kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баланы? тіл м?дениетін дамыта отырып, отанс?йгіштікке, рухани – адамгершілікке т?рбиелеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баланы? тіл м?дениетін дамыта отырып, отанс?йгіштікке, рухани – адамгершілікке т?рбиелеу.

І Кіріспе

Егеменді елімізді? б?гінгі та?да?ы е? басты ма?саты дамы?ан елдер ?атарына к?терілу болса, о?ан жетуді? бірден-бір жолы ?лемдік білім ке?істігінен орын алу болап табылады. Ал б?л ма?сат ?лтты? білім беру ж?йесіні? даму ба?ыттарын ай?ындап, оны ты? арна?а, жа?а сапа?а жеткізу ?ажеттілігін міндеттейді.  Осы міндеттерге орай ?лемдік сапа де?гейіндегі білім, білік, да?дыларды ме?геруіне ы?пал ететін жа?аша білім мазм?нын ??ру – жалпы білім беру ж?йесіндегі ?зекті м?селелерді? бірі.

           Мектеп жасына дейінгі балаларды о?ыту мен т?рбиелеуді? сапасын ?амтамасыз етуге де ерекше назар аударылуда. Елбасы «?аза?стан жолы-2050: Бір ма?сат, бір м?дде, бір болаша?» атты Жолдауында 2020 жыл?а ?арай  ?аза?станда?ы 3-6 жас аралы?ында?ы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% ?амтуды?, заманауи ба?дарламалар мен о?ыту ?дістемелерін, білікті мамандар ?сынуды? ма?ыздылы?ын атап к?рсетті. ?аза?станды?  мектепке дейінгі т?рбие мен о?ытды дамытуды? негізгі ?а?идаттары мен басымды?тары мемлекетімізді? Білім беру саласыны? м?селесі жылдар?а арнал?ан стратегиялы? жоспарында ай?ындал?ан. Осы стратегиялы? жоспарлар мен Жолдау негізінде ?азіргі уа?ытта мектепке дейінгі т?рбие мен о?ытуды? мазм?нын ?згермелі ?леуметтік жа?дайлар?а с?йкестендіруде, білім беру сапасын к?теру ма?сатында ж?мыстар ж?ргізілуде. Б?л ж?мыстар инновацияны? т?рлі т?сілдерін, о?ытуды? жа?а техналогияларын ?олданумен, осы салада е?бек ететін мамандарды? білімдерін ?немі жетілдіріп отыруларымен, осы білім мен біліктіліктірін н?тижелі т?жірибиеде ?олдана білулерімен ай?ындалуда. Мектеп жасына дейінгі балаларды о?ыту мен т?рбиелеуді? сапасын ?амтамасыз ететін, оны іске асыратын басты т?л?а т?рбиеші бол?анды?тан, б?гінгі та?да олар?а ?ойылып отыр?ан талаптар ?те жо?ары.

           ?азіргі та?да елімізді? мектепке дейінгі ?йым дара мемлекеттік стандартымызды, ?лтты? т?рбиемізді негізге ала отырып, о?у іс-?рекетін ж?ргізумен ?атар, бала т?рбиесіндегі ?лемні? к?птеген мемлекеттері пайдаланып отыр?ан ?здік инновациялы? технологияларды о?ыту мен т?рбие саласында ке?інен ?олдануда.

           Мектепке дейінгі жаста?ы баланы? т?л?асын дамытуда, ?леметтендіру ?дерісінде жа?а техналогиялар ерекше ма?ыз?а ие.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баланы? тіл м?дениетін дамыта отырып, отанс?йгіштікке, рухани – адамгершілікке т?рбиелеу»

Баланың тіл мәдениетін дамыта отырып, отансүйгіштікке, рухани – адамгершілікке тәрбиелеу.



І Кіріспе

Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты дамыған елдер қатарына көтерілу болса, оған жетудің бірден-бір жолы әлемдік білім кеңістігінен орын алу болап табылады. Ал бұл мақсат ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Осы міндеттерге орай әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік, дағдыларды меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің сапасын қамтамасыз етуге де ерекше назар аударылуда. Елбасы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамтудың, заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсынудың маңыздылығын атап көрсетті. Қазақстандық мектепке дейінгі тәрбие мен оқытды дамытудың негізгі қағидаттары мен басымдықтары мемлекетіміздің Білім беру саласының мәселесі жылдарға арналған стратегиялық жоспарында айқындалған. Осы стратегиялық жоспарлар мен Жолдау негізінде қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын өзгермелі әлеуметтік жағдайларға сәйкестендіруде, білім беру сапасын көтеру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар инновацияның түрлі тәсілдерін, оқытудың жаңа техналогияларын қолданумен, осы салада еңбек ететін мамандардың білімдерін үнемі жетілдіріп отыруларымен, осы білім мен біліктіліктірін нәтижелі тәжірибиеде қолдана білулерімен айқындалуда. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің сапасын қамтамасыз ететін, оны іске асыратын басты тұлға тәрбиеші болғандықтан, бүгінгі таңда оларға қойылып отырған талаптар өте жоғары.

Қазіргі таңда еліміздің мектепке дейінгі ұйым дара мемлекеттік стандартымызды, ұлттық тәрбиемізді негізге ала отырып, оқу іс-әрекетін жүргізумен қатар, бала тәрбиесіндегі әлемнің көптеген мемлекеттері пайдаланып отырған үздік инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбие саласында кеңінен қолдануда.

Мектепке дейінгі жастағы баланың тұлғасын дамытуда, әлеметтендіру үдерісінде жаңа техналогиялар ерекше маңызға ие.



ІІ.1. Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар.


Білім берудегі инновациялық дамуы, оның бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін негіз... ретінде қарастырылады.

Инновациялық технологиялар – заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайда баланың тұлғалық дамуында динамикалық өзгерістер есебінен нәтижеге жетуге бағытталған тәрбиелеу құралдары мен оқыту әдіс-тәсілдерінің жүйесі. Бүгінде кеңінен қолданылып жүрген педагогикалық инновациялар тәрбиелеу мен оқыту үдерісін өзгертуі немесе жетілдіруі мүмкін. Сапалы мектепке дейінгі білім беру, бүгінгі таңда білім берудің келесі деңгейлерінің қол жетімділігі мен сапасының арттырылуының негізі ретінде қарастырылады. Демек, әрбір мектепке дейінгі ұйымның жұмысына жаңа идеяалар мен техналогияларды енгізбей мектепке дейінгі білім беру жүйесін реформалау мүмкін емес. Инновациялардың игерілуі және таратылуының арқасында білім беру жүйесінің дамуы арта түседі. Сондықтан қазіргі таңда инновациялық іс-әрекет аясында жеке мектепке дейінгі ұйымдардың мамандары осы жаңашылдыққа тартылуда. Әрине, жаңа технологияларды пайдаланып, нәтижеге жету – әрбір тәрбиешінің жеке басының білімділігі мен біліктілігіне де тікелей қатысты. Өз мамандығын сүю, оның қыр-сырын жете меңгеру, тынымсыз ізденіс пен өзіне талап қоя білу, мемлекетіміздің білім беру саясатының талаптарын орындау-бүгінгі мектепке дейінгі мекеме басшылары мен тәрбиеші, әдіскерлерден жан-жақты ізденісті қажет етеді. Ал бұл қажеттілік инновациялық технологияларды меңгеріп, өз тәжірибиесінде батыл қолдана білуді талап етеді. Себебі, инновациялар бала тұлғасы мен қабілеттерінің дамуына бағыттылып, педагогикалық тәжірибеде қолданылатын жаңа әдістер мен формалар, құралдарды анықтап, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне айтарлықтай өзгеріс енгізеді. Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар екені баршамызға аян, себебі ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз-белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар.

Осы межеге жету үшін біз не істеуіміз керек?

Біріншіден, ұлттық білім берудің барлық буынының білім сапасын жақсартуымыз қажет және бұл игі істе бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бұл игі істі заманауи бағдарламалар мен білікті мамандар ғана шеше алады.

Дамыған елдерде функционалды сауаттылыққа, яғни, алған теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуге ерекше көңіл бөлінеді. Әлемдік PISA белгілеуі бойынша функционалды сауаттылықтың (граматикалық, математикалық, жаратылыстану) үш түрі белгілі. Осы үш түрлі сауаттылықты дамытуды басты нысанаға алған функционалды сауаттылықты дамыту 5 жылға арналған Ұлттық жоспарымен де таныспыз. Осы орайда, Елбасымыздың мына сөзінен: «...Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткізгісіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» еліміздегі білім беру мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын көруімізге болады.

Балабақшадағы және балабақшадан тыс тәрбие үрдісін жетілдірудің алғы педагогикалық шарттарының бірі – өркениеттің бүгінгі деңгейіне негізделген әлеуметтік –педагогикалық талаптарға сай жастарға білім мен тәрбие беру. Бұл әрине, адам баласының өткен ұрпақтарының қол жеткізген жетістіктерінен бас тарту деген сөз емес, қайта сол көненің негізінде жаңа мазмұн мен мағыналарға жеткізілетін түрлерде дүниеге келтіру арқылы бүгінгі күн талаптарына сай жас ұрпақты тәрбиелеу мүмкіндігін пайдалану.

Осы мүмкіндіктерді пайданалу инновациялық өзгерістер арқылы жүзеге асады. Инновациялық өзгерістер жүйелі сипатқа ие. Білім беру саласында туындайтын өзекті мәселелерді шешу- жаңа инновациялардың қайнары болып табылады.

Мәселелерді шешу- жүйені өзгерту, оны қалауға сәйкестендіру дегенді білдіреді. Бүгінгі таңда баланың дербестігі мен оның отбасының сұраныстарына бағытталған тәрбиелеу мен оқытудың вариативтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мектепке дейінгі ұйымның жаңа түрлері жаңа білім бағдарламалары жасалуда. Жаңа инновациялардың жалпы мақсаты- білім берудің ең жоғарғы нәтижесіне жетудегі білім беру ұйымының педагогикалық жүйесінің қабілеттілігін жақсарту.

Енді мектепке дейінгі ұйымның тәжірибесінде жиі қолданылып, нәтижеге жетіп жүрген технологияларға тоқталып өтейін. Мектепке дейінгі тәжірибеде жобалау технологиясы мектеп жасына дейінгі баланың кіріктірілген оқытуының тәсілі ретінде балалардың қызығушылығына негізделеді. Бұл технология балабақша тірбиеленушісінің өздік белсенділігін қарастырады. Өз бетімен әрекеттесу барысында ғана, балалар оларды қызықтыратын құбылыстар мен заттар туралы ақпаратты табу тәсілдеріне үйренеді. Іс-әрекетте жаңа оъектілерін құру үшін білімдерін қолданады.

Жобалау-зерттеу, ойын тәсілдері негізінде құрылған интеллектуалдық технологиялар балалардың айрықша қызығушылығын туғызады, себебі, олар балалардың математикаға, мәдениетке, тілдерге, логикаға жан-жақты дамытуға бағытталған. Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісіне инновациялық осындай технологияларды ендіру әрбір баланың жеке сұраныстарына барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Сондықтан мектепке дейінгі ұйымның тәжірибиесінде жобалау технологиясы белсенді енгізіліп жатқан инновациялық технологиялардың бірі болып табылады. Жобалау- педагогикалық үдерісте баланың жеке бағдарын өзектендіретін педагогикалық технология. Бұл технология педагогикалық үдерісті балабақшаның қабырғасынан айналадағы әлемге шығаруға, яғни, баланың жасына лайық білім, білік дағдыларды меңгеруіне негіз болады. Жобалау іс-әрекеті «атқарушыны» емес «әрекетшілді» тәрбиелеуге, тұлғаның еріктік сапаларын, серіктес әрекеттестіктің дағдыларын дамытуға, іс-әрекеттердің әр түрін кіріктіру, әр түрлі үйлесімде қолдануда көптеген мүмкіндік беретін білімді игерудің түрі болып табылады. Осы технологияны сауатты, ізденіспен қолдану- мынандай нәтижелерге жеткізеді:

  • баланың өзіндік танымдық іс-әрекеттерін белсендіреді;

  • қоршаған ортаны баланың игеруіне, оны жан-жақты зерттеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытады;

  • талдау мен жалпылау дағдылары мен сөз, ойлау, зейін, елестің дамуына ықпал етеді де, баланың бастамшылық, өзгертушілік белсенділігінің мүмкіндіктері едәуір өседі;

Мұндай таныдық қажеттіліктердің дамуы баланың азаматтық ұстанымының қалыптасуы үшін маңызды. Осы мәселелер ескеріле отырып, балабақша бағдарламасында «Құрастыру» пәні енгізілген.

Қазір мектепке дейінгі ұйымдарда әлемнің көптеген мемлекеттері пайдаланып отырған үздік тәжірибе де кеңінен пайдаланылуда. Солардың бірі - атақты итальяндық дәрігер-психиатр, педагог Мария Монтессоридің әдісі. 1870-1952 жылдар аралығында өмір сүрген Монтессори өзінің жеке балабақшасын ұйымдастырып, онда тәрбиелеу мен оқытудың басқаша жүйесін қолданады. Тәрбиешіден баланың даму процесіне араласпау, тек оның өзін-өзі тәрбиелеуіне жағдай жасау талап етіледі. Балалардың ақыл-ойын дамытуда Монтессори еркеше дидактикалық материалдар ойлап тапты. Бұл материалдар негізінде балалар заттарды көлемі мен түрі, иісіне қарай ажырата білуге дағдыланады. Жалпы алғанда, бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді мұндағы бала. Тәрбиеші әрқашан мейірімді, балаға басшылық ете отырып, баламен дайындалған дидактикалық орта арасында елші болады.

М.Монтессори әдісінің өміршеңдігі сонда, ұлттық, діни, мәдениеттілік дәстүрлерді жалпы философиялық тұжырымдамалық тәрбиемен жарастыра біріктіретін, әдістемелік базасы бойынша тұтас, ұшқыр авторлық жүйе болып табылады. Қандай инновациялық технологиялар болмасын, олар тек қолданушы тәрбиешінің шығармашылық қабілеті жоғары деңгейде болғанда ғана нәтиже берері анық. Демек, жаңа технологияларды өз тәжірибесінде қоданып, жетістіктерге жетіп, бүгінгі күн талаптарын орындау үшін қазіргі тәрбиеші:

  • Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

  • Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінде жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

  • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

  • Балалармен ортақ тіл табыса алатын;

  • Білімді,іскер, шебер болуы керек;

Осы орайда, алты Алаштың ардақтысы, тұңғыш психолог, жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөзін айта кету артық болмас: «Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол-үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер».


ІІ. Балалардың жеке тұлға болып қалыптасуындағы даму мен тәрбиенің рөлі.


Мектепке дейінгі жас – баланың өзін қоршаған әлемді белсенді тану кезеңі. Өмірге алғаш қадам басқан бала өзі үшін жаңалықтар аша бастайды. Ол бөлмедегі, үйдегі, балабақшадағы заттармен танысып, әр түрлі дыбыстарға еліктеп, олардың сапасы мен құрылымын танып біледі де, көрнекілікті бейнелі, қимыл-әрекетті ойлауы қалыптаса бастайды. Бұл кезеңде бала назары қызылды-жасылды, жарқыл әлемге, әр түрлі формалы заттарға ауғыш келеді, сондықтан тәрбиелеу процесінде баланың ойлау белсенділігін арттыратын ойыншықтар мен ойын әдістері кең қолданылады. Жас баланың қоршаған әлемін сезіммен қабылдауы әр тәрбиешіден төзімділік пен біліктілікті, табиғи мейірімді талап етеді. Мектеп жасына дейінгі балаларға еліктеу тән. Балалардың осы ерекшеліктерін үлкендер мен тәрбиешілер өз тәжірибелерінде пайдалана отырып, оларды бірін-бірі құрметтеуге, ересектерді сыйлауға, табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелейді.

Мектеп жасына дейінгі даму кезеңдері бір-бірінен баланың психофизиологиялық және жеке қабілеттері арқылы ерекшеленеді. Балалардың осындай қасиеттерін жете білетін, олармен жұмыс істеу әдістемесін теориялық тұрғыдан меңгерген тәрбиеші олардың даму мен тәрбиелеудің баспалдақтарымен топтан топқа жетістікпен апара алады. 15-20 жылдан кейінгі өмірге белсене араласатын тұлға бүгінгі балабақшада қалыптасуда. Мектепке дейінгі балаларды дамыту, оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламасы қандай болу керек? Бүгінгі балабақша тәрбиеленушісінің оқуы мен тәрбиесінің міндеттерін айқындап, болжам жасау- мектеп жасына дейінгі педагогиканың міндеті. Жалпы, білім беру саласында жеке тұлға тәрбиелеуде даму, тәрбие ұғымдары өте жиі кездеседі. Бүкіләлемдік нәтижелі жаңа технологияларды бүгінгі күн талаптарына орай оқып, бағалауда өзінің ғылыми ізденісін жүргізуде шығармашылықпен еңбек ететін тәрбиешіге педагогикалық негізгі ұғымдардың мәнін ашып, түсініп алудың маңызы зор.

Даму – қоршаған ортаның әсерімен бала ағзасының психикалық өзгерістерге ұшырауы. Сыртқы әсерден баланың ішкі әлемінде оның мүмкіндігі мен жаңа талаптар арасында қайшылықтар пайда болады. Бұл қайшылықтарды реттеудегі қозғаушы күш – баланың дамуы болып табылады. Баланың дамуы – физикалық, психикалық, әлеуметтік жетілу нәтижесінде жүзеге асады. Физикалық даму баланың бойы мен салмағы, сезім ағзаларының, бұлшық еттерінің жетілуі, қимыл-әрекетінің өзгеруімен байланысты. Ал психикалық даму нәтижесінде баланың танымдық, еріктілік, сезімталдық қасиеттері қалыптасады. Әлеуметтік дамуы баланың қоғам өміріне араласуы, айналасына деген қарым-қатынасының ерекшеліктерінен, ұжым өміріне қатысуынан қалыптасады. Осы үш түрлі даму түрлерін өзара үйлестіре жүргізу нәтижесінде бала биологиялық индивидтен қоғамның жеке тұлғасына айналады. Жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында тұқым қуалаушылық пен ортаның, жанұяның рөлдері ерекше. Дегенмен осы факторлардың ішінде баланың дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында отбасының рөлі ерекше. Отбасы баланың алғашқы рухани және әлеуметтік қалыптасуына әсер ете отырып, бала үшін белгілі дәрежеде тұрмыстық, мәдени орта жасайды. Баланың қалыптасу мен даму жағдайы отбасындағы бала санына да қатысты болады. Отбасы мүшелері баланы жағымсыз жағдайлардан қорғап, денсаулығының мықты болуына, айналасындағылармен қарым-қатынасқа түсе білуіне қамқорлық жасайды. Отбасының әсері баланың есею кезеңдерінде де сақталады. Баланың көзқарастары мен дамуы дүниетанымы білім беру мекемелерінде қалыптасады деп есептелгенімен, отбасындағы ата-ананың саяси-қоғамдық белсенділіктері мен дүниетанымдық көзқарастарының балаға әсері өмір бойы сақталады. Өйткені, отбасы- баланың дамуы мен есеюінің алғашқы, туған ортасы. Кейбір жағдайларды рухани жағдайы талапқа сай емес отбасында тәрбиеленген баланың көзқарастарына білім беру мекемелеріндегі оқыту мен тәрбиелеу қайшылық туғызады. Міне, осы кезеңде баланың айқындалған бағыты пайда болғанша, ерекше назарда ұстау керек.

Даму ұғымымен қатар жүретін, баланың жеке тұлға болып қалыптасуында ерекше рөл атқаратын екінші бір ұғым – Тәрбие. Тәрбие – мақсаты процесс ретінде қоғамда белгіленген нормалар мен ережелеріне сай адамның тәртібін қамтамасыз етеді, сонымен бірге оның тұлғалық жеке қасиеттерінің қалыптасуына жағдай жасайды. Тәрбиенің жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында әсері зор. Дегенмен бұл әсер күші кейбір жағдайларға бағынышты болып келеді.

Тәрбие – екі жақты процесс. Егер тәрбиеленуші тәрбиешінің талаптарын түсініп, оны қабылдап, белсенділікпен орындаса ғана тәрбиелеу ойдағыдай нәтижеге жетеді. Тәрбиенің басты нәтижесі - жеке тұлғаның рухани қажеттіліктері мен қызығушылықтарын дамыту.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиенің негізгі мақсаты айқын, өзі өмір сүретін қоғамның талаптарына жауап бере алатын жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.

Мектепке дейінгі жаста баланың жан-жақты қызығушылықтары дамиды. Әсіресе, баланың әуесқойлығын қамтамасыз ететін танымдық қабілетін дамытудың маңызы ерекше. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында бала бойында жинақталған әлеуметтік тәжірибе мен білім, дағдылар, оның мектеп өміріне дайындығының дәрежесін айқындайды.

Тәрбиешінің күнделікті өмірінде жиі қолданылатын тәрбие мен оқыту байланысты ұғымдар: білім, білік, дағды. Біздің жұмысымыздың басты мақсаттары да осы ұғымдарға тікелей байланысты. Ал, білім мен оқыту ұғымдарының бірін-бірі толықтыратын мазмұндарын ажырата білудің де мәні зор. Өз жұмысын шығармашылық–зерттеумен байланыстырып, ақпарат ағымы кең, бүгінгі өмір талаптарынан қалғысы келмейтін тәрбиеші шығармашылық қадамын осы сөздердің мәніне терең үңіліп, зеделеуден бастауы керек.

Білім – қоғамдық аса қажетті білім, білік, дағдылардың белгілі мөлшерін игеру.

Оқыту – білім беру мекемелеріндегі оқу процесі арқылы мұғалімдердің басшылықтарымен танымдық әрекеттердің әдіс-тәсідері мен балалардың білім, білік, дағдыларын дамыту.

Білік – алған білімі негізінде баланың белгілі бір айқындалған әрекеттерді орындай алу қабілетінің қалыптасуы. Білік пен тынымсыз әрекетте пайда болады.

Дағды – алған білімі нәтижесінде баланың әрекетті қатесіз, жылдам орындай алу қабілеті. Дағды айқындалған әрекеттерді бірнеше рет орындау, яғни, дағдылану нәтижесінде қалыптасады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Жанысбекова Жанар ?мір?ызы

Дата: 14.02.2016

Номер свидетельства: 293267


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства