kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Біздің балабақша және оның ауласы» технологиялық карта

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақша мекемесіне(бөлмелеріне) саяхат ұйымдастыру, ондағы жұмыс істейтін қызметкерлермен таныстыру. Балабақша ауласына бақылау жасап, өсіп тұрған өсімдіктердің аттарын атап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Біздің балабақша және оның ауласы» технологиялық карта»

Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім саласы: «Әлеуметтік орта»

Кіші сала: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Біздің балабақша және оның ауласы»

Мақсаты: Балабақша мекемесіне(бөлмелеріне) саяхат ұйымдастыру, ондағы жұмыс істейтін қызметкерлермен таныстыру. Балабақша ауласына бақылау жасап, өсіп тұрған өсімдіктердің аттарын атап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Мектеп, балабақша.

Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану.

Ән салғызып,билетіп,

Ылғи бізбен жүреді,

Тақпақты да үйретіп,

Ойнатады күледі,

Әліппе оқуға,

Үйреткен әр күні,

Үйретіп санауды,

Есепке төселткен,

Бұл кім?

Ән салғызып,билетіп,

Ылғи бізбен жүреді,

Тақпақты да үйретіп,

Ойнатады күледі,

Әліппе оқуға,

Үйреткен әр күні,

Үйретіп санауды,

Есепке төселткен,

Бұл кім?


Ұйымдастыру

шылық ізденіс.

Балаларды балабақшаның (мектептің) мекен-жайымен таныстырып, ондағы бөлмелерді аралатып,әр бөлменің аттарымен таныстыру. Бөлмелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің әңгімелері бойынша олардың мамандықтарымен танысады.

Н.Жанаевтың «Балабақша» өлеңін оқып беру.

Үйренеміз жақсы ән біз,

Үйренеміз биді де,

Біздің балабақшамыз,

Осындай шат үй,міне,

Үйретеді еңбекке,

Үйретеді білімге,

Үйретеді әдепке,

Таза болып жүруге,

Бір-бірімен сыйласты,

Татумыз біз баршамыз,

Бал достықтың ұясы,

Біздің балабақшамыз.

Балабақшада не істейміз?

Балабақшада неге үйренеміз?

Әліппе дәптермен жұмыс.

Ғ.Өкеевтің «Балабақша үйіміз», М.Мақатаевтың «Мектеп» атты өлеңдерімен оқып таныстырамын.

Балабақша үйіміз,

Ағалардан сыйымыз,

Серуендеп шығамыз,

Таза ауаға жиі біз,

Ауласында ойнаймыз,

Ойнап қана қоймаймыз,

Жаңа қоныс жаңа үйді,

Әнге бөлеп,тойлаймыз.

Мектеп.

Мектебім айтар әнім,

Сан рет қайталадым,

Өзіңнен алғанымды,

Өзіңе қайтарамын.

Тапсырма бойынша жұмыс жасау.

Балабақша мен мектептерде кімдер жұмыс істейді?

Ажыратып айтып бер?

Сергіту сәті.

Биік болып өсеміз,

Егіндей жайқалып,

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз.

Денемізді бос ұстап,

Билеп – билеп аламыз.

Дидактикалық ойын.

«Бұтақтағы балалар».

Осыдан соң балаларды балабақша ауласына алып шығып ,ауладағы өсіп тұрған ағаштар мен өсімдіктердің аттарымен, түрлерімен таныстыру.

«Тірі» табиғат туралы түсінік беріп, оларға( тірі табиғатқа) өсіп-өну үшін күннің жылуы, жарық ,кұнарлы жер, тынайтқыш қажет екенін әңгімелеу.

тәрбиешінің басшылығымен мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс

Аулада тазалықты қалай сақтаймыз?

Гүлзарларда өсіп тұрған өсімдіктерге қалай қамқорлық жасайсыңдар?

Ауладағы барлық өсімдіктерді қалай қорғайсыңдар?


Балалар балабақшаның (мектептің) мекен-жайымен танысып, ондағы бөлмелерді аралап,әр бөлменің аттарымен танысады. Бөлмелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің мамандықтарымен танысады














Балабақшада ойнаймыз,сурет саламыз,әріп үйренеміз.

Балабақшада әдепті болуға,таза жүруге үйренеміз.
















Балабақша мен мектептерде тәрбиешілер,аспазшылар,

дәрігерлер жұмыс істейді.

Аспазшылар тамақ пісіреді,

Дәрігерлер балаларды емдейді.

Биік болып өсеміз,

Егіндей жайқалып,

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз.

Денемізді бос ұстап,

Билеп – билеп аламыз.





«Тірі» табиғат туралы түсінік алып, олар( тірі табиғатқа) өсіп-өну үшін күннің жылуы, жарық ,кұнарлы жер, тынайтқыш қажет екенін әңгімеледі.

Аулада тазалықты сақтау үшін жерге тамақтың қалдықтарын тастамаймыз.

Гүлзарларда өсіп тұрған өсімдіктерге қамқорлық жасап су құямыз,топырағын қопсытамыз.

Ауладағы барлық өсімдіктерге су құйып,топырағын қопсытамыз.


Рефлексивті

Коррекциялау.

Сабақ соңында балаларды балабақша ауласына алып шығып ,ауладағы өсіп тұрған ағаштар мен өсімдіктердің аттарымен, түрлерімен таныстыру.

«Тірі» табиғат туралы түсінік беріп, оларға( тірі табиғатқа) өсіп-өну үшін күннің жылуы, жарық ,кұнарлы жер, тынайтқыш қажет екенін әңгімелеу

арқылы сабақты аяқтау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап,қатыспағандарды ынталандыру.


Сабақ соңында балалар балабақша ауласына шығып ауладағы өсіп тұрған ағаштар мен өсімдіктердің аттарымен, түрлерімен танысады.

«Тірі» табиғат туралы түсінік алып, оларға( тірі табиғатқа) өсіп-өну үшін күннің жылуы, жарық ,кұнарлы жер, тынайтқыш қажет екенін әңгімелейді.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: «Балабақша», «Мектеп» мағынасын.

Түсінеді: Балабақша, мектеп мекемесі қызметкерлерінің жұмысын.

Қолданады:Балабақшада ойнайды,ойлайды.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Біздің балабақша және оның ауласы» технологиялық карта

Автор: Байтелеуова Айшолпан Ерлановна

Дата: 01.11.2017

Номер свидетельства: 436024


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства