Просмотр содержимого документа
«Ересек тобындағы денешынықтырудан ұйымдастырылған қызметінің технологиялық картасы. Тақырыбы: "Алысқа секір"»
Ересек тобындағыденешынықтырудан ұйымдастырылған қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы «Денсаулық»
Бөлімі : Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Алысқа секір»
Негізгі жаттығулар:
Орнында тұрып, биіктікке секіру.
Допты лақтырып, қағып алу жаттығулары.
Мақсаты: Доптарды асыра лақтыру,секіру, биіктікке секіру жаттығуларын үйрету. Доптарды жоғары тура бағытта лақтырып қағып алу қимылдарына жаттықтыру.
Құралдары: доптар
Нұсқаушының іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы
Кіріспе бөлім:
Дене шынықтыру бөлмесіне келген балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу.
-Балалармен амандасу.
-Сәлеметсіңдерме балалар!
-Бүгінігі көңіл күйлерің қалай?
Ұсынылған жағдаятқа қатынасын көрсету
-Балалар белгі бойынша сап тізбекке тұрады.
-Сәлеметсізбе!
-Көңіл күйіміз жақсы.
Ұйымдастыруіздестіру
Саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді.
Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау
үшін үш қатарға бөлінуге нұсқау береді
Таныс жаттығуларды атайды.. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.
дұрыс жасауларын қадағалау.
Жаттығуларды доппен жасау
Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.
Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:
Орнында тұрып, биіктікке секіру. Екі аяқпен секіру.
Допты лақтырып, қағып алу жаттығулары.
Қозғалмалы ойы: «Ақсерек-көксерек»
Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады.Ара қашықтық 20-30 қадам. 1- ші топ. Ойынды бастайды Ақсрек-ау ақ серек Бізден сізге кім керек. 2-ші Ақсерек –ау ақ серек
Сізден бізге(бала аты) керек Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек.Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады.Ойын осылай жалғаса береді.
Ойынды аяқтау.
Балаларға бір қатарға тұруға нұсқау беру.
Саптізбекке бір-бірден, сапқа тұру, қатардан өзінің орнын табады. Саптізбекте бір-бірден жүру (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, «шашырап» жүреді және белгі бойынша саптізбекте өзінің орнын табады).
Жүруідің әртүрлі қимылдарын жасап жүреді.Маршпен,аяқ ұшымен,өкшемен, секіріп.
Сапта жүріп келе жатып доптарды алып үш қатарға бөлініп тұрады. Теңеседі
-Балалар қолдарын тура бағытта алдыға қарай созады.
-Қолдарын жандарына созады
-Жаттығуларды жасайды
- Балалар нұсқаушының түсіндіріп көрсетуі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.
-Балалар қос аяқпен бір орнында тұрып биіктікке секіру жаттығуын жасап үйренеді.
-Балалар бөлмеде шашырап тұрады, допты жоғары лақтырып қағып алу жаттығуларын орындайды.
Балалар екі топқа бөлініп тұрады.Ойынның шартын тыңдып түсінеді.
Балалар белгіні естіп бір қатарға түзеледі.
Рефлексивті-түзетушілік
Іс – әрекетті қорытындылау
-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесін талдайды:
-Қандай жаттығулар жасадық?
-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.
Балаларды мадақтау.
- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.
-Балаларға бір қатарға түзелуге белгі беріп рахмет айтып қоштасу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесі бойынша сұрақтарға жауап береді:
-Өздеріне ұнаған жаттығуларын айтады
Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту
-(Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтарды жинайды)
- Қоштасу
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Секіру, доптарды асыра лақтыру жаттығуларын біледі
Нені игеру керек:Орнында тұрып, биіктікке секіру. Екі аяқпен секіруді игереді
Нені біледі: Допты лақтырып, қағып алу жаттығуларын біледі