kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

БАЛАНЫ ЕҢБЕККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі болып балаларға ұлттық негізде тәрбие беру қажеттілігі туып отыр. Соның ішінде еңбек тәрбиесі, адамгершілік, рухани экономикалық, тағы басқа тәрбиелерді қамтамасыз ететін негізгі тәрбие болуы тиіс. Балалардың өмірге бейімділігі, олардың іскерлігі көптеген жағдайда отбасында, мектепте еңбек тәрбиесін ұйымдастыруына, жүргізілуіне байланысты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«БАЛАНЫ ЕҢБЕККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ»

БАЛАНЫ ЕҢБЕККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ



Бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі болып балаларға ұлттық негізде тәрбие беру қажеттілігі туып отыр. Соның ішінде еңбек тәрбиесі, адамгершілік, рухани экономикалық, тағы басқа тәрбиелерді қамтамасыз ететін негізгі тәрбие болуы тиіс. Балалардың өмірге бейімділігі, олардың іскерлігі көптеген жағдайда отбасында, мектепте еңбек тәрбиесін ұйымдастыруына, жүргізілуіне байланысты.

Отбасында ғана болашақ ұрпағымызға біз өмір туралы, айналада қоршаған орта, табиғат, адамдар қарым-қатынасы жайлы ең алғашқы ұғымдар береміз. Бұл жұмыстың жүзеге асырылуына, әрине, ұрпақтар тәжірибесі кеңінен қолданылады.

Әр ата-ана өзінің баласын тәрбиелей отырып, өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін ешуақытта да ұмытпауы тиіс. Егер әр ата-ана өзінің баласын саналы, адамгершілігі мол, рухани жағынан жетілген, еңбекке бейім, қолынан әр түрлі өнер келетіндей етіп тәрбиелесе, онда біз егеменді еліміздің болашағы жарқын деп айта апар едік.

Кейбір ата-аналарымыз өз балаларын қиыншылықтан қорғап, барлық жағдайлар жасап, «не киемін, не ішемін» деп ойландырмай, өсіргенмің арқасында көптеген жағдайларда мансапқор, өзімшіл, қолынан еш нәрсе келмейтін, соның салдарынан әр түрлі қылмысқа баратын балалар тәрбиеленеді. Сол ата-аналар баласының сондай жағдайға қалай жеткенін білмейді, өздерінің тәрбиелеу барысында жіберген қателіктерін кеш түсінеді. Балалардың бойында еңбекке деген санапы, шығармашылық қатынасты тәрбиелеуде және сол қатынасты қоғамдық парыз ретінде түсіндірудің рөлі өте зор. Ата-аналар мен балалардың бірігіп атқарар ісі неғұрлым көп болса, соғұрлым әке-шешесінің ұл мен қызға ықпалы, үлгісінің күші де зор болмақ. Ата-ананың жеке басының ықпалы балалар үшін ешқандай салыстыруға келмейтін ұлағатты өнеге. Балалар жақсы-жаманды бірдей көріп өседі, ең абзалы жақсы-жаманды айыра білуі, оны ұғындыратын әке мен шеше, үлкендер балаларына адамдарға сый-құрмет көрсетудің, еңбекке шын ниетімен, бар ынтасымен кірісудің өнегесін көрсетеді. Соның негізінде балалар еңбекті сыйлап, ешқандай қиыншылықтан бас тартпауды, өз еңбегінің нәтижесін көріп, қуануды үйренеді.

-  Балам, не істесең де адал істе, -деп үйретеді әкесі баласына.

- Ісіңді тындырымды, ұятқа қалмайтындай атқар, — дейді. Әкесінің бұл өсиеті бала көңіліне ұялайды. Баласы бұл құр сөз емес екенін біледі, өйткені оның әкесі өзінің әр ісіне солай қарайды, өзі сондай өнеге көрсетіп отыр. Бала айналадағылар оның әке-шешесін қалай құрметтейтінін күнделікті көріп отырып, ол құрмет ата-анасы еңбегінің нәтижесі екенін, тек қана адал еңбектің арқасында ғана адам сыйлы екенін түсінеді. Еңбекке, ұжымға деген қарым-қатынасы арқылы адамның адамгершілік болмысы анықталады.

- еңбекке деген дағды, іскерлік қалыптаспаған жағдайда оның азаматтық сенімділігі жүзеге аспайды. Өз ісіне мұқият, адал болу — адамгершілік нышаны, ал ондай адам бағалы және сыйлы.

Жауапкершілікті, міндеттілікті, өз ісіне адалдықты балалардың бойында күнделікті еңбекте жүйелі ұйымдастырмай, тәрбиелеу мүмкін емес. Еңбекке ынтаны және дағдыны қалыптастыруда ата-ананың орны зор. Бала бастаған ісін басқаға сілтемей, аяғына жеткізуді ата-ана қадағалауы тиіс. Ақылды ана қызын кішкентайынан өзіне көмекші етіп тәрбиелейді, оның жұмысын күнделікті күрделендіре отырып нәтижесін байқайды, қажет болғанда мақтал, егер қателіктері болса көрсетіп, бірге орындап көмектеседі. Сонда ғана тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиеленеді. Ұл балалар үй шаруашылығына әкесінің бар ынтасымен араласатынын көріп, қарап отыруға болмайды, егер отбасы, көпшілік игілігі үшін атқарылса, ешқандай істің әбестігі, ұяттығы жоқ екенін түсінеді. Әке балаға құрал-саймандарды қолдануды, таза, ұқыпты, жылдам жұмыс істеуді үйретеді. Барлығынан да осындай біріккен еңбек барысындағы ата-ана мен балалардың өзара қарым-қатынасы тәрбиелік ықпалы мол әрекет. Жастайынан ата-ана балаларының икемсізідігіне мән бермей, оның бойында жалқаулық, еңбекке қырсыздық, немқұрайлылық «тұқымдарын сеуіп» өсірсе, үлкейген соң олардың өмірге бейімделуі қиын. Ұл балалар әскерге және еңбек жолында икемсіздік көрсетсе, қыз балалар тұрмыста көп қиыншылық көріп, тағдырларында әртүрлі қиын жағдайлар болуы мүмкін. Сол себептен ата-ана баласын қиыншылықтан қорғап, оларға алаңсыз балалық шақ қамтамасыз етемін демей, олардың тағдырына терең үңілуі тиіс.

Еңбек тәрбиесіне көңіл бөлмеген жанұяларда балалар бос уақытын көлтеген жағдайда әр түрлі өткізіп, қызық қуумен болады. Ол жастардың азғындауына апарып соғатын бірден-бір нақты жағдай.

Қаншалықты қиын, қызықсыз болғанымен істі аяғына жеткізіп бітіру керек. Бұл — еңбек тәртібі. Кейін нығайып, ол қызмет барысында көрініс тауып, болашақта жауапкрешілікке жалғасады. Юрий Рытхэу деген жазушы бір мақаласында былай деген: «өз ісіне берілген, мамандығын бар тәнімен сүйетін, өз қалауына сенімді адамдардың да шаршап, көңіл-күйінің болмайтын сәттері болады. Сонда ол «керек», «мен осы істі атқарауым тиіс» — деп өзіне өзі бұйрық беріп, арына сүйенеді. Еңбекке осындай қатынасты біз балалар бойында аз тәрбиелейміз». Жазушы балаларға «қажет, керек» деген сөзді жиірек айту керек деп ақыл береді.

Еңбекке қызығушылықты дамытып отыру мақсатымен балаларға бұрын берілмеген жаңа тапсырмалар беру тиіс, ол өзінің жаңалығымен, шығармашылық қиыншылықтарымен қызықтырады. Балада істі ұзақ, тиянақты орындау дағдысы қалыптасады. Тапсырма беру барысында күрделі және қарапайым, қызық және қызық емес әрекеттер алмасып отыратын істер таңдаған жөн, өйткені бала тапсырма орындау барысында тек қана орындаушы емес, сонымен қатар ұйымдастырушы да. Баланың бос уақыты жоқтығы, белгілі бір іс-әрекет пен қызығушылығы, баладан болашақта нағыз іс адамы шығатынына сенуге болады. Бос уақытының қалай өткізілетінін білмей, күн-түн демей, көше кезіп жүрген балалар әр түрлі әрекеттерге барады. Оның ең бастысы — оқуға, еңбекке қызығушылықтың жоқтығының салдары. Ата-ана жоғарыдағы аталған жағдайларды болдырмау үшін өз балаларының еңбекке қызығушылығын үнемі арттыра отырып, баланың бос уақытын пайдалы өткізуін қадағалап, баланың болашағына көңіл бөлу тиіс. Сонда ғана өгемен еліміздің нағыз іскер, ақылды, парасатты азаматтарын тәрбиелейміз. Әр ата-ана «Ел боламын десең — бесігіңді түзе» деген қағиданы естен шығармауы тиіс.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
БАЛАНЫ ЕҢБЕККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ

Автор: Омарова Маржан Кожабаевна

Дата: 12.11.2016

Номер свидетельства: 358171


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства