Просмотр содержимого документа
«Эстетикалық тәрбие міндеттері музыка және бейнелеу өнері сабақтарында қалай именіледі.»
Эстетикалық тәрбие міндеттері музыка және бейнелеу өнері сабақтарында қалай именіледі.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан – жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей дамытуымыз кеек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез – құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көз қарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Қазіргі кезде эстетикалық көз қарастарды тәрбиелеу – тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көз-қарасатар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.
Адам өмірінде эстетикалық көз- қарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын, бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтыры бар қатар – құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс — әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.
Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс- әрекет әсемдігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге ден береді. Эстетикалық көз қарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген товарлар сапасын әсемдігі тұтынылуы жағынан үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуында белгілі дәрежеде эстетикалық көз қарас мәдениеті болуын талап етеді.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым – қатынас қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы сол арқылы санаға өті күшті жүзеге асуы әсер етеді.
Сонымен оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу дамыған әсемдік саны мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған поцесі. Эстетикалық көзқарасы тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтып, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралыны айналдырады.
Кең ой өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнгерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың обьективты жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс — әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс — әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкадан адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды.
Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан – жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама қызметі де бар.
Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс — әрекетінің белсенді және тиімді деп берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің әсемдігі , оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, ол еңбегі тартамды етеді және еңбек іс — әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауғы жетелейді.
Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалмен жүзеге асырылады.Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды.Оған себеп болатын нәрсе –оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы-өнер. Ол шындықты көркем,сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады.Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу –адамдардағы әсемдікті еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез құлықты тәрбиелеу мүмкін емес.Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеу өмірден,белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.
Мектеп оқушыны әсемдік өмірден,адамдар қылықтарынан,еңбек іс-әрекетін,еңбек нәтижесін көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.
Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемәләк атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі – эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әл түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырыспады. Ал кейбіреулер оған онша мән бермейді,қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезу үшін,оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері,музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді.Айналадағы дүниеге сезімталдық,эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланы эстетикалық дамуының негізі болады.
Эстетикалық ұғымды,байымдауды, баға беруді қалыптастыру-эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю,оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласында ырғақ,үндестік,музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным-бұл өмірдегі,еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу,яғни жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші баға – көркемділігін келістіре орындағаны үшін, екінші баға мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады. Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.
Эстетикалық танымның дамуы көбінесе өнер үлгілерін қабылдаумен,не тегінде шығармашылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздің қажетті мәселелердің бірі- баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика еңбек, табиғат эстетикасы,адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы адамды сү.йсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету қажет. Балалар әдебиетті оқуға, кинофильмді, теледидарды,спектакьді көруге, музыканы тыңдауға өте ынталы болады. Әр түрлі әдеби,музыкалық шығармалардағы іс- әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін, балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.
Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті — өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары — әдебиер және өнер. Олар зор идеалық тәрбиелік роль атқарады.Әдебиет пен өнер адамдары қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді,олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы әдебиетте- проза, поэзия, кесеіндеме- жанр, баталия, пейзаж, мүсінде- бюст, т.б.,музыкада- симфония, оратория,ән енггізіледі.
Белгілі орыс суретшілері П.А.Федовтың,В.Г.Перовтың, И.Е.Реппиннің, В:В:Верешегирннің, И:И.Шишкиннің, И.Н.Левитанның және қазақ суретшілері Ә.Қастеевтің, М. Кенбаевтың , Қ.Шаяхметовтың т.б. шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.
М.Горкий, Н.А.Островский, А.А.Фадеев, М.А.Шолохов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, т.б. еңбектеріндегі адам баласының бақыты және бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерліке рухтандырады.
Қазіргі кезедегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың творчествосымен, сурет және мүсін өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектаклдерімен, мультфильмдерімен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді.
Совет жазушылары – В.Маяковский, С.Маршак, К.Чуковский, С.Михалков, А.Барто, композиторлары – Д.Шостакович, С.Прокофьев, АН.Александров, Д.Кобалевский, М.Красев, М.Раухвергер, Е.Тиличеева, Т.Потапенко, суретшілері – Н.Жуков, А.Пластов, А.Каневский, Е.Чарушин балаларға арналған көптеген тамаша шығармалар тудырды.
Эстетикалық тәрбие педагогиканың оқшауланған саласы емес, оның барлық жақтарымен өзара әрекеттес.
Эстетикалық тәрбие өмірге деген көзқарас белсенділігінің тууына әсерін тигізетіні қабылдаудың, қиялдаудың, естің қалыптасуына және ынтаның, сезімнің, бейімділік пен қабілеттің дамуына бағытталған.
Эстетикалық тәрбие – күрделі процесс. Сондықтан біз кейде "балаларды эмоциялы қабылдауға үйрету", "рахаттана білу", "сүю және ұмтылу", "қабілеттілік көрсету" деген сияқты тұжырымды сөздерді жадымызда ұстаймыз да оның қалай көрініс беретінін нақтылап отырамыз.
Эстетикалық тәрбие жалпы педагогикалық процестен оқшауланып алынбайды. Бала өмірінің көп жақтарына бойлай енумен бірге ол балалардың адамгершілік, ақыл-ой дене дамуымен тығыз байланысты және олардың іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі формаларында, ойын сабақ, тұрмыс, еңбек, мерекелер және көңіл көтерулер үстінде жүзеге асырылады. Эстетикалық қылықтардың табиғи үйлесімділігі еңбекке қоғамдық өмірге деген қарым-қатынаста әсіресе көрнекі байқалады.
Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін талғамын қажеттігін білдіреді.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасы және бейімділігін дамыту. Осған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек.
Эстетикалық тәрбиенің негізі құралдары әдебиет және өнер. Ола зор идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігірлендіреді. Олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы (әдебиетте проза, кескіндемеде – жанр, баталия, пейзеж, мүсінде – бюс, музыкада симфония, оратория, ән енгізіледі).
Белгігі орыс суретшілері П.А.Федотовтың, В.Г.Перовтың, И.С.Репиннің, В.В.Верещогиннің, И.И.Шишкиннің, И.Н.Левитонның және қазақ суретшілері Ә.Қастеевтің, М.Кенбаевтың, Қ.Шаяхметовтың шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.
М.Горький, Н.А.Островский, А.А.Фадеев, М.А.Шолохов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов – еңбектеріндегі адам баласының бақытты және бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады.
Сонымен бейнелеу өнері және әдебиет шындықты игерудің және танудың құралы. Өнер мен әдебиет шындықты және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.
Оқу тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру барысында іскерлік пен икемділікті қалыптастыру көзделеді.
Әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарасты қалыптастыралы. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жасаушы шығармашалық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар бағыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсалуы керек. Мысалы, қала мен селоны, тұрған жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекелейлеу – бұл зор эстетикалық қамқорлық.
Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқрасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұратына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.
Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру, жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.
Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: келбет, киім, жан дүниесі, ойы бәрі сұлу болу керек.
Эстетика - әдемілік, сұлулық негізі.
Бейнелеу өнері сабағында пейзаждың кесіндеме шығармалары, суреттік шығармалар оқушылардың эстетикалық дүниетанымын байытады.
Сонымен, бейнелеу өнері пәндерінің оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде ролі орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді. Мектепгегі эстетикалық тәрбие оқушылардың сабақтағы жұмыс жүйесінде кеңінен пайдаланылады. Эстетикалық өмір елегінен өткен көптеген формалары бар.
Шығармашылық үйірмелер – олар әдебиет, музыка, хореогарфия, бейнелеу өнері т.б. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі – көрмелер, сайыстар.
Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі
Мектепте бейнелеу өнері сабағында алдын-ала жасалған жоспарларға сәйкес эстетикалық саяхат өтікізіледі Саяхаттын негізгі объектілері көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер. Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен роль атқарады.
Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің мақсаты, жақтары, ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жай эстетикасы, өзін ұстай білу үлгісі, дене қимылы.
Сонымен сөзімді қорытындылай келе мектеп оқушыларын эстетикалық тәрбие арқылы көркемдік өнерін қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Эстетикалық тәрбие арқылы оқушының адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі жинауы, дұрыс көзқарастарды тереңдету мен бекіту оқушыны қоршаған орта, өз бетінше іс-әрекетке және жағдайға қоюды жауапкершілікке итермелейтіндей талап етеді.
Адам баласы дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеуді керек етеді. "Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді" дейді халқымыз. Жерге отырғызған көшетте қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып өскенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Дамуда сол тәрізді, олай болса, ұстамды, көрегенді, түп-түзу, жып-жинақы, әсем бейнелі оқушыға қараудың өзі тым жарасымды.
Жастарымыздың үлгі алатын ең таңдаулы ішкі, сыртқы адамгершілік-эстетикалық сапаларын үйренетін адамы міне осындай болуы анық.
Нұрсұлтан Назарбаев "Ғасырлар тоғысында" еңбегінде "Тәрбиенің түпкі мақсаты - қоғамдық нарықтың қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шығыа алатындай ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениеті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру" деген тұжырымдама жасаған. Осы орайда халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, өнерін сүю арқылы нағыз мәдениетті маман даярлау да бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі.
Оқушыларды жақсылыққа, әдемілікке, машықтандыру оны тұрақты әдетке айналдырудың өзін-өзі тамаша тартымды ұстай білудің, сонымен бірге өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі болмақ. Егер оқушы бойында қандай да бір жағымсыз мінез-құлық болса, одан арылып тазару, өзін-өзі тәрбиелеу ешқашан да кеш болмақ емес.
Бұл жерде үстелде отыру, тазалық сақтау, денені шынықтыру, өз ортаңмен жақсы қарым-қатынас жасау барлығыда әдемі, тартымды, маңызды және ең бастысы осы.
Қазіргі кезде барлығымыздың мүддеміз рухани-эстетикалық, рухани адамгершілік сана-сезім мен нормаларды қалыптастыру.
Табиғат адамға әдемілікті берсе де адамның өз қолымен қосатын бояулардың да мәні зор. Өйткені "оқушының мәдениеті мен тәрбие деңгейі оның сырт бейнесінен, киіне білуінен де көрінеді. Олай болатын себебі біздің эстетикалық, эстетикалық мұратымыз сырт көріністің әдемілігі мен рухани кемелдіктің табиғи біте қайнасуы".
Киіне білу әдемілігінің де жүріс-тұрыс әдемілігінен маңызды.
Қазіргі жаңа дәуірдің, егеменді еліміздің адамдары, жастары қай жағынан болмасын эстетикалық талғамға сай болу керек. Олар әр-жақты келісті оқушы болу мен қатар көркем мінез-құлқы тамаша, сымбатты, әдепті, мейірманды болуға міндетті.