kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Доклад "Модель включения родителей в образовательную деятельность ребенка как эффективная форма взаимодействия педагогов и родителей детей дошкольного возраста"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Доклад "Модель включения родителей в образовательную деятельность ребенка как эффективная форма взаимодействия педагогов и родителей детей дошкольного возраста"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Доклад "Модель включения родителей в образовательную деятельность ребенка как эффективная форма взаимодействия педагогов и родителей детей дошкольного возраста"»















Мектеп жасына дейінгі баланың

сенсорлық қабылдауын дамыту

(әдістемелік құрал)



























Павлодар қ,

2012ж

Құрастырушы: Ерғалиева Сания Сағатқызы.

Павлодар қаласының №30 балабақша тәрбиешісі



Рецензент: Нургалиева С.Д.

Павлодар облыстық ПКБАИ әдіскері











Әдістемелік құрал мазмұнына ойлау қабілетін , қолының ұсақ етін дамытатын ойындар еңгізілген, оларды өткізу әдістері және дайындап жасау туралы кеңестер мен ұсыныстар жаңа тақырыпты балдырғандардың жеңіл игеруіне септігін тигізеді.





























МАЗМҰНЫ:



1. Кіріспе _____________________________________________ 1 бет

2. Тақырыптың өзектілігі ______________________________ 5 бет

3. Сенсорлық тәрбиеге мінездеме _______________________ 6 бет

4. Сенсорлық қабылдауды қалыптастыру әдістері___________13 бет

5. Үйымдастырылған ойын іс-шаралары ___________________21 бет

6. Тәжірибелік бөлімі ___________________________________ 22 бет

7. Түс табиғаты және табиғаттың түсі ______________________ 30 бет

8. Қосымша __________________________________________42 бет

9. Қолданылған әдебиет _______________________________ 49 бет



















Мақсаты: Қолдың және көздің үйлестірілуіне жағдай жасау.

Қабылдау және ойлау қабілеттерін дамыту .

Заттың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру.





Міндеті: 1. Көлемінің түрлі сапалығын анықтау, биіктігіне,

жалпақтығына, түсіне және көлеміне қарай салыстыру

арқылы.

2. Ойыншықтардың керемет қасиеттерін ашып,

балаларды осы арқылы ойнауды үйрету.





























Тақырыптың өзектілігі:



Қазіргі таңда тұқым қуалаушылық, жанұядағы тәрбиенің жетіспеушілігі, денсаулығының дамуында кемшіліктің және бұдан басқа да себептердің салдарынан психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі ересек балалардың сенсорлық қабылдауларында жетіспеушіліктердің бары бала мектепке барғанда жиі байқалады. Осы түйіткілді жеңу үшін дидактикалық ойындарды пайдалана отырып,сенсорлық тәрбиені жүйелі түрде жүргізіп, қолдың және көздің үйлестірлуіне жағдай жасап, заттың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастырып, бала мектеп табалдырығын аттамас бұрын қабылдау және ойлау қабілеттерін дамыту.

Сенсорлық тәрбиеге мінездеме.


Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтік және оңалту мағынасында баланы әлеуметтік ортаға қосу, психо – дене шынығулық мүмкіндігінше қоғамдық өмipгe және еңбекке кipicтipy бұл маманның теориясы мен тәжірибесінде ең маңызды мәселе. Сенсорлық қабылдауларының дамуы - бұл баланың даму үдірісіндегі сыртқы ортаны қабылдап және айналадағы болып жатқан заттарды, коршаған ортадағы өзгерістерді көз алдына елестетіп сезіну. Бала өмipгe таза кіршіксіз ақ қағаздай келеді: оның көзі, аузы, құлағы бар, оның нәзік денесі ,сезгіш немесе тітіркеніш болады. Бұл тек қана алдағы айнала коршаған әлемді қабылдаудың алғы шарты. Сенсорлық тәрбиені толық өту үшің, сенсорлық тәрбиеге нақты бағыттау керек.

Баланың белгілі 6ip затты қарастыруына, сипап ұстап көруіне, тыңдауға және тағы басқа қарым-қатынас іскерлігін қалыптастыру. Бірақ затты қарастырып зерттеу, көру, сипап сезуі жеткіліксіз. Белгілі 6ip зерттейтін затының құрамын басқа заттармен салыстырып, айырмашылығын анықтап, сапасын білу. Бұл үшін балада, затты нақты уақытта қабылдап салыстыру үшін белгілі 6ip өлшем болуы керек. Бала өзінде қалыптасқан өлшеммен, заттарды бір-бірден қарастырып қабылдауының шешімімен салыстырады. Бұл жүйе геометриялық пішін, ұзындық бірлігі, өлшем бірлігі, дыбыстың жоғарлылығы, түстер спектрі, туған тілдің жүйелілігі және тағы басқа. Осы барлық аталған эталондарды бала меңгеруі тиіс.

Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың кейбірінің жадылары да әлсіз келеді. Жадыны зерттеу белгілі 6ip көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Жадыны зерттеу нәтижелерін талдау кезінде оның қызметінің қай кезеңі - ақпаратты жаттау ма, оны есте сақтау ма немесе қабылдау арқылы қайта ойдан жаңғырту ма - қайсысы неғұрлым зардап шеккенін анықтап алу қажет. Жадының қалыптасуы барлық қабылдау үдірісінің жинақталуында. Қабылдау үдірісі барысында көру, есту бейнелері біртіндеп жинақталады. Бірақ та, бала қабылдайтын заттың құрамы мен түр - түci, нақты сөзбен байланысуы керек. Заттық бейнені көз алдына елестетіп, түciнe біліп, оны анықтап нақты білулігінде. Егер қабылданған бейне өткен шақта сөз түрінде бекітілсе, оларды оңайлықпен еске түcipyгe болады. Еске түcipyгe сөздік атауы жеткілікті .Балаға көрсетілген аздаған көмектің өзi ынталандыру көмек түрінде көрсетіледі. Бұл жағымды ынталандыру немесе педагогтың ұйымдастырушылық күш жұмсауын білдіреді. Мектеп жасына дейінгі балаларды, бала бақшаға қабылдай сала, зерттеу жұмысын жүргізіп, олардың қабылдау деңгейлерінің жылдамдығын анықтаган дұрыс, анықтау барысында балалардың сенсорлық дамуы мәнді мөлшерде қалыптасу

уақытынан қалыс қалып, дұрыс болмаса да , бала күрделі тапсырмаларды орындап, жай тапсырмаларды орындамауы мүмкін. Бұл дегеніміз -тапсырма барысындағы қиындықтармен байланысты: үйреншікті тапсырма, материалды меңгеруіне сүйенуі, көру мүшесі арқылы сәйкестендіруі, бейтаныс ,яғни таныс емес тапсырманы кездестіруі, бірден түciнiкciз қимылдар жасауы. Балалар кеңістікті бағдарлауда ізденіс қабілеттерін пайдалана алмайды. Осы айтылған ұсыныстарға оларды үйретіп оқыту керек.

Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың даму барысында сабақтарда дидактикалық ойындарды енгізіп, жүйелі icкe асыруда сенсорлық тәрбиенің алар орны ерекше, ол- ақыл тәрбиесінің негізі танымды ic-әрекетін қабілеттендіреді. Ойын және танымдық дидактиалық ойын мектеп жасына дейінгі балалардың педагогикалық міндет жағдайын жағымды шешеді. Дидактикалық ойын, ойын іскерлігінің ерекше түpi ретінде және оқыту, түзету мен тәрбиенің жан-жақты қойылған міндеттерін шешуде жоғары бағаланады. Сенсорлық тәрбие барысында дидактикалық ойынды педагогикалық үдірісте пайдаланып,қолдануда арнайы құрал-жабдықтар, техниклық құралдар, әр түрлі үлестірмелі материалдар және басқа да көрнекіліктердің болғаны дұрыс.Жалпы алғанда ойын - бала іскерлігінің негізі. Балалар ойын ойнау барысында ешқандай мақсат коймайды. Ойын -тәрбие кұралы, ол толықтай педагогикалық үдіріс. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі оқу түpi - сабақ және дидактикалық ойын. Сабақта және білімді кеңейту сабағында, дағдыда, қарым-қатынаста өзектілік орын мен жақын арада дамытудың көзі - ойын. Мектеп жасына дейінгі педагогиканың шетелдік оқымыстылар Ф.Фребель, М. Монтессори мен мектепке дейінгі педагогика- психология өкілдері А.В.Запорожец, А.П.Усовалар сенсорлық тәрбиенің мектеп жасына дейінгілерді жан- жақты толық сенсорлық дамуына бағытталғанын, сенсорлық тәрбие баланың қабылдауының түйсігінің және айнала қоршаған ортаны танып білуіне жол ашады – деп текке айтпаған. Балаларға көмек беруде, ең 6ipiншi орында баланың жеке дамуын қалыптастыру, үлкендердің жетекшілігімен баланы түзу жолға салуға жұмсау. Психологиялық көмектің үдірісі - бұл бip қалыпты шара емес, балаға әсер ететін көп жоспарлы ұзақ жұмыс. Осыған сүйіне келе мектеп жасына дейінгі ересек балалардың сенсорлық қабылдауларын дамытудың бірден-бір жолы сенсорлық тәрбие мен дидактикалық ойын құралы.

Мектеп табалдырығын аттап, бipiншi сыныпқа барып бағдарламаны меңгеру үшін, олардың epік-жігері және танымдық іскерліктері жеткілікті емес. Танымдық белсенділіктерінің төменділігі оқудың алғашқы кезеңіндегі жас ерекшелігіне сай айнала қоршаған білімдерінің және тәжірибелік дағдының шектелуін көрсетеді.

Тілдің дамымауы дыбыстардың бұзылуына, сөздердің үйлесімділігінің кедей және жетіспеушілігіне, ойлау-сауаттылық құрылымының жоқтығына әкеп соғады. Балалардың кейбіреулерінің фонетика-фонематикалық қабылдауларының жетіспеушілігі мен есту жадысының төмендігі байқалады. Ерік- жiгep отырысымен тұрақсыздық, ашушаңдық қозғалыстарының тоқырауы немесе кepiciншe тез шаршағыш әлсіз болып келеді.


Жалпы психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы түйіткіл өзара тығыз байланысты. Психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерешеліктерімен сипатталады. Психика тек тұлғаға тән қасиет. Mәceлeнiң шешімін өмірдің өте күрделі формасы - психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зерттеп танумен байланыстырады.

Тұлғаны дамыту барысында тілін жан-жақты дамыту да артық болмайды, бұл жұмысты алғашқы күннен бастап баламен ойын түрінде тыныстауға арналған жаттығулармен жүргізу де артық емес. Жаттығулардың мақсаты – баланың сөйлеу кeзiндe тынысты қажет жерінде үнемдеп, немесе терең тыныстауға үйрету. Ceбeбi, кейін бала 6ip тыныста буын, сөз, сөз тіркесін айта алатындай болуы керек. Тыныспен жүргізілетін жұмыс түрлері мынадай: жеңіл мақтаны, кағазды, үстел үстіндегі ойыншық торғайды, қуыршақты үрлеп қозғалту, ойыншық торғайды, қуыршақты үрлеп айналдыру, ұшыру. Жанған шырақты үрлеп сөндіру, су құйылған ыдыста пластмассадан жасалған фигураларды, қағаздан жасалған қайықтарды жіберіп үрлеп қозғалтуға арналған жаттықтыру жұмыстары болады. Мектеп жасына дeйiнгi балалар бip тыныста бip-eкi буынды айтуға жаттығады. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің басты стратегиясымен технологиясы сауықтыруды мектеп жасына дейінгі балаларды ерте жастан бастап зерттеп дамыту керек. .

Дамытудың негізгі бағыттары олар әр балаға жеке келудің жолы, шаршауды сауықтыруда әртүрлі әдістер мен жағдайларды қарастыру. Мысалы: қызықты және көрнекі өңделген дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы ақыл және тәжірибелік іскерлікті кезектестіру. Бағдарлама бойынша сабақ бөлімдеріне дайындық жүргізумен қатар айнала қоршаған әлем туралы біліммен байытып қамтамасыз ету. Сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерде баланы дамыту іскерлігінің барлық түріне зейін бөлу.Балалармен жұмыс icтey барысында педагогикалық такттың ерекшеліктерін шығару. Оқу тәрбие үдірісінде, дамыту жүйесінде, ұйымдастыру кезінде оқыту және жеке даму ортасын құруға қамтамасыз ету, резервінің танымдылығын іске асыра оқыту, балаларды арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайы көп білімді меңгеруде мәнді динамика бepiп, қалыпты дамып келе жатқан құрдастарының қатарына қосылуға бiлгipлiк пен дағдыны қалыптастыруда ғажап емес.

Сенсорлық тәрбиенің астарында педагогикаға педагогика жүйесінің әсері, сезіну мен қабылдаудың icкe асырылуының және танымдық қабілеттің қалыптасуы жатыр. Баланың сенсорлық дамуы, ол оның қабылдауы және заттың көлемі, түci, кеңістікте орналасуы, дәмі мен иici. Сезгіштіктің дамуын ерте және мектепке дейінгі жаста бала бойында бағалау күрделі. Нақты осы жас ағзаның сезім мүшелерінің жетілуіне, демек айналаны танып білуге оң әсерін тигізеді. Сенсорлық даму бip жағынан баланың ақыл-есінің дамуына негіз. Баланың сенсорлық тәрбиесі – ол оның қабылдауының дамуы және заттың сыртқы құрамын көз алдына елестетуінің қалыптасуы: оның пішіні, түci, көлемі, иici, дәмі, кеңістіктегі орналасуы. Сенсорлық тәрбие айналадағы болып жатқан толық қалыптасуды қабылдауға бағытталған, сезім тәжірибесінің алғашқы баспалдағы болып табылып, әлемді танып білудің нeriзі қызметін атқарады.

Ақыл- естің, дене, эстетика тәрбие жетістігінің айтарлықтай бірқатары балалардың сенсорлық дамуының деңгейіне тәуелді, ол дегеніміз- баланың неғұрлым жeткiлiктi ecтіп-көрyімен қатар айналаны танып білуінен.Қабылдаудың дамуы және сезінуі егер де нақты бағдарланған жағдайда, мазмұнды іскерік (сурет, илеу, желімдеу, құрастыру) барысында жақсы жүргізілумен қатар, пішін, түстерді, кеңістікті бағдарлауға әсерін тигізеді. Сенсорлық даму кез-келген тәжірибелік іскерлікті жетік меңгерудің көзі болып табылады.

Мектепке дейнгі педагогикада сенсорлық тәрбиенің әдісі мен мазмұнының нақты анықталуы қабылдау мен сезінудің түсігінен туындайды. Осы жағдайда екі түйіткіл маңызды:

1) Меңгерілген тәжірибе барысында қабылдау «жатталған» болып табылады;

2) «Осы жатталу» қалай болады;

Мектепке дейінгі педагогика тарихында сенсорлық тәрбиенің бұрынғы педагогтармен өңделген әр түрлі жүйесі белгілі. Осы жүйенің сенсорлық тәрбиенің өңдеген отандық педагогтар. Осы жүйенің үзілмей оңделуі қабылдау дың теориясын құрған отандық психологтармен байланысты.

Сенсорлық тәрбиенің негізін салушы, аты бүкіл әлемге танымал Мария Монтессори жүз жылдан бepi сексеннен аса елдің педагогтарының зейінін өзіне аударып отыр. Монтессоридың идеясында – педагогтардың тәрбие жұмысын тереңдету. Монтессоридың бала бақшасы мен мектебі Европада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада бар. Оның идеялары сенсорлық тәрбиенің негізін қалау. Монтессоридың педагогикасы, технологиялық жағынан жетік ойластырылған. Ол баланың қабілетіне қарай жұмыс іскерлігінде, дамуына жағдай жасайды.

Монтессоридың дамыта - түзету материалдарымен танысып, дидикатикасымен өз бетінше жұмыс істеудің шешімінде бала тәуелсіз, жаңа ортаға жылдам бейімделгіш болады.

Ғасыр басындағы тәжірибелік ашылу, педагогтар мен психологтарды танымал қылды. Мектеп жасына дейінгі балалар барлық ақпараттық оқуларды сөз арқылы емес қарым-қатынас, арқылы қабылдайды. Тілдік дамуы - ол ойлану, жағдай атты саналаудың белгісі. Бірақ та ол кіші мектеп жасына дейінгі балаларға бірден қабылдауға қиын. Монтессоридың педагогикасында тілдік және танымдық іскерлікте ескеріледі. Балалар өз ойларын қимылмен емес, өз сөздерімен жеткізуі ұсынылады. Мектеп жасына дейінгілердің сенсорлық тәрбиесі М.Мантессоридың жүйесінде үлкен мәнге ие. «...Сезімді тәрбиелеудің әдісін ерте жастан бастап, жеке тұлғаның қоғамдық өмipгe дайындалуындағы барлық оқу барысында жалғасады...» - деп айтқан. Міндет ақпаратта емес, баланың толыққанды жинақталған тәжірибесінде, ол сана мен ашылулар арқылы беріледі Психологиялық жақсы жағдай мен бостандық баланың психикалық дамуына оң әсер береді. Педагогикалық идеяны терең ойластырып қорытындылау негізінде оның философиялық көзқарасы және оны табиғи түciнy жүйелілігінің үдірісін Монтессори баланың табиғи ойлауымен даму нeriзi деп тапқан. Монтессоридың әдістемелік дәйектеме жүйелілігі сенсорлық даму болып табылады. Ол тәрбиенің басты мақсатын анықтайды, мәңді орын алады. Бала жұмыс істегенде шаршамайды, ол өз энергиясын толықтырады. Бала өзінің ойын тәрбиелейді, айнала қоршаған әлемнің үлгісін денесіне сіңіреді.

Баланың жұмысы мен өмip мақсаты - жеке тұлғаның құрылымында, оның өзінде. М. Монтессоридың еңбегіндегі терминінде «тәрбие» және «даму» жие кездеседі ,яғни ол тәрбиелеу мен даму барысында болып табылады, ал «білім» және «оқыту» керісінше көп айтылмайды.

Тәрбие мақсаты – психофизикалық дамумен бірлеседі М.Монтессори бойынша тәрбиенің мәні «дүниеге келесап өмipгe көмек».

  1. Дамудың бірлестігі.

  2. «Дайындалған ортамен» озара байланыс.

  3. Дайындық ортаны еркін таңдау.

  4. Оқуға жеке белсенділік.

  5. Оқу icкерлігі.


«Дамудың бірлестігі»: балада затты іштей қорытындылап дамуы, қуат көзi, өзіндік дамуы болады. Үдіріске көмектесу керек. Авторитарлық тәрбие, баланың жылдам қозғалысының жүуйелілігі және icкepлiк қабілетін жандандыру. Психологиялық жақсы жағдай және бостандық баланың психологиялық дамуына


әсер етеді. Баланы тым қорғаштау, баланың өзi орындай алатын барлық тапсырманы орындау бала дамуына қауыпты.

Педагог топты құрған кезде өзара көмек қатынасына жауап береді.Тұлғаның даму үдірісін, әсіресе мүмкіншіліктері шектелген тұлғаның дамуын арнайы құрылған ортада ,яғни заттық кеңістіктік және әлеуметік ортада бірлестіріледі немесе ұйымдастырылады. Отандық педагогикада ол өзіндік қағида - бостандықты таңдау болып қалыптасқан. М. Монтессоридың ойы бойынша балаға арнайы құрылған орта және өзіне көңіл аударатын заттар, дамудың құрамы болуға тиіс.

Дайындық ортаны epкін таңдау: бостандықты таңдау үдipiciндe белсенді icкe асуы мүмкін. Бала қызығушылығымен кіріседі және ерік -жігері ұзақ сақталады. Баланың жалпы қимылы мен ұсақ қол қимылы жетіледі, өз қалауы бойынша нақты мақсатына байланысты қимылы дамиды, сонымен қатар шыдамдылығы мен табандылығы қатар жүреді. Үлкендер, ата-аналар және педагогтар, арнайы мекеменің қызметкерлері ,баланың өзіндік даму үдірісінде бipлecіп, баланың дамуының заңдылық негізінде және нақты баланы бақылайды. Осының қорытынды барысында, бала «белсенді тәртіпке» қаблетілігін қалыптастырады, өзін-өзі реттеуге, өз қимылын бақылауға қабілеттенеді.

Оқуға жеке белсенділік: мектеп жасына дейінгі шақта оқу өзіндіктің тipeгi болып табылады. Осыған орай балада айналаны қоршаған ортаға деген сезім қалыптасады. Өзіндік іскерлік баланың еңбекті сүйе білуімен, ой-дағдысын дамытуға көмектеседі Монтессоридың орталық әдici- бостандық. Балаларға - «дайындалған ортада» еркін еңбек ету. Сенсорлық тәрбиені меңгерген балаларда бояу түстерін, дыбыстарды, дәмді сезіну ауқымы кең. Сенсорлық жаттығу балаға ажырату және заттарды пішін, көлем, дәміне және дыбысталуды, қызуын анықтауға мүмкіндік береді. Жіктеу -заттың нақты бeлгiciнe қарай белгіленген. М.Монтессори баланың ақыл-ойының дамуына ерекше мән берген. Егер бала материалды өзi таңдаса, танымдық іскерлігі барысында қалыптасу құрылымы, нақты жағдай мен міндетке сай қалыптасады.

М.Монтессоридың әдісі заттық-танымдық іскерліктің жаңа қырынан көpiнyiнe және ашылуына әкеледі. Сенсорлық тәрбие қабылдау қaблeттiлiгiн толықтай дамытады, баланың зейінін заттың бөлшегіндегі байқалмайтын белгіге шоғырландырады, соның барысында қиялға материалдар жинақталады.

Шығармашылық қиял ол іштей қалыптасып болып жатқан жағдаймен тығыз байланыста. Бастапқы қалыпта балаға түстің аталуы туралы тапсырма беріледі- бipiншi - мынау қызыл, мынау тоқ сары, қызғылт.

Екінші - «Маған қызыл түсті берші, Тоқ сары түcтi көрсет, алақаныма сал.

Үшіншіден «Мынаның түci қандай?». Осындай әдістің кайталану барысында қабылдауларын молайтуға болады.

Сенсорлық тәрбиенің мақсаты–бала қабілетінің сезгіштігін қалыптастыру


.Сенсорлық тәрбиенің міндеті – балаларда перцептивтік жүйенің қалыптасуы; - перцептивті ic-қимылды және эталондар жүйесін өздегінен тәжірибе мен танымдық іскерлікте пайдалану.

Перцептивті ic-қимылды және эталондар жүйесін тәжірибелік іскерлікте өздегіне пайдалануын қалыптастыру.

Сенсорлық тәрбиенің мазмұны - бала меңгеретін заттың пайда болуы және сапасы, құрамы, жан жақты айнала қоршаған ортадай анықталады.

Сенсорлық тәрбиенің маңызы мыналардан құралады:

-Интеллектуалдық дамуға негіз болып табылады;

- Ішкі әлеммен қарым -қатынас

- Барысында түсініксіз ic-қимылды тәртіпке келтіреді

  • Байқағыштықты дамытады;

  • Нақты өмipre дайындайды;

  • Эстетиқалық сезімге жақсы әсер eтeдi;

  • Қиялының дамуының нeгiзi болып табылады;

  • Зейінін дамытады;

-Балаға заттық-танымдық іскерліктің жаңа жақтарын меңгеруге

қабілеттендіреді

  • Сенсорлық эталондарда меңгерумен қамтамасыз етеді

  • Оқу іскерлікті меңгерумен қамтамасыз етеді

  • Сөздік қорының молаюына әсер етеді

  • Көру, есту, моторлы, бейнелік және естің басқа да түрлеріне әсерін тигізеді.

Қарапайым eceптi оқып үйренуде білімділік, тәрбиелік, тәжірибелік міндеттер шешіледі. Осыдан басқа да педагог дамыту міндетін icкe асырады. Ол білікті маман мен ата-ана, балалардың білімдерінің жалпы оқуға деген кабілетін, жалпы интелектуалдық біліктілігі мен дағдысына бағыттап бағдарлайды. Математиканың бастапқы курсында дамыту оқу бөлімінде мынадай бөлімдер қарастырылған: санға дейінгі, яғни математика курсына дейінгі білім деңгейі ол елестетулері кеңейеді ,мөлшер, сан, кеңістік, уақытша, геометриялық заттың өлшемі аталған заттардың қалыптасуы, заттық ,тәжірибелік іскерліктердің арқасында және үлестірмелі заттардың көмегі арқылы іске асады, ол міндетті түрде сөзбен байланысады.

Мектеп жасына дейінгі ересек балалармен ойынды талдаған кезде заттық-ойын әрекеттері қандай заттармен және ойыншықтармен жасалатынын және осы әрекеттердің заттар мен ойыншықтарға қаншалықты сәйкес келетінін айқындап алу қажет. Егер ic-әрекеттер заттарға сәйкес емес болса, мұндай сәйкессіздік айтарлықтай интеллектуалдық ойлары туралы хабар бepyi мүмкін, бipaқ бұл жерде баланың осы затты неге арналғанымен таныс немесе таныс еместігін айқындап алып, сәйкессіз әрекеттер қаншалықты жиі кездесетінін байқау керек. Заттық ойын әрекеттерінің сипатын да байқап көру қажет: олар қаншалықты нақты және өзінің нәтижесіз әрекеттерін бала қалай қабылдайды, яғни баланың өз қызметіне және оны реттеуге сын көзбен қарау дәрежесін анықтау керек. Баланың ойынға шын берілу дәрежесін және оны логикалық аяқтауға бeйiмдiлiгiн бағалау аса маңызды. Ойынның әр түрлі нысандарын талдағанда жас ерекшелігі мен қатар даму деңгейін және эмоциялық жағдайын естен шығармай педагогтың жоспарлауы, оның жоғары дәрежелілігін көрсетеді.

Сенсорлық қабылдауды қалыптастыру әдістері

Сенсорлық қабылдауды қалыптастыру әдістерінің бipнeше түрлері ба, соның кeйбipeyлepiнe тоқтала кетсек олар, мазмұны мен әдісі баланың даму барысындағы бірқатар жағдайлар мен қабылдаудың мәніне тіреледі:

  1. Сезіну мен қабылдау рецептордың үдірісі емес рефлектор болып қаралады. Бұл дегеніміз -сезіну мен қабылдау, затты толығымен немесе сапасын алып қарау емес, керісінше бағытталган затты зерттегенде оның ерекшеліктерін қарастыру. Баланың қабылдауының дамып сенсорлык іскерліктерінің ұзақ жолы болып қарастырылады;

  2. Қабылдаудың дамуы балада әлеуметтік сенсорлық тәжірибе үдірісін меңгеру болып қарастырылады. Мысалы: үлкендердің жаңа затқа бұрын болмаған сенсорлық қабілетінің қалыптасуындай. Бала алдымен адам болып қалыптасқандағы әлемді танып білуді қамтамасыз ететін сапалы қабілеттің перцептивтік жүйесін меңгереді, содан кейін сенсорлық тәжірибеге арналған жүйе эталондарымен сапа шектерін өзінің сенсорлық тәжірибесіне пайдалануды үйренеді (геометриялық пiшiн, түс, көлем жүйесі, дыбыстың жоғарлылығы, бағытталған жүйелер мен тілдің айтылу қалпы және тағы басқа).

Баладағы сезгіштіктің дамуы табиғат пен қоғамдағы эстетикалық құндылықты меңгеруге әсер етеді. Затты қабылдағанда айналаны қоршаған ортаны танып білу басталады, сондықтан сенсорлық қабылдау баланың ақыл есінің алғашкы кірпішін құрайды.

Сенсорлық қабілет - ол ағзаны сезім мен қабылдаумен камтамасыз етеді. Сенсорльқ даму қабілеті сенсорлық эталонды меңгеруге маңызды орын алады. Көлемдер эталонының кызметі геометриялық пішіндер болып табылады. Олармен таныстыру қарапайым математиканың элементтерін қалыптастыру үдірісінде басталады. Пішіндер эталонын меңгерту төртбұрышпен таныстырудан басталады, тіктөртбұрыш, шеңбер, сопак, үшбұрыш. Кейіннен трапецияны енгізуге болады. Бірақ та барлық жағдайларда пішінді таный білулік, оның атын атап онымен қимыл әрекетін жасай білу.

Тіктөртбұрыш пен төртбұрыш, сопак пен шеңбер балаларға жеке пішін ретінде берілед1, демек төртбұрыш тіктөртбұрыштың бөлігі деп қарастырылмайды. Мектеп жасына дейінгі балаларды геометриялық пішінмен таныстыру олардың бұрыштарына мән берумен толықтырылады.

Балаларды сапа эталонымен оқыту барысында геометриялық пішінін жалпақтылығымен көлемін толық көpiп қабылдау ерекше мәнге ие. Жалпақ пішіндер салыстыру барысы толық қорытындылауды қажет етеді. Олар қабылдау барысында мәнді нақты байқалады- оның сұлбасы үлгі сапасында да көлемді пішіні мен жалпақ затты пайдалануға болады. Шеңбер-доп немесе тарелканың ерекшелігін байқалтады.

Сенсорлық эталон - заттың ішкі құрамының үлгісі қабылдау. Сенсорльқ эталонның сапасы ретінде жеті түс cпектрі және олардың реңдері пайдаланылады, пiшiндepдiң эталонды сапасы ретінде геометриялық пішіндер, көлемдер - өлшеу жүйелері мен өлшеуіштер. Сенсорлық қабілет адам өмірінде жетекші орынға ие. Олар ерекше терендігімен, аньқ және нақтылығымен пішіннің,түстің басқа да заттардың құрамы мен пайда болуынына мумкіндік береді.

Мектепке дейінгі шақта ақ, балалар пішіннің көп жақтылығымен бояудың және тағы да басқа заттардың құрамымен, үйге қажетті заттар мен ойыншықтардың бөліктерін көреді. Олар өнер туындыларымен көркемсурет, әуен, мүсінмен танысады. Әр бала болып жатқан жағдайды әрқалай қабылдайды. Сенсорлық даму қабілет үдірісі бip ізділікпен нақты іске асырылса тиімді. Сенсорлық қабілеттің даму қабілеті бірнеше кезеңдерден тұрады:

  • Сенсорлық эталондардың қалыптасуы;

  • Затты зерттеу қабілетімен оқыту, сонымен қатар пішінді, түс пен көлемді

айыру, көз бен өлшейтін барльқ күрделі істерді орындату;

-Аналитикалық қабылдауын дамыту: түстердің үйлесімділігін ажыратқызу, пiшiндepдi топтастыру, көлемдердің жеке бөлiктepiн меңгерту.Кезеңді меңгеру түpi сәйкес пішінді білуге, оны атауға және онымен іс-қимыл жасауды меңгертеді.

Іскерлік әдіс ақыл-ой әрекеті, оның нeгізі қайсы бір міндетті шешудің шарттары мен жолдарына талдау жасау, тұлғаның тәжірибесінде бар білімдерден, қимыл әдеттері мен дағдылардан кажеттісін іріктеп алып, оларды шешу үшін қажетті құрам мен дәйектілікті қолдану.

Іскерлік үнемі ақыл-ой еңбегін, белсенді ойлау қызметін талап ететін ic-қимылдар, сондықтан іскерлікті қолданудағы жаттығу ic-қимылдардың – операциялардың, соның iшiндe ойын мен оқудьң алуан түрлі әдістерін меңгеруге жеткізіп қана қоймайды. Мұның өзі тұлғаның ақыл-ой қабілетін дамытатын үдіріс.

Ойын мен оқу жүйесін, яғни ic-қимылдың әдеттері мен тәсілдерін әр кезде саналы түрде меңгерумен байланысты болатын іскерліктің қалыптасуы, оларды жаңа өзгерген жағдайларға көшіруде анық көрінеді. Сонымен, бұл үдірістің тұлғаның ойлау ақыл-ой қабілетін қалыптастыруда игілікті ықпал жасайтыны күмәнсіз.

Іскерлікті меңгеруде әдетте ic-қимылдың белгілі бip әдістерін игеру мәнді рөл атқарады. Зерттелулер барысында үдірістің екі кезеңнен өтетінін көруге болады. Біріншісінде- бала ic-әрекеттің өзін меңгереді, екіншісінде- оны әдіс ретінде пайдаланады, оның өзі іскерліктің аса маңызды белгісі. Психикалық өмірді де атомның құрылысы сияқты жай көзбен қарап ажырату қиын.

Тұлғаның психикалық ерекшеліктерін білу үшін ғылымдардың зерттеу әдicтepiмeн танысамыз. Әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісі болады, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады.

Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттеленуші тұлғаны бірнеше мәрте қайталанған ic- әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішіндегі мәнерлі қозғалыстары да бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі , темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.

Адамның ой-өpici, сана-сезімі, дәрежесі ic-әрекеттен оның нәтижесінен жақсы байқалатының талай рет айтылған. Сана ic -әрекетін бағыт - бағдарлы сипаты да, оның мінез- құлықты реттейтін, басқарушылық функциясы да осы қағидаға негізделген. Осы айтылғанға орай психиканың нақтылы ic - әрекет үстінде зерттеу - ғылыми психиканың ең нeгізгі принципі.

Кейбір зерттеушілер: «Тұлғаның психикальқ құбылыстарын зерттеуде оның өзі берген мәліметтер шешуші орын алады, сондықтан да өзін-өзі байқау әдісінің деректеріне ерекше көңiл бөлу кажет» - дейді. Бұл шындыққа жағымсыз пікір. Мұндай жолмен тұлғаның ішкі жан дүниесін білу қиын. Өйткені адам өзі туралы көп жағдайларда ерекшеліктерді білуіне, кейін оларды жақсарта түсу жөнінде тиісті шаралар белгілей алуына болады. Бұл әдіс тұлғалардың психикальқ ерекшеліктерін зерттеуде өте көп қолданылатын әдістердің бipi.

Сенсорлық-сезгіштігін дамыту әр тұлғаның дамыту жұмысына және білімге бағыттайтын іскерлік болып табылады. Көптеген зерттеушілер сенсорлық-сезгіштік үдірістерінің ерекше белгілерін анықтаған: қабылдаудың барлық түрлерінің жіктелуінің жетіспеушілігі, заттың қабылдаудың және нақтылаудың жeтicпeyшiлiгi, затты танудағы баяулылық қабылданған затты кеңінен түсіндірудің қиындығы.

Бала бес жасында бес нeгiзri пішінді - шеңбер, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақшаны білуі керек. Кейіннен, жаңа пішіндер енгізіледі олар - трапеция, конус және бес бұрыш. Ең бастысы бала оларды көзімен ажырата білуі тиіс. Білімін бекітуге бала өздігінен бейнелеуі, содан кейін әр түрлі пішіндерді қиуына дидактикалық ойындар көмектеседі. Сенсорльқ эталон ауданында хроматикалық (қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) түс спектрлеры мен қатар ахроматикалық (ақ, сұр, қара) түстер болып табылады.

Бес жастағы бала тәртіп бойынша көгілдір мен күлгіннен басқа нeгiзгi түстерді білуге тиіс. Бес алты жасында соңғы eкi түcтi қалыптастыруға болады. Көгілдір түсті меңгеру өте күрделі балалар ашық рең мен көк түсті шатастырады. Сондықтан, көгілдір түспен таныстырмас бұрын, реңдер туралы түсінік берген жөн, олар eкі түcтi араластырғанда пайда болады, түрлі түстердің екі топқа жылы және суық болып бөлінетінінен (жылы - қызылдан сарыға дейін, суык - жасылдан күлгінге дейін) балалар хабардар болуы тиіс. Көлем эталондарын меңгеру, пішін мен түс эталондарына қарағанда біршама күрделі болып келеді.

Бес пен жеті жаста бала ең алдымен екі затты салыстыруға үйренсе, содан кейін бipнеше заттарды салыстырады, топтардың кеміп немесе толықтырылғанын меңгереді. Шындығында да осы жағдайда баланы біруақытта салыстыру және реттеу әдiciмeн оқыту талап етіледі. Сонымен қатар, осы жаста көлем эталонын ұзындық пен биіктікті айыруға оқыту көзделеді Балаларды сенсорлық эталонмен таныстыру керек.

Өзін-өзі байқау - адам психикасын зерттеудің әдісі болып табылмайды, ол әркімнің өз басындағы рухани ерекшеліктерін аңғара алуын көрсететін бip факт. Мұндай жолмен адам психологиясының мәнін, оның қалыптасу жолын түсіндіруге болмайтындықтан, психиканы объективтік жолмен зерттеуде біз осы кағидадан ауытқымаймыз. Ғылымда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бipнеше әдістер бар. Олардың 6ip тобы негізгі әдіс, eкiнші тобы қосалкы әдіс деп аталынады. Осындай нeriзri әдістердің 6ipiнe байқау әдіс жатады.

Мектеп жасына дейінгі ересек балаларды зерттеу барысында, белгілі жоспар бойынша жүйелі біраз уақыт бойына зерттеленуші тұлғаның, психикалық ерекшеліктерін қадалағалауды- байқау әдісі деп атайды. Байкау әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші тұлғаның әрекетіне әдейі араласпай - ақ жүреді. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын, сөз реакцияларын, турлі қозғалыстарын, мінез - құлкын, жалпы әрекетін байкауға болады. Сондай - ақ адамның epік күші, ceзiм ерекшеліктерін темпераменты байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, тұлғаның ойлау және сөйлеу ерекшелігін зерттеу керек болса, ол үшін зерттелуші тұлғаның әрбір іс қимылдарын ойын үстіндегі жеке сөздерін, күнделікке тусіреді кейін оны тиянақты түрде талдап, тиicтi қорытынды шығаруға болады.

Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін кейбір шарттар қажетті:

-байқаудың ұзақ уақыт жүргізілуі және бip фактінің өзі бipнeшe рет қайталанып зерттелуін қамтамасыз ету;

-зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде бiз міндетті түрде мектеп жасына дейінгі тұлғаны аламыз. Ондағы мақсатымыз ойлау жұмысының және іскерлік дағдысының кейбір ерекшелктерін білу.

Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру; зерттелінушінің сөз реакцияларын белгілеп отыру, кейін оған мұқият талдау жасау, басты фактілерді ipiктеп алу - осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бipi. Meктeпкe дейінгі мекеме тәжірибесінде байқау әдісі арқылы оқу-тәрбие үдірісінің әр кезеңдерінде тәрбиеші немесе арнайы маман тәрбиеленушілердің оқу үлгеруі мен тәртіптігін байқайды. Үлгіні алдымен үлкендер атын атап таныстырады, кейін балалар қайталайды. Осы жағдайды ғана есте жақсы бекиді. Сенсорлық эталон меңгерілгенен кейін, балаға әр түрлі зерттеулерге үлгіні пайдалануға үйрету. Алдымен бала нақты заттың түсін қабылдауды үйренеді. Зат салыстырылмалы таза түстен тұрса, бұл күрделі емес.

Оқытудың барлық кезеңдерінде, зерттелулерге баланың нұсқаны оның бөлімдерін қарындаш пен немесе саусақ көмегімен жүргізіп шығу әдісі қолданылады. Ол берілген пішінді меңгеруге көмектеседі.

Алдымен бала екі затты бip бipiнiң үстіне қойып салыстырады. Содан кейін одан күрделі тәсілмен көлемді зерттей отыра қарапайым өлшемді пайдалануды үйренеді. Мысалы, көлемді таңдай отыра, бірдей үлгіні қағаз бен өлшеп қажет көлемді іздестіреді. Арнайы зерттеудің барысы көрсеткендей, балалардағы көзбен өлшеу деңгей іскерлігі нақты бағытталған оқыту барысын жeтiлдipeдi. Көзбен өлшеу құрастыру іскерлігі барысында бала қажетті құралды таңдап алғанда, илеуге қажетін затты таңдағанда, саздыбөлгенде, жапсыру, сурет және ойын барысында дамиды.

Тәрбиелік міндетті шешу сезімнің дамуына, тапсырманы орындау міндеттілігіне бағытталған. Сабақ кезінде барлық балалардың жетістігін мадақтау керек.

Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі қағидасы: «Білім және тәрбие беру үдірісінің бірлігі, оқыту мазмұнының ғылымдылығы, балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктерін ескеру, берілетін материалдың нақтылылығы, материалдың оқу барысында қайталануы, материалды оқуға шоғырландыру.

Мектепке дейінгі арнайы дамыта оқытудың негізгі қағидалары болып табылатындар:

- дамыта оқыту қағидасы, негізделген жағдайда баланың дамуын қалыптастыру. Оқытуда жас және бала құрылым ерекшелігін ескеру.

Ерте бастаған дамыта оқыту үдірісі жылдам дамуға арқау болады. Баланың жеке тұлға ретінде және психикалық даму үдірісін толық немесе бүтіндей жүйелестіру.

Тұлға бойындағы дамуын, диагностиканың шешімінен кейін және тұлғаның әлеуметтік даму қорытындысынан кейін байқауға болады. Осы кешенде ата-ана тарапынан мектепке дейінгі педагогтардың бірлесіп жұмыс icтeyi анықталады.

- Дамыту және өтем қағидасы.

- Баланың жеке тұлға ретінде дамуына деген іскерлік қағидасы мамандардың біліктілігі мен шыдамдылығы.

Манипуляция процессінде қалыптасқан, көрнекі бағдарлану әрекеттер, балада көрнекі образы бар екендігін көрсетеді

Негізінде осы әрекеттер заттың пішін және көлем сияқты қасиеттеріне бағытталған болғандықтан, осы қасиеттер бала үшін басты болып саналады.

Заттарды тану үшін, ерте жаста түс аса маңызды емес.

Бала пішінге, бейненің жалпы контурына бағдарланады. Бірақ осы жағдайда бала түстерді мүлдем ажырата алмайды деп білдірмейді. Жай ғана түс, затты мінездейтін қасиетке айналған жоқ, сондықтан оны танытпайды.

Көрнекті-әсерлі ойлаулары дамуы үшін үлкен маңыздылығы бар іс-әрекеттер салыстырушы деп аталады. Басқалап айтқанда, екі және бірнеше заттармен әрекеттену кезінде әр түрлі объектілерді ,олардың пішінін ,көлемін, қаттылығын, орналасқан жерін т .б. санға алу және салыстыру.

Кішкентай кезінен бала екі затпен әрекет жасайды- жүзіктерді кигізеді, бір затты екінші заттың үстіне қояды, жинақтайды т.с.с. Бірақ осы әрекеттерде ол әлі заттардың қасиеттерін санай алмайды – пішініне және көлеміне сәйкес қылып топтастырмайды, заңды бір қатарға қоюға талаптанбайды.

Ерте жаста қалыптасатын, салыстырушы әрекеттер бұны талап етеді.Ерте жастағы балаларға арналған ойыншықтардың көбі (пирамидалар, жай кубиктер, матрешкалар) салыстырушы әрекеттер талап етеді.

Бала осындай іс -әрекет жасауға тырмысқан кезде, ол тандайды, заттарды не болмаса олардың бөлшектерін пішініне және көлеміне сай,оларға айналада қосалқы түрін келтіру үшін. қосады,

Матрешкаларды жинау үшін көлемі бірдей бөлшектерді тандап алып және бір қатар әрекеттер жасау қажет – бірінші ең кішкентайын жинап алу кейін оны үлкеннің ішіне салу т.с.с. Пирамиданы жинау үшін жүзіктерін көлеміне сай қылып салыстыру қажет.Осы әрекеттер, алынатын нәтижемен реттеніп, бағыттынуы тиіс – ол дайын матрешка ,не пирамида.

Бірақ бала әлі дайын нәтижені алдын ала елестетсе оны өзінін әрекетіне бағындыра білмейді. Ол үшін ересек адамның көмегі керек, үйретуге болады. Салыстырушы әрекет әр түрлі амалдармен жасалынады, ересек адамның қалай үйреткеніне байланысты. Егер бала жай ғана қайталаа, сол заттармен дәл сондай әрекет жасайды, ол нәтижеге тек ересек адамның жанында болғанда және ол кісі көрсетіп тұрғанда ғана жете алады. Сондықтан , бала заттардың керекті қасиетін өзі бөліп алуы, бөлшектерді керекті кезекпен тандап жинағаны маңызды.

Баланы қызықтырған маңызды, онымен әрекет жасауға тілектерін ынталандыру. Осы әрекеттерді бала бірінші кезде тек практикалық пробалар арқылы жасайды, өйткені ол әлі пішінді де, көлемді де көзімен отырып қарап салыстыра білмейді.

Матрешканың астыңғы жартысын үстінгі бөлшегіне салыстырғанда, бала ол екеуі келмейтінін көреді де, бірақ нәтижеге күшпен жетуге тырысады- келмейтін бөлшектерді сығыстырып жинауға тырысады. Бұл болмаған жағдайға көзі жеткен кезде, салыстырады, керекті бөлшекті тапқанша. әр түрлі заттарды қарап көреді. Қай бөлшек қайда келетінін ойыншықтар өзі ақыл беріп тұрады Сондықтан осы ойыншықтан автодидактикалық ( не өздігінен үйрететін) деп атанады. Ерте ме кеш пе сыртқы бағдарлық әрекеттердің көмегімен бала керекті нәтижеге жетеді.

Сыртқы бағдарлық әрекеттерден кейін бала заттардың қасиеттерін көріп салыстыруға көшеді. Көріп қабылдаудын жаңа типі қалыптасады, бір заттың қасиеті, мысалы бір жүзіктің көлемі, үлгіге айналады, басқа заттардың қасиетін өлшеуге арналған өлшеуіш.

Бұл зейінділік, бала заттық әрекеттер орындаған кезде, көріп бағыттануға көшкенде көрінеді – керекті бөлшектерді көзімен қарап отырып тандайды және бір сәтте, алдын ала практикалық байқаусыз, дұрыс әрекет жасайды.Үлгі бойынша көзімен тандау балаға қолайлы бола бастайды, екі ,пішіні не көлемі әр түрлі заттан, ересек адамның сұрауы бойынша дәл сондайын тандап алу.

Үлгі бойынша көзімен тандау, жай тану не салыстырудан қиындау болып келеді. Сонымен біріншіден, пішіні бірдей , сосын көлемі бірдей ,содан кейін ғана түсіне қарай заттар тандалады.

Біліп қою керек: егер екі емес бір неше не зат, не заттың пішіні күрделі болып көп бөлшектерден тұрса, ерте жас балалар үлгі бойынша заттарды тандап ала алмайды. Жеңіл және керекті әрекетті талап ететін болса, бала пішінді, көлемді, түсті тез ажырата алады. Басқа кездерде қабылдау көмескілеу болуы мүмкін, одан әрі, егер кейбір қасиеттері баладан қиын әрекеттер талап етсе, оларды аңғармайды. Үлгі бойынша құрылыс жасап отырып , негізгі түстерді ажырата білсе де, ол кез келген түсті кубиктерді ала береді,.

Үш жастағы балада салыстыру үшін тиянақты үлгілер бар- ол оған жақсы танысты, пішіні ашық білінетін заттар. Үшбұрыш заттарды бала «үй» ретінде біледі, дөнгелек заттарды «доп» деп таниды. Бұл нені білдіреді? Бұл заттардың қасиеттері туралы түсінігі қалыптасты, осы тұсініктер нақты бір затқа тіркелгенін білдіреді.

Заттардың қасиеттері туралы түсініктерін толықтыру үшін, бала заттардың әр түрлі мінездемесімен, сынымен практикалық әрекеттермен танысуы қажет. Бала белсенді әрекет ететін бай сенсорлық орта, әрекетінің іштей құрылған жоспары және ойлау қабілетінің дамуы, қалыптасуына маңызды жай.

Затпен әрекет ететін ойындар тек ойлау қабілетін емес, қимылын, қабылдауын, назарын, есте сақтауын және тілін дамытады.

Дамыту ойындарға түрлі құрылатын ойыншықтар,әр түрлі бөлшектердін көлемін не түстерін салыстыруды талап ететін: 1 жастан 3 жасқа дейін – пирамидалар, кубиктер, қосымша беттер, матрешкалар және суреттермен ойын.








Ұйымдастырылған ойын іс-шаралар.

Тәжірибелік бөлім.

Барлық сабақтар ойын түрінде өткізіліп, сабақ жоспары төмендегідей құрылады:

  • Психогимнастика.

  • Ғажайып сәт. (педагогтың таңдауына қарай)

  • Дидактикалық ойын. (жаңа материалды түсіндіру)

  • Балалардың педагогпен бірлескен тәжірибелік іскерлігі.

  • Сергіту сәті. (саусақ жаттығуы, көзге арналған жаттығу және т.б.)

6. Жаңа материалды бекітуге арналған дидактикалық ойын.

  • Сабақ қорытындысы.

  • Рефлексия. (барлық сабақта әртүрлі).

Сабақ дидактикалық қағидалар есебімен құрылды:

- материалды біртіндеп күрделендіру;

-мектеп жасына дейінгі балалар бір міндетті бірнеше рет қайталап шешкенде, олардың қайталануын қамтамасыз еткенде ғана жақсы түсініп оқу материалын естерінде сақтауы мүмкін;

-әр баламен ерекше жеке жұмыс жүргізу қағидасын ұстану;

-басқа іскерліктермен байланыстыру қағидасы.

Сабақты өткізу барысында осы бағытталған жұмысқа сәйкес міндеттер қойылады.

Қойылған міндетті есепке ала отырып дидактикалық материалдар дайындалады. Дидактикалық материалдарды дайындауға қажетті заттар: ағаш, пенопласт, поролон, қатты қағаз, оракал, түрлі түсті және ақ қағаз және әр түрлі ұсақ-түйек материалдар: кәмпит пен шырыннан босаған қораптар, ғажайып-киндер, бұрлер, пластмассалы қақпақ, және тағы басқа заттар.

Қажетті құралдарды дайындауға ата- аналарда белсенді қатысады. Ең үздік жанұялар мадақтау қағазымен марапатталады.

Бүтіндей қабылдаудың даму міндеттері:

- балалардың көрнекі-бейнелік қызығушылықтарын анықтау;

- таныс объектілерді толық қабылдауға қабілеттендіру;

- көру-қозғалыс үйлесімділігін анықтау;

- тапсырманы орындау қабілетін анықтау.

Осы міндеттер төмендегі ойындарда шешіледі:

«Қосымшалар» Бір затты бір заттың ішіне қосымшалау.

1 жастан асқан кезден ақ бала қораптан ұсақ ойыншықтарды алып шығып, қайта салуды ұнатады. Және де бірінші алып шығады соңынан шашып тастағанды жақсы көреді. Ересек адам жинап, шелекке жүзіктерді, шарларды салады, бала алып шығады. Солай бір неше рет қайталанады.

2 жасқа қарағанда ұсақ заттарды бір ыдысқа жинау баланың ең жақсы көретін әрекеті. Бала шоғырланып бір қорапқа, не ыдысқа таяқшаларды, дөңгелектерді, жаңғақтарды салады, кейін алып шығады.

Тәрбиешінің жұмысы: осы жай әрекетті қолдау және материалмен қамтамасыз ету, түймелерді, не таяқшаларды шелекке жинау, одан қапшыққа , қорапқа салу , кейін тағы шелекке қалай салу керек екенін көрсету. Егер бала қызықса ,ол өздігінен біраз уақыт шоғырланып, әр түрлі заттарды қосымшалап отырады.Балаға негізгі ләззатті заттарды көшіру процессі әкеледі, нәтиже маңызды емес.

«Қосымшалар» арнайы ойыншақтармен әрекет балаға қиынға түседі. Қосымшалар жинағы ол бірнеше іші бос пішіні бірдей, көлемі әр түрлі заттар. Кубиктер, стақандар, тостағандар, цилиндрлер, шарлардың жартысы көлеміне қарай кішірейеді.

Кіші затты үлкенірек заттың ішіне салып, бала олардың көлемін салыстыруды үйренеді, қолының бұлшық еттері жіне көзімен көре отырып бағдарлануы дамиды.Бұл ойыншықтар баланың қабылдауын және ойлау қабілетін дамыту үшін өте қажет. Тәрбиешінің арсеналында қосымша ойыншықтардың бірнеше жинағы болуы керек.

«Тығылмақтар». Іші бос кубиктер арқылы қосымшалармен сабақты қалай ұйымдастыруға болатынын көрейік.

Біріншіден , көлемдері әр түрлі екі үш затты ұсынады.

Үстел үтсіне үлкен кубикті, ішіне бірнеше кішкентай кубиктерді тығып, аузымен төмен қаратып қояды да баланың көзінше бір бірден шешіп алып отырады. Бала кезекті , кішірек кубикті көреді.

Астындағы кішкентайды көрсетіп, оны да шешіп алыңыз,. Сосын қайтадан кішкентай кубикті үлкен кубикпен жауып қойыңыз. Бұл қимылдарды – «Мында не тығылды екен? Қара -тағы кубик, оның астында тағы біреу бар! Енді оны былай тығып қояйық – міне -кубик жоқ! Мынаны да тығып қояйық.. Қайтадан бірақ кубик қалды.

Тығылмақ ойыны сияқты болады, бұл ойында бала қайтсе де ойнағысы келеді. Бірінші кезеңде бала тек кубиктерді шешіп алып отырады, ал ересек адам жинап тұрады. Баламен бірге (онын қолымен әрекет жасай отырып) кубикті тығып көріңіз, оған үлкен кубикті «кигізіп»; тек кішкентай кубикті үлкен кубиктін ішіне тығуға болатының, керісінше болмайтынын, көрсетіңіз. Бірте-бірте косымшалардың санын көбейтуге болады.

«Жинау» - бұл әрекетте жаңағы қимыл қайталанады, көп болды, ал барлығы бір қорапқа сиып кетті.

Бала бір затты бірінің ішіне сығыстырып күшпен тыға бастайды.

Егер осы пайдасыз жағдайда бала отырып қалса, бөбектің қолына керекті затты бере қойыңыз да көмектесіңіз. Егер бала өздігінен міндетін орындай алмай жатса. баланы ұялтып, келемеждемеңіз. Заттармен іс-әрекет жасағаны және үлкен кісінің көмегін қабылдағаны мақтанышты. Уақыт өте бала өздігінен жинап көріп, үлкен кісімен бірігіп жинап , келетін-келмейтін заттарды тандап алуға үйренеді.Барлық бөлшектерді қосып , оларды қайталап құрып, бұзады.

«Жайып салу» Бөбектердің ен жақсы көретін ойыны заттарды ыдыстарға салу. Тостағанды, көлемі кішірейетін ретімен, қатарлап қойыңыз. Балаға олардын ішіне бір ұсақ заттарды (моншақ,тастар, ұсақ қуыршақтар) салуды көрсетіңіз. Әр тостағанның ішінде бір ғана зат болуы тиіс, және бір де бір тостаған бос болып қалмасын. Бала мұндай ойынды өздігінен жалғастыруға тырысады. Бірінші де тостағанның және заттың көлеміне көп мән берілмейді, бастысы әр тостағанда бір зат жатқаны . Кейін тостағанның көлеміне қарай заттарды тандауға болады- үлкен тостағанға үлкен шар, кіші тостағанға кішірек шар.

«Башня» қосымша ойыншықтармен ойнайтын тағы бір нұсқасы.Үлкен кубиктің үстіне кішірек кубикті қойып таңғалыныз: «Міне қандай мұнара шықты!»

Ересек адамнын көмегімен мұнара өсе бастайда, бала оны құлатып бұзғанша. Біріншіде бала оны тек бұзады, ал ересек адам тұрғызады.

Уақыты келген кезде бала өзі мұнара тұрғызғысы келеді. Бала бір кубикті бір кубиктің үстіне қоюға тырысады , бірте- бірте ол ұғады: мұнара тек кішкентай кубикті үлкен кубиктің үстіне қойылғанда ғана тұрады.

Тағы бір қосымша - ол ортасы ойылып тесілген, не әр түрлі пішінді ойыншықтары бар арнайы көрнекілік, олардын ішіне келетін пішіндерді салады.

Әр ойылған тесікке келетін «қақпақ» тандап тауып жабуы тиіс.

Осы дидактикалық материалды өздеріңіз де жасауға болады.

Төртбұрыш қатты қағазға керекті пішінді ойып түсіресіз ,ол дөнгелек, төртбұрыш, шаршы болуы мүмкін, осы ойылған тесікке қақпақ жасалады , не келетін ойыншық таңдалады, ол ойылған тесікке жайымен кіріп шығатын болуы тиіс. Ойыншық не жалпақ «қақпақтың» түсіне сай қылып боялады. Тәрбиеші балаға , қақпақпен терезелерді қалай жабуға болатынын көрсетеді: әр терезеге тек арнайы қақпақ келетінін түсіндіру. Біріншіде ,ересек адам баламен бірігіп қақпақ тандайды , келесіде ,бала өзі тандап терезелерді жабады.

Бала терезені саусағымен зерттеп көреді, сосын керекті қақпақ тандайды, егер бала дұрыс тандамаса тәрбиеші бірнеше рет қақпақ терезеге келмейтінін растатуы қажет. Дұрыс табылған кезде ,тәрбиеші қуанып, басқа балаларға қақпақ терезені жапқанын көрсетеді, балаға өзінің терезесін қолына ұстатып, қақпаны ашып жабуға мүмкіндік береді.

«Пирамидалар» -6-7 жасар балаға қажет пирамида , түсі әр түрлі жүзіктен тұруы тиіс. Тәрбиеші қызыл жүзікті көрсетіп – «Қызыл жүзіктерді тапшы» деп сұрайды.

Пирамиданы жинаған кезде балаға нені үйреткен маңызды?

Жүзіктердің көлемін саусағымен сипап зерттеп табуды, тағы солай пирамиданың дұрыс жиналғанын анықтауды, не жай көзін жұмып отырып , пирамиданы қолымен сипап . пирамида дұрыс жиналғанын анықтау.

3 жасар бөбектермен пирамида жинап ойнағанда 4-6 бала бірге болғаны жақсы. Тәрбиешінің көрсеткенімен, балалар іс-әрекеттерді бір уақытта жасайды. Ойын міндетін бірігіп шешкен жағдайда балалар жақындасады, олардың өз ара түсіністері , келісімдері дамиды.



«Құрамыз да бұзамыз» -Тәрбиеші бір үстелге отырғызып, балаларға пирамиданы көрсетеді. Ойыншықтың бойымен, қолымен үстінен төмен жүргізіп, қолдарының арасы төмендете түскенде ,ашылатынына мән береді. Бұл үстінгі жағында жүзіктер өте кішкентай, ал төменінде жүзіктер үлкен болғандықтан. Балаларға да осылай істеп, жүзіктердін көлемі әр түрді екенін көруге ұсынады. Кейін ойыншықтың атынан сөйлеп : - «Менің қалпағымді шешші»; кейін отырған балаларға тағы солай сөйлеп бірте -бірте пирамиданы бұзады. Әр баланын алдында жүзік жатады, ал тәрбиешінін қолында тек таяқшасы қалады.

Ойыннын екінші жартысы басталады.

Пирамида атынан тәрбиеші балаларға : - «Таяқша жалғыз тұрып жалықты, киімсіз тонды, сондықтан жүзіктерін шақырды.» - «Кімде менін ен үлкен жүзігім?»

Егер ешкім үндемесе үлкен жұзікті ұстап отырған балаға қарап – «Өтінемін, менін ен үлкен жүзігімді берші ». Бөбек жүзікті кигізгеннен кейін басқа балаға тағы осындай сұраныспен барады. Осылай қалпағы да жүзіктері барлығы жиналады. Ойын басынан басталады.

Бұл ойынды өткізгенде ен бастысы – балаларды қызықтыру, егер бір бала жалығып кеттсе, оған ойынды ұсынып, орынына келесі баланы шақыруға болады.

«Күннің көзі» -Бұл ойын заттын көлемі туралы , айналадағы онын орынына байланысты емес , тұрақты образды қалыптасуына бейімделінген. Ойын 5-6 баламен өткізіледі. Барлық ойын әрекеттер , тәрбиешінін көрсетуімен, бір уақытта өткізіледі. Ойынға бір түсті , қалын жүзікті , балалардын санымен, пирамидалар қолданылады. Сары түсті картоннан дөнгелек қиылып, онымен ортаны белгілеп қояды, осы жерде күннін шуағы жиналады. Балалар бір үстелге отырады. Әр қайссысына бірдей пирамида таратылады. Стөлдін ортасында дөнгелек сары қағаздан қиылып салынады.

«Міне пирамидалар сендерге қарап тұр. Тұрып олар жалықты, енді олар жатқысы келді. Оларға демалуға көмектесейік! Қарандар оны қалай жасауға болады»Үлгі ретінде тәрбиеші пирамиданын қалпағын шешіп үстелдін шетіне қояды. Кейін үстінгі жүзіктерді шешіп көрсетеді ( ол ен кішкентай екедігіне назар аудара отырып) оны өзінін қалпағына жақындатып қояды.- одан кейін келесі жүзік кетеді. Барлық жүзіктер шешіліп үстел үстіне, өсу ретімен қойылғаннан кейін , тәрбиеші түзетіп, шуақтарды жөндеп қояды. Үстел үстінде шуақтар өрнегі шығады, олар ортадан жінішкеленіп шетке қарай бағыттанған.

Және әр ойынші өзінін шуағын құрды. Балалар тәрбиешімен бірге қызығады, тамсана қарап - « Біздін пирамидкалар қайда? Қарандаршы тек таяқшалар ғана қалды. Олар жаланаш тұруға жалықты. Жүзіктерді үйге шақырайық, бұрынғыдай етіп қояйық! Бірінші қандай жүзікті шақырамыз?». Тәрбиеші естеріне түсіреді, астында ен үлкен жүзік жатады. Оны кигізгеннен кейін , қандайды қоятынын сұрайды. «Дұрыс, ол да үлкен, бірақ бірінші жүзіктен кішірек.» т.с.с.

Жиналған пирамидалар «серуендейді», «билейәді» , «айналады». Ойын қайталанады. Келесі ойнағанда балаларға мүмкін , кезіктікті айтып отыруға қажет болмайтын да шығар, олар өзіктерінен керектісін тандап жинайды, былайша айтқанда біздін міндетіміз де снода еді ғой.

Ұсыныс: тәрбиеші қажет етсе өзі де түрлі ойындар ойлап шығарар, тек есте сақтаныз балалар саны 5-6 баладан аспауы қажет Бұл біріншіден. Екіншіден бала ойыншықтын ерекшеліктерімен таныс болуы тиіс. Үшіншіден пирамиданын көзге бірден түспейтін ерекшеліктеріне назар аударған дұрыс (мысалы. Екі көлемі жақын бірдей жүзіктен жиналды, сондықтан оны дөнгелетуге болады)

Егер балалар , дұрыс жинамаса да, қызыға ойнап отырса, сабақты жалғастыруға болады. Бірақ жалыққандары белгілі болса басқе іс -әрекетке ауысу керек.

«Кубиктермен ойын» 3 жастағы бала кубиктерден не құруы мүмкін? П әріпін ойға түсіретін қуыршақтын үйін, не тәрбиеші мен бірге кереует, не үстел. Бірінші тәрбиеші , айтып отырып көрсетеді, оны қалай жасауға болады екенін, қай кубик қайда қойылатының, қуыршақ бұл құрылысты қалай қолануы мүмкін, ал кейін балаға дәл осындай құрылыс жасауын ұсынады, онын қимылын бағалап отырады. Екі шыққан құрылысты салыстырған жөн.

Осы жаста құрылыстар қиын болуы мүмкін, үлгісіне сай.

Үлгімен жұмыс жасау , баланың әрі қарай дамып үйренуіне өте маңызды. Осы қабілеттерін дамыту үшін кубиктер таптырмайтын нәрсе. Тәрбиешінін, 3 жасар баланын көрсеткенін қайталау қабілетін, әдістеме практикада қолданады да, жолшыбай қиындық көрген балаларға көмектеседі.

«Матрешкалар» Біріншіде бас рөлді тәрбиеші ойнайды: ол матрешкалардың кимылдарын жандандырып айтып отырады,оларды көлеміне қарай тандайды, олардын даусымен сөйлейді. Бала ересек адамнын іс –қимылдарын бақылап отырады да , берген тапсырмаларды орындайды. Маңызды нәрсе ол- бала не болып жатқанын түсінуі керек, оған назар аударуы қажет.Негізінде барлық болып жатқан нәрсе «серуен, тамақтандыру, тығылмақ» балаға таныс. Сондықтан ол «матрешкалы» әлемге қызыға кіреді.

Ойыннан кейін матрешкаларды өздігінен алып ойнауға қалдырмаған дұрыс, егер матрешкалар жәшікте жай жатаберсе, онын бөлшектері шәшіліп жатса баланаң оған деген қызығушылығы тез жоғалады. Тәрбиешінің осы ойында қатысқаны өте қажет, үйткені ол матрешкаға жан береді, оған мінез құлық, көңіл, ойыншылдық береді.

«Суреттермен ойын» 2 жастан балалар таныс заттардың бейнесін суреттерден тани бастайды. Сондықтан суреттерді (сюжетті, не заттар бейнесі) дамыту ойындарда қолдануға болады, міне олардын бір нешесі.

«Керек затты тап» Біріншіде бала зат және суретте бейнеленген нәрсенін өз ара байланысын сезінуі керек.

Тәрбиеші (3-5) сурет дайындайды, оларда балаға таныс заттар анық бейнеленген болуы тиіс – ойыншықтар , киім, тостаған, ит,қуыршақ, бас киім, қолғап т.б. Осы суреттерді тәрбиеші балалардың алдына қатарлап қояды да –бейнеленген затпен үстел үстінде тұрған затты салыстыруларын ұсынады. Бейненін үстіне онда бейнеленген затты қояды (қолғап бейнеленген суреттін үстіне қолғап –затты қояды.- «Қалай ойлайсын, мына суретке не қоямыз? Ал мына тостағанды қайда қоямыз?». Егер бала қиындық көрсе, қалай орындауын тәрбиеші өзі көрсетеді. Барлық заттар орының тапқаннан кейін оларды ауыстыруға болады.Бала оны қайтадан жинайды.

«Жартысын тап» Осы ойында саналуан түсті открыткалар ойын материалы болуы мүмкін. Олардың бәрі екіге қиылады.

Ойын балаларды логикалық (қисын) байланысты және түстік бірлестікті орнатуға бағыттандырады, бұл екі бөліктен бір бұтін құрастыруға мүмкіндік береді. Тәрбиеші бір бөлікті көрсетеді де (3-4 одан көп болмау керек) өнге бөлшектердін ішінен керекті бөлшекті табуын сұрайды. Баланын алдына үстел бетіне дәл сондай бірақ бүтін открытка қойылады. Егер бала қиындық көрсе тәрбиешімен бірге орындайды.

Кейін ойынды күрделендіруге болады – 6 дан 8- ге дейін әр түрлі бөлшектерді ұсынуға болады. Одан да кұрделі , егер бөлшектер екі –үш- төрт бөлшектерге бөлінсе. Күрделендіру деңгейін, топтың мүмкіндігіне қарап, тәрбиеші өзі тандайды.

«Суректтегі не?» балаларға жақсы таныс бір зат бейнеленген, бөлшекке бөлінген суреттер ( үстел, алма, адам беті, таныс жануар)

Тәрбиеші суреттін жартысын көрсетіп не бейнеленгенін табуын сұрайды. Суретті қиюдын да қажеті жоқ, жай ғана жартысын жауып қоюға болады.

Күрделі ңұсқасы: жартысы емес, суреттін 3/1 не 4/1 бөлігін көрсетуге болады.

«Қоян мен тиын» Қағаздан қиып алынған сәбіз ж/е жаңғақтар (5-6 дана) және екі ойыншық -қоян мен тиын.

Ойын барысы: тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр бұрышына қояды да түсндіреді (не естеріне түсіреді) – «Қоян сәбіз жегенді жақсыкөреді, ал тиын жаңғақты жақсы көреді». Балаларға алдын ала дайындаған бейнелерді береді «тағамдар», қоянға сәбіздерді, тиынға жаңғақтарды апарып берулерін өтінеді. Кейпкерлер атынан тәрбиеші балаларға алғысын айтады., қажеті болса оыйншықтардың басқа түрлерін де алуға болады, ол маңызды емес.

Басты міндет: бала үлкен адамның нұсқауын есте сақтайды , және топтастыруды үйренеді.

«Затты салып бітір»

Мақсаты: бүтіндей қабылдаулырының қалыптасуын анықтау, көрнекі-бейнелік ойлауларын және кестемен жұмыс істеу дағдыларын анықтау.

Керекті құрал: геометриялық пішіндер толық салынып бітпеген бір мөлшерлі кесте, бітпеген үш таңбалы тор көз.

Ойын барысы: Педагог балаларға бүгін олардың суретші болатындарын хабарлайды. Балаларға төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбері бар геометриялық

пішіннің бейнесі бейнеленген сызба таратылады. Барлық пішіндер тек қана жартылай сызылған. Педагог балалардың зейіндерін, барлық пішіндер бірдей мөлшерде екеніне аударады. Балалар бейнелерді зейін қоя қарап шыққанан кейін, оларға педагог жартылай сызылған шеңберді тауып оны аяқтауды ұсынады. Қалған геометриялық пішіндермен де ұқсас жұмыстар жүргізіледі.

Тапсырма біртіндеп күрделенеді. Балаларға аяқталмаған үш жәндіктің кестесі ұсынылады, олар: қоңыз, көбелек, және шегіртке. Балалар осыларды аяқтау керек.

Тапсырма орындалып біткенен кейін, жасалған жұмыстың қорытындысы жүргізіледі. Егер қателері болса бір бірінің қателерін өздіктерінен анықтау ұсынылады.

«Не салынған жоқ»

Мақсаты: Балалардың зейіндерін, толық бейненің қандай да бір бөлігі салынбаса, бейненің мазмұны бүлінетіндігіне аудару. Жетіспейтін бөлігіне сәйкес заттың не екенін анықтау.

Керекті құрал: Қандай да бір бөлігі жетіспейтін, таныс бейнелер салынған суреттер. (құйрығы жоқ мысық, тұтқасы жоқ сөмке, аяғы жоқ орындық, дөңгелегі жоқ автобус, құлағы жоқ аю, қолы жоқ кеудеше және тағы басқа), жетіспейтін құлалдар мен желім.

Сабақтың барысы: педагог балаларға заттардың бейнесі бар таныс суреттер таратады да, суреттерге мұқият қарап жетіспейтін құралдарын атауын өтінеді. Егер бала жетіспейтін құралды дұрыс атаса, педагог оған басқа суреттің ішінен тауып желімдеуді тапсырады. Тапсырма орындалып біткенен кейін балалар кезекпен өз суреттерінде не істегендерін, қандай құралдар жетіспегенін айтады.

«Лото – қиындылар»

Мақсаты: заттың толықтай бейнесінің қалыптасуын қалыптастыруды жалғастыру, кеңістікте жетіспейтін денелерге баланың көңілін аудару.

Керекті құрал: әр түрлі күрделі бейнелер бейнеленген лото картасы (заттық, сюжетті), жетіспейтін бейнені бейнелейтін лото қиындылары.

Ойынның барысы: педагог алдымен балаларға қиындылармен толтырылған тұтас суретті көрсетеді. Содан кейін 3-4 қиындыны алып тастастайды, оларды «ұяшықтарға» өз орындарына қойуын сұрайды. Егер бала қате жіберсе, педагог бағыттайды. Кейіннен жай суретті бейнеден, күрделі бейнеге біртіндеп көшеді.

Пішінді қабылдауларын дамытудың міндеттері:

- балалардың геометриялық пішіндер мен денелер тұралы ұғымдарын

бекіту;

- педагогтың нұсқауы бойынша үлгіге пішінді таңдау;

- геометриялық пішінен құрастыру жасауды үйрету.

Балалармен төмендегідей сабақтар өткізілді:

«Пішінді таңдап ал»

Мақсаты: балалардың геометриялық пішіндер туралы түсініктерін қалыптастырып, аттарын айтуға жаттықтыру. Үлгі бойынша пішінді таңдап алуға үйрету. Геометриялық пішіндерді қолмен ауада сызып көрсету мен реттеп қоюу арқылы зерттеу дағдыларын бекіту.

Керекті құрал: шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш, трапеция, алты геомтриялық пішін бейнеленген карточка.

Ойын барысы: Педагог балаларға қазір «пішінді таңдап ал»-дейтін қызықты ойын ойнайтындырын хабарлайды. Мен сендермен бірге қандай пішіндер болатынын және оларды қалай зерттейтінін қайталаймын.

Педагог шеңберді көрсетіп, оның шетін қолымен жүргізіп, «пішін қалай аталады, денесі қандай?» - деп сұрайды. Сопақшаны көрсетіп оның шетін саусақпен жүргізеді «Ал бұл қандай пішін?» Тура осы әдісті қалған төртбұрыш, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, трапециямен де жүргізіледі. Пішіндердің шетін саусақпен жүргізгенде, педагог балалардың зейінін пішіндердің бұрыштарына аударады. Балалардың нақты емес және қателескен жауаптарын педагог міндетті түрде түзейді.

Содан кейін үстел үстінде балалармен жұмыс жүргізіледі. «Сендердің үстелдеріңде қиылған және суреттері салынған геомтриялық пішіндердің карточкалары жатыр. Енді барлық геометриялық пішіндерді карточкалардағы суреттері, салынған суреттермен сәйкестендіртіңдер»

Сабақтың соңында «Бағдаршам» атты рефлексия жүргізіледі. Балалардың үстелінің үстінде үш түсті шеңбер жатады: қызыл, жасыл, сары. Қызыл - өздігінен берілген тапсырманы орындады, жасыл-педагог көмектесті, көк-өздігінен тапсырманы орындай алмады. Балалар өз іскерліктерін өздері бағалайды.



«Кімнің үйі?»

Мақсаты: Жалпақ және көлемді пішінді тәжрибелік іскерлікпен, байқап көру әдісімен яғни қателескен жағдайда дұрыстығын белгілеп сәйкестендіруге үйрету.

Керекті құрал: Мықты материалдан дайындалған төрт қорап, олардың әрқайсысында бір-бірден геометриялық қиынды қуыстары бар олар ұшбұрыш, шеңбер, алтыбұрыш, төртбұрыш, көлемді геометриялық денелер шар, куб, үш және алтыбұрышты призма, қиынды қуыстар геометриялық дене мен пішінің мөлшеріне сәйкес болуы керек.

Ойын барысы: педагог үстелдің үстіне төрт қораптың біреуін қояды, мысалы шеңбер қиындысы бар. Оның жанына шар мен кубты қояды да, балаларға былай дейді: –Сендер қазір бұның шар немесе кубтан тұратынын білесіңдер. Педагог бір баланы шақырып оған қуысқа екі дененің біреуін енгізуін сұрайды. Ал келесі балаға дене пішіндері мүлде сәйкес келмейтін шар немесе призманы енгізуді сұрайды. Тапсырманың орындалу қорытындысы педагогтың сөзімен бекітілуі керек: «Сен пішінді дұрыс таңдап алдың, ол жерде шар «текше» болуы керек».

Балалар тапсырманы орындап болғанан кейін педагог олардан сәйкес келген пішін мен денелердің аттарын атауды ұсынады.

«Кімге қандай пішін»

Мақсаты: балаларға геометриялық пішіндерді, көлемі мен пішініне қарай топтастыруды үйрету (шеңбер мен сопақша,төртбұрыш пен тікбұрыш, үшбұрыш пен трапеция).

Керекті құрал: әр балаға үш шағын подносқа салынған, жоғарыда аталған

геометриялық пішіндерден түсі мен көлемі әртүрлі үшеуі керек.

Ойын барысы: Педагогтың үстелінде подносқа салынған түсі, көлемі, пішіні әртүрлі геометриялық пішіндер.

Педагог: «Балалар, мен таңертең жұмысқа келгенде терезе ашылып, жел соғып, барлық геометриялық пішіндер шашылып қалыпты. Терезеден соққан жел біздің геометриялық пішіндермен ойнапты. Геометриялық пішіндер сырт көзге бір-біріне ұқсағандықтан, мен оларды дұрыс жинастыра алмадым. Тапсырманы дұрыс орындау үшін біз барлық геометриялық пішіндерді еске түсірейік». Педагог балалармен бірге әр геометриялық пішіннің атын атап, оның шетін саусағымен жүргізіп шығады. Балалардың есіне, геометриялық пішіндердің бір-бірінен айырмашылығын түсіреді.

  • Ал енді барлық шеңбер мен сопақшаларды бір ыдысқа, тіктөртбұрыш пен текшені басқа ыдысқа, ал үшбұрыш пен трапецияны басқа бір ыдысқа реттеп салайық.

Балалар бір- бірінің жұмысын тексереді, педагог оларды бақылап тұрады. Егер олар қиындық көрсе, педагог оларға өз көмегін ұсынады.

Сабақ соңында балалар геометриялық пішіндердің аттарын атап ,олардың бір-бірінен айырмашылықтарын анықтап айтып, қорытынды жүргізеді.

«Кімнің орамалы қайда?»

Мақсаты: нұсқау мен мақсатты түсінулерін анықтау; пішіннің белгісін және негізгі геометриялық пішіннің атын аталуын, белгілеуін анықтау;

Керекті құрал: көлденең екіге бөлінген кесте. Кестенің жоғарғы бөлігінде ілгіштер бейнеленген. Әр ілгіште геометриялық пішіндер, барлық пішіндер әртүрлі. Кестенің төменгі бөлігінде геометриялық пішіндер бейнеленген , кеудеше киген балалар бейнеленген.

Ойынның барысы: Баланың алдына кестенің төменгі бөлігі - балалар бейнелеген бөлігін қоямыз, ал қасына кестенің жоғарғы бөлігі әртүрлі орамалдар ілінген ілгіштері бар кестені қоямыз. «Балалар қай ілгішке орамалын ілді, соны көрсет»- деген тапсырма беріледі. Педагог балаларға тапсырманың орындалған үлгісін көрсетіп, түсіндірме береді. Содан кейін балалар тапсырманы өздіктерінен орындайды. Келесі тапсырма беріледі: «Қай кеудешеде шеңбердің бейнесі бейнеленгенін көрсет (текше, үшбұрыш және тағы басқа) мына орамалда (көрсету) қандай геометриялық пішіннің суреті салынғаның айт». Егер бала жауап беруге қиналса, педагог жетекші сұрақ береді.











Түс табиғаты және табиғаттың түсі.

Түс қалай жаратылады? Жарық арқылы.

Түстін ашығына байланысты, айналадағы әлем әсемділігі көзге көрінеді. Жарық мол болғанынаң, адамньң көніл-күйі де қуанышта болады.

Бipaқ адам барлық әлемнін түсін бірдей көре ме?

Бiзre өте маңызды: мектеп жасына дейінгі балалар қандай сезіммен әлемді қабылдайды? Қабылдау сапасы олардың психофизикалық дамыуна қалай әсер етеді? Соңғы жылдары, табиғатты, балалардың көнілі қалай қабылдайтынын анықтауға, ғылыми зерттеу жүргізіліп жатыр. Бояу түстердің көпшілігіне, зейін қойып көруге, балаларды ынталандыру кажет. Ресейдегі «Гамма» деген мекеме өз сериясын шығарды.

Мысалы:

1-ші суретте- жасыл бояуда бip неше оттенок көрсетілген. Осы суретте ағаштың ен үсті, ашық жасыл болғаны мен, деңгейне карай осы түс кою жасыл болады. Ол неге байланысты? - Күннін жарығы кай жақтан түсіп тұрғанын білдіреді. Осындай сурет арқылы табиғаттың сұлулығын, бip-бipiмен байланыс ұғымын калыптастырады.

Бояу түстерін қолданып балалармен «түс еліне саяхат» сабақ жүргізуге болады. Әр-түрлі түсті бояу, жыл мезгілінің табиғатын аңықтап көрсетеді.

2-ші суретте- ашық, қою қызыл түс осы гүлдін толык көлемін көрсетеді. Осындай сурет балалардың «алыс-жақын», «биік-төмен», «көлiм» деген ұғымдарын пысықтайды.

З-ші суретте- сары бояумен салынған күннін көзі бірнеше түсті болатыны анық көрсетілген. Шуағы бipece сары, бipece қызғылт сары. Балапан, лимон, күнбағыс бейнелері ашық сары, қызғылт, сары болуы мүмкін.

4-ші суретте -теңіздін толқыны алыс, немесе жақын екенін көгілдір, қою көк түсімен көрсетіледі.

5,6,7ші суреттерде- түстерді бip-бipiмeн араластырып «реңк» алуға болатыны анығымен көрсетілген.

Түс балалардың ойлау кабілеттерінің дамуына пайдасы көп.

Таңғы арай неге қызыл? Аспан неге ашық? Бұлттар неге әртүрлі? Табиғаттың құбылысына байланысты ма?

Табиғаттың, заттардың бейнесін ашық, қою түстері нені аңықтайды?

Сонымен, осы суретттер арқылы балаларды түстердін сиқырлы әлемімен таныстырайық.

Бекіту ретінде балаларға осыңдай шағын әңгіме айтып беруге болады.

«Менің кішкентай балдырғандарым! Мен сендерді ,түстер әлеміне серуенге шақырамын. Мұнда сиқыршы суретшілер өмip сүреді.

Көз алдына eлecтeтiндepшi, егер бізді бip ғана түс қоршаған болса, бүкіл айнала қара немесе ақ түсті болса...? Өмip сүру қандай коңілсіз болар еді?

Бipaқ ,сиқырлы әлемдегі мейірімді суретшілердің арқасында ,бүкіл дүние жузі түрлі-тусті және әдем! Сен, осы бip сөйлемді жаттап алсақ, айналада қандай түстер өмip cүpiп жатқанын білетін боласың.

Түсті қабылдауын дамытудың міндеті:

- түстің әр түрлі ұқсастығының барын білуін дамыту;

- заттарды түсіне қарай сәйкестендіруге-бірдей түстерді салыстырып таңдап алуға, айналадан қажет түсті тауып алуға оқытып үйрету;

- негізгі түстер мен реңдерді атап, бір-бірінен ажырату іскерлігіне үйрету.

«Қуыршаққа гүл жинауға көмектес»

Мақсаты: Түстерді үлгіге қарай таңдап алуларын жетілдіру, түстердің атымен таныстыру және балалардан қайталауды талап ету; ойынға деген жақсы жақтарын қалыптастыру; түстерді белгісіне қарай бағдарлату.

Керекті құрал: Әдемі киінген қуыршақ, түрлі-түсті гүлдер, гүлдің астына қоятын ыдыс.

Ойынның барысы: (6 баладан артық емес топпен жүргізіледі). Балаларға құшағында көп гүлі бар қуыршақ келеді (қуыршақ болып педагогтың өзі киінеді); гүлдер әдемі ме деп сұрап балалардан көмек сұрайды –гүлдерді әдемі қылып достарымызға сыйлауға бөліп-бөліп қояйық. Қуыршақ бір гүлді алып былай дейді, мен мына гүлді көк түске айналдырғым келеді. Оның өтінішімен балалар ортаға шығып үлкен гүл шоғынан көк түсті таңдайды. Келесіде, қуыршақ сарғыш түсті таңдайды, ортаға шыққан бала да сарғыш түсті таңдайды. Қуыршақта тек қана қызыл гүл қалады. «Менде қалған гүлдердің түсі бірдей, яғни түстері қандай?-дейді қуыршақ. Егер, балалар жауап беруге қиналса қуыршақ оларға көмектеседі:

-«Олардың түсі қызыл». Педагог балалардың көңілін барлық топтың гүлдерінің түсі әртүрлі екеніне аударады, біреулерінде көк, екіншісінде-сарғыш, үшіншісінде қызыл. Барлық шоқ гүлдер әдемі. Қуыршақ гүлдерді алып кетеді.

«Көбелекке арналған гүлді тап »

Мақсаты: түстерді ажырату мен аттарын атауға оқыту. Сабақ қорытындысын «осындай», «осындай емес»- деген сөздермен белгілеуге үйрету, Біреудің ісін қайталауға үйрету.

Керекті құрал: Қатты қағаздан жасалған жалпақ төрт гүл (қызыл, көк, сары, ақ), дәл осындай түсті көбелек, балалардың санына қарай, мөлшері кіші гүлдер мен көбелектердің трафераттағы бейнесі; (әр балаға 2-3 гүл мен 2-3 көбелектен); балалардың санына қарай конверт (оған барлық үлестірілмелі заттар салынады); тақта.

Ойынның барысы: педагог тақтаға төрт түрлі гүлді қояды да ,көбелектерді көрседі, көбелектер өз гүлдерін тауып, өздері көрінбейтіндей және оларды ешкім ұстай алмайтындай болып, гүлге қонғылары келетінін айтады.

Көбелектерге жасырынуға көмектесуіміз керек. Педагог көбелектерді қатарластырып, балалардың көңілін гүлдер мен көбелектердің түсінін сәйкестігіне аударады да, ұқсас түске көбелекті қондырып екеуінің түсінің ұқсатығын тағы да назар аударады. Балалар конверттен көбелек пен гүлді алып шығып тапсырманы орындайды. Әр балада бастапқыда екі сыңырдан болса, кейіннен сыңарлардың саны көбейеді. Сабақ соңынды педагог балалармен бірге жүріп ,түстерді көрсетіп, аттарын атайды: «Сары көбелек сары гүлге қонды, көк көбелек көк гүлге қонды және тағы басқа. Олар жасырынап қалды, көрінбейді». Педагог балалармен бірге сабақты қорытындылайды.

«Ленталарды шарларға байла»

Мақсаты: Түстерді ажыратуға және дұрыс атауларын жалғастыру. Бағдарлауға үйрету, ойынға деген оң көзқарастарын бекіту, түстермен

таныстыруды жалғастыру.

Керекті құрал: Балалардың санына қарай алты түсті әуе шары; түрлі түсті жеті лента (алтауы шар түсіне сәйкес болуы керек), лентаның саны әуе шарының санынан басым болуы керек, лентаға арналған ыдыс, түймедақтың костюмы.

Ойынның барысы: үстел жартылай дөңгеленіп қойылады да балалар үстелді айнала қоршап отырады. Педагог үрленген әуе шарын шығарады да, балаларға бүгін оларға Түймедақтың келетінін, оның туған күні екенін айтады. Оған шарлар ұнайтындықтан, біз оған көп шарлар сыйлаймыз. Ол үшін әр шарға ленталар байлауымыз керек.- «Лентаның түсі шардың түсіне ұқсас болуы керек»- деп лентаға қалай шарды сәйкестендіру керектігін көрсетеді: шардың біреуін алады да оған сәйкес ленетаны алып соған байлап балаларға көрсетеді. Содан кейін балаларды шақырып, оларға шар мен лентаны үлестіріп өз ісін қайталауды өтінеді. Әр бала қолындағы шар мен лентаның түсін айтады. Барлық ленталар байланып болғанан кейін, педагог оны Түймедақ көріп қоймасын деп, басқа бөлмеге апарады. Осыдан кейін бөлмеге көңілсіз Түймедақ келеді. –«Түймедақ, сен неге көңілсізсің?»-деп сұрайды. Түймедақ оған бүгін оның туған күні екенін, бірақ оған бүгін көңілі түсіп тұрғаның айтады. Педагог оны жұбатып , балаларға Түймедақтың көңілін көтерейік, дейді. Балалар оған көңілді де,әсем ән мен тақпақтар айтып, әдемі әуе шарларын сыйлайды. Түймедақтың көңілі көтеріліп, оларға рахметін айтып, үйіне қайтады.

«Түрлі түсті домино»

Мақсаты: Негізгі түстер және реңдерді ажырату мен атауды жүзеге асыру. Қажетті түсті таңдап алуға және күлтедегі түсті тануға үйрету.

Керекті құрал: Рәзіеңке тағылған, түрлі-түсті гүлдер (әр балаға екі-екіден)

Ойынның барысы: Педагог балаларға ойынның тәртібін түсіндіреді: Балаларға қолдарындағы түске байланысты, өздеріне берілген белгі бойынша, сыңарың іздеулері керек. Балалар әр түрлі гүлдің ішінен екі гүлден таңдайды.

Үлкендер балаларға гүлдерді білектеріне немесе шынтақтарынан жоғары ілулерін сұрайды. Балалар өздеріннің қолдарына таққан гүлдің түсі мен реңін атаулары керек. Әуен бойынша олар қолдарын жоғары көтеріп, қолдарындағы гүлге тамашалай қарайды.

Бөлме ішін айнала билей жүре, қолдарындағы гүлді тамашалай жүре балалар өздерінің қолындағы гүлге ұқсайтын сыңар іздейді. Алдын ала белгіленген белгі бойынша, балалар өз сыңарларының қолынан ұстайды.

1-нұсқа. Белгі бойынша балалар щеңбер жасап, қолдарына гүлдерін ұстап тұрады, содан кейін қолдарын жоғары көтереді, қателері болса түзетіледі.

2-нұсқа. Қолдарын дұрыс берумен қатар гүлдердің түсін де дұрыс атаулыры жақсы. Гүл тұралы тақпақ, өлең, жұмбақтар пайдаланған дұрыс.

Көлемді көз алдарына елестетіп қабылдауларын дамытудың міндеті:

- Заттардың ара қашықтығын сәйкестендіріп қоюға, көлемі бойынша

реттеуге үйрету;

- Заттарды әр-түрлі көлеміне қарай реттеуге үйрету;

- Заттарды көлеміне қарай сәйкесиендіруге үйрету;

- Заттарды көлеміне қарай реттеу барысында, сөзбен өз ойын ашық айтуға

үйрету.

Қойылған міндеттерді шешу барысында, төмендегідей дидактикалық ойындар жүргізілді:

«Қуыршаққа жаңа көйлек сатып алайық»

Мақсаты: Көлеміне қарай ,бірнеше қатардаға заттарды реттеп қоюды үйрету. Ойын екі нұсқада жүргізіледі. Бірінші нұсқа дайындық түрінде жүргізіледі (балалар өздіктерімен қуыршаққа көйлек кигізіп ойнайды). Екінші нұсқада балалардың жай ойын түрінен күрделі ойын түріне өтулеріне ынталандыру. Көз мөлшерлерімен, бағыттау арқылы қай қуыршаққа қандай көйлек дәл болатынына үйрету (ең үлкен құыршаққа ең үлкен көйлек, ең үлкен сөмке керек және т.с.с.).

Керекті құрал: қатты қағаздан қиылып дайындалған 4-5 құыршақтың бейнесі. Әр құыршаққа сай келетін көйлектер.

Ойынның барысы: бірінші нұсқада балаларға еркін қолдануға материалдар беріледі. Ал екінші нұсқада тәрбиеші сатушының рөлінде болып, ойын біршама күрделенеді. Дүкенде әр-түрлі мөлшерлі бірнеше көйлектер мен сөмкелер болады. Балалар көз мөлшерлерімен қандай көйлек сатып алғылары келетінін анықтап алып оны құыршақтарына өлшейді. Көйлекті өлшеп жатқанда бала дұрыс, дұрыс емесін байқайды. Егер алғашқы қуыршаққа көйлек дұрыс келмесе, қалғандарына дәл келмейді. Сатушының рөлін бала ойнауға болады.

«Қуыршақтар саңырауқұлақ теруге барады»

Мақсаты: көлем бойынша қатар құруға үйрету, екі қатарға құра білулерін бекіту, қатардағыбос қалған орынды табуды үйрету.

Керекті құрал: фланелеграф, жеті қағаздан жасалған құыршақ (биіктігі 6см,7,5см; 10,5 см; 11см;12,5см;14см) және себет (биіктігі 2 см;, 2,5 см; 3см; 3,5 см; 4 см; 4,5 см; 5см).

Үлестірілмелі заттар дәл жоғарыдағыдай бірақ мөлшері кіші (құыршақтың биіктігі 3 - 9см, себеттің биіктігі 1 - 4см).

Ойынның барысы: « Біз бүгін, қуыршақтар орманға саңырауқұлақ теруге барады деген -ойын ойныймыз»-дейді педагог. Олар орманға сап бойымен жиналады. Фланелеграфта құыршақтары бойына қарай қойып жатқан баланы шақырады. –«Оларға орманға барып саңырауқұлақ жинап салатын себет керек»-дейді педагог.

Екінші баланы шақырып оған, алты себет бередіде оның біреуін жасырып қалады (алғашқасыда, соңғысыда емес) оларды қуыршақтардың қатарына қатарлап қоюды ұсынады, себебі құыршақ оларды реттеп алулары керек.

Бала екінші қатарды реттеп қойып жатқанда бір құыршаққа себеттің жетпейтініне көзі жетеді. Балалар қай қатарда бос орын барын табады. Шақырылған бала құыршақтардың қатарына себеттерді қатарлап қояды. Олардың біреуі себетсіз қалады, тәрбиеші жетіспеген себетті балаға береді, бала ол себетті қуыршақтың жанына қояды. Осыдан кейін балалардың барлығы үлестірілмелі заттарды алады, бірақ олардың әрқайсысында бір себеттен жетпейді (алғашқысы мен соңғысын алуға болмайды). Отырған балаларда жетіспейтін себеттердің көлемі әр-түрлі болуы керек. Педагогтың берген белгісі бойынша, балалар қуыршақтарды қатарлап қойып, енді солардың жанына себеттерін қатарлап қояды. Педагог балаларға жетіспеген себеттерді таратып береді. Балалар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, қателерін түзетеді.

«Шам»

Мақсаты: Балалардың түс пен мөлшерді танып ажыратуға, сонымен қатар осы белгі бойынша заттарды топтастыра реттей білуге үйрету.

Керекті құрал: түрлі-түсті қағаздан жасалған шамдар (үлкен, кіші,кішірек, кішкентай), орамал, лента.

Ойынның барысы: Педагогтың үстел үстінде түрлі-түсті және пішіні әр-түрлі шамдар жатыр. Педагог балалардың көңілін шамдарға аударып, оларды үлкен топтың балалары сыйлағанын айтады. Балалар шамның түр-түсі мен көлемін белгілейді. Содан кейін, педагог шамдарды балаларға таратып беріп онымен ойнауға шақырады. Әуен бойынша ойыншылар қолдарындағы шарларын жоғары көтеріп, қатар-қатар жүреді. Анықталған белгі бойынша қолдарындағы шамның түсі педагогтің шамына ұқсайтындар, жанына жиналады. Педагог кезекпен, балалардың қолдарындағы шамның түсіне қарай ,топ-топқа жинайды. Егер балалар қателессе оны қасындағы балалар түзетеді.Енді педагог шамды емес,қолындағы орамалды , не лентаны көтереді. Қолдарындағы шамның түсі көтерілген белгіге ұқсайтын балалар, педагогтың жанына жиналады.

Кейіннен педагог екі қолына мөлшері екі бөлек шамды алады. Берілген белгі бойынша балалар, қолдарындағы шам мен педагогтың қолындағы көтерілген шамын бағдарлай отырып, жанына жиналулары керек. Кейіннен шамды ауыстырады: үлкен - кіші.

Барлық ойындар ойналып біткеннен кейін балалар қолдарына кіші шамдарды алып, шеңбер жасап тұрады. Үлкен шамдар төртбұрыш жасап, кішірек шамдар үшбұрыш жасап тұрады.

«Геометриялық лото»

Мақсаты: Геометриялық пішін бейнеленген затты ,геометриялық пішінмен салыстырып, үлгі бойынша жинауға және заттың бейнесімен іс-әрекет жасауға үйрету.Сырттай зерттеу жүргізбей, геометриялық пішінге ұқсайтын ойыншық таңдауға ынталандыру.

Керекті құрал: геометриялық пішін бейнеленген бес карточка: біреуінде шеңбер, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақша; ал бес карточкада әр түрлі заттардың пішіні бейнеленген: домалақ (теннистің добы, алма, футбол добы, шар, әуе шары), төртбұрышты (кілем, орамал, терезе, текше), сопақша (қауын, өрік, жапырақ, қоңыз, жұмыртқа) және төртбұрыш (сөмке, конверт, кітап, домино, карта).

Ойынның барысы: Балалар бізді айнала геометриялық пішіндер қоршап алыпты. Қабырғада сағат тықылдап тұр ,оның пішіні дөңгелек, сендер үстелде отырсыңдар ол да –дөңгелек, ал терезе-тіктөртбұрыш. Айна – сопақша, орындықтың отыратын жері – төртбұрыш. Суреттегі саңырауқұлақтың қалпағы– үшбұрыш.

-Біз қазір сендермен бірге «Геометриялық лото» деген ойын ойнаймыз.

Ойынға алты баладан қатысады. Педагог балалармен бірге құрал жабдықтарды қарастырады. Балалар заттар мен фигураларды атайды. Содан кейін педагогтың көрсетуі бойынша өздерінің геометриялық бейнелеріне қажетті, яғни сәйкес пішін бейнеленген үлгіні таңдайды. Ересек адам балаларға бейнеленген затты дұрыс атауларын сұрайды, -Олар дөңгелек, сопақша, төртбұрыш, тіктөртбұрыш және үшбұрыш деп жауаптарын беруі тиіс. Геометриялық пішін бейнеленген карточканы бірінші таңдап алған женіске жетеді. Кейін балалар бір-бірінің үлгілерімен ауысады. Ойын соңында қорытынды шығарылады.

Заттардың арақашықтығының кеңістіктегі міндетін дамыту:

- Заттың кеңістіктегі жағдайын анықтауға үйрету;

- Өзінің және көршісінің оң және сол қолын ажыратуға үйрету;

- Қағаз бетінде бағдарлай білуге үйрету.

Қойылған міндеттерді шешуге төмендегідей дидактикалық ойындар жүргізіледі:

«Күлдіргі»

Мақсаты: кеңістікке қажетті туынды «үстінде», «астында», «жанында», «алдында», «артында» сөздермен таныстырып,солар арқылы бағдарлауға үйрету.

Керекті құрал: құыршаққа арналған жиһаз, (үстел, орындық, сөре), екі күлдіргі, екі ұсақ ойыншық.

Ойынның барысы: (құыршақ театры түрінде жүргізіледі, екі күлдіргі қатысады. Олардың аттары: Ақгүл мен Қызылгүл, Олар бір-бірінен ойыншық жасырады, соны іздейді). Педагогтың үстелінде қуыршақтың жиһазы.

Ақгүл: (Қолындағы ойыншық үйрегін ақырын қимылмен ойыншық үстелдің үстіне қояды). Менде үйрек бар, міне қара! (үйректі күлдіргі мен балаларға көрсетеді). Теріс қара мен оны жасырамын, ал сен оны іздеп табасын .

Қызылгүл: (теріс айналады). Жақсы. Мен оны қазір табамын! (Сөренің ішіне қарайды, орындықтың үстіне қарайды, астына кіріп қарайды. Шығады да балаларға қарайды). Үйрек жоқ! Ол қайда?

Балалар: - үстелдің үстінде!

Қызылгүл: (Күлдіргіге қарап). Тағы жасыр. Мен оны табамын. (Теріс қарайды.)

Ақгүл: (балаларға көрсетіп, үйрегін ақырын орындықтың үстіне қояды). Дайын!

Қызылгүл: (Теріс айыналады да бірден үстелдің үстіне қарайды, оны айналып жүреді, үстелдің астына кіреді, шығады). Тағы да жоқ! Үйрек қайда?

Балалар: - орындықтың үстінде!

Қызылгүл:-Алақай!Таптым!Орындықтың үстінде!Тағы да жасыр,мен бірден табамын! (Теріс айналады).

Ақгүл: (Балаларға көрсетіп, үйректі алып жылдам үстелдің астына жасырады). -Болды! Ізде!

Қызылгүл: (Бірден орындыққа қарайды). Орындықта жоқ! (Үстелге жүгіріп келеді).Үстелде жоқ! Мүмкін сөреде? (Орындықтың үстіне шығып сөрені қарайды) -Сөреде жоқ! Үйрек қайда?

Балалар:- Үстелдің астында!

Қызылгүл: (үйректі тауып қуанады). -Таптым!

Ақгүл:- Дұрыс, үстелдің астында.Тағы жасырайын ба?

Қызылгүл: -Жоқ! Енді мен жасырамын, сен іздейсің! Мен өз текшемді жасырамын. (Текшені Ақгүл мен балаларға көрсетеді).- Теріс қара! Сөреге қоямын.

Ақгүл: (Айналаның бәрін қарап ,дауыстап сөйлейді). -Алдымен үстелді қараймын ,жоқ, енді орындықты қараймын, жоқ, орындықтың астында, жоқ. Енді қарайтын сөре ғана қалды. Орындықтың үстіне шығып қарайды. -Міне, мен таптым! (Текшені алып, Қызылгүлге береді)- Тағы жасыр! (Терісқарайды)

Қызылгүл: (текшені алып, балалардан сұрайды). Қайда жасырайын, (балалардың кеңесі бойынша жасырады).

Ақгүл: алдындағыдай әдіспен табады да, олар балалармен қоштасып өз жөнімен кетеді.

«Ұмытшақ»

Мақсаты: бейнедегі оң және сол жақты ажыратуға үйрету.

Керекті құрал: сюжетті суреттер, екі түрлі аяқ киім, сыртқы киімнің бірнеше түрі,балалардың шелегі.

Ойынның барысы: Балалардың алдына суреттер қойылады. Енді балалардан ұл баланың қай қолына доп ұстап тұрғанан, қыз бала қай аяғына етік киіп жатқанын сұрайды. Тапсырма орындалып болғанан кейін, педагог балаларға ойын ойнауды ұсынады. Ойынның аты «Ұмытшақ». Ойынның аты енді осылай аталатынан балалар өздері өздіктерінен анықтаулары керек. Педагог балалардың біреуін алып келесі бөлмеге енгізеді, ол бөлмеде баланы киіндіреді: қолғапты оң аяғына кигізед, етікті сол аяғына кигізеді. Басына балалардың ойнайтын шелегін кигізеді (жеңіл пластмассалы). Сол қолына шалбардың бір балағын кигізеді, оң қолына шұлық кигізеді. Баланы балалардың ортасына қайтадан апарып, киінген кездегі жіберілген қателерді тауып атауларын ұсынады. Балалар жауап беруге қиналса, педагог өзі сұрақ қояды: Шалбардың бір балағы қай қолына киілген, шұлық қай қолына киілген. және т.б. Балалар барлық қателерді тауып барлығынан кейін, баланың үстін реттеуге көмектесу. Сабақ соңында қорытынды шығару.

«Кілем»

Мақсаты: қағаз бетінде заттарды дұрыс, яғни нұсқау бойынша орналастыруға оқыту (оң жақтағы жоғарғы бұрышта, сол жақтағы жоғарғы бұрышта,төменгі оң жақ пен төменгі сол жақта және ортасында); қазақ халқының өнерімен таныстыру, есту қаблеттерін дамыту.

Керекті құрал: Қазақ оюларының кескіні: қызғалдақ, тамшы, тұмарша, балта, тұяқ, қарлығаш.

Ойын барысы: Педагог балаларға әдемі қазақтың текеметін жасайтындарын айтады. Текемет әдемі болып шығуы үшін, балаларға берілетін барлық тапсырманы мұқият тыңдау керектігін айтады. Жұмысты бастамас бұрын балалар оң жақ, сол жақ және жоғары, төмен және қазақтың ою-өрнектерін қайталап бекітеді. Педагог балалардан қызғалдақты жоғарғы оң жақ пен жоғарғы солжаққа қоюларын сұрайды. Ал ортасына тамшылардан гүл жасатады.

Ал тұяқты гүлдің жан-жағына орналастырады. Тапсырма орындалып болғанан кейін, педагог үлгіні ашып балалар өз қателерін түзетеді.





Естіп қабылдауларын дамытудың міндеті:

- Естулерін дамыту;

- Тілдерін дамыту;

- Әр түрлі дыбыстың дыбысталуы мен қаттылығын, биіктігін ажыратуға үйрету (адамдардың дауысы, аңдардың, сазды аспаптардың дауысы және тағы басқа).

Қойылған міндеттерді шешуге төмендегідей дидактикалық ойындар жүргізілді:

«Сылдырла қоңырау»

Мақсаты: Дыбыстың шыққан бағытын анықтауға үйрету; есту зейінділігінің дамуын жалғастыру; дыбыстың белгісі бойынша әрекет жасату.

Керекті құрал: Қатты және жағымды дыбысы бар қоңырау.

Ойын барысы: балалар педагогтың жанында тұрады. Педагог оларға қоңырауды көрсетіп оның қалай сылдырлайтынын тыңдатады. Балалардың өздеріне сылдырлатуға береді. Содан кейін ойын ойнауды ұсынады: барлығы көздерін жұмулары тиіс, ол тыныш қана бір жерге барып қоңырауын сылдырлатады. Балалар көздерін ашып педагогқа қарай жүгіреді. Ойынның бірінші нұсқасында педагог балалардан алыс ұзамайды. Кейіннен, ол балалар бірден тауып алмағандай жасырынады. Педагог есіктін артына жасырылып, қолындағы қоңырауды сылдырлата,балалардың дұрыс бағдарға бұрылуларына жағдай жасайды.

«Дыбысынан таны»

Мақсаты: Дыбысына қарап затты тануға, дыбысты зейін қоя тыңдауға үйрету, дыбысты өздеріне жақсы таныс дыбыстармен салыстыруға үйрету. Балалардың есту қаблеттерін, зейіндерін дамыту.

Керекті құрал: затты бейнелейтін ойыншықтар, дыбыс шығаратын ойыншықтар, ширма.

Ойын барысы: Педагог ширманың артында отырып ойыншықтарды пайдалану арқылы әр түрлі дыбыстар шығарады. Балалар оны танулары керек. Егер барлық балалар шыққан дыбысты тани алмаса, педагог оларға көмек көрсетеді. Ширманы алып тастап, педагог балаларға ойыншықтармен ойнауды ұсынады. Балалар ойын барысында қандай ойыншық қандай дыбыс шығаратынын танып біледі

Кейін педагог ширманы қайтадан орналастырып балаларды жарыстырады. Ойыншықтан шыққан дыбысты дұрыс тапқан бала жеңімпаз атанады.

Нұсқа. Көркем суреттер немесе ойыншықтар балалардың алдарында жатады. Әр бала заттың атын атамай-ақ, оның дауысын салады. Ал қалған балалар қандай заттың дыбысы шыққанын анықтайды.

«Кім қалай дыбыстайды»

Мақсаты: балаларды аңдардың дауысын ажыратуға үйрету, дыбыстарды салуларын және есту қаблеттерін дамыту.

Керекті құрал: үй жануарларының ойыншық бейнесі. Әр балада екі сурет бейнеленген үлкен карточка және іші бос торкөзді және үй жануарларының бейнесі бейнеленген екі кішкентай сурет, күй сандық.

Ойынның барысы: Педагог кезек-кезек әр түрлі үй жануарлардың және олардың төлдерінің дауыстарын күйсандық арқылы шығарады. Қай жануардың дауысы шыққанын дұрыс тапқан бала, бос тордың көзін жабады.

Нұсқа. Балалар өздері қандай үй жануарының дауысын дыбыстағысы келетіндерін өздері таңдап алады. Содан кейін өздері таңдап алған, бөлменің әр жеріне алдын ала орналастырылған ойыншық пен көркем суреттерді іздейді. Жиналған балалар кезек - кезек өздері таңдап алған картиналарды көрсетіп оның дыбысын салады. Егер бала таңдап алған үй жануарының дыбысын дұрыс салса, қалған балалар оған көңіл бөледі егер қате шығарса мән бермейді. Ойын барысында кез келген өлең тақпақтар айтуға болады.

Сипап сезіп қабылдауларын дамытудың міндеттері:

- Әр заттың құрамының әр түрлі болатындығын балалар зейінінде қалыптастыру (қатты-жұмсақ, тегіс-кедірбұдыр, суық-ыстық...);

- Затты екінші ұқсас затқа сәйкестендіру мен сипап сезу арқылы ұқсастық дағдысына оқыту;

- Ұсақ қол қимылын дамыту.

Балалар мен төмендегідей дидактикалық ойындар ойнатылып жүргізілед:

«Сипап сезулерін артыруға арналған қаптар»

Мақсаты: Қаптар сипап сезу арқылы екі бірдей құрамдас қапты табу.

Керекті құрал: Арнайы тақтада орналастырылған әр түрлі түсті алты қаптың екі топтамасы: фасоль, бұршақ, перловка, күріш, қарақұмық, тары.

Ойын барысы: Балалар тақтадағы қызыл және сары түсті алты қаппен таныстырылады. Балалар оларды сипап ұстап көріп құрамы бірдей екі қапты анықтаулары керек. Педагог балаға ішіне жарма толған сары түсті қапты ұстатады ұсынады, балалар оныда сипап ұстап көреді де, содан кейін қызыл түсті қаптың ішінен дәл сондай қап іздейді. Бұл жаттығуды балалар қызыға орындайды. Оларға қаптарды ұзақ уақыт ұстап отыруларының өзі жүйке жүйесінің қызметін қалыпты жағдайға түсіреді.

Қимыл-қозғалысы жылдам балалардың өздері, ұзақ уақыт ұқсас қаптарды табуға қызығып қаптарды іздестіреді.

«Суретті тап»

Мақсаты: Сипап сезу арқылы қаптың ішіндегі ойыншықты тауып алғаннан кейін, атын атап суреттен тауып көрсете білуін және зейінін арттыру.

Керекті құрал: Ойыншық пен оның суреті, «Ғажайып қап».

Ойынның барысы: педагог тақтаға 3-4 суретті тізіп қояды. Балалардың біреуіне қаптың ішінен ойыншықты алып шығып тақтадағы суреттің ішінен көрсетуін сұрайды. Бала қажет суретті көрсетеді, бірақ атын атамайды. Педагог барлық балаларға қаптың ішінен алынып шыққан ойыншықтың атын ататады.

«Қаптағы өз ойыншығыңды тап»

Мақсаты: Таныс заттарды, тек қана қолда ұстап қана қоймай, оны сипап ұстаумен қатар алақан мен саусақ көмегімен қозғалтып жылжыту.

Керекті құрал: Балалардың санына қарай көлемі әртүрлі ойыншықтар, ойыншық салуға арналған қап.

Ойынның барысы: Балалар өз орындарында отырады. Педагог оларға ойыншық таратып беріп ойнатады. Біраз уақыт өткенені кейін, педагог оларға қапты көрсетіп, оған қолдарындағы ойыншықтарын жасырып, кейіннен оны тауып алуларын тапсырады. Үш балаға ойыншықтарын жасыруды тапсырады.

Қаптың аузын жауып араластырып, қапқа ойыншықтарын жасырған балаларға қапқа қолдарын салып өз ойыншықтарын тауып алу ұсынылады.

Егер бала өз ойыншығын дұрыс тапса, ол оның атын өзі немесе педагогтың көмегімен айтадыда өз орнына барып отырады. Егер ойыншық қате алынса, педагог оны қайтадан қапқа саладыда қажет ойыншықты алып шығады.

Ойыншықты баламен бірге қарастырып ұстап көру, затты қолмен қалай іздестіріп, саусақтың қимылын меңгерту сонымен бірге пішініне, көлеміне, өлшеміне, бөліктеріне көңіл аудартып осы әдісті балаға үйрету. Осыдын кейін өз ойыншығын басқа бала іздейді.

«Таспалы тақтай».

Мақсаты: Тақтайдың үстін сипап-сезуге үйрету, сол арқылы баланың ой-өрісін дамыту. (біркелкі, кедір-бұдыр, қатты-жұмсақ)

Керекті құрал: Үсті біркелкі және қыртыспалы, қарақұмық, поролондармен біркелі геометриялық пішіндер орналасқан көлемі 10 х 20 см тақтай. Көзге арналған таңба.

Ойынның барысы: Балаға үсті біркелкі және қыртыспалы тақтайды көрсетіп оны бір саусағымен сипап ұстап көріп қандай екенін айтқыдау. Кейіннен оның көзін байлап төмендегідей тапсырмалар беріледі:

- Кезек-кезек барлық тақтайшаларды атап шығу;

- үсті бір қалыпты немесе кедір-бұдыр тақтайды табу.

Дәмді сезіп қабылдауың дамуының міндеті:

- Балалардың су, тамағамның дәмін білуге үйрету;

- Әр түрлі жеміс жидектердің дәмін сезулерін қалыптастыру;

-Суретте бейнеленген жеміс жидектердің дәмінің аттарын бекіту (қышқыл,тәтті, ащщы)

Осы міндеттердің іске асуын төмендегідей дидактикалық ойындар мен жаттығулар шешеді.



«Дәмді сауыттар»

Мақсаты: дәмді сезінудің көмегімен қабылдауларын қалыптастыру, дәмнің сапасын ажырату.

Керекті құрал: 8 сауыт, 8 (пипетка) сығынды, кішкентай қасық. 4 түрлі ертінді дайындалады: тәтті (қант ертіндісі), тұзды (тұз ертіндісі), қышқыл (сірке суы немесе лимон ертіндісі), ащы ертінді.

Ойынның барысы: баланың қатысуымен педагог төрт ертінді дайындайды: тәтті, қышқыл, тұзды, ащы.

Әр бір екі сауытқа ертінді құйылады. Ертінді құйылған бір сауытты алып сығындының көмегімен бірнеші тамшы алып қасыққа қалай қую керектігін көрсетеді. Сығындымен қалай жұмыс істеу керектігін балаға мұқият көрсету керек. Сығындымен жұмыс істеу іскерлігін балаға орындату. Осы әдісті барлық сауыттағы ертінділермен жүргізу. Бала барлық ертінділердің дәмі әр түрлі екендігін біледі. Сауыттағы дәмі бірдей ертінділерді бір қатарға қояды.

«Дәміне қарай таны»

Мақсаты: Жеміс-жидектердің әр түрлі дәмдерін ажыратуға үйрету.

Керекті құрал: Ақ желкен (қуыршақ театры), тарелкадағы жеміс-жидектердің кесіндісі, орамал, жеміс- жидектердің суреті бейнеленген суреттер. Педагог балаларға ақ желкеннің қиын жағдайға тап болғанын айтады. Ол қонаққа достарын шақырыпты, бірақта үстелге қандай жеміс-жидектер қоятынын және олардың дәмінің қандай екенін білмейді. Педагогқа балалар бір бірден келеді, олардың көздерін алдын ала дайындалған таңбамен байлайды да, жеміс жидекті береді.

Бала жеміс немесе жидектің аузымен жеп көргенен кейін, оны суреттен көрсетіп атын атайды. Егер бала қателессе оның көзінің байлауын шешеді де, қарастырып шығуға мүмкіндік береді.

Таңдалып алынған әдістердің тиімділігі өте зор болуы тиіс. Дидактикалық ойындар арқылы, мектеп жасына дейінгі балалар салыстыруды, ойлануды және қорытындылауды меңгереді. Осыдын барып болжаудың зерттелуін шындық деуге болады. Балалармен жұмыс жүргізу барысы, балаға жеке даму жоспарын құрудан басталады. Жеке даму жоспарынан айлық және күнделікті жоспар құрастырылады. Баламен жұмыс істеуде арнайы жеке дамыту бағдарламасын өңдеуді ұйымдастыру негізі деген әдістемелік нұсқауға сүйенген дұрыс.

















































Қосымша





























Заттың көлемімен таныстыру























Тышқанды жасырып қой

















Түсіне қарай таңда











Жеміс жинау



















































Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1. Кеңесова. Ж. С. Балтабаева. Г.Г. Тәжірибелік жинақ. // Арнайы білім беру// Журнал. Алматы. 2003. № 5. 14-15-б.

2. Психолого –педагогоческая диагностика развития детей дошкольного возраста. Под редакцией Стребелева. Е. А. - М., Академия. 1998. 16-21-с.

3. Психолого – педагогическая диагностика. /Под редакцией.Левченко.И.Ю. Забрамной С. Д. - М., Академия. 2003. 8-с.

4. Сәбет. Баб-Баба. Жалпы психология. А., Дарын. 2005. 172-173-б.

5. Аймаутов К. Ж. Қызықты психология. А., Дарын. 1994. 45-б.

6. Желуницына М.А.Развиваем восприятия цвета. /Дошк. восп.- 2001. № 2. 7-11-с.

7.ҚудайқұловаЛ.С.Алматова Р.К.Бала бақшадағы сенсорлық тәрбие.Жалын.6017-20-б

8. МетиеваЛ.Н.Удалова Э. Я. Формирования тактильного-двигательного восприятия. 2006. №2. 20-21-с.

9. Забрамная С. Д. От диагностики к развитию. - М., Просвещение, 1996. 7-8-с.

10. Готовимся к школе: Программно-методическое оснащение коррекционно- развивающего воспитания и обучения дошкольников. - М., Просвещение, 1998.

11. Кисова К. Л. Абрамова Р. Р. Методы и обучение по сенсорному воспитанию. М., Прсвещение. 1976. 5-с.

12. Под редакцией Венгера Л. А. Дидактические игры и упражнения по сенсорному воспитанию дошкольников. - М., Просвещение. 1978. 3-с

13. Сорокина А.И. Дидактические игры в детском саду. - М., Просвещение. 1982. 20-с.

14. Артелова.Л.В.Окружающий мир в дидикатических играх дошкольников: Книга для воспитателей дет. Сада и родителей. - М.,Просвещение, 1998. 5- 11-12-23-с.

15. Дидактические игры и упражнения по сенсорному воспитанию дошкольников: Книга для воспитателей дет. сада. /Под редакцией Венгера Л. А. Просвещение, 1997. 17-с.

16. Рожкова О. П. Упражнения и занятия по сенсорно-моторному воспитанию. Методические рекомендации. /Рожков О. П. Дворова И. В. Издательство Московского психолого-социального института, Воронеж.2004.22-с.

17. Павлова. Л. Н. Развивающие игры – занятия с детьми 5-7 лет. Пособия для педагогов и родителей. - М., «Мозайка-Синтез» 2003. 82-с.

18. Венгер.А.А.Венгер Н.Б. ПилюгинаЭ.Г.Воспитание сенсорной культуры ребенка. М., Просвещение. 1999. 17-с.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Макеева Асем Оралбековна

Дата: 08.02.2017

Номер свидетельства: 389384


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства