Просмотр содержимого документа
«Б?гінгі та?да мектепке дейінгі білім беруді жетілдіруді? негізінде ??зыреттілік технологиясы»
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беруді жетілдірудің негізінде құзыреттілік технологиясы алу ұсынылып жүр. Құзыреттілік – шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру негіздерінің бірі
«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық ғалымН.Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген түсінік берді.
Құзыреттілік тәрбиеленіп отырған балалардың іс-әрекетін меңгеруден көрінетін білім нәтижесі. Білім мазмұнын жаңалау – негізгі мақсат болып табылады. Басты мақсаттың бірі – білім игеру кезінде күтілетін нәтижеге қол жеткізу. Негізгі бағыт оқытушы жеке тұлғаға ауысады, яғни, жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы рөлін атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, үйренуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаның бейнесін бүгінгі заман талабына сай дайындауымыз керек. Бүгінде білім беру стратегиясын «құзыретті білім беру» деп те атап жүр. Құзыреттілік жеке тұлғаның танымы мен тәжірибесіне қатысты нәрсе.Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген.
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол білімгерлердің шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді.
Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын педагогикалық тәрбиеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Құзыреттілік технологиясы бірінші орынға білімгердің хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы жаңаша әдістер мен технологияны игеруде; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
К.Құдайбергенова: Тұлға құзырлылығын қалыптастыру жолдары: білім беру жүйесіндегі жүйеге кіретін бала жүйеден шыққанда түлек болады; тұлғаның ұжымға енуі арқылы әлеуметік-психологиялық сипаты көрінеді,- деп тұжырымдайды .
12 жылдық білім беру тұжырымдамасында білім берудің негізгі мақсаты ретінде «Құзыретті адам» тұжырымдамасы кең ауқымға ие болды. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі білім берудің білім беру жүйесі вариативтілік, бейімділік, икемділік сипатта болып, адамның өмір бойғы құзыреттілікті дамытуға арналған шығармашылық қабылетін дамытуды қалыптастырады.
Құзыреттілік тәсіл астарында тәрбиеленушілердің базалық құзыреттілігін қалыптастыруды мақсат ететін оқыту-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды, стандарт талаптарына сәйкес педагогикалық тәсілдерді жинақтау жұмыстары жатқызылады. Құзыреттілік – мектеп жасына дейінгі баланың қалыптасқан жеке қасиеттері, тәрбие, даму, білімділік деңгейлері, білім беру қорытындыларының типі.
Мектепке дейінгі топтардың білім беру әрекетін мақсатты түрдегі талдау мен оның қорытындылары мен баланың даму қорытындыларын нақты бағалаусыз елестету мүмкін емес. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің жалпыға міндетті Мемлекеттік стандартына сәйкес педагогикалық жұмыс пен білім беру аумағының негізгі бағыттары бойынша балалардың дамуын мониторинг арқылы бақылап отыру баланың даму деңгейін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде ББМЖМСталаптарына сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың білім алуы мен дамуы нәтижесінің қорытындысы ретінде құзыреттілікті бағалаудың әдістемесі жөнінде бірізді жауаптар жоқ, мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің ББМЖМС талаптары аумағында негізгі педагогикалық өлшеу материалдарын жоспарлауға сйкес құзыреттілікті бағалау жұмыстары да жеткіліксіз.
Осы тұрғыда алып қарасақ, ұлттық рухтағы әлемдік білім деңгейі талаптарына сай ұлтжанды азамат тәрбиелеу үшін әр мұғалім күнделікті сабағында жаңа технологияларды тиімді пайдалану, құзыреттілік тұрғыда оқыту, жаңаша авторлық технологиялар мен бағдарламалар құрастырып, жүзеге асыру қажеттігі туындайды. Бүгінгі заман әр ұстаздан үздіксіз ізденімпаздық пен шығармашылықты, кәсіби шеберлікті, құзырлылыққа жету жолындағы инновациялық технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді.
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыретттілік тәсілді алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген.
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді.Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәрибеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
Б.Тұрғанбаева: «Құзырлыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады.»
К.Құдайбергенова: Тұлға құзырлылығын қалыптастыру жолдары:
— білім беру жүйесіндегі жүйеге кіретін бала жүйеден шыққанда түлек болады;
— тұлғаның ұжымға енуі арқылы әлеуметік-психологиялық сипаты көрінеді, — деп тұжырымдайды.
Сонымен, оқу үрдісіндегі құзырлылық дегеніміз – оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу үшін қолдана алу мүмкіндігі болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі бастауыш сынып мұғалімінің міндеті – жас буынды сөз өнеріне баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. Қазақ әдебиетін оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет. Құзырлылық – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.
Ғылыми зерттеулерге сүйенер болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі екі құрамдас бөліктен тұрады.
Шығармашылықты,
- біріншіден, оқушылар дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады,
- екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы арқылы қарастырылады.
Педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты.
Шығармашылыққа баулу шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек.
Оқушыларды келесі жұмыстар арқылы шығармашылыққа баулуға болады деп есептеймін:
· сюжетті сурет бойынша әңгіме жазу;
· жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу;
· нақыл сөздердің мәнін ашу;
· мақал-мәтелдер негізінде әңгіме жазу;
· жұмбақ, жаңылтпаш, бейнесөз құрастыру;
· өз сыныптастарының (т.б.) портретін суреттеу, мінездеме беру;
· еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу;
· ұжым болып ертегі құрастыру;
· ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар беріп, пікір айту;
· ақын-жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу;
· оқыған кітаптары бойынша ойтолғау жазу;
· қоғамдағы әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту;
· баспасөз материалдары бойынша пікір айту;
· өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау;
· ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу;
· іс қағаздары үлгілерін жаздыру;
· тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру;
· оқиғаға қатысты өз ойларын айту;
· автордың көзқарасы туралы айта білу;
· көркем туындыны талдау, салыстыру, қорыту, шешім көрсету т.б.
Қазір ғалымдардың зерттеулерінде құзырлықты қалыптастыру білім беру мазмұны құралдары арқылы жүзеге асатыны, осыдан келіп оқушының қабілеттілігі дамитыны және күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды – тұрмыстық мәселелерден бастап, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылып отыр.
Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.
«Ұлт данышпандары арқылы ұлы мақсаттарға жетеді» деген сөзбен ойымды аяқтағым келеді.
Маткаримова Айжан Манапқызы Текелі қаласы № 2 балабақша , тәрбиеші.