kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?ты? ?лтты? салт-д?ст?рі

Нажмите, чтобы узнать подробности

В данном развлечении отображены разнообразные формы работы с дошкольниками по этнокультурному воспитанию: знакомство детей с играми, обрядами, традициями и культурой казахского народа. Для проведения развлечения была проведена предварительная работа в виде разучивания стихотворений, показов обрядов и многое другое.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?ты? ?лтты? салт-д?ст?рі »

Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі

Мақсаты: Жас ұрпақты өз халқының тегін жақсы біліп, ата-бабаның салт-дәстүрін бойына сіңіріп,, оны жалғастырушы болып өсуге тәрбиелеу

«Адамның бар қызығы бала деген- деп халқымыз тегін айтпаған.Шыр етіп дүниге нәресте келгенде бөркін аспанға атып қуанбаған жан барма? Сол дүние есігін ашқан сәбиге берілетін ұлттық тәрбие отбасынан бастау алады. Сондықтан біз бүгін сіздердің назарларыңызға қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін ұсынамыз.

Дияр: Кең даланың ежелгі, Қазақ дейтін халқымыз. Өзге ұлттай біздеде, Бар дәстүрмен салтымыз. (Үнтспадан күй ойналып балалар залға кіріп жарты шеңберге тұрады) Жүргізуші: Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Сәлемдесу- кездескен адамдардың бір-біріне амандық-саулық тілеп тілектестігін ниеттілігін білдіру,әдептлік пен ізеттілігік нышанын көрсетіп, жақсылыққа ұмтылуы деген, сондықтан балалар қонақтармен амндасайық сендер қандай сәлемдесу сөздерін білесіңдер? - Сәлеметсіз бе? (Здравствуйте! ) - Есенсіз бе? - Амнсыз ба? - Қайырлы таң! - Қайырлы күн! - Ассалаумғалейкүм! - Армысыз!

Тәрбиеші: Балалар қазір жыл мезглі қандай?

- Көктем (весна) - Көктем мезгілінде неше ай бар? - Үш ай бар (три) - Оларды кім атап берерді? - наурыз, сәуір, мамыр. - кәзір көктемнің қай айы? - сәуір айы (май месяц) - бір аптада неше күн болады? - бір аптада 7 күн болады (семь) Енді сабағымызды ары жалғастырайық

(Күй ойналып залға бір бала жүгіріп кіреді) Бала; Сүйінші! Сүйінші! Ерден ата немерелі болды! Жүргізуші: О, жақсы жаңалық қой, қазақта жақсы хабар жеткізген адамға сүйіншісін береді . Саған «кәмпит» берейін (кәмпит береді) Нәресте дүниеге келгенде жасалтын алғашқы той- шілдехана тойы. Балалар ендеше біз Ерден атайдың үйіне шілдеханаға барайық.

Ерден атайдың ауылы өте алыста, ал алыс бұрынғы заманда біздің аталарымыз әжелеріміз алыс жолға атарбамен түйемен жүрген, ал біз қазір алыс жолға немен шығамыз кім айтып береді ?

Балалар: ұшақпен, жеңіл машинамен, поездбен. Жүргізуші: Біз бүгін поездбен жолға шығамыз. Музыка ойнап балалар поездбен жолға шығады (Шілдехана бесік той әні ойналып балалар атайдың ауылына барады) Бала: Ассалаумғалейкүм ата! Ата: Уағалейкүмсалам! Жүргізуші: Күйліқуаттымысыздар, ата, әже! Ата: Құдайға шүкір, балам. Аман -сау жүріп жатырмыз. Жүргізуші: Немерелеріңіздің бауы берік болсын! Тойларыңыз құтты болсын! Әже: Қош келдіңіздер! Төрлетіңіздер! Ата: «Алыстан алты жасар бала келсе алпыстағы қария сәлем береді» демекші өздеріңіздің хал-жағдайларыңыз қалай? Жүргізуші: Жақсы, ата! Әже: «Келгенше қонақ ұялады , келгеннен соң үй иессі ұялады»- деуші еді, келіңіз, төрге шығыңыз, қонақ болып кетіңіз. Санжар: « Қонағын сыйласа, төрге шық» дегендей төрге шығайық. (Балалар дастархан басына отырады) Әже: Қонақпен еріп құт келеді демекші, аталарың екуіміз немерелі болып жатырмыз. Осы немереміздің қуанышына ортақтасып куә болыңыздар. Ал енді немеремізге азан шақырып атын қояйық. Ал келін немеремізді алып келе ғой. (Келін нәрестені алып келеді ) Әже: Ал, атасы, немереңді ала ғой. (Әже нәрестені атаға береді) Ата ( баланың құлағына 3 рет дауыстап атын айтады) Бисмиллаһир рахмани-рахим! Сенің атың Қамбар! Сенің атың Қамбар! (баланы ұстап жүріп өлең айтады)

«Немкрем» әні (Алихан)

Жүргізуші: Міне баламыздың аты да қойылды. Әже: Енді баламыздың денсаулығы мықты болуы үшін тұзды суға күміс теңгелер салып жуындырайық. Бисмиллаһир рахмани-рахим, (табаққа су құйып ішіне тұз, күміс теңгелер салып жуындырады, күміс теңгелерді балаларға үлестіреді) Шомылдырғаннан кейін әжесі немересінің денесін маймен сылайды. Өс-өс балам өсе бер. Батыр балуан бол білекті Батыл бол талмас жүректі, Аяқ қолыңды созайын. Саусуғыңды жазайын. Етті болсын балтырың, Епті боп өс жарқыным. Әрбір жақсылықты үнемі шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі балалға құт дарысын деген асыл ниеттен туған. – Енді нәрестені бессіке салайын. Алдымен бесікті аластайын: Алас, алас, пәледен алас. Иесі келді пәледен қаш. Алас, алас, пәледен алас. Көзі жаманның көзінен алас, Тілі жаманның тідінен алас! Дәстүрді ары жалғастырып тыштырма жасау Әже: Балалар бесіктің астына қараңдар. Тышты ма, тышты ма? Балалар: Тышты, тышты. ( түбектен кәмпиттер алып шығады) Жүргізуші: Әже енді өзіңіз бесік жабдықтарымен балаларды таныстырыңызшы. Әже: Жарайды, мынау – бесігіміз, астыңғы көрпеше, бас жастық, тізе көрпе, шүмек белбеу, аяқбау, бетпердесі. Ал мынау ұйқы сақтары, көз моншағы үкісін байлайын. (нәрестені бөлейді бесікті тербетіп отырып өлең айтады)

Ән: «Бесік жыры» Жүргізуші: Ата-баба салтымызда нәресте дүниеге келгенде ат жарыстырып той жасайды деген ғой бір ойын ойнасақ деймін Ойын: «Ат жарысы» Жүргізуші: Бәрекелді, баламызды бесікке бөледік, енді балалар бесік туралы мақал, тыйым сөздер айтып берсін Данияр: «Бос бесікті тербетпе» Мансүр: «Ел болам десең бесігіңді түзе» Әже: Балалар, қазақта 7 саны қасиетті сан, аталарыңның ержүректігі, мықтылығы, күштілігі дарысын деп бесікке жеті киім жабамыз. (бесікке 7 киім жабады) Жүргізуші: Ата, әже енді балалар 7 қазынаны айтып берсін. Заңғар: Ер жігіт. Сұлу әйел.Ілім білім. Берен мылтық. Жүйрік тазы. Жүйрік ат. Қыран бүркіт. Бәрекелді, енді 7 атаны кім біледі, атап беріңдерші. Ильяс: Бала, әқе, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Жүргізуші: Біздің халқымыз өте өнершіл халық қой, ата мына домбары туралы балаларға айтып беріңізші. Ата: Домбыра туралы бір аңыз айтып берейін

Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап -шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері, халық арасында бұл «шайтан тиек» деп аталып келеді. Ат қылынан тартылған шекті, тиексіз аспаптар ерте кезде қолданылған. Міне домбыра туралы аңыз осы.

Жүргізуші: Онда осы домбыра туралы бір ән айтып берейік. «Қасиетті домбыра» әні

Жүргізуші: Шілдехана тойын ары жалғастырып арнап әкелген жұмбақтарымызды айтып берейік

Аблай: Дәнді, дәнді тағамдарлы жинайды Қонақтрды көһңілдене сыйлайды (дастархан) Нұрали: Үсті де тас, асты да тас, Ортасында піскен ас. (нан)

Баязит: Төрт бұрышты бір ауызды (сандық)

Ильяс: Шыр көбелек айналар, Беліне жіп байланар. (ұршық)

Жүргізуші : Міне бір жылда өтіп Қамбар баламыз бір жасқа келді. Енді Іңкәр қызымыз әлең атйтып берсін

Өлең «Туған күн» Жүргізуші: Бала бір жасқа толғансоң тұсау кесер тойы болады. Тұсаукесер - балалның ең алғашқы қадам басқан тойы.

әже: Тұсауды ата бабамыз баланың аяқ алысы нық болуы үшін кеседі, Тұсауды еті тірі, жүрісі тұзу адамға тапсырады. Тұсау кесудің үш түрі бар.

1 Тоқ ішекпен кескенім тоқшылық болсын дегенім.

2 Көк шіппен кескенім көктей көгерсін дегенім.

3 Ала жіппен кескенім адал болсын дегенім.

Ал мен немеремнің тұсауын барлық ұлтпен тату бол, тіл көзден аман болсын деп ала жіппен кесемін Санжар

қаз,қ аз қаз балам қаз балам Тақымыңды жаз балам. Күрмеуіңді шешейін, Тұсауыңды кесейін. Баланың тұсауы кесіліп, оны балалар қызықтап екі қолынан екуі ұстап тәй тәйлап жетелейді

Алдынан жеңгесі шығады

Жеңге : Тұсауың кесіді құлама, Тізеңді жаралап жылама, құлындай құлдырап жүгіріп, қанекей өзіңді сына да.

Әже:

Қаз, қаз балам қаз балам, Қадам бассаң мәз болам, Қадамыңа қарайын. Басқаныңды санайын.

Жүргізуші: Ата-ананың еңбегі мен аялы алақанының жылуында өсіп,жыл өткен сайын төңірегіне іңкәр көзбен қарап, бәрін білгісі көргісі кеп құштарлана түсетін жас балдырған 7 толған соң мектеп есігін ашып, үлкен өмірге алғашқы қадам жасайды. Міне Қамбар баламызда ер жетіп атасы мен әжесінің қолын ұзартты.

Әже: Биыл Қамбар немерем мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Ата-бабаның жоралғысмен, ел жұртты жинап, дүрілдетіп той өткізейік. Бәріңізді тойға шақырамыз.

Жүргізуші: Енді балалар өз тілектеріңді айтыңдар Заңғар Бір үйдің баласы болма Көп үйдің санасы бол. Бір елдің баласы болма Бар елдің данасы бол. Азамат: Құлынтайдай болып өс, Ата-анаңа еріп өс Еліңнің қамын ойлайтын Азаматы боып өс. Жүргізуші: Өнер сайысын жалғастырып Қамбар баламызға арнап мақал - мәтел айтып берейік Мансүр: Туғаннан соң адам боп, Білімсізден жаман жоқ Ел дәстүрін білмесе , Жұрт атайды «надан» деп. Іңкәр: Ары таза жігітттің, жаны таза. Армангүл: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Данияр: Азамат туған жерімен тұғырлы, халқының салт-дәстүрімен ғұмырлы.

Әже: Менің Қамбар немерем, Азамат боп ер жетсін! Ақсақал болып төрлетсін, Жаны болсын көрікті, Ғұмыры болсын берікті! Қамбар: Баулап баптап өсірдіңіз Балалық етсем кешірдіңіз Ұмытпймын сөзіңізді Мектепке енді барамын Мен оқушы боламын Жақсы оқып сабақты Кілең бестік аламын

Өлең: «Мектеп»

Жүргізуші: Ал ата енді жиналған жұртқа бата беріңіз.

Ата: Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің, Балам,балам, батыл бол! Жауға шабар батыр бол! Жамандықтан аулақ бол ! Жақсыларға жақын бол! Әумин!!!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, осымен ұлттық салт-дәстүрге арналған мерекеміз аяқталды. Келгендеріңзге алғысымызды айтамыз.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?аза?ты? ?лтты? салт-д?ст?рі

Автор: Шолатаева Саркыт Шамкеновна

Дата: 23.01.2015

Номер свидетельства: 160124


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства