астапқы бет / Тақпақтар-Балақай
Тақпақтар
Күз келді
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.(М. Әлімбаев)
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Аппақ аппақ жапалақтап
Аппақ аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан.
О, алақай, Аяз ата,
Келе жатыр алыстан!
Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл!
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Көшедегі бұзаудың
Көшедегі бұзаудың,
Құйрығынан ұстап ап.
Іздемей-ақ мұз айдынын,
Коньки тептім үш сағат
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Жасыл желек жамылған
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Неткен сұлу шыршамыз,
Ән салайық баршамыз!
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Тиінмін, мен тиінмін
Тиінмін, мен тиінмін,
Қыста жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші жылы үйімнің.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Сансыз көкек сұңқылдап
Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді ертелеп,
Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп.
Асау өзен арқырап,
Асқар таудан дүркіреп,
Айдын жатыр жарқырап,
Алды дала бір түлеп.
Көкте бұлттар күркіреп,
Жерге төкті өрмегін.
Жауды жаңбыр сіркіреп,
Мейірленіп жерге күн.
Қàñûì Àìàíæîëîâ
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Торғай, торғай, тоқылдақ
Торғай, торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып-ап,
Бөтегесі бұлтиып
«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Көктем келді, құс келді
Көктем келді, құс келді,
Ойнаймыз біз саз илеп.
Біздің көлге түсті енді,
Былтыр кеткен қаз-үйрек.
Көк көйлегін киді жер,
Шешіп ақ қар – ішігін.
Емірене сүйді жел,
Тал-теректің бүршігін.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Қоян, қоян, тұршы
Қоян, қоян, тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Ал, енд, бізді қушы!
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Бақа, бақа балпақ
-Бақа, бақа балпақ,
Басың неге жалпақ?
-Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ.
- Бақа, бақа балпақ, Көзің неге тостақ?
- Көрінгенге көп қарап,
Көзім содан тостақ.
- Бақа, бақа балпақ,
Бұтың неге талтақ?
- Су ішінде көп жүзіп,
Бұтым содан талтақ.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Әзір титтей бойымыз
Әзір титтей бойымыз,
Әзір балаң ойымыз,
Тек қуамыз ойын біз.
Ұзарады бойымыз,
Толысады ойымыз,
Алда талай ойымыз!
Өйткені біз күн санап,
Өсіп келе жатырмыз
Беске толған батырмыз!
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Санамақ
Бір дегенім — білеу,
Екі дегенім — егеу.
Үш дегенім — үскі,
Төрт дегенім — төсек.
Бес дегенім — бесік,
Алты дегенім — асық.
Жеті дегенім — желке,
Сегіз дегенім — серке.
Тоғыз дегенім — торқа,
Он дегенім — оймақ,
Он бір — қара жұмбақ.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Картоп пен қауын
—Мен кетпеймін шығынға,
—Картоп айтты: — Жемеңдер.
Қалдырыңдар тұқымға,
Жалғыз екен демеңдер.
Отырғызсаң көктемде,
Гүл шашамын, толамын.
Кейін күз кеп жеткенде,
Талай картоп боламын...
Қауын: — Жей бер, ел, — деді,
Жақсы қайта жегенің:
Жүздеп жатыр, себебі,
Ішімде ұрық дегенің. (Ескен Елубаев)
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Бұзау
Келе жатыр бұзауым
Үстіменен жіп-жіңішке тақтайдың. - Қане, батыр бұзауым,
Құлама сен, құламасаң, мақтаймын!
Айтсам да мен әзілдеп,
Толқып келе жатыр ол.
Құлаймын-ау қазір деп,
Қорқып келе жатыр ол.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Мамалақ
Талай рет Мамалақ
Түсті еденге домалап.
Енді бірде аяғын
Жұлып алдым, аядым.
Тастамаймын сонда да,
Тастамаймын мен оны.
Болмаса да жап-жаңа,
Сүп-сүйкімді, әдемі.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Ат
Қас жүйрікке балаймын,
Құйрық-жалын тараймын.
Қарғып мініп мен атқа,
Барам сосын қонаққа.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Доп
Көлге добын түсіріп ап, жағада
Жылап тұрған өзіміздің Таня ма...
- Қой, Таняжан, жанарыңдыжума көп,
Білмейсің бе, батпайды ғой суға доп.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Машина
Келіп еді өзін бір
Машинама мінгізгім.
Келіп еді өзін бір
Ары-бері жүргізгім.
Түсінбеді мысығым:
Қарап маған алара –
Тастады да төңкеріп,
Қашып кетті далаға.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Көжек
Құйып тұрған нөсерді-ай!
Қалдырған ба, ұрысып?..
Орындықтан түсе алмай,
Отыр көжек бүрісіп...
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Лақ
Бар менің лағым,
Бағамын шаттанып.
Азанмен тұрамын,
Барамын баққа алып.
Ойнақтау жоқ онда,
Жатады көгалда...
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Кімнің баласысың?
Кімнің баласысың?
— Қыз! Қыз!
Сен кімнің қызысың?
— Анамның.
— Тұз! Тұз!
Сен кімнің тұзысың?
— Даламның.
— Ұл! Ұл!
Сен кімнің ұлысың?
— Атамның.
— Гүл! Гүл!
Сен кімнің гүлісің?
— Отанның!
М. Әлімбаев
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Табиғат әліппесінен «Ш» әрпі!
Шиені суарамын әлсін-әлсін,
Шиенің шөлі қансын...
Қансын... Қансын.
Шығырды шиқылдатып су тартамын:
Шиеге шырай беріп, тамшы тамсын.
М. Әлімбаев
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Бантик
Кеше тақтым ақ бантик,
Бүгін тақтым көк бантик.
Қызыл, жасыл, сап-сары —
Мендегі бар көп бантик.
Қылықтары күлкілі-ақ,
Ұлдар мені жүр сынап.
Бантигімнің байлауын,
Тарқатады жұлқылап.
А. Исәділ
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Оқушы
Еркесімін атамның,
Еркесімін апамның,
Жасым толып алтыға,
Мен оқушы атандым.
Сабағымды жақсы оқып,
Бүгін тағы бес алдым.
Жарайсың деп аташым,
Жарайсың деп апашым,
Маңдайымнан иіскеп,
Беріп жатыр батасын.
А. Исәділ
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Бөпем менің ай ма екен?
Бөпем менің ай ма екен?
Шекер ме екен, бал ма екен?
Ойнақтап бір бәйгеден,
Озып келер тайма екен?
Бөпем менің қайда екен?
Балалармен тауда екен.
Тауда неғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.
Алмасынан қане екен?
Жаңа теріп жүр екен.
Қызыл алма қолында,
Қыздар оның соңында.
Жап жасыл ағашы,
Қып-қызыл алмасы.
Ақ басты тауы бар,
Алматы қаласы.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Алтын сары, қызыл көк…
Алтын сары, қызыл көк…
Алуан –алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Ұзын құлақ сұр қоян
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Әлди, әлди, ақ бөпем
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Көк құтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін.
Көк сиырдың сүтінен,
Көже жасап берейін.
Оның дәмін кім татар,
Жыламаған ұл татар.
Бөпем жылап қапты ғой
Қарның ашып кетті ме?
Қазір, алдыма алайын бөпемді
Қане, тәттім, еме ғой.
Балабақтың тәртібін,
Сақтадым мен алты күн.
Дәмді-дәмсіз бөкпеннің,
Бәрін өзім жеп келдім.
Түйе маған шұбат берді,
Шұбат маған қуат берді.
Сабада да қымыз бар,
Шарада да қымыз бар.
Сабадағыны пісіп іш,
Шарадағыны құйып іш.
Қатады апам шайға сүт,
Біз отырып жайғасып,
Шай ішеміз ақ нанға
Сары май жағып шай қасық.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Тиінмін, мен тиінмін
Тиінмін, мен тиінмін,
Қыста жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші жылы үйімнің.
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз атаны!
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынғын.
Неткен сұлу шыршамыз,
ән салайық баршамыз!
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Жаңа жыл – жаңа нұр,
Жаңа шаттық, жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Ойнап барлық бала жүр.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
Шынықсан денеміз
Жүріңдер, балалар,
Сырғанақ тебеміз!
Құрыспай,
Құрыштай,
Шынықсын денеміз!
Таяққа бау тағып,
Шаңғыңды майлап ал.
Биялай,
Малақай –
Бәрін де сайлап ал!
Жақсылап байқашы,
Аяғың тоңбай ма?
Жел үріп,
Қар кіріп,
Қоншыңа толмай ма?
Желменен жарысып,
Сырғанақ тебеміз.
Құрыспай,
Құрыштай,
Шынықсын денеміз!
Б.Соқпақбаев
Қыс.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады, қатады
Жып жылтыр боп жатады.
***
Жаңа жыл.
Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сагынған.
***
Аққала – ақ бала. Аққала мен ақ бала, Сырғанайды сырғанақта. Жаздым тақпақ бәріне, Ақ қыс сұлу ақ өлең. Ақ бала жасады аққала. Ақ қар жатыр далада. *** Көңілді қыс! Балалар шықты далаға, Ойнап, күліп жүр енді. Шаналармен азады, Аққаланы соғады.
***
Нан қоқымын шашпаңдар Жерде жатса баспаңдар Теріп алып қастерлеп Торғайларға тастаңдар
Сообщение отредактировал Felisa: 02.03.2012, 23:46
Наверх
#3
Felisa Отправлено 02.03.2012, 23:28
Завсегдатай
126 сообщений
***Ойыншығым құрастырғыш, Көрсетеді көмегін. Кімге көлік, кімге үй, Құрастырам керегін. ***Ойыншықтарым көп менің, Бәрін жақсы көремін. Кешке дейін жалықпай, Бірге ойнап жүремін. ***Ойыншығым қуыршақ, Не берсем де жемейді. Еркелігі соншама, Көтермесем жүрмейді. *** Ойыншығым күшігім, Сүп сүйкімді, жұп жұмсақ. Шіренгені болмаса, Отырғандай ұл жұмсап. *** Ойыншығым қонжығым, Анасын да білмейді. Қорбаңдаған аюды, Түсінде де көрмейді ***Ойыншығым көжегім, Қорықпайды, қашпайды. Тәтті сәбіз ұсынсам, Ұстай алмай тастайды. ***Ұшағым бар ойыншық, Ұщырмасам ұшпайды. Айналам деп аспанды, Шаршағанға ұқсайды. ***Ала добым аямай, Ұрсам жерге өршиді. Шығып кетіп қолымнан, Паналады көрші үйді. ***Досым маған ойыншық, Машинасын сыйлады. Бірақ оның ішіне, Саусағым да сыймады. ***Ойыншығым торғайды, Тракторға мінгіздім. Жер жыртуды үйретіп, Жолсыз айдап жүргіздім. ***Ойыншығым роботтың, Тілін өзім білемін. Жасанды темір адамның, Басқарамын жүрегін. ***Айгөлек ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек! Айдай толған кезімде, Би билеймін дөңгелеп! Айгөлек ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек! Күндей нұрлы шағымда Күнге жетем өрмелеп ***Біз кішкентай балдырған, Сескенбейміз жаңбырдан. Төбемізде қол шатыр, Алдымызда жол жатыр. ***Күшік, мысық, балапан, Қуыршағым балақан. Кәне, бәрің тұрыңдар, Ойын сауық құрыңдар. ***Ойыншықтарды шашпаймын, Түймемді өзім қадаймын. Жуып жеймін үнемі, Алма, алмұрт, шиені. Суды жақсы көремін, Қашанда таза жүремін. ***Бақа, бақа, балпақ, Басың неге жалпақ? Темір телпек көп киіп, Басым содан жалпақ. Бақа, бақа, балпақ, Көзің неге тостақ? Қырдан алыс көп қарап, Көзім содан тостақ. Бақа, бақа, балпақ, Бұтың неге талтақ? Көп отырдым ерініп, Бұтым содан талтақ. ***Кішкентай үлкен емес, Бір, екі, үш, төрт, бес. Кішкентайы секірді, Үлкен бала жүгірді. ***Атым менің Ғалым, Атам менің ғалым. Ағам менің ғарышкер, Тоқтар ағай ғарышкер. ***Сүт бердім ботаға Шөп бердім бұзауға. Дән бердім шөжеге, Су бердім құлынға. ***Бал бал балмұздақ Бал бал балқаймақ. Бал бал балақай Қандай тәтті алақай!
Сообщение отредактировал Felisa: 02.03.2
Бауырсақ
Апам мені пісірген,
Қызыл күрен бауырсақ.
Шықпай қояр түсіннен,
Біраз жемей сағынсақ.
***
Көктемде егін егетін,
Күзде жиып теретін.
Біздің дала – бай дала,
Алтын астық айнала.
Бес саусақ Бас бармағым - атам, үйдің данасы. Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы. Ортан терек - әкем, отау панасы. Шылдыр шүмек - шешем, шаңырақ ажары. Титтей - бөбек - мен, бәрінің базары. Апта Жеті күнім- бір Апта: Жету үшін мұратқа, Апта бойы құр жатпай, Алға қарай бір атта! Бауырсақ Нәйім-нәйім баырсақ. Ағын суға шомылсақ. Жағасында гүл теріп, Көбелектей жүгірсек. Аю Аю отыр партада, Екі қолы қалтада. А-дейді, Б-дейді. Р-ға тілі келмейді. Қоян Қоян, қоян тұршы. Беті қалыңды жушы. Шашыңды тарашы, Айнаға қарашы. Санамақ Бір-дегенім, білеу. Екі - дегенім, егеу. Үш - дегенім, үскіл. Төрт - дегенім төсек. Бес - дегенім бесік. Алты - дегенім, асық. Жеті - дегенім, желке. Сегіз - дегенім серке. Тоғыз - дегенім торқа. Он дегенім - оймақ. Он бір- қара жұмбақ.
Навер
Анаға Мамам, мамам, ақ мамам Мен өзіңдей ақ балаң, Айтқан тілінді аламын Жұмсағанда барамын.
ОТАН- СЕНІҢ, АТА-АНАҢ, Отан- сенің, ата-анаң, Отан- досың, бауырың. Отан- өлкең, астанаң, Отан- аудан, ауылың. Отан- тарих, Отан- тіл, Жасаған елің, ер халқың. Отан- өлең, Отан- жыр, Көтерген көкке ел даңқын... Отан осы, достарым, Көңілге мұны түйе біл. «Отан» деп өс, жас қауым, Оны ардақтап, сүйе біл.
Наверх
Аю отыр партада Екi қолы қалтада Апай сабақ сұраса ұйықтап қапты - масқара!
Аю отыр партада Еки колы калтада "А" дейды,"Б" дейды, "Р"-га тили кельмейды
Жаңа жыл Жаңа Жыл Жаңа жылға жаңа жыр Жасыл шырша жанында Билеп барлыҚ бала жүр
Бала-бала баламыз, Бақшамызға барамыз, Күні-бойы қызыққа, Батамыз-да, қаламыз!
НаверхЗавсегдатай
Менин ажем али де Уксамайды кариге. Шай кайнатып береди Керек болса барине.
жарқын жузді жан анам сендей болсын бар адам сендей болса бар адам шаттык кетпес баладан
0 Наверх
куыр, куыр, куырмаш балапанга бидай шаш (тут пальцы загибаем) бас бармак, балалы уйрек, ортан терек, шылдыр шумек, кишкентай бөбек (тут обратно разгибаем) сен койды бак, сен сиырды бак, сен жылкыны бак, сен тюйены бак, сен ше - казан жалап уйде жат уйде кампит бар, каймак бар, балмуздак бар, шоколад бар мына жерде кытык-кытык
О, періште Анам! Келді көктем күнің, Күлімдейді гүлің – Алтын ойлы Анам, Мерекеңіз бүгін! Жұмақ-кұшак панам, Күндей нұрлы санаң! Қызығын көр ұл-кыз, Еңбек сүйгіш Анам! Жыртылмастан жағаң, Шарықтасын жаңа ән! Арманыңа жетші, О, періште Анам!
Наверх
#20
Аман болсын басыңыз, Ағармасын шашыңыз. Шөбере сүйіп әлі де, Жүзге жетсін жасыңыз. 60 та өмір белесі, Қартайдым мен демеші. Туған күнде жыл сайын, Қуанышқа бөлеші!
Наурыз мейрамына арналған тақпақтар
Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойы бастайық!
* * *
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
* * *
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
* * *
Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қаутышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты
* * *
Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
* * *
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
* * *
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
* * *
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
* * *
Наурыз келді сан құрып
Жасарып жаңғырып
Құлпырды жер мен көк
Мейрім таң күліп.
* * *
Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
* * *
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден –
Құтты болсын, Наурыз!
* * *
Ақ қар кетіп қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның ұлы кенелген.
Күн мейрамы ежелден –
Құтты болсың бұл Наурыз!
* * *
Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.
* * *
Наурыз көктем
Наурыз көктем, наурыз жыр,
Ана мейрім, шуақ нұр.
Жан иесін жаңартқан,
Аққан бұлақ, нәзік сыр.
* * *
Наурыз әлем, наурыз құс,
Сұлу дала, сағым түз.
Самғай ұшқан қарылғаш,
Аққу қаздар мамық төс.
Наурыз дала, наурыз гүл,
Тентек сезім, үнсіз тіл.
Ақ қайыңның аясында айқасқан,
Балуан білек, қыпша бел.
* * *
Наурыз жауын, наурыз сән,
Әсем әуен, сазды ән.
Қыз бозбала қыдырған,
Жаcыл желек, көк аспан.
* * *
Наурыз самал, наурыз таң,
Қалың орман ұйқысынан оянған.
Сағынышпен қауыштырған жұптарды,
Жылдың басы, он екі айда тоғысқан.
* * *
Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!
Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз!
* * *
Наурыз тойы - елдің тойы,
Көктем тойы - төлдің тойы.
Ән айтатын күні бойы
Жақсы көрем Наурыз тойын!
* * *
Наурыз келді - жыл келді
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді.
Наурыз келді, нұр келді,
Түгел аймақ түрленді.
Бақшадағы апайлар
Тойға әзір боп үлгерді.
* * *
- Жақсы ма, ата, қалыңыз?
- Менің атым Наурыз,
Балдай тәтті сарыуыз
Алып келдім -
Алыңыз!
* * *
Отан туралы тақпақтар
ОТАН- сені ң ата-ана ң
Отан - сенің ата-анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.
Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын... Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.
* * *
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
* * *
Отан- ортақ үйіміз
Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан - ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Астана
Ел ордам менің – Астана,
Осында жаңа бастама
Сәулетті зәулім үйлер көп,
Көрікті сондай жас қала.
* * *
Қазақстан туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы
* * *
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде тұрған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
* * *
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің қызымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
* * *
Азаттық жері, Қазақтың елі,
Шаттыққа толы бүгінгі төрі.
Достықты берік, еткен бір серік,
Бейбіт күн тұрсын сәлесін төгіп.
* * *
Бауырсақ
Апам мені пісірген,
Қызыл күрен бауырсақ.
Шықпай қояр түсіннен,
Біраз жемей сағынсақ.
* * *
Нан
Нан қоқымын шашпаңдар!
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
* * *
Көктемде егін егетін,
Күзде жиып теретін.
Біздің дала – бай дала,
Алтын астық айнала.
* * *
Қыс туралы тақпақтар
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады, қатады
Жып жылтыр боп жатады.
* * *
Аққала – ақ бала
Аққала мен ақ бала,
Сырғанайды сырғанақта.
Жаздым тақпақ бәріне,
Ақ қыс сұлу ақ өлең.
Ақ бала жасады аққала.
Ақ қар жатыр далада.
* * *
Көңілді қыс!
Балалар шықты далаға,
Ойнап, күліп жүр енді.
Шаналармен озады,
Аққаланы соғады.
* * *
Ойыншықтар туралы тақпақтар
Ойыншығым құрастырғыш,
Көрсетеді көмегін.
Кімге көлік, кімге үй,
Құрастырам керегін
* * *
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін.
* * *
Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.
* * *
Ойыншығым күшігім,
Сүп сүйкімді, жұп жұмсақ.
Шіренгені болмаса,
Отырғандай ұл жұмсап.
* * *
Ойыншығым қонжығым,
Анасын да білмейді.
Қорбаңдаған аюды,
Түсінде де көрмейді.
* * *
Ойыншығым көжегім,
Қорықпайды, қашпайды.
Тәтті сәбіз ұсынсам,
Ұстай алмай тастайды.
* * *
Ұшағым бар ойыншық,
Ұщырмасам ұшпайды.
Айналам деп аспанды,
Шаршағанға ұқсайды.
* * *
Ала добым аямай,
Ұрсам жерге өршиді.
Шығып кетіп қолымнан,
Паналады көрші үйді.
* * *
Досым маған ойыншық,
Машинасын сыйлады.
Бірақ оның ішіне,
Саусағым да сыймады.
* * *
Ойыншығым торғайды,
Тракторға мінгіздім.
Жер жыртуды үйретіп,
Жолсыз айдап жүргіздім.
* * *
Ойыншығым роботтың,
Тілін өзім білемін.
Жасанды темір адамның,
Басқарамын жүрегін.
* * *
Күшік, мысық, балапан,
Қуыршағым балақан.
Кәне, бәрің тұрыңдар,
Ойын сауық құрыңдар.
* * *
Ойыншықтарды шашпаймын,
Түймемді өзім қадаймын.
Жуып жеймін үнемі,
Алма, алмұрт, шиені.
Суды жақсы көремін,
Қашанда таза жүремін.
* * *
Қуыршақ
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ. Қуыршақтар уйықтайды,
Айтқаныңнан шықпайды
Ал, қозы мен құлыншақ
Ұйықта десең ұқпайды. Тыңдамайды ұрысса
Осылары дұрыс па?
Тентектігін тыймаса,
Тұрғызамын бұрышқа!
* * *
Күз туралы тақпақтар
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
* * *
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
* * *
Көктем туралы тақпақтар
Тамшы,тамшы,тамшылар
Көгерді ағаш, тал шынар.
Тамшылардан өнетін
Тамаша гүлдер бар шығар.
* * *
Жасыл көктем келеді
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе
Мөлдір тамшы төгеді.
* * *
Көлде аққу, көкте қаз,
Орманда бұлбұл сайраған.
Көптен күткен көктем кеп,
Құлпырып дала жайнаған.
* * *
Сұлу көктем
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.
* * *