kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бала ?мірінде сенсорикалы? ойындарды? ма?ызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі білім беруде баланы? тілін дамытуда сенсорикалы? ойындардыі\? ерекшелігі мен т?рлері.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бала ?мірінде сенсорикалы? ойындарды? ма?ызы»

«НҰР» мектепке дейінгі ұйымы







Б а я н д а м а

Тақырыбы:Бала өмірінде сенсорикалық ойындардың маңызы













Дайындаған:І кіші Қонжық тобының тәрбиешісі

Мұханбедиярова А.К















Ембі-2016

Мазмұны:

1.Кіріспе

2.Сенсорикалық ойындардың маңызы.

2.1.Сенсорикалық ойын түрлері

3. 3 жастағы бүлдіршінге қандай ойыншықтар таңдау керек?









































Кіріспе

Қайырлы күн құрметті әріптестер!Пәк те,нәзік те,батыл да,батыр да бала шыр етіп дүние есігін ашады.Оның дамуы үнемі үлкендерді таңдандыруда,әрі қуанышқа бөлеуде.Дүние есігін ашқан күннен бастап бала басын жерден көтеріп жақындарын қуанышқа бөлесе бірнеше айдан соң алғашқы қадамдарын жасап дами бастайды.

Бүлдіршіннің алғашқы даму кезеңі балабақшадан бастау алады.Қоршаған ортаға бейімі,еңбекке араласуы,білім алуы,адамдармен қарым-қатынасы мектепке деінгі кезеңде қалыптасады.Осыған орай мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде олардың таным қабілеттерін дамыту ерекше орын алары сөзсіз.

ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында тәрбие мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер нәтижелері бес түрлі құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.Балаға бес түрлі бағытта білім бере отырып оның жан-жақты дамуына үлкен үлес қосатын бағыттардың бірі «Таным» саласы. «Таным» білім саласынының мақсаты:танымдық іс-әрекеттің дағдыларын қалыптастырып қабілетті тұлаға қалыптастыру.

«Таным» білім саласы мынадай ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:

-Сенсорика

-қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

-құрастыру

-экология негіздері

-қоршаған ортамен таныстыру.

Бүгін біз сіздермен «Таным» білім саласы оның ішіндегі Сенсорика атты үлкен салаға зер салып зерделейтін боламыз.











2.Сенсорикалық ойындардың маңызы.

Бала тілінің дамуы күрделі процесс екендігі белгілі.Ұрапқтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан,әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық – саусақ ойыны.Саусақ ойынын ойнай отырып , балалар қошаған ортадағы заттар мен құбылыстарды ,жан-жануарларды,құстарды ,ағаштарды т.б. көптеген бейнелерді бейнелей алады.Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары,соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.Сөйлеу тіл мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамумен тығыз байланыста болғандықтан,бала қолының ептілігін толық жетілдіру,түзету –тәрбие жұмысын жүргізуді қалайды.Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақатан бастаған дұрыс.Омыраудағы баланың өзіне саусақтағыбас мимен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жэасау керек.Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығулар жасауда өлеңмен пайдалану ұсынылады.Осыған орай бүгін сіздерге І кіші топтарға арналған саусақ ойындарын көрсеткім келеді.

2.1.Сенсорикалық ойындардың түрлері.

1.Прищепкалы ойындар

Мақсаты кіші жастағы балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.Сондай-ақ түстерді ажырату мен қатар заттарды біріктіруге үйренеді.Бұл ойынды ойнату барысында балаларға жұмбақтар жасыру тиімді болады.

2.Түймелі алмұрт ағашы

Мақсаты:Балалардың «үлкен» және «кіші» пішіндерді айруға және алмұрттарды ағашқа іліп және оны қайта алуға үйреді.Бұл жерде бала «аз» және «көп» ұғымына үйренеді.

3.Түймелі алма ағашы

Мақсаты: Балалардың түстерді айырып оларды атай білуге үйрету.Бұл жерде бала «аз» және «көп» ұғымына үйренеді.

4.Түймелеуді үйренеміз

Мақсаты:балаларды қуыршақтың киімінің көмегі арқылы киімдердің түймелерін дұрыс түймелеуге үйрету.



5.Түймелі кілемше

Бұл ойынның негізгі мақсаты бала кілемшеден бір түймені таңадай отырып оның түсін,пішінін,көлемін атай білуге үйренеді.

6.Түймелер мен баулар

Мақсаты: түймелердің түсін,пішінін атай білуге үйрету.Түймелердің пішінін,түсін атай отырып оны бауға тізіп орналастырады.

7. Балықтарға қақпақтар үлестір

Мақсаты:балалар түстерді атап оларды ажырата білугмен қатар шапшаңдыққа үйренеді.Балықтарға түстері бойынша қақпар үлестіреді.

8.Бау өткізейік

Мақсаты:балалар берілген көрнекіліктердің көмегімен өздігінен бауларды дұрыс өткізуге және байлауға үйренеді.

9.Сыңарын тап

Мақсаты:Заттың түсін,пішінін ажыратып екінші сыңарын табуға үйрету.



























3.3 жастағы бүлдіршінге қандай ойыншықтар таңдау керек?

Балалардың балалық шағы бақыты болу үшін,олардың өмірінде ойын ерекше орын алады.Балалық шақта балада ойынға деген қажеттілік болады.Сондықтан сол қажеттілікті қанағаттандыру қажет,себебі бала ойнай жүріп өмірді тани бастайды. «Ойын баланың бүкіл өміріне әсер етеді.Бұл құштарлық оны қанағаттандыру қажет.Бала өмірін сол ойынмен сусындату керек,себебі оның өмірі ойын» деп айтып кеткен екен белгілі педагог Макаренко.

Осы жерде ата-ананың алдында баламызға қандай ойыншық таңдаймыз деген сұрақ туады.Ең алдымен сатып алынған ойыншықты балаңызбен таныстырыңыз.Балаға ойыншықтың түсін,көлемін не үшін қажет екенін түсіндіріңіз.Тек содан кейін баланың алдына ойыншықты беріп оны оңаша қалдырңыз.Бала ойыншықты бақылап кейін оны қолына алып онымен ойнай бастайды тек содан кейін ол бұл ойыншықтың не үшін қажет екенін және оны қалай қолдану керек екенін түсінеді.Бұл жерде оған сенсорика атты досы көмекке келеді.Егер баланың түйсігі жақсы дамыған болса онда бала нені қайда қою керетігін өзі тауып қоя біледі.

Ал енді жақсы ойыншықты қалай таңдау керек.Бала таңдалған ойыншықтың түсін білуі керек.Келесі кезекте ата-ана балаға бұл ойыншықтың атауын,түсін,көлемін айтып онымен қалай ойнау керектігін айтып түсіндіру керек.Әдетте балаға сүйрейтін ойыншық түрі қолайлы деп есептеледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Бала ?мірінде сенсорикалы? ойындарды? ма?ызы

Автор: М?ханбедиярова Айгерім Кенжебай?ызы

Дата: 23.07.2016

Номер свидетельства: 337963


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства