kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бала ?міріндегі ерте?гілік жатты?уды? ма?ызы" атты баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп жасына дейінгі баланы дене жа?ынан т?рбиелеу ерекше орын алады. Мы?ты денсаулы?ты?, денені? д?рыс жетілуіні?, жо?ары ж?мыс ?абілетіні? негізі на? осы мектеп жасына дейінгі балалы? ша?та каланады. Балаба?шада дене жатты?улары мынандай т?рлерге б?лінеді: та?ерте?гі жатты?у, ?имылды ойындар, спортты? жатты?улар, ?арапайым туризм.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бала ?міріндегі ерте?гілік жатты?уды? ма?ызы" атты баяндама»

Бала өміріндегі ертеңгілік жаттығудың маңызы

Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта каланады. Балабақшада дене жаттығулары мынандай түрлерге бөлінеді: таңертеңгі жаттығу, қимылды ойындар, спорттық жаттығулар, қарапайым туризм.
Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл – ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, ең қабілеттілігі артады, балаларды тәртіптендіреді. Сөйтіп таңертеңгі жаттығу жасау алдында мүлде ерекше міндеттер қойылмайды, атап айтқанда: бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан-жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тынысы және басқа функцияларының қызметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау. Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Таңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнде ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді. Бір уақыттың ішінде бірге жүргізілген бірқалыпты қимыл қызметінде жүгіріп, секіріп, үлгеріп алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсенділенеді. Мұның бәрі балалардың барлығының да көңіл күйін бірдей етеді, сергітеді, оларды келесі сабаққа даярлайды. Сөйтіп таңертеңгілік жаттығуды бірден ұйқыдан кейін емес, біршама уақыт өткен соң жасағанда оның тәрбиелік маңызы кеңейеді.
Ол күн кестесінің бөлінбес ұйымдастырушы сәті болады, балаларды белгілі бір тәртіпке, жинақылыққа үйретеді. Таңертеңгі жаттығу жылдың жыл мезгілдерінде алаңда, ал суық кездерде залда өткізіледі. Белгілі бір тәртіппен іріктелінген дене жаттығуларының үйлесуі комплекс деп аталады. Бір ғана комплекстің өзі 2 апта бойы қайталанады. Егер комплекстің жекелеген жаттығулары тым қарапайым болса, балаларды қызықтырмаса немесе жалықтырса онда ол тәрбиешінің қалауына қарай күрделеніңкіруі мүмкін. Ұлттық тәлім – тәрбие беруде түрлі жаңашыл әдістерді қолдануға болады. Соның бір түрі – ұлттық сипаттағы, сондай – ақ салт – дәстүр элементтерін жаттығуға кірістіруге болады. Ұршық иіру, жүн сабау, киіз басу жаттығуларын жасауға болады. Мектепке дейінгі жастағы таңертеңгілік жаттығуды «сезім, зейін, ерік, сұлулық, мәдениеті мінез – құлықтың бүкіл мәдениеті» деп есептеуімізге болады.
Қорыта айтқанда балалар бақшасындағы таңертеңгілік жаттығулардың ерекшелігі – балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Бұл жағдайда балаларда кеңістіктегі орнын бағдарлай білуі, қимылды айқын, дәл, тәрбиеші ұсынған екпінде, ырғақта, бағытта орындауы, әр баланың, қимылы бүкіл ұжымның қозғалысымен үйлесуі пісіп – жетіледі. Таңертеңгілік жаттығудың ұйымдастырушылық және тәртіптеушілік үлкен маңызы бар. 








































Ата – анаға кеңес

Баланың ашуын қалай жеңуге болады?

Әр ересек адам баланың ашуымен кездеседі. Осындай жағдайда сізге бөтен адамдар қарап тұрғанда, өз-өзіңізді ұстай алмай қаласыз. Қалай болу керек?



1.  Естеріңізде болсын, қандай керемет ана болса да, осындай жағдайларға тап болуы мүмкін, мәселе анасында емес, баланың мінез құлқында.

Балаңыздың ашуының себебін ойлаңыз:

-       Сіздің балаңызға көңіл жетпейді, ол осындай жолмен сіздің назарыңызды өзіне аударуға тырысады (осындай әдет тез жатталып, өскенде де жиі қолданылады);

-       Бала өзінікін істеткізіп, не сұраса соны беретінін біліп, сіздерге манипуляция жасайды.

Манипуляцияны ажырата білу қиын, өз балаңызды бақылаңыз: қалай жылайды, оның тынышталуына ненің көмектесетінін қадағалаңыз.

Егер сіз балаңыздың сізге манипуляция жасап тұрғанын ұқсаңыз, балаға өзіңіздің ұнатпағаныңызды көрсетіңіз.

-       Бала шаршады, тамақ ішкісі келеді, ұйқысы келеді: ол себепті жоюыңыз керек сонда баланың ашуы басылады.

2.  Егер ашу қызып тұрса, бала дем алу үшін тоқтаған кезде, сол уақытта сіз қызықты әңгіме бастап, назарын өзіңізге аударыңыз.

3.  Баланы алдыңызға алып, құшақтап, тынышталғанын күтіп, оған жаныңыздың ашитынын түсіндіру.

4.  Ашу кезінде ең бастысы өзіңізге ашуға түспеу. Өзіңіз шыдамды болып, балаға жаныңыздың ашитынын түсіндіріп: «Мен сенің ашуыңды түсінемін, өйткені біз саған сатып алған жоқпыз...», «Сен тынышталғанда, біз болған жағдай туралы әңгімелесеміз».

Бала сізді бір айтқаннан түсінбейді, оны 20 рет қайталағаннан кейін, сіз балаға жеткізесіз. Баламен сөйлесіңіз, не себептен сондай тәртіпсіз қылықтар жасағанын.

5.  3-5 жастағы балалар үлкендердің дұрыс түсіндіргендерін түсіне алады. Баланы кез-келген жағдайлардан жол тауып шыға білуін үйрету керек, түк болмағандай жүре беруге де болмайды.

6.  Сондай кезде сізге қарап тұр деген ойлардың бәрін ұмытыңыз, сол адамдардың өздері де сондай жағдайда болған.

7.  Сондай жағдайда өзіңізді де, баланы да кінәламаңыз.



Есіңізде болсын, сіздің балаңызды өзінен жақсы ешкім білмейді.

Қорытынды: баламен жиі әңгімелесіп, оның көңіл-күйін сұрап, қалаулары мен қызығушылықтарын, міндеттерін талқылау.

 









Қылышын сүйретіп қыста келді.

Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баян­дап тұрғандай немесе Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді. 
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, тау­лы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды.
Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты шақтарға толы. Күн сәулесі Жер-анаға шуағын төгіп, барша адамдарды өзінің жылы нұрына бөлеп, қысқы суықтың бетін қайтаруға бел шеше кіріскендей. Алыстағы таулы қыраттардан арқан бойы ұзап шыққан дала құстары әсем табиғаттың осынау ғажап шағына мейілінше құмарта қанат қағады. Алыс қия-белдердегі қалың қар көктемнің жылы лебі келгенше басқа тіршілікке орын босататын емес. Табиғаттың әдемі мезгілі – қыстың ерекше көрінісімен өріле түскен. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алып, жан баурайды. Қыс мезгілінің аязды күндерімен де қоса, ерекше бір жылылық сыйлайтын күндері аз емес. Әрбір төрт мезгілдің өн бойында бірімен-бірі астасып, қабаттасып жатқан ортақ күн райы бар. Қаңтар айы жаңажылдық көңіл күйді одан арі көтере түсіп, өзінің жылы күндерін аямай-ақ сыйлап жатыр.
Мейірімін төккен Жер-ана да адам үшін өзінің ішкі сырларын ақтарғандай тылсым сырмен үн қатады. Көгілдір аспандағы шарбы бұлттар да өздерінің бағытын бір сәт тежеп, бейнебір сырласып тұрған арулардай. Ағаштар қыс мезгіліне дайындалып, шымырлана түскен. Олар көктем келісімен бүр жарып, айналаны көк бояуға бөлеуге әзір тұр. Алыстан мұнарлана көрінген тау бөктерлеріндегі қалың қарлар да бір сәт тыныстап, терең ойға шомады. Аспанмен таласқан Алатаудың асқақ шыңдары айналаға сабырлы көзбен барлай қарайды. Өзі биік тұғырда болғанымен, төмендегі тіршілік атаулыға көз тастап, қысқы ғажайыптарды бір өзінің бойына жия түскендей. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару 

Әрбір адам төтенше жағдайға тап болуы мүмкін, мұз үстінде балық аулау, аңға шығу, шеру, мұз үстінде жүргенде т.б.

Қыс мезгілінде табиғат адамға аяныш жасамайды. «Мұзды аймақта» жарақат алу, адам өлімі, мұз астына түсіп кеткенде, далада қалып қою, ауыру т.б. Мұзда қалу жағдайында әр адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарырын, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде (-50 гардус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8 см, 5-7 адамға 12-14 см қауіпсіз болады. Ең қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз мұз, сүт түсті (қатты қардан соң) жарылмай-ақ сынады. Мұздың үстімен аяқ астында майда жарықшақтар мен жәй дыбыс шығарғанда басқадай шаралар болмаса жүруге болады. Ең қауіпті мұз: көктемгі күн жылына бастағанда, жаңбыр жауғаннан кейінге мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді.

Күзде боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажат. Өз құрылымына қарай әр өзен, көлдер, мұз қатуы әртүрлі болады. Тез ағатын, иірімді өзендердің жағалауынан алысырақ болу керек, себебі ортада мұз бүтін қалыпта болады. Өзенге немесе жағалауға қардан таза жермен өту керек. Қар көп жиналған жерде, жарларда, қамыс көп өскен жерде, ағаш жырғалардың қосылған жерінде, көл, өзендердің (су тез ағатын жерлерде) мұз жұқа болып қатады. Суық күндері өзеннің, көлдің қатпай қалатын жерлерінен «бу» шығады. Көктемде мұз басқан бұталар мен қалың шөп өскен жерлер қауіпті.   

Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:

- қатпаған мұз үстінде шықпаңдар;

- мұз үстінде топ болып тұрмау керек;

- мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;

- биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;

- мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;

- мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;

- өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер. 

Мұз үстінен жүру ережесі:
Мұздың толық қатпағанын білсеңіз, сырғи жүріп, аяғыңызды жұмсақ жерге басқанда мұз қатпағанын білсеңіз тез қимыл жасаңыз. Шаңғымен жүргенде топ бірінің артынан бірі жүре отырып, аралары 5-6 метр болуы тиіс. Топ басшысы тәжірибелі болуы тиіс. Топ басшысының құтқару жейдесі, ұзынтаяғы болуы тиіс. Жай жүрісте мұз тез сына қоймайды (секірмесең, жүгірмесең). Мұздың сынуына ондағы жарықшық, түсі бұзылуы, үстінде су пайда болуы әсер етеді. Мұндай жағдайлар байқалған жағдайда өзің келген ізбен тез артқа қайту керек.
Егер аяғыңыздың астында мұз жарылса: 
Мұндай жағдайда шу көтермей, салқын қандылық танытыңыз. Арқаңыздағы жүгіңізді түсіріп, келген ізіңізбен қайтыңыз. Егер де суға түсіп кетсеңіз, онда артық жүгіңізден арылыңыз. Су бетінде тұру үшін, мұз бетіне шығуға әрекет жасаңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды шығарыңыз. Дем алып, мұз жарылған жерден алыс кетуге тырысыңыз, бар даусыңызбен көмекке шақырыңыз.  

Егер сіз көмек көрсететін болсаңыз: 
Мұз жарылған жерге ішіңізбен еңбектеп, екі қолыңызды аяғыңызды етбеттеп жатып жетіңіз, болмаса тақта, не шаңғыға сүйеніңіз.

Зардап шегушіге жақындап, оған арқанның, трос, белбеу, шарф т.б. лақтыру керек. Мұз ойылған жерге дейін тақта, шаңғы, саты т.б. Зардап шегуші сол заттарын біріне қолы жетісімен, жайлап еңбектеп өзіңе тарт. Суға батушыға бір болмаса екі адам ғана болып көмектесе алады.  

Мұз үстінде қалып қойғанда не істеу керек: 
Шу көтермей, даурықпай, тыныштық сақтаңыз. Жағдайды анықтап, қасыңыздағы адамдарды тыныштық сақтауға шақырыңыз! Мүмкіндік болса 1-2 адам суға секіріп жағаға жүзіп барып, көмек шақырсын. Мұз үстінде қалғандар аспанға оқ атып, от жағып, дауыстап адамдардың көңілін өздеріне аударуы қажет. 

Үсік алу

Қатты үсікті санаулы минутта алу мүмкін, көбіне адамның беті, қолы, аяғы үседі.

Қалай жылыну керек? 
Қолды үсік шалғанда саусақтарыңызда жұдырықтарыңызға жинап, киім астына салу, қолыңыз жылып, құрғаған соң ғана қолғабыңызды киіңіз. Егер қолғап ішінде қолыңыз тоңса, онда қолыңызды сермеңіз, қолды жұдырығыңызға түймеңіз.Қолыңызды ішіңізге салып жылытыңыз. Егер аяғыңызды үсік шалса, орныңыздан қимылдаңыз. Егер бетіңізді үсік шалса, бетіңізді төмен қаратып, алға жүріңіз, не 10-20 рет еңкейіп, қимыл жасаңыз, үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады, қармен сүртуге болмайды.
КӨКМҰЗ

Көкмұз - бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде, тротуарларда болады. Көкмұз - ауа температурасы 0С-ден - 3С пайда болады, мұздың қалыңдығы бірнеше см. жетеді.  

Мұздақ - жер үстінде пайда болатын мұздың жұқа қабаты, күн суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін пайда болады. Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып, асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек. Асығу - көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.

«Қалай дұрыс құлау» керек:

Егер сіз тайсаңыз, отыра қалыңыз. Құлап бара жатып, өзіңді жинап, жерге тигенде домалау қажет.

 

 

 



 ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ЖОЛДА ЖҮРУДІҢ

 ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ .

  • Қыс кезінде жолдағы қауіпсіздіктің негізгі ережесі – сақтықты жоғарлату және ықыласпен жолға қарау.

  •  Қыста күн қысқа. Ерте қараңғы түседі. Қараңғы уақытта жолда келе жатқан көліктің қашықтығын анықтау қиынға түседі. Себебі, жақындағы машиналар алыста, алыстағы машиналар жақын орналасқандай көрінеді. Қараңғыда және алакөлеңкеде аса мұқият болған жөн. Жолды тек қана бағдаршам орналасқан және жаяу өтетін жерлерден ғана өткен жөн.

  • Қар жауып тұрған кезде көздің көруі төмендейді, күртік карлар пайда болады, жаяу жүргіншілермен көліктердің қозғалысында қиындықтар пайда болады. Қар жаяу жүргіншінің көзін шағылыстырады және жолды бақылауға бөгет жасайды. 

  •       Ашық күннің өзі кедергі. Себебі ашық күн сәулесімен ақ қар шағылысып, адамдар «соқыр» болып қалады. Сондықтан аса сақ болу қажет.

  • Қыс уақытында жаяу жүргіншілер бөлігінен өтетін кезде келе жатқан машинаны өткізіп барып немесе оның тоқтағаннын көргеннен кейін ғана өте қажет. Жүргінші бөліктен машина келе жатқанда ешқашанда жүгіріп өтпе! Ақырындап және аса сақтықпен өткен жөн.

  • Көктем уақытында қар  ақырындап ери  бастағанда жерде көлшіктер пайда бола бастайды. Және олардың астында ерімеген мұздар жатады. Жолдар өте тайғақ бола бастайды. Сондықтан жолдан өтер кезде, келе жатқан көліктерді жіберіп, асықпай жолдан өту керек.

  • Жылы қысқы киім адамның емін - еркін қозғалуына кедергі жасайды, адамның жүрісін баяулатады. Сүрініп қалғанда, мұндай ауыр салмақты киіммен теңдікті ұстау қиын болады.

  • Оталмай тұрған көліктің жанында тұрма! Көлікті итермеуге тырыс! Дөңгелектің астынан мұздың ұнтақтары немесе тастар шашырауы мүмкін. Ал ең бастысы- көлік қатты жылдамдықпен жүріп, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.













Салауаты өмір салты

Халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай,өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейтесті мәселе болып отыр. Еліміздің даму бағытын бекіткен « Қазақстан – 2030 » бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік манызды бар мәселелермен тең дәрежеде екендігі баса көрсетілген. [№10,10бет]
Салауаттылық ұғымы қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын, жас ұрпаққа ұғындыру.Бір сөзбен айтқанда өз ұлтының дінін ұстануға үйрету.
Салауаттылық - ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді.
Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады. 
Бала тәрбиесі әсіресе, мектептен тыс уақыттағы сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мән-мағынасы өте зор болып келеді. Бүгінгі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарастың жеткіліксіздігі азаматтардың рухани деңгейінің төмендігіне
және оның нәтижесінде жағымсыз жайттардың кең өрістеуіне себепкер болып отыр. Жастар денсаулығының нашарлауы, олардың ағзаларының ауруға қарсы тұру қабілетінің әлсіздігі , азып-тозуы, тез шаршағыштығы, өмірінің қысқа болуы – осы жайттардың айқын көрінісі. Бұл мәселелердің барлығы жастар арасында тәрбие жұмыстарының жұтаңдығының салдары екендігі даусыз. Жастары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса ол мемлекет қашанда әлсіз, қорғансыз. Жастар - біздің болашағымыз.Ал бізге болашағымыздың айбындылығы мен жарқындылығы қажет. Келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі жастар - ертеңгі қоғам иелері.
Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей
байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық
адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн. Сондықтан адам денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени әуес болып табылады.Бүгінгі таңда балалар мен жастардың денсаулық жағдайына басты назар аударуда.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:
- Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
- Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
- Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана
сүйену;
- Экологияландыру адам организміне қоршаған орта факторларының
әсерін білу;
- Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты
туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;
- Үздіксіз оқыту,салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз
қалыптастырып үнемі пайдалану;
- Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін
дайындау.
Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс.Мұғалім мектептегі басты тұлға.Қай мектептің болсын нәтижелі,жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне,көзқарасына тікелей байланысты.Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол бола-шаққа барар жол үстіндегі талапкерлер.
Қазіргі кезде мектептегі кешенді бағдарламалардың жеті саласын және «Атамекен» бағдарламасының 30 бағытының негізінде ала отырып,тәрбие жұмыстарын жүргіземіз. Бұл тәрбие салаларының мақсаты - дүниенің шындығын өз мәнінде танитын,эстетикалық сезімі жоғары, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсететін,ақыл-ой жағынан дамыған және өз халқын, елін сүйетін азамат тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының «Білім заңында» мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, адамзаттыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ой,танымдық шығармашылық қабілетін анықтау басты міндет екендігі айтылған. Осы міндеттердің жауапкершілігі негізінен мектептегі сынып жетекшісіне жүктеледі. Сондықтан оқушы бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік,ақыл-ой,танымдық сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құруды көздейді.
Денсаулық - адам бақытының бірінші байлығы. Денсаулық адам бақытының бірінші байлығы.Әрбір жасөспірімді сол бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы үшін қандай әдістерді қолдануды,жақсы жұмыс халін,күнделікті тұрмыс қиындықтарын жеңуі,белсенді өмір сүру жағдайларын білу қажет. Денсаулық - салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін,оның қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат,міндеттердің ең бастысы өзінің ісін,өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сол тәрбиенің бір түрі рухани байлық десек, артық айтқандық емес. Адам бойындағы жақсы қасиеттері мен игі істерінің қайнар көзі осы рухтан бастау алады.
«Он екі мүшең сау болса - жарлымын деме»,- деп халқымыз денсаулықты адам өміріндегі орнын,тән сұлулығын,жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға,теңестіруге болмайтынын ұрпақтарына ескертіп отырған.
Дене тәрбиесі мен салауатты өмірді, денсаулықты, салауаттылықты және табиғи факторларды пайдалану жолдарын халық педагогикасымен тығыз байланыстыра отырып, батыл да, жүректі, елжанды, парасатты дені сау,бақытты азамат тәрбиелеуде жетістіктерге қол жеткізу біздің парымыз.





































Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің»

5 бөбекжай-бақшасы













Баяндама

Тақырыбы:

Бала өміріндегі ертеңгілік жаттығудың маңызы











Тәрбиеші: Белгибаева П.А


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Бала ?міріндегі ерте?гілік жатты?уды? ма?ызы" атты баяндама

Автор: Бадракова Перизат Асат?ызы

Дата: 28.01.2016

Номер свидетельства: 284527


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства