Ұйымдастырушылық- ізденіс | Жаз туралы өлең оқылады Жайқалып жапырақ, Құлпырып қызғалдақ. Тұратын көз тартып, Жаз келді күн шуақты. Айтыңдаршы балалар, Бұл қай кезде болады? Бұл өлең не туралы айтылған? Дұрыс айтасыңдар! Ал жазда қандай өзгерістер болады? Жазда қалай киінеміз? Жаз туралы тақпақ білесіңдер ма? Жұмбақтар жасыру: Соңыңнан қалмайды, Тоқтасаң, тоқтайды. Үйге іздеп бармайды, Тығылсаң таппайды.(Көлеңке) Үстіндегі көйлегі Түрлі-түсті, не керек. Қызықтырар көргенді, Мұның аты... (Көбелек) Жазда жасанады, Қыста томсарады.(Ағаш) Қозғалып жүрер жортақ шам, Барлығымызға ортақ шам. (Күн) Жарайсыңдар, балалар! Ал енді біз бәріміз жаз мезгілін түрлі түсті қағаздардан қиып жабыстырамыз. Ең біріншіден мен сендерге жапсыру үлгісін көрсетемін. | Балалар мұқият тыңдайды. Бұл өлең жаз мезгілі туралы айтылған. Далада ыстық болады. Гүлдер көп болады. Жазда жеңіл киінеміз Иә, білеміз Көлеңке Көбелек Ағаш Күн Балалар түрлі түсті қағаз арқылы жаз мезгілін бейнелейді. Мұқият тыңдайды. |
Рефлексті- түзету | Балалардың жаз мезгілі туралы бейнелеген суреттері туралы сұрау. Жасаған жұмыстарын қорытындылап, балаларды мадақтау. | Балалар өз суреттері туралы айтады. |