Просмотр содержимого документа
«Дені сау, рухы таза ?рпа? ?сіру е? ма?ызды м?селе»
Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселенің бірі болып саналады. Біздің балабақшадағы ең негізгі міндет «Бірінші байлық - денсаулық» дегендей балалардың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын алу, сақтану жұмыстары дәстүрден тыс әдістері қолдану арқылы жүргізіледі. Ол үшін бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға, яғни олардың дене құрылысының дұрыс өсіп қалыптасуына көп көңіл бөлінеді
Мектепке дейінгі бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезең екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелерімен дене мүшелерінің және жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түскен кезі. Ал жекелеген жүйелер, мүшелер - жүрек, тамыр, жүйке психологиялық тыныс алу, имуналдық жүйелері толыққанды жетілмесе, онда бала ағзасының қорғаныс күші және ауруға қарсылықты көрсете алуы әліде жеткіліксіз болып келеді. Және де ауруға бала аз қимыл-әрекеттерінгендіктен жиі ұшырайды. Сондықтан да балабақшада санаторлық-сауықтыру тобы ашылып отыр, осында денсаулық сақтау іс-шаралары міндетті түрде кешенді және жүйелі түрде жүргізіліп отыр. Осы сауықтыру шаралары арқылы ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады. Балалар ауруларын төмендетуге мүмкіндіктер жасау үшін сауықтыру жобасын құрып және де ата-аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді ұйымдастырдық. Осындай кешенді іс-шаралар жалпы «Дәрігер Салауатпен біргеміз», «Қане, қане шынықтыруды айналдырайық әдетке, ол денсаулыққа қажетте» деген сауықтыру жобаларын қолға алдық және де осы жобаларымыз барлық білім салаларымен өзара байланыста және әрекеттеседі. Баланың тұлғалық ерекешелігін ескере, күш-қайраттарын қалыптасуы және денсаулығын шынықтыруды жүзеге асыру қолға алынып отыр. Бұл міндеттерге тек қана шынықтыру шараларынын кешенді түрде өткізіп қана нәтижеге қол жеткізуге болады, яғни балабақшадағы баланың болған бір күні, оның ағзасына пайдалы дәрумендерді енгізіп ас мәзірін түрлендіріп, оны балаға жеткізу, қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы жоспарланған шараларды, қимыл-әрекетті үйлесімді ұйымдастырып отырмыз. Мысалы: Ауызды, тамақты қайнаған сумен, емдік шөптермен үнемі шаю – шынықтырудың ең тиімді түрі ретінде пайдаланады. Сонымен бірге балабақшаның жылдық жоспарына сай денсаулық күндері өткізіліп, бала денсаулығын шынықтыру, сақтау үшін көптеген жұмыстар жүргізіледі. . Ауа, су, күн шуағын қабылдау, ықшам киім, ертеңгілік жаттығу, ауладағы дене шынықтыру сабақтары, серуендету шараларының бәрі де баланың шынығып шымыр болуына игі ықпалын тигізеді. Тәрбиешілер ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істейміз, топтық ата-аналар жиналыстарында дене шынықтыру, гигиеналық шараларды қалай орындау керектігі жөнінде кеңес береміз. Балабақшада санаторлық-сауықтыру тобыныңдене шынықтыру сабағының әдісіне ерекше назар аударып, сабаққа қажетті құралдарды, түрлі әдістерді дұрыс іріктеп қолдануға жете мән береді.. Жыл мезгіліне байланысты сабақ жүргізу әдісі де өзгеріп отырады. Тобымызда жылдың басында және аяғында балалардың денсаулығының даму көрсеткіштері ілініп, ата-аналар өз балаларының денсаулығын бақылап отырады. Сонымен қатар жоспарға сай, ата-аналар үшін ауру түрлері, олардың алдын алу шаралары т.б. көптеген мәселелерді қамтитын кеңестер назардан тыс қалмайды.
Дене шынықтыру сабағында ертеңгілік жаттығу кезінде, ойын элементтерін жиі қолданады, ал серуен кезінде тәрбиешілер тікелей тапсырма беру арқылы балаларды әр түрлі қимыл-қозғалыстарды сапалы жасауға ұмтылдырады. Соның нәтижесінде балабақшада дене шынықтыру жұмыстары дұрыс жолға қойылған. Дене бітімінің дұрыс дамуына, жалпақ табандылықтың алдын алуға арналған жаттығулар, түрлі тәсілдер бойынша бойынша дем алу жаттығулары және аяққа массаж ретінде аяқ саусақтарымен сурет салу, қағаз бүктеу тәсілі , қазақтың ұлттық биін қолдана отырып жаттығулар өткізіледі.
Сонымен қатар балабақша медбикесі Базиля Қабылтайқызы. балалар денесін шынықтыру және әр-түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын өткізіп бақылайды. Медицина қызметкерлері педагогтармен бірлесіп түрлі емдік- сауықтыру шараларының жоспарын құрып, осы жоспар бойынша бірлескен жұмыстарын атқарып отырады.
Осындай санаторлық топтар ашылу арқылы, балаларды салауатты өмір салтына бейімдей отырып , саламатты ұрпақ өсіретімізге сенімдімін.
Текелі қаласы, № 2 балабақша санаторлық-сауықтыру тобының тәрбиешісі Маткаримова А.М