Ұйымдастырушылық бөлім – танысу | І бөлім Әрбір халықтың өз тарихы бар. Сол тарихтан халықтың тыныс тіршілігінен хабардар боламыз. Көшпелі тұрмыста бақша егіп, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз да этнографиялық салтына қарай дастарханының да өзіне тән ерекшелігі бар. Сол ерте заманнан бері қазақ халқы өздері баққан малдың терісін, жүнін, етін, сүтін және тары, сұлы, күріш, арпа сияқты бақша дақылдарын ретімен өз тіршілігіне пайдалана біліп, тағам жасау өнерін де жақсы игерген. Қазақ халқы үшін дастарханнан, дәмнен үлкен еш нәрсе жоқ. ІІ бөлім - Олай болса, бүгінгі сабағымыз «Дастархан байлығы – нан» деп аталады. - Балалар «Нан береке бастауы», «Дастархан көркі – нан» демекші бүгінгі сабақты нан туралы тақпақтардан бастайық. Нан –ардақты адал ас, Кәрі-жас одан аттамас. Нандай жоқ қой асыл дән, Жеп үйреген жасыңнан. Дастарханнан нан кетсе, Береке кетер асыңнан. Ей, балалар, балалар, Болмаңдар, сірә, нанға тар. Өмірдің алтын арқауы, Бар қасиет нанда бар. Даланың арынан, Даланың таңынан, Даланың жанынан өседі, Нан – жемісі ол кешегі. Нан – өмір, Жеміспен алып келген кешегі. Нанға пірім деп, Жырым деп табынам. ІІІ бөлім - Балалар, бауырсақтың қайдан, қалай келгеніне тоқталайық. Қырманнан, диірменнен, наубайханадан, дүкеннен дастарханға келген. Нан – дастарханның көркі. Олай болса, мына суретке назар аударайық. Бауырсақты ауылда әжелер мен апалар қара қазанға пісіреді. - Балалар, дастарханға келетін бір түйір нанға қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Енді соған тереңірек тоқталайық. - Егін піскен кезде адамдар оны комбайнмен жинауға кіріседі. Жиналған егінді машинаға құйып, диірменге апарады. Диірменде бидайдан ұн тартады. Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп, қалалар мен ауылдарға жөнелтеді. Қапқа салынған ұн наубайханаларға апарылады. Наубайханада ұннан қамыр илеп, қамырдан нанның формасын жасап, пешке салып пісіреді. Наубайханадан дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар сатып алып, дастарханға қояды. Міне, нанның дастарханға келуі үшін қаншама адамның маңдай тері сіңеді. | Балалар мұқият тыңдайды. Мадина Сұлтан Ақтілек |