kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Естиярлар тобына арналған сюжетті-рөлдік ойындар картотекасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

КАРТОТЕКА. СЮЖЕТТІ-РӨЛДІК ОЙЫНДАР АТАУЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН ОЙЫН БАРЫСЫ ЖАЗЫЛҒАН КАРТОТЕКА

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Естиярлар тобына арналған сюжетті-рөлдік ойындар картотекасы»


  1. «Отбасы»

Мақсаты: Балаларды тәрбиешінің көмегімен отбасы өмірі туралы сюжеттік ойындарға қатыстыру, отбасы мүшелерін білу, олардың атқаратын қызметтері туралы білімдерін кеңейту.

Керекті құралдар: Қуыршақтар, түрлі киімдер, ойыншықтар, заттар, жиһаздар, электр құралдары т.с.с



  1. «Шаштараз»

Мақсаты: Шаштараз мамандығы жайлы білімдерін кеңейту, Әйелдер залы, ерлер залы. Олардың айырмашылығын білу. Шшатарды қию, сәндеу.

Керекті құралдар: Тарақтар, шаш кептіргіш, қайшылар, алжапқыш, қысқыштар т.с.с.



  1. «Тігінші. Ателье»

Мақсаты: Балаларды ателье қызметкерлерінің жұмысымен таныстыру, мамандықтардың түрлері туралы білімдерін молайту, жан-жақты дамыту. Маталар түрлерін біліп, оларды дұрыс таңдауға үйрету.

Керекті құралдар: маталар қиындылары, ине, жіптер, өлшеуіш, түймелер, тігін машинасы, қуыршақтар, қайшылар, киімдер.



  1. «Аспазшы»

Мақсаты: Аспаз мамандығы жайлы білім беру, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, қызықтыру.

Керекті құралдар: Ыдыстар, алжапқыш, басқа киетін қалпақ, пышақтар, тақтайшалар, азық-түліктер.


  1. «Сатушы»

Мақсаты: Балаларды тәрбиешінің көмегімен сатущы қызметі туралы сюжеттік ойынға қатыстыру, қызықтыру, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге , сыпайы, әрі тиянақты болуға тәрбиелеу. Ақшаны дұрыс санауға үйрету Керекті құралдар: Алжапқыш, қалпақ, өлшеуіш, ақша, касса, сатуға арналған ұннан жасалған өнімдер.



  1. «Дәрігер» (педиатр)

Мақсаты: Балалардың дәрігер мамандығы жайлы білімдерін кеңейту, балалар дәрігері (педиатр), жедел жәрдем дәрігері, окулист, тіс дәрігері т.б түрлерімен таныстыру. Топта ойынды ұйымдастыру барысында достық қарым-қатынасты нығайту.

Керекті құралдар: медбике, дәрігер, халаттар, бас киім, рецепт, термометр, жолдама, фонендоскоп, шпатель, ойыншықтар, дәрумендер, дәрілер, жататын кушетка.



  1. «Тіс дәрігері»

Мақсаты: Медициналық терминдермен танысу, сөздік қорларын молайту, стомотолог дәрігерлерінен қорықпауға үйрету. Тістерін күту, оларды екі мезгіл тазалау шаралары туралы білімдерін кеңейту.

Керекті құралдар: жатын кушетка, маска, халат, бас киім, медбике, қолға киетін қолғап (перчаткалар), қысқыштар, пинцет, тісті емдеуге арналған құралдар.



  1. «Көз дәрігері»

Мақсаты: Окулист мамандығымен таныстыру, ролдерге өз қалауымен бөлінуге үйрету, үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету. Көздердің атқаратын қызметі туралы білімдерін кеңейту.

Керекті құралдар: бас қиім, халат, әріптер кестесі, көз жапқыш, мақта, бинт, көзге тамызатын дәрі, көзілдірік.


  1. «Жедел жәрдем»

Мақсаты: «жедел жәрдем» ойынын басқа ойындармен байланыстыра ойнауға үйрету, адам өмірін сақтауға арналған мамандықтар туралы білу. Ақ халатты абзал жандардың еңбегін құрметтеуге үйрету.

Керекті құралдар: жедел жәрдем көлігі, қағаздар, халат, бас киім, дәрілер салынған чемодан.


  1. «Құрылысшы»

Мақсаты: Балалардың құрылысшы мамандығы туралы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын ояту, ұжымда ойнай білуге дағдыландыру.

Керекті құралдар: каскалар, құрылыс саймандары, машинелер, құрылысқа қажетті бөлшектер (текшелер т.с.с), сызба.



  1. «Теңізші»

Мақсаты: Балаларды батылдыққа тәрбиелеу, теңізші мамандығымен таныстыру, қызықтыру. Ойын арқылы сөздік қорлрын байыту, тілдерін жаттықтыру.

Керекті құралдар: теңізшілер киімдері, бас киімдер, кеме суреті.



  1. «Шекарашы»

Мақсаты: Балаларға елін, жерін қорғаудың маңыздылығын ұғындыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Қызықтыру, ұқыптылыққа баулу.

Керекті құралдар: Шекарашылар киімдері, бас киімдер, дүрбі, рация.



  1. «Жүргізуші»

Мақсаты: мамандықтар туралы білімдерін кеңейту, еңбекқорлыққа тірбиелеу, жолда жұру ережелерін біліп сақтауға үйрету.

Керекті құралдар: роль, машине, жүргізуші, жолда жүру белгілері, бағдаршам, МАИ қызметкері, жаяу жүргіншілер.



  1. «Хат тасушы»

Мақсаты: Хат тасушы (пошташы) қызметі туралы түсінік беру, бұл мамандықтың қажеттілігін ұғындыру, үлкендердің еңбегін бағалауға баулу.

Керекті құралдар: Хат тасушы сөмкесі, хаттар, жеделхаттар, газеттер мен журналдар.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Естиярлар тобына арналған сюжетті-рөлдік ойындар картотекасы

Автор: ХАМИТОВА ӘЛИЯ БЕЙСЕМБАЕВНА

Дата: 06.07.2017

Номер свидетельства: 423802


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства