Просмотр содержимого документа
«Б?лме ?сімдіктерін к?ту ж?не баптау ар?ылы мектеп жасына дейінгі балалар?а экологиялы? т?рбие беру.»
Бөлме өсімдіктерін күту және баптау арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру.
Насиполла Гүлбану ҚайырлықызыАтырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті «Райхан» бөбекжайы тәрбиешісі
«Табиғат- адам баласын дүниеге келтіріп,
бойындағы бар махаббат мейірімін шұғылалы шуағын жүрегімізде ұялатқан ана»
М.Жұмабаев.
Табиғат- бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп- өнер мекені. Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Сол себепті табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп- жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу-біздің басты мақсатымыз. Біздің қандай да болмасын барлық тіршілігіміз дені сау шымыр денелі, жан -дүниесі таза, жайсаң жанды даярлап беру, ұядан ұшыру екенін жақсы түсінеміз. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін дамыту мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау-экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылады. Сондықтан да балабақшадағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі- балаларды айналамен таныстыру.[1-схема]
Өсімдіктер
Жануарлар
Адамдар
Тірі табиғат
Балықтар
Құстар
схема
Балабақшадағы экологиялық тәрбие міндеттері:
Экологиялық білімді тереңдету, кеңейту.
Өсімдіктер мен жан-жануарлар туралы түсініктерін кеңейту.
Экологиялық тәрбие негізінде танымдық, шығармашылық, белсенділік дағдыларын арттыру.
Балабақшада мемлекеттік стандартқа сай жоспарлай отырып экологиялық тәрбие берудің сан –салалы жолдары, түрлері, әдіс-тәсілдері жетерлік. Атап айтсақ:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Экскурсия сабақтар, экологиялық сабақтар.
Мерекелік шаралар.
Көрме, бұрыштар ұйымдастыру.
Бақылау жасау, тәжірибелер жасау
Экологиялық ойындар ойнау.
Балаларға экологиялық тәрбие беру мақсатында көптеген пәндер арқылы сан түрлі қарастырылған. Мысалы: Көркем әдебиет арқылы күз, қыс, жаз, көктем мезгілдеріне сәйкес бірнеше «А. Асылбеков «Қыс», «Жазда» сияқты тақырыптар арқылы балаларға жалпы білім мен қатар экологиялық тәрбие берілсе, ол әрмен қарай мерекелік шаралармен ұштасып, білім мен таным өзара үйлесімде нақтылана түседі. Сол арқылы зор таным, дүние танудың алғашқы баспалдағы қаланады. Баланың тілін ұстартып, ақыл- ойын, адамгершілігін қалыптастыруға мүмкіншілік туады. Сонымен бірге тіл дамыту, еңбек, бейнелеу өнері пәндер аясында да тақырыптарға сай ұйымдастырылған оқу іс-әректі барысында балаларға экологиялық тәрбие беруге болады.
Мысалы: Тіл дамыту пәнінен «Қыстың ызғарынан аңдар қалай сақталады»?- тақырыбын өткен кезде балалар тірі табиғаттың бірі- жануарлармен танысты. Әрмен қарай үй және жабайы жануарлар таныстырылды.
Жылқы
Үй жануарлары Сиыр
Түйе
Қой
Арыстан
Жабайы Қасқыр
жануарлар
Жолбарыс
Түлкі
Олардың бір- бірімен ұқсастығымен қатар айырмашылықтарын Венн диаграммасы арқылы анықтады.
Ұқсастығы: Айырмашылығы:
Тіршілік ету жолдары, қоректенуі
Үй және жабайы жануарларда тірі табиғатқа жатады
Балалармен жұмыс жасау барысында көбінесе келесі дидактикалық ойындар үлкен ықпал етеді: «Кім қайда тұрады?»,«Ұшады, жүгіреді, секіреді» (тіршілік ету ортасына жануарлардың бейімделуі); «Кімде қандай үй»«Құстар-балықтар-жануарлар» (тірі ағзалардың дамуы және өсуі); және т.б.
Балаларды таза ауада шынықтыру экологиялық тәрбиенің бір түрі. Осы мақсатта «Қыс қызығы» атты ата аналармен қысқы сауықтыру шарасы болып өтті. Ондағы мақсат: салауатта өмір салтын қалыптастыру арқылы баланың денсаулығын сақтау және нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жетілдіру, салауатты өмір салтын сақтайтын тұлға қалыптастыру.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Жасыл ел» бағдарламасының іске асуына көмектесе отырып, «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет!» ұранын алға ұстап, қазіргі таңда балабақша топтарын, ауласын көгалдандыру, ағаштар, гүлзарларға гүлдер егу жұмыстары жолға қойылып отыр. Осы ретте топ бүлдіршіндерін 4-5-тен топтастыра отырып, өздеріне белгіленген апта күндері бөлмедегі гүлдерді суару, шаңын сүрту, сынған сабақтардан, жапырақтардан тазарту жұмыстарын жолға қойдым. Топтағы тірі табиғат бұрыштарындағы гүлдерді күтіп баптау топ бөлмесінен бастауды жөн көрдім.
Көптеген адамдар бөлме өсімдігін, тек әдемілік ретінде қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. Олар адамның физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайына жағымды әсер беретініне кейде сенімсіздікпен қарайды. Адам мен табиғат тығыз байланысты. Тіпті, соңғы зерттеулерге сүйенетін болсақ, Ұлыбританияның биолог мамандары «өсімдіктердің адамнан өзгешелігі жоқ, олар да адамдар сияқты көреді, иісті сезе алады, сонымен қатар, оларда есту қабілеті мен дәм сезу қасиеті дамыған» деп тұжырым жасап отыр. Әрине, біз үшін бұл үлкен жаңалық. Ғалымдар аталған тұжырымды былай түсіндіреді: «өсімдіктерде көздің орнына ақуыздар бар, оларға кез келген электр күштері әсер етеді, ал тамырында дәм ферменттері анықталған, өсімдік сол арқылы жерден өзіне қажетті заттармен қоректенеді. Иіс сезу арқылы өсімдіктер бір-бірімен араласады, олардың есту қабілеті бар екендігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген”, сондықтан, гүлдеріңізбен сөйлессеңіздер болады. Нәтижесінде гүлдер сіздерге әдемілік пен ұзақ қуаныш сыйлары сөзсіз.
Өсімдіктер әуенді де жақсы қабылдайды. Тіпті, әр өсімдіктің өзінің әуенді қалауы бар екен. Мысалы, цикламендер – джазды, мимоза мен сүмбілшаштар – Чайковскийдың шығармашылығын, флокс пен табак Вагнердың операсын ұнатады. Міне, қызық деп осыны айтуға болады. Өсімдіктер де қобалжуға бейім, адам мен өсімдіктің арасында көрінбейтін, белгісіз бір байланыс орнатылады. Сондықтан болар, адамның көңіл-күйі жоқ кезде өсімдіктердің арасында жүрсе, жақсарып қалатындығы. Адам ауырып қалғанда, сүйікті гүлінің де нашар болып кететіндігі немесе мүлде өліп қалатындығы да бір емес, бірнеше рет дәлелденген құбылыс. Міне, осыдан барып, адам жаны мен өсімдіктердің байланысын байқауға болады. Өсімдіктердің «миы» тамырында орналасқан, ол жүректің сіңірі сияқты жұмылып, ашылып тұрады деген дәлел бар».
Сонымен қатар, кейбір гүлдерге нақты тоқтала кетейік:
Алоэ
Ең пайдалы гүлдер
Лалагүл
Қазтамақ
Фикус
Алоэ – үйге аурудың бактерияларының енуіне төтеп береді. Бөлменің энергетикалық қалпын жақсартады.
Фикус – шаңсорғыш сияқты жұмыс жасайды. Ауадағы шаңды сіңіреді, бөлмедегі адамды қобалжуынан, ашуынан, көңілсіздігінен арылтады. Сырттан келетін кері әсерлерге кедергі жасайды.
Қазтамақ – Қазтамақты жатын бөлмеге орналастырған жөн. Одан бөлініп шығатын пайдалы қоспалар мазасыздықты жеңуге көмектеседі, адамның ашуын басады. Ол адам ашуланғанда сабыр сақтап, тынышталуына әсер етеді. Ашу – жанұяның тыныштығын бұзады, сондықтан, қазтамақ болған ортада тыныштық пен татулық орнайды.
Лалагүл-лалагүлдің қайнатпасы жүйке ауру мен бауыр ауруларына емдік қасиеті бар.
Әзербайжан ұлты наурыз мерекесінде бір-бірінің отбасына арнап, лалагүлді кішкене ыдыстарға егіп, сыйға тартады екен. Балаларға лалагүлді егіп кобею жолын тәжірибе жасау арқылы көрсеттім.
Ең алдымен гүл қалемшесін кішкене ыдысқа су құйып салып қойдық.
4-5 күнде тамыры шыққанын байқадық.
Қандай өсімдік болмасын өзіне қолайлы топырақ арқылы құнарланады. Сол себепті барлық үй өсімдіктеріне бірдей топырақты пайдаланбайды. Қарашірік, шым тезек, шым және құм араласқан топырақ, сазды топырақ, көң тәрізді топырақтар үй өсімдіктеріне аса қажет. Сондықтан, топырақ таңдарда мұқия болыңыз!
Гүл өсіру үшін металл не сырланған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Сол себепті пластмассадан жасалған ыдысты пайдаландық. Өсімдіктің ауруға шалдығуын болдырмау үшін алдымен ыдысты ыстық сумен мұқият жуып, дезинфекция жасадық. Гүл егуге арналған ыдысқа шым тезек араласқан топырақты жартылай толтырып, тамыры шыққан гүл қалемшесін жая отырып орналастырып жан-жағын топырақпен жауып отырғыздық.
Гүлдің жайқалып өсуі үшін оған бөлме температурасына шамалас немесе одан 5-7 градус жоғары темпертурадағы суды жаймен айналдыра отырып құйдық. Үй өсімдіктеріне суды көп құюға болмайды, соның салдарынан тамыры шіриді.
Үй өсімдіктерін бөлменің кез-келген жеріне қоя салмай, олардың жақсы өсуі үшін қандай күтім қажет екендігін біліп алған жөн.Кейбір гүлдер жылылықты сүйетін болса, кейбіреуі жарық сүйгіш болып келеді. Біз лалагүл жарық сүйгіш өсімдік болғандықтан, жарық саулесі түскен жерге орналастырдық.
Осы тәжірибелік жұмысымызды жалғастыратын боламыз.Балалар гүлдің өсуін бірге бақылайтын болады. Бүлдіршіндердің өз көздерімен көріп,қолдарымен ұстап өсірген гүлдерін баптап ,күтуге жауапкершілікпен қарайтыны сөзсіз.
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі - «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.
Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.
Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.
Қорыта келе айтарымыз, бала тәрбиесімен, оған жүйелі білім беру мәселесімен шұғылданған қандай да ғалымдар болмасын табиғатты назарынан тыс қалдырған емес. Себебі дүниеде, айнала қоршаған ортада адам танып-білетін, зерттейтін, оны күтіп-баптап, қорғайтын жұмбақ сыры мол әлем — тек табиғат!
Пайдаланған әдебиет:
Ет жуылған судың гүлге әсері (Тәжірибе №1)
Зерттеу әдісі: Гүлді аптасына 2 рет суару (дүйсенбі және бейсенбі).
Мақсаты: Гүлге ет жуылған судан тыңайтқыш жасап, суарғанын нәтижесінде гүлде болған өзгерісті бақылау.
Уақыты: 1апта
Зерттеу объектісі: әйел бақыты гүлі
Қорытынды: Зерттеу объектісіне екі «әйел бақыты» гүлін алдық.Екеуінде жас ерекшеліктері бірдей және екеуіде гүл ашайын деп тұрған кезінде алдық. Сөйтіп біз бірінші гүлді шикі ет жуылған сумен аптасына 2 рет (2стакан) тыңайтқыштан құйып отырдық. Ал 2 гүлге кәдімгі ауыз сумен 2 рет (2стакан) суарып отырдық. Нәтижесінде шикі еттің суы мен суарылып отырған бірінші гүлдің гүлдері бірінші болып ашылды және гүлдері ірілеу болды.ал кәдімгі гүлмен суарылған екінші гүлдерін кейінірек ашты және ашылған гүлдері кішілеу болды.