Просмотр содержимого документа
«Іскерлік ойын. Әдіскерлерге арналған»
Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылы «Ақбота» бөбекжайы әдіскері Апенова Л.К.
Әдістемелік кеңес «Денсаулық» іскерлік ойыны
Мақсаты: Қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік – психологиялық мәдениетін жетілдіру, педагогикалық рефлексиясын дамыту. Шығармашылыққа әртістікке, бастамашылдыққа ынтасын дамыту. Өзін –өзі тануға, педагогикалық ізденпаздыққа қызығушылықтарын арттыру.
Қатысушылар : тәрбиешілер
Қайырлы күн! Біздің «Денсаулық» атты іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі ойында біз ойнап, ойланып, демаламыз, бір – бірміз туралы көбірек білеміз. Сол үшін ең бірінші «Ұлттық тағамдар» деген ойын арқылы топқа бөлініп алайық.
Ойын барысы: Топқа бөлу: қазақтың ұлттық тамағы құрттың, бауырсақтың, қазының жасалу жолы қағазға жазылып таратылады, бірақ қандай процестің жүзеге асып жатқаны айтылмайды:
Арнайы қамыр иленеді
Қамыр оқтаумен жайылады
Түрлі пішінде кесіледі
Қазандағы майға пісіріледі
Ол туралы ертегі бар
1.Жылқының аш ішегін тазалайды
2. етін уыттайды
3. етті жіңішкелеп кесіп,
4. ішектің ішіне салады
5. ішектің аузын байлайды
Қатысушылар өздеріне берілген қағаз қиындысына жазылған сөйлемнің мағынасын салыстыра отырып топқа бірігеді, сонан соң нәтижесінде не жасалып жатқанын табады: бауырсақ, қазы болып екі топқа бөлінеді.
№1 тапсырма «Сұрақ - жауап» сайысы\сұрақтар қойылады, бірінші болып жауап берген топқа ұпай беріледі\
Мектепке дейінгі мекемелер бағынатын құжат. \ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 28 қараша 2008 қараша № 628 бұйрығымен қолданысқа 2009 жыл 19 қаңтарда. 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген қолданысқа 2013 жылдың 1 қыркүйегінде.
Рефлексия дегеніміз не? \баланың өзіне және өзінің іс – әрекетіне баға беруді, балалар мен ересектердің өзін қабылдайтынын түсіне білу қабілетті\
Мектепке дейінгі ұйымдарда ғы оқыту бағдарламалары.\ «Алғашқы қадам» 1-3 жас, «Зерек бала» 3-5 жас, «Біз мектепке барамыз» 5-6 жас.\
«Алғашқы қадам» бағдарламасы бойынша денсаулық білім беру саласының мақсаты: бала денсаулығын нығайту, оның өсіп келе жатқан ағзасының қызметі мен жүйесін дамыту.
Дене шынықтыру мотивациялық –қозғаушылық бөліміне 3-4 жастағы балаларға неше минут беріледі\2-4 мин, екінші ұйымдастырушылық – ізденістік 10-15мин, рефлексиялық түзетушілік 2-3 мин\
Дене шынықтыру ойын – сауықтары 5-6 жастағы балаларға айына неше рет ұйымдастырылады\1-2 рет 30-45 минут\
«Алғашқы қадам» бағдарламасының құрастырушы авторлары \Б.Ж.Ноғайбекова, И.А.Тирская, Г.К.Мақсұтова\ «Мектепке дейінгі баллық шақ» республикалық орталығы,Астана 2010 «Зерек бала» бағдарламасының авторы \Т.М.Калашникова, Г.Н.Новогренко, Н.И.Матвиенко,Г.Ю.Жигайло «Біз мектепке барамыз» Н.Л.Татаурова, И.А.Тирская, Т.А. Дрыгина, Г.Г.Корчевская, С.И.Шелипова, С.Г.Шақабаева, И.И.Митрофанова\
Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу үлгілік жоспары 20 желтоқсан 2012ж,№557
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру обьектілеріне санитарлық – эпидемиологиялық талаптар №217 , 17 наурыз 2015жыл \30.12.2011ж № 1684\
№ 2 тапсырма «Мектепке дейінгі тәрбиешісі» екі топқа бірдей тақырып беріліп,
мағынасын ашу, қорғау.
Қажетті құралдар: плакат, түрлі – түсті маркерлер, стикер, түрлі – түсті қағаздар.
№ 3 тапсырма «Серіктесін сипаттау»
Екі командадан қарсылас топтағы педагогтің аты – жөнін көрсетпей қағаз қиындыларына жазу керек. Жазып болған соң, ойын жүргізуші бір – бірлеп оқып, сипаттау бойынша педагогты табу керек.