығады. Содан кейін екі дегендері (жұп) бір жаққа, бір дегендері (тақ) екінші жаққа бөлінеді.
АТҚАУМА - ОЙЫНЫ
Ойынды алты бала үш үштен бөлініп ойнайды. Бір бала сол қолымен өзінің оң білегін ұстайды. Қарама қарсы тұрған бала да сөйтеді. Содан кейін бос қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстайды.

АҚШАМШЫҚ - ОЙЫНЫ
Ойын жүргізуші ойыншыларды араларынан бір кісі өтетіндей етіп дөңгелете отырғызады да, ортаға шығып, өзі екі алақанын беттестіре ұстайды. Ойыншыларға да солай істеуді тапсырады. Содан кейін алақандарының арасындағы сақинаны ойыншылардың біріне тастау үшін айнала жүргізіп, бәрәне сақина тастаудың белгісін жасайды. Алайда ол сақинаны білдірмей біреуге ғана тастайды. Сақина жасырылған адам да оны басқаларға байқатпауға тырысады. Ойын басқарушы түгел айналып шыққан соң, ортаға келіп: «ақшамшығымды бер», деп дауыстайды. Сонда сақинаны алған ойыншы орнынан атып тұруы керек. Әрбір ойыншы оң жағында отырған көршісін бағады, сақинаның онда барын берсе, орнынан тұрып кетсе, жазаны сол жағындағы ойыншы тартады. Айыпкер көпшіліктіңұйғаруымен өлең айта ма, би билей ме, домбыра тарта ма – әйтеуір бір өнер көрсетіп жазасын өтеуге тиіс. Көпшіліктің ұйғаруына қарсыласуға болмайды

АҢШЫЛАР - ОЙЫНЫ
Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Бірі – «үйректер» шеңбердің ішінде қалады да, екіншісі – «аңшылар» шеңбер бойымен қатарға тұрады. Аңшылардың мақсаты – доппен үйректерді көздеп ұрып, ойыннан шығару. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар доп лақтырып, үйректі атып ала бастайды. Доп тиген үйрек ойыннан шығарылады. Ойынды белгіленген уақыт мөлшеріне дейін ойнауға болады. Ол үшін уақыт екі жаққа да тең белгіленеді. Берілген уақыт өткеннен кейін, аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында үйректі көп атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептелінеді.

АҢШЫЛАР МЕН ҚОЯНДАР - ОЙЫНЫ
Бұл ойынды жылдың қай мезгілінде болса да ойнауға болады (жазда доппен, қыста қармен). Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Аңшылардың саны қояндардан екі есе аз болады.
Екі жерде бір бірінен қашықтығы елу жүз адымдай шеңбер сызылады. Қояндар сол екі шеңбердің біріне – «інге» орналасады. Шеңбер шетінде тұрған аңшылар қояндардың інін тықырлатып сыза бастайды (жерді аяқтарымен түрткілейді). Сол кезде қояндар өз інінен шығып, екінші інге – шеңбңрге қарай қашады. Осы кезде аңшылар қояндарды ата бастайды. Екінші шеңберге жеткенше оққа ұшқан қоян ойыннан шығып қалады. Барлық қоянды аңшылар атып біткенше, ойын тоқтамайды.
БІЗ ДЕ - ОЙЫНЫ
Бұл ойынды кең бөлмелерде ойнауға болады. Ойынға қатысатын балалар қаз қатар отырады. Ойын бастаушы жұрт алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Ойынның шарты төмендегідей болады. Ойын бастаушы балалардың қосылып айтылуына болатын сөз айтса, олар «біз де» деп жауап бірге жауап беруі керек те, қосылуға болмайтын сөз айтса, үндемеулері керек. «Біз де» сөзін айтып қалса, онда айып тартатын болады. Ән салып, не тақпақ айтып, не би билеп береді.
Ойын бастаушы: мен көлге барамын.
Балалар: біз де.
Ойын бастаушы: онан үйрек ұстап аламын.
Балалар: біз де.
Ойын бастаушы: үйректің жарымын күшігіме беремін.
Балалар: біз де.
Ойын бастаушы: күшігім жейді.
Осы кезде біреу; «біз де», деп қалса, ойын тоқтайды. Әлгі қателескен бала айып тартады. Бұдан соң ойын қайта басталады.

ДАУЫСТА, АТЫҢДЫ АЙТАМ - ОЙЫНЫ
Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынып: «Дауыста, атыңды айтам», дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі даусын бұзып шығарады. (Ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады.) Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады.
КӨРШІ - ОЙЫНЫ
Ойнаушылар екі екіден отырады да, бір ойыншы жалғыз қалдырылады. Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу.
Ойын жүргізуші: «Саған кімнің көршісі керек?» деп сұрайды. Сыңар ойыншы: «Маған Ақылбектің көршісі керек», деп жауап береді. «Көршіңмен аразбысын, әлде татумысың?» деп сұрайды. Егер ол аразбын десе, сыңар ойыншыға келіп көрші болады. Татумын десе тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін жаза тартады. Сыңар ойыншының ұйғаруымен көпшілік алдында өнер көрсетеді. Ал сыңар қалған ойыншы көрші іздейді. Осылайша ойын жалғаса береді.

МОНДАНАҚ - ОЙЫНЫ
Ойнаушылар ойын басқарушының айтуымен тізелерін тез көтеріп, аяқтарының басын түйістіріп дөңгелене отырады (тізелерінің астында орамал өтетіндей орын болу керек). Сонда олардың аяқтарының түйіскен жерінде бір кісі отырғандай бос орын қалады. Осы орынға басқарушы отырады. Осы кезде қолында орамалы бар ойыншы ортадағы отырған ойын басқарушыны жонынан тартыпқалып, тез тізесінің астына тыға қойып, «әне кетті моданақ, міне кетті моданақ» деп өлеңдетеді. Барлығы осы өлеңді хормен айтады. Ал ойыншылардың қолдары үнемі тізелерінің астында болады, себебі орамалды тізелерінің астынан шеңбер бойымен біріне бірі беріп, жылжытып ойын жүргізушіге білдірмеуге тырысады. Ал ойын жүргізушінің мақсаты – осы орамалды ұстап алу. Егерде ұстап алса, сол ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады, сөтіп ойынды жалғастыра береді. Ойнаушылар болса орамалды тізелерінің астынан жүгірте отырып қайткен күнде де ойын басқарушының қолына түсірмеуге, мүмкіндік болса, оны орамалмен бір ұрып қалуға тырысады.
ОРДАҒЫ ҚАСҚЫР ЖӘНЕ ОРАМАЛ ТАСТАУ - ОЙЫНЫ
Алаңның ортасынан арлығы қырық елу см сызық сызылады. Бұл қасқыр жатқан ор. Қалған ойыншылар қозы, лақ болады да, сол сызықтың бір жағында жайылып жүреді. Мұғалімнің ескертуі бойынша қозы, лақтар ордың екінші жағына өтуі керек. Ал қасқырлар өтіп бара жатқандарды ұстауға тырысады. Қолға түскен немесе секіріп үлгермеген қозы, лақтар қайтадан жүгіреді. Қолға түскен қозы, лақтардың саны қасқырлармен бірдей болғанда, ойын тоқтатылады. Ойынның басында қасқырлардың саны қозы, лақтардан екі есе аз болады.

СОҚЫРТЕКЕ - ОЙЫНЫ
Ойнаушылар дөңгелене тұра қалып, орталарына орамалмен көзін байлап «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойыншылар білдірмей барып, «соқыртекені» түрткілей бастайды. Осы кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы керек (ұстай алмаса да, дауыстап атын айтуы шарт). Осылай ойнап жүргенде «соқыртеке» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алып, атын айтуы мүмкін. Онда ұсталған ойыншыны көзін байлап ортаға шығады да, «соқыртеке» болады, сондықтан олар орнында тұрмай үнемі қашып жүруі керек. «Соқыртекенің» қолына түскен бала орын ауыстырады. Мүмкіндігінше, ойнаушылар шеңберден шықпағаны жөн.

СЫМСЫЗ ТЕЛЕФОН - ОЙЫНЫ
Қыз жігіттер сап түзеп тұрады. Ойын оңнан солға не, солдан оңға қарай бір ыңғайда жүреді. Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына сыбырлап, сөз не сөйлем айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, осылайша соңғы адамға дейін жалғасады. Ал енді ойын басқарушы соңғы адамнан бастап сұрайды. Мүмкін соны қате естіп, өзгерткен адам айып өтейді. Айып әр түрлі: ән салу, би билеу, өлең оқу, сол сияқтылар.

ТАПШЫ, КІМНІҢ ДАУСЫ? - ОЙЫНЫ
Шеңберде тұрған ойыншылардың бәрі ортаға шығып көзін байлайды да, ойын басқарушы болады. Ал қалғаны:
«Секір секір» деген кім,
білгіш болсаң таба ғой.
Тауып ал да, өзің кеп,
Сол орынды ала ғой, деген өлеңді айтып, шеңберді айнала жүгіреді.
«Секір секір» деген сөзді мұғалім белгілеген оқушы айтады. Балалар осыны айтып болған соң, ойын бастаушы көзін ашады да, «секір» деп айтқан баланы табуға тырысады. Тапса, айтқан бала ортаға шығады да, ойын басқарушы болады. Ойын осы ретпен жүргізіле береді.

ТАСЫМАҚ - ОЙЫНЫ
Бұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды, сол суды қарсы бетке қойылған бос кесеге қасықтап 2 адам тасиды. Бұнда команда құрып ойнайды, әр командада үш адам болады.
Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей шашпай, тез тасуы керек, қай команда жеңіске жетсе, жүлдеге сол ие болады.

ТАЯҚ ЖҮГІРТУ - ОЙЫНЫ
Ойнаушылар кезекпенен өздері тұрған жерден он шақты адым жердегі жарқабақ етіп соғылған қарға қолдарындағы таяқтарын лақтырады. Лақтырылған таяқ жарқабақ қардан өткен жағының ұзын қысқалығына қарай жеңімпаздың кім екені анықталады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.
Ойын қайтадан ойналатын болғандықтан, кезек күтіп көп уақыт жібермеу үшін ойнаушылардың саны үш бестен артпағаны жөн. Оқушылар көп болған жағдайда екі үш топқа бөлініп ойнау керек. Қарға лақтырылған таяқтың орнын мектеп оқушыларына арналған найзаны (копье) пайдалануға болады.

ТЫМПИ ТЫМПИ - ОЙЫНЫ
«Тымпи тымпи» ойынын бастаушы дөңгеленіп отырған жұрттың ортасына шығып: «Тым тырыс, тымпи тымпи», дейді. Осы сәтте қалған адамдар үндемеуге тиіс. Ортаға шыққан адам әр түрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып отырғандарды күлдіруге тырысады. Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай «өнерімен» ешкімді күлдіре алмаса, жеке адамның жанына барып, соны күлдіруге күш салады. Әзіл сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, аузы мұрнын қисайтып, түрлі қолапайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді. Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға, ортадағы адамның сұрауына жауап бермеуге тырысады. Ал сөйлеп, күліп қойса айыпкер саналады. Айыбы үшін өлең айтып, би билейді. Айыбын өтегеннен кейін ол ортаға шығып, ойынды басқарып кетеді.

ТҰТҚЫН АЛУ - ОЙЫНЫ
Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтан бір бір ойыншы шығады да, теріс қарап тұрып қолдарын айқастырып тұрып көпір жасайды. Бірінші топтың ойыншылары тізбекке тұрып бір-бірлеп, «алал- ай, бұлал- ай» деп әндетіп, көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын, көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысы көпірден өте бергенде, бір-бір тастан немесе бас киімнен ұстатады да, оның белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы заттың аты жаңағы өздері айтып келе жатқан әуен алал -ай, бұлал- айдың біреуі. Егер заттың атын тапса, көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса, ойын жүргізуші оның көзін байлап қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылайша бірінші топ көпірдің астынан өтеді де, тұтқындарды екінші топ ұстайды.

ШАЛМА - ОЙЫНЫ
Екі ойыншы күні бұрын дайындаған тұйық жіпті белгілі бір жүйеленген тәртіппен бірінің қолынан бірі алады. Бірінші кезек алған ойыншының әлгі жіпті екі қолына, екі қолдың ортаңғы саусақтарымен шалманы іліп алғанда «ыңғыршақ» пайда болады. Екінші адам бас бармақ және сұқ қолмен ыңғыршақтың екі жақ керегесінен үстінен астына қарай алғанда – «шаңырақ», төртіншіде – «астауша» шығады. Бесіншіде «кереге» қайталанады, алтыншыда «шынтақ» болып қайталана береді.
ШЕРТПЕК - ОЙЫНЫ
Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізуші орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында жүреді де, кез келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды. Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді. Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» деп, арқасынан тартып қалады. Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді. Ойынның қызықты болуы ойыншылардың санына байланысты.

ҚАМАЛДЫ ҚОРҒА - ОЙЫНЫ
Ойнаушылар үлкен шеңбердің қатарына тұрады. Шеңбердің ортасына «Қамал», яғни мосы немесе орындық қояды да, бір ойыншы қорғаушы болады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылар доппен қамалды атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты қамалға тигізбеуге тырысады. Кімде кім допты қамалға (орындыққа) тигізсе, сол бала қорғаушымен орнын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді.
ҚАРАГИЕ - ОЙЫНЫ
«Қарагие» жас балалар арасында көп тараған ойынның бірі. Ойын көгалды жер, алаңдарда ойналады. Ойынға ер балалар қатысады. Әр ойыншының қарағайдан немесе қайыңнан жаңылған 2 2, 5 метр бір басы үшкір сырықтары болады. Егер сырықтары жас ағаштан жасалған болса, үшкір жағын отқа ұстап кептіріп алу керек, сонда мұқалмайды.
Ойын жүргізуші көмбеден 15 20 метр жерге апарып жалауша тігеді. Ойынның мақсаты әрбір ойыншы белгіленген қашықтықтан өзінің таяғымен жалаушаны көздеу. Ойын жүргізушінің өзіне де ойнауға болады. Осылайша қай ойыншы жалаушаға көп тигізсе, сол ойыншы ұтқан болып саналады.

ҚАРАМЫРЗА - ОЙЫНЫ
Ойын басталмас бұрын, оның ережесі түсіндіріледі. Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойнаушыларға бірден: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза!» дейді. Ойын тәртібі бойынша сәлем алушы: «Уағалейкумассалам, бірінші Қарамырза!» деп жауап беруі керек, егер байқамай, «уағалейкумассалам» деп жауап қайтарса, онда сәлем алушы ұтылады.

ҚАССЫҢ БА, ДОССЫҢ БА? - ОЙЫНЫ
«Қассың ба, доссың ба?» ойыны тойларда ойналады. Бұл ойын бойынша қыздар мен жігіттер аралас отырады. Әрбір жұп көрші болып есептелінеді. Ойынды бастаушы:
Көршіңмен қассың ба, доссың ба? деп сұрайды. Егер сұраған адамнан «доспыз» деген жауап естісе:

ҚЫНДЫҚ САНДЫҚ - ОЙЫНЫ
Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, біріне бірі арқаларын тіреп тұрып құшақтасады. Ойын жүргізуші белгі берген кезде екеуі алға еңкейіп, бірін бірі жерден көтеріп алудың қамын ойлайды. Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан болып есептелінеді. Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезек күтіп тұрған келесі ойыншы шығады. Ойын осылай біреуі жеңімпаз атанғанша жалғаса береді. Жеңісті көп алған ойыншы жеңімпаз атанады.

ҰШТЫ ҰШТЫ - ОЙЫНЫ
Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра айтып отырады. Шарт бойынша, тек ұшатын зат аталғанда ғана ойнаушылар қолдарын көтеру керек. Ал егер кімде кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айыбын тартып, не өлең айтып береді, не би билейді, не басқа бір өнер көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді.

АЙГӨЛЕК - ОЙЫНЫ
Ойын кең алаңда өткізіледі. Ойыншылар саны мен жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді де, арасы он бес – жиырма метрдей жерде қол ұстасып қарама қарсы тізбек құрайды. Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді. Олар барлығы қосылып төмендегі өлеңді айтады:

ТЕҢГЕ АЛУ - ОЙЫНЫ
Асаба ортаға бос бөтелке қойып, бөтелкенің аузына ақша тығып қояды. Шығатын адам бөтелкеден он адымдай қашықтықта тұрып, ұзындығы 50 - 70 см таяқтың бір ұшын жерге тіреп, екінші ұшына маңдайын қойып, сол тұрған орнында басын алмай он рет айналып болып, бойын ұстап шайқалмай, теңселмей барып бөтелкенің аузындағы ақшаны алуы керек. Егер орта жолда тәлтіректеп кетсе, ойыннан шығады әрі айып төлейді. Айып мөлшері бөтелкенің аузында тұрған ақшаның мөлшерінен кем болмауы керек. Келесі адам шыққанда да сөйтеді. ОЙЫНЫ арасында би биленеді, күй тартылады, ән айтылады. Үздік өнер көрсеткендер сый - сыяпат алады. Тойдың қызықты өтуіне үлкен демей, кіші демей барлық қонақ ат салысады.

СИҚЫРЛЫ ТАЯҚ - ОЙЫНЫ
Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады....

ОҚТАУ ТАРТЫС - ОЙЫНЫ
Бұл ойынды ойнау үшін ортаға екі бала шығады. Алдымен жерге сызық сызады және сол сызықтың екі жағына тұрады, оқтаудың екі ұшынан ұстап тартады. Қайсысы сызықтан өтсе, жеңіледі. Ал, күші басым болып тартып алғаны жеңіске жетеді.
АТТАМАҚ - ОЙЫНЫ
Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұру қажет. Біріншісі – төмен, оны аттап өту керек, екіншісі – биік, оны еңкейіп, ал енді үшіншісінен тағы да аттап өту керек. Әуелі бір ойыншыны алып келіп осы жіптерден өткізіп, содан соң көзін байлап бір айналдырып қоя беру керек.
"ЕГІЗ СӨЗДЕР" - ОЙЫНЫ
Ойындардан бөлек мұғалімнің әрбір сабақтарда қолданатыны үлестірмелі кәртішкелер. Үлестірмелі кәртішкелер де балалардың жұмыс кезіндегі өздерінің жауаптылығына, қатесіз орындап, жақсы баға алуларына да әсер етеді. Олар да дұрыс, тиімді құрылғанды жақсы көреді.

"ЖАНУАРЛАР КЕҢЕСІ" - ОЙЫНЫ
Тапсырма: жануарлардың аттары арқылы сандарға жасырылған әріптерді тауып, берілген нақыл сөзді оқимыз. Берілген суреттерден кірпі, қасқыр, түлкі, маймыл, қоянның аттарын таптық.

КРИПТОГРАММАЛАР - "ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ" - ОЙЫНЫ
Тапсырма: алдымен сөйлемдерді толықтыратын сөздерді тап. Тапқан сөздерің сенің жасырынған мақалды оқуыңа көмектеседі.
"КІМ ЖЫЛДАМ?" - ОЙЫНЫ
Ойынның мақсаты: Буын үндестігін, буын түрлерін есте сақтап, пысықтау. Балалардың өз шығармашылық қабілеттерін осы Оынныдардың қорытындысы арқылы салыстырып отыруына көзделеді. Бұл ойын да өзге ойындар сияқты балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын байытады.

"ҚҰРЫЛЫСШЫ" - ОЙЫНЫ
Ойынның мақсаты: ойын арқылы балалардың есте сақтау қабілеттері дамып, тез ойлап, тез айту қабілеттері артады, сөздік қорлары ұлғаяды. Ойынның ойналу әдісі: тақтаға құрылыс материалдары ретінде қатаң, ұяң, үнді дыбыстары жазылады. Осы дыбыстарға сай келетін дауысты дыбыстарды таңдау арқылы сөздер құрастырады.

"АЯҚТАЛМАҒАН СӨЗДЕР" - ОЙЫНЫ
Ойынның мақсаты. Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыстар бойынша алған білімдерін тексеру. Өтілген материалдарды еске түсіру болып табылады.















Қимылды ойындардың маңызы

Ойын өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады,қолы қатайып,денесі шыңдала түседі.Көзі қырағыланады,зеректілігі,тапқырлығы,ынтасы артып,жетіле түседі.Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады. Ұстамдылығы,жағдайларды салыстырып, бағдарлау іскерлігі жетіле түседі.
Мұндай жағдайда балалардың түрлі топтағы бұлшық еттері бірдей қызмет етеді де,соның нәтиежесінде олар бірқалыпты жетіледі.Алайда қимылды ойындардың маңызы тек мұнымен ғана шектелмейді,олар сондай ақ балалардың жан жақты өсіп жетілуінде үлкен роль атқарады.Сонымен қатар.ойынның зор тәрбиелік білімдік күші жекелеген гимнастикалық жаттығуларға қарағанда жоғарырақ тұратын күрделі әрекет,баланың жеке басын тәрбиелеудегі ең жақсы құрал деп саналады. Бала ойын үстінде сергекте ширақ болады,сезімтал келеді,бар ынта ықыласымен ойынға беріліп кетеді.

Қимылды ойындар зеректілікке,байқағыштыққа,зейінділікке,қиялдауға, дұрыс сезімдердің дамуына мүмкіндік жасайды.
Бала өзінің тең құрбылары арасында олармен тең сезінуге тиіс.Ойындағы белсенді әрекет балалардың күшіне деген сенбеушілікті,ұялшақтықты, жасқаншақтықты болдырмайды.Қимылдарды дәлме дәл орындау батылдық,ептілік,тапқырлық,сенімділік сезімдерін күшейтеді және ұжымда өзінің тиісті орнын алуға көметеседі.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың доппен,шеңбермен,жіппен секіру,тас лақтыру және басқа да заттармен ойнайтын көптеген қимылды ойындарында ережені балалардың өздері белгілейді.Қай жағдайда болса да келісім барлық ойнаушылар үшін заңды ереже болып табылады.
Бұл дәстүрлерлердің тәрбиелік мәні үлкен. Балалардың тәртіптілікке шақырады,өз беттерімен келісе білуге,келісіп әрекет жасауға,көпшіліктің пікірмен санасуға тәрбиелеуге көмектеседі.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі қимылды ойындар арқылы алуан түрлі міндеттерді шешуге болатындығы көрсетеді.Ал ол үшін бұл ойындарды балалармен күнделікті жұмыста кеңінен қолдану керек.
Қимылды ойындарды пайдаланған кезде дидактикалық принциптерді:қолайлылықты,жүйелікті,бірізділікті,белсенділікті,парасаттылықты сақтау керек.
     Ойындар,әрбір жас тобы үшін балалар қимылының басымдылық процесіне қарай орналастырылады:жүру,жүгіру,лақтыру,секіру,өрмелеу.Мысалы: «Аққу қаздар»деген ойында балаларға мынадай нәрселерді ескеру керек,қаздар жайылып жүрген кезде шөп жұлып жейді,су ішеді.Осы қимылдарға еліктеп бала еңкейеді,мойнын созады,басын артқа қарай шалқайтады т.б.
Кішкентай топтың балалары алғашқыда,негізінен балалардың қимылына жағдай жасайтын,жүгіруге,секіруге,ынталандыру міндетін атқаратын ойындар ойнайды.Ал одан кейін қимылдың сапасына талаптар қоятын ойындар орналастырылған.Мысалы:алғашқыда балаларға сәл биіктен секіретін,одан кейін бір орнында тұрып,екі аяқпен алға қарай жылжып секіретін ойындар беріледі.
Ересек балалар топтарында терең орларға,жоғарыға,жүгіріп келіп және бір орнында ұзындыққа секіруге жаттықтыратын ойындар іріктеліп алынған.
Айналып тұрған секіргіш жіп арқылы секіреді.
Ересек балалар топтарында «Кеглилер», «Қар дөңгелектер»және жүріп бара жатқан нысанаға лақтыруға тапсырма беріледі.Мысалы: «Аңшылармен мен қояндар»ойыны.
Қимылдық ойындардың бәрі,сайып келгенде балалар қимылының жеңіл де әсем,батыл да сенімді болуына бағытталған.
Қимылдық ойындардың әсері көп жағдайда ойынның алдында қойылған міндеттердің ауыр жеңілдігіне және ден күшінің дәрежесіне байланысты болады.Ойын көп күш қуат жұмсауда талап етіп,бала организмін қатты жұмыс істеуге мәжбүр етуіне қарамастан,олар әдетте қуанышты,жақсы көңіл күй тудырады.
Мұндай жағдайда олар тағы да ойнай беруді сұрайды,ал одан  ересек балалар топтарында өз беттерімен де ойнайтын болады.
Ойындар топ ішінде де,далада өткізілгенде де тез қимылды қажет ететін ойындармен алмастырып отыру керек.Жазда,ыстық күндерде,қимылды ойындар көлеңкелі салқын жерлерде немесе орман шетінде өткізіледі.Қыста серуен кезде,ойындарды жүгіру,секіру тәсілдері арқылы ұйымдастырып қимылға мейлінше жағдай жасау керек: «Позд», «Торғай және автомобиль», «Пятнашки»(доп ойынның бір түрі), «Қар дөңгелектер», «Мұз қалау»және басқа қимылды ойындар қыс кезінде ойналады.
Енді біз сіздерге кішкентай топқа арналған бірнеше қимыл қозғалысты ойындарды көрсетеміз.Бұл ойындар балалардың ой өрісін кеңітіп,тілін дамытуға көмектеседі.Оларды шапшаңдыққа,ептілікке,ұжымшылдыққа тәрбиелейді.Есте сақтау қабілеттерін дамытады.
Бұл ойындар  1-кіші «Балапан»тобы балаларының көмегімен ойнатылып көрсетіледі.Балалар залға саз әуенімен кіріп,би қимылдарының жаттығуларын жасайды да қонақтармен амандасады.
                                                Амандасу үлкенге
                                                Тәрбиенің басы ғой
                                                 Ал қанекей,бәріміз
                                                Сәлем дейік үлкенге.
 Сәлеметсіздер ме,апайлар!, деп амандасқаннан кейін ойындарға кіріседі.
 1.«Ақсүйек»ойыны.    
Балалар шеңбер жасап тұрып өлең айтады да көздерін жұмады.Сол кезде тәрбиеші қолындағы ақсүйекті алысқа лақтырып жібереді.Балалар көздерін ашып,ақсүйекті іздеп тауып алады.
                                                   Шеңбер құрып тұрайық,
                                                   Көзімізді жұмайық.
                                                   Лақтырылған «ақсүйекті»
                                                   Іздеп тауып алайық.

2.«Шабандоз» ойыны.       
Ойынға қатысушы екі шабандоз бала,оамал ұстайтын қыз бала керек.Басқа балалар өлеңін айтып тұрады.
                                                    Шабандоздар келеді,
                                                    Астында аты желеді.
                                                    Шауып келе жатып,
                                                    Орамалды іледі, -деген кезде қыз бала орамалды тастап жібереді.Қай шабандоз орамалды бірінші алса,сол жеңген болады.

3.«Төбетей» ойыны.        
Балалар шеңбер бойымен отырады.Бір бала қолына төбетейін ұстап айналып жүреді де, кез келген бір баланың артына тастап,қаша жөнеледі.Ал төбетей түскен бала оны қуады.Төбетейді тастаған бала оның орнына отыру керек. Отырып үлгермесе айыбын (өз өнермен) төлейді.
                                                   Шеңбер құрып отырайық,
                                                   Төбетейді күтейік.
                                                   Түсіп қалса төбетей,
                                                   Иесін қуып жетейік.

3.«Қоянға сәбіз бер » ойыны.
Екі қоян орындықта отырады.3м қашықтықта тұрған екі баланың көзін орамалмен байлап,қолдарына сәбіз ұстатады. Балалар сәбізді қоянның аузына апарып салу керек. Көзі байланған балалар қоянның аузын таба алмай күлкілі жағдайға ұшырайды.Ойын қызықты өтеді.

4.«Теңге алу» ойыны.
Шабандоздар сөреде дайындалып тұрады. Сөре мен мәренің арасында теңгелер шашылып жатады.Шабандоздар теңгені жинап алып,мәреге жету керек.Кім мәреге бірінші жетсе,сол жеңіске жетеді.
                                                  Шабандоздар -жігіттер,
                                                  Шапқан бойы сөреден,
                                                  Теңгені алып,төгіп тер,
                                                   Бір ақ шығар мәреден.
                                                  Ойында бұл тәсіл көп,
                                                   Кім мол алса теңгені-
                                                   Ептілігі басым боп,
                                                   Сол жігіттің жеңгені.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?имылды ойындар ма?ызы.

Автор: Имамбекова Роза Амамбаевна

Дата: 01.12.2015

Номер свидетельства: 260369


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства