kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

І сәбилер топтарға арналған ұйқыдан кейінгі жаттығулар кешені

Нажмите, чтобы узнать подробности

1-15 Қыркүйек аралығында орындалатын ұйқыдан ояну жаттығуы.

1. Ояну

Көзіміздізді ашайық

Бойымызды жазайық

Қолмен көзді ұқалап

Созылып бір алайық. (1мин)

2.Гимнастикалық жолдан жүру

Тырысамыз,  тырысамыз

Денсаулықты нығайтамыз

Аяқ, қол мықты болып

Май табаннан арыламыз. (3 мин)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«І сәбилер топтарға арналған ұйқыдан кейінгі жаттығулар кешені»

1-15 Қыркүйек аралығында орындалатын ұйқыдан ояну жаттығуы.



1. Ояну


Көзіміздізді ашайық

Бойымызды жазайық

Қолмен көзді ұқалап

Созылып бір алайық. (1мин)



2.Гимнастикалық жолдан жүру


Тырысамыз, тырысамыз

Денсаулықты нығайтамыз

Аяқ, қол мықты болып

Май табаннан арыламыз. (3 мин)



3.Тыныс алу жаттығулары


Ұзын құлақ сұр қоян

Ести қалып сыбырды

Өсіп тұрған сәбізді

Жұлып алып иіскеді. (2мин, 5рет)



4. Жуыну жолдары


Суым, суым, суым-ай

Бетімді менің жудың-ай

Алмадай бетім қызарды

Таза болдым шіркін-ай. (3мин)












16-30 Қыркүйек аралығында орындалатың ұйқыдан ояну жаттығуы.



1. Ояну

Көзімізді ашайық

Бойымызды жазайық

Терезеге қарап

Күн жылуын алайық. (1мин)



2. Гимнастикалық жолдан жүру


Жүрейік біз журейік

Аяқты біз емдейік

Аяқ қолым мықты болып

Көпірлерден өтейік. (3 мин)



3. Тыныс алу жаттығулары


Көлге біз барамыз

Шомыламыз ойнаймыз

Қолымызды созып ап

Балықша балқимыз біз.(2мин, 5 рет)



3. Жуыну жолдары


Салқын суды суйеміз

Тазарады бетіміз

Жуынамыз кунде біз

Әп-әдемі боламыз. (3 мин)













Қараша



1. Ояну


Сөзіміз ашылды

Ұйқымыз басылды

Дем алдық ұйықтадық

Шаттанып ойнайық. (1 мин)



2.Гимнастикалық жолдан жүру


Әдемі журеміз

Шынықсын өкшеміз

Түзіліп тұрайық

Шаттанып ойнайық. (3 мин)



3.Тыныс алу жаттығулары


Аю жүрді орманда

Қорбаң, қорбаң, қорбаңда

Көріп қалып жидекті

Жұлып алып иіскеді. (2мин, 5 рет)



4.Жуыну жолдары


Таза суды сүйеміз

Жуынамыз күнде біз

Мұрын қолға су беріп

Тазарады бетіміз. (3 мин)













Қаңтар


1. Ояту


Ұйқыдан біз тұрамыз

Көзімізді ашамыз

Жан-жағымызға қарап

Достарымызға күлеміз. (1 мин)



2. Гимнастикалық жолдан жүру


Мықты болсын аяғым

Мықты болсын бақайым

Шынықтырып аяқты

Жаттығуды жасаймын. (3 мин)



3. Тыныс алу жаттығулары


Бақаны көрдім мен

Қызықтап көрдім мен

Бақа маған ашуланып

Бақ-бақ етіп секірді. (2мин, 5 рет)



4. Жуыну жолдары


Таза суды сүйемін

Тап-таза болып жүремін

Мұрын, ауыз қолымды

Күнде жуып жүремін. (3 мин)













Ақпан


1. Ояну


Балалар тұрайық

Көзімізді ашайық

Қолымызды созып

Шынығып бір алайық. (1мин)



2. Гимнастикалық жолдан жүру


Журеміз күнде біз

Суықшыл ізіміз

Шынығып табаным

Желаяқ боламын. (3мин)



3. Тыныс алу жаттығулары


Орманға мен бардым

Кірпіні мен көрдім

Шақылдап келіп ем

Дем алдым кенеттен. (2 мин, 5 рет)



4. Жуыну жолдары


Салқын суда жуынсам

Денімді мен нығайтам

Мықты болып өсемін

Қиындықтан төземін. (3 мин)












Наурыз


1. Ояну


Балапандар тұрайық

Көзімізді ашайық

Жан-жаққа біз қарайық

Бір күлімдеп алайық. (1 мин)



2. Гимнастикалық жолдан жүру


Алашадан жүрейік

Жүрісті біз түзейік

Шымыр болып шынығып

Тез-тез басып өсейік



3. Тыныс алу жаттығулары


Шарларды мен сүйемін

Ойнап мен онымен жүремін

Қызыл, жасыл, сарышарды

Үрлеуді де мен білемін. (2мин, 5рет)



4. Жуыну жолдары


Салқын суды сүйеміз

Шымыр болар денеміз

Сумен күнде жуынып

Ұзақ өмір сүреміз. (3 мин)















Сәуір


1. Ояну


Оянайық балалар

Маған тезірек қарандар

Шапалақ ұрайық

Орнымыздан тұрайық. (1 мин)



2. Гимнастикалық жолдан жүру


Мықты бала боламыз

Шынығамыз күнде біз

Жаттығуды жасаймыз

Сау болсын денеміз. (1 мин)



3. Тыныс алу жаттығулары


Алыстан мен көрдім

Жақындып мен келдім

Өсіп тұрған ағашты

Айша ма? деп едім. (2мин, 5рет)



4. Жуыну жолдары


Шынығып денеміз

Суды біз сүйеміз

Сапқа біз тұрамыз

Бет-қолымызды жуамыз. (3 мин)















Мамыр


1. Ояну


Балалар тұрайық

Көзімізді ашайық

Бір-бірімізге қарап

Күлімдеп бір алайық. (1 мин)



2. Гимнастикалық жолдан жүру


Біздер мықты боламыз

Шынығамыз күнде біз

Бір, үш деп санап

Жаттығуды жасаймыз. (3 мин)



3.Тыныс алу жаттығулары


Қорбандаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Қорбан, қорбан етеді

Құлпынайды иіскейді. (2 мин, 5 рет )



4. Жуыну жолдары


Суды біз аламыз

Бетке біз жағамыз

Бетіміз тазарып

Шынығып аламыз. (3 мин)















Павлодар қаласының әкімдігі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

"Павлодар қаласының № 46 сәбилер бақшасының

Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны









Ұйқыдан кейінгі шынықтыру жаттығулары


"Балапан" І сәбилер тобы









І сәбилер тобы

Ермекбаева А.А.

Сулейменова У.А.









2017-2018 оқу жылы

Жетоқсан 1-2 апта.




1. Созылу. Б.қ. арқада жатып қолымызды денеміздің бойымен қойып оң қолымызды сол аяғымызды жоғары көтеріп, түсіреміз. Қол аяғымызды ауыстырып қайталаймыз( 3- 4 рет)

Ішімізде жатып басымызды аяғымызды жоғары көтеру ( 2- 4 рет)

2. Белсенді нүктелерге массаж жасау. Тымау ауруларын алдын алу.

«Ауырма» (Нүктелі массаж)- Тамақ қатты ауырмасын, жөтелмейік, түшкірмейік. Батылырақ уқала мұрын тұсын, маңдайды да уқалауға ерінбейікАлақанды маңдайға,Саусақтарды айырлап,Құлақтарды уқала сондайда.Суықтан біз қорықпаймыз,Ия, ия, ия.Суықтан біз қорықпаймыз,Қорықпаймыз, ауырмаймыз.Массажды балалар өз бетімен орындайды.

3.Майтабанның алдын алу. ( 2 минут)

Анайы жолдармен жүру, дымқыл жолмен жүру.

 Тыныстайық тереңнен!Жүгірдің де қарғыдың,Жарадыңдар барлығың.Шаршадыңдар дегенмен,Тыныстаңдар тереңнен.Қане, «Үп!» - деп айтайық 2,Демді ішке тартайық.Енді «УҺ!»-деп айтайық,Демді шығар қайтарып.Босаңсытып денеңді,Бей-жай күйге ен енді.Басты көтерТік ұста!Емін еркін тыныста.Бә-ре-кел-ді.Балалар!























Жетоқсан 3-4 апта.


1.Төсекте жатып жасайтын жаттығулар ( 2-3 минут)

Төсекте жатқан орнында көрпені аяғымен серпіп тастап оңға, солға домалау. Отырған жерде көзімізді ашып – жұмып көзімізге жаттығулар жасау .

Бағдаршам .

Бағдаршамда үш көз бар .

Әр кез бағыт көрсетер .

Қызыл көзін ашқанда дәл орныңда тұра қал , қызыл көзін жұмып алып ,

Сары көзін ашқанда ,

Жүруге сен асықпа ,

Сары көзін жұмып алып

Жасыл көзін ашқанда

Алақтамай жолға бас

Көзді ашып – жұмғанша өтіп кетер көлікте

2. Еденге жалаңаяқ тұрып.

Қазақ үйін құрамыз .

Дөңгеленіп тұрамыз

(шеңбер болып тұрады)

Керегені құрамыз

(қолдарын бір – бірінің қолымен ұстасады )

Уықтар боп иіліп

(қолдармен биік көтереді)

Шаңыраққа киеліп

(қолдарын биік ұстап, саусақ ұштарын иеді)

Қазақ үйін құрамыз .

(Барлығы қайтадан қолдарын ұстасады)
















Қазан 1 – 2 апта



1.Төсекте жатып жасайтын жаттығулар ( 2-3 минут)

Мысықтар

Мысықтар оң жаққа өарап ұйықтап жатыр, ұйқы сұрап мияулап жатыр көздерін жұмып мяу мяу мяу.

Көзімізді ашып арқаға жатып тырнағымен тырналанып жатыр.

Төрт аяқтап тұрып мойынымызды жоғары созып мияулаймыз мяу мяу мяу.

Отырып башпайларымызды уқалаймыз, аяғымызды сипаймыз.

2 Майтабанның алдын алу. ( 2 минут)

Мысық сияқты аяқтын ұшымен шеңбермен жүру, екі аяқпен секіру ,жүру орнымызға қарай жүгіру.

Орындықта отырып оң аяғын сол аяғына қойып табандағы нүктелерге массаж жасау, аяқтарын ауыстыры табандағы нүктелерге массаж жасау, ( 3- 4 рет)

3 Арқанын қалпын сақтауға арналған жаттығулар. ( 2 минут)

Ашулы мысық тізеге тұрып қолымызды санымызға қою басымызды төмен қаратып арқамызды жоғары көтеру. 10 сек

Мейрімді мысық тізеге тұрып қолымызды санымызға қою басымызды жоғары созу, белімізді созу . 10 сек

Мысықтын құйрығы тізеге тұрып қолымызды санымызға қою оңға солға құйрық сияқты тербелу ақырын сосын жылдам.

4Демалу жаттығулары

Мяууу мяууу мяуууу

Фррр фрррр фрррр

5.Салқын сумен қолымызды бетімізді жуамыз













Қазан 2-3 апта





1.Төсекте жатып жасайтын жаттығулар ( 2-3 минут)

Созылу. Б.қ. арқада жатып қолымызды денеміздің бойымен қойып оң қолымызды сол аяғымызды жоғары көтеріп, түсіреміз. Қол аяғымызды ауыстырып қайталаймыз( 3- 4 рет)

Төрт аяқтап тұрып шынтаққа тіреліп алақанымызбен иегімізді ұстап оң аяғымызды созу, сол аяғымызды созу, ( 3- 4 рет)

2 Майтабанның алдын алу. ( 2 минут)

Арнай жолдармен жүру, дымқыл жолмен жүру.

Орындыққы отырып арнайы шұлықтарын киіп жүру. Отырып табанымызды сипалау.

3 Арқанын қалпын сақтауға арналған жаттығулар. ( 2 минут)

Ойын Тербеледе ағаштар екі қолымызды жоғары көтеріп оңға солға еңкею.

Жаңбар жауды қолымызды жоғары көтеріп шапалақтау.

Жапырақтар жерге түсті тіземізді бүкпей еденге қолымызды тигізу.

4Демалу жаттығулары

Жел соқты уууу уууу уууу

Жапырақтар желмен ұшты шшш шшш шшшш


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
І сәбилер топтарға арналған ұйқыдан кейінгі жаттығулар кешені

Автор: Ермекбаева Анэля Ахатовна

Дата: 04.08.2017

Номер свидетельства: 424918


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства