kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балаларды? лэпбук ар?ылы танымдылы?-зерттеу ?абілеттерін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Работа на тему: развитие познавательно-исследовательской деятельности дошкольников посредством лэпбука.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балаларды? лэпбук ар?ылы танымдылы?-зерттеу ?абілеттерін дамыту»

Тақырып: «Лэпбук арқылы мектепке дейінгі балалардың ТАНЫМДЫЛЫҚ- ЗЕРТТЕУ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ДАМЫТУ»


Жетписова Алия Урумбаевна №3сәбилер/бақшасының тәрбиешісі

Павлодар қаласы

Е-mail:[email protected]

Аннотация: «Лэпбук» - мектепке дейінгі балалардың танымдық – зерттеу белсенділігінін дамуы түрінін инновациялық формасы, балалардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамуына жақсы әсер тигізеді, бір проблеманы шешу жолында әр сала бойынша білімдер алады және алған білімдерін қолдана алады.

«Лэпбук» - инновационная форма развития познавательно-исследовательской активности детей дошкольного возраста, как один из самых эффективных видов деятельности детей, который положительно влияет на развитие умственной активности и творческой самостоятельности, и позволяет интегрировать сведения из разных областей знаний для решения одной интересующей нас проблемы и применять полученные знания на практике.

" Lapbook " children of pre-school in the form of educational and research activities on the development of innovative thinking , will have a positive effect on the development of creative abilities to solve a problem every industry knowledge and can apply the knowledge gained .


Тірек сөздер: лэпбук; Қазақстан халқының мәдениет; салт –дәстүрлері.


Өз білімімді көтеру тақырыбымның мақсаты :" лэпбук арқылы балалардың танымдылық қабілеттерін және тәжірибелік іс-әрекетінін түрлерін дамыту.

Интерактивтік папка – лэпбук / Lapbook / - бұл қолдан жасалған кітапша бірнеше қалташаларымен, терезелерімен , конверттерімен , қозғалмалы детальдарымен ерекшеленеді. Бала оларды алып, салып, қарап, ойнап алады.Нақты бір тақырып бойынша зерттеп, оқып үйренген іс-әрекеттің қорытынды кезеңі. Осы папканы толтыру үшін бала бірнеше әрекеттер жасау керек: бақылау жасау, берілген материалды оқып дайындау, тапсырмаларды орындау. Ләпбукты жасағанда балалар білімдерін толықтырады, өткен материалды қайталап, пысықтайды. Алған білімдерін бір жүйеге келтіреді, папканы алғанда өткен тақырыптар естерінде қалып, ойға тез келеді.

Лэпбук арқылы келесі міндеттер атқарылады: 1. Балаларды ересек адамдармен және өзіңің құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас құруға тәрбиелеу, бірігіп іс-әрекет жасауға үйрету.2. Балалардың танымдылық белсенділігін, өзділігін дамыту. 3. Ойлау қабілеттерін, логикасын дамыту. 4. Балаларды өз бетімен ақпарат жинауға, өз қалауы бойынша материалды ұйымдастыру. 5. Жаңа тақырыпты дұрыс түсініп және есте сақтауға, алған білімдерін өмірлік жағдайларда қолдану.

Лэпбук бойынша жұмыс жасау жөнінде нақты бір тақырып алдым. Ол келесі тақырып: « Қазақ халқының мәдениеті және салт-дәстүрі». Осы тақырыпқа 6 блок кіреді, әр тақырып кішкентай бір тақырыптарға бөлінген. Тақырыпты таңдағанда негізіне « Біз мектепке барамыз» бағдарламасы, жылдық міндеттер, апталық лексикалық тақырыптар алынды. Тақырыпты толықтай ашу үшін үш сұрақтың моделі алынады: «Бала не біледі?», « Бала нені білгісі келеді?», « Не істеу керек білу үшін?» Әр блоктын тақырыбы – бұл бір парақ қағазы

А-3 форматында . Осы қағазды әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекет өткен соң кішкентай тақырыптармен толтырылады. Әр тақырып қалташалар, конверттер, блокнот, « сырнай» түріндегі кішкентай кітапшалар формасында жасалады. Осы дайындаған қалташа немесе конверттерге тақырып бойынша жиналған ақпараттар салынады. / суреттер, фото, ойын, мәтін т.с.с./

Осындай шығармашылық жұмыспен айналысқан бала тек қана қызықты кітаптің құрастырушысы емес, ол енді дизайнер, суретші-иллюстратор,өзінің құрастырып шығарған оқиғаларынын, ертегі, жұмбақтарынын авторы болады. Қызықты түрде өткізілетін жұмыс түрі балалардың танымдылық, шығармашылық қабілеттерін дамиды.

Лэпбук- ол интерактивтік әдістеме, оны құрастыру жөнінде келесі әдіс-тәсілдер қолдану болады: салыстырмалы талдау, ізденіс, проблемалық сұрақтар, дидактикалық ойындар, әңгіме, сипаттау, сюжеттік ойындар т.с.с.

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматтық пен имандылыққа баулу – тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Бұл саладағы күш-жігер алдымен бүлдіршіндерді отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталуы тиіс. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі, ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең-байтақ гүлжазира даласы, тау-тасы, өзен-көлі,сылдырлап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де қүдіретті алтын бесігі ретінде қабылдануы тиіс. Мектеп жасына дейінгі балаға «Отан» , « Туған жер» дегеніміздің тарихи қалыптасқан әлеуметтік, саяси және мәдени орта екенін, ол халықтың тұрмысы еңбегі, өнері, тілі, ұлттық дәстүрмен байланысты екенін таныту арқылы қарапайым адамгершілік сезімін дамыту басты мақсаты болып табылады.

Тарихқа көз жүгіртсек халқымыз ата-бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қазынасын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланған бала тәрбиесіне ерекше мән бере, үміт арта, сергек болған.Жас ұрпақтың алдына асқарлы мақсат қойылып, келесі міндеттер жүктеген, «болашақ ел қамқоры», « Отан қорғаушысы» , « шаңырақ иесі» , « өмір гүлі» - деп жақсысын баласына арнаған. Халық ауыз әдебиетінде, ақын-жыраулардың шығармаларында, халықтың тәрие дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, отбасындағы тәрбие, халық ойындары мен мерекелері, музыкалық шығармалары, бейнелеу өнері, қолөнер туындыларында тәрбиелік мазмұнда көрініс тапқан.

Қазақ халқы салт-дәстүрге бай, атап айтсақ:

-Бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлер;

-Тұрмыстық салт-дәстүрлер.

-Әлеуметтік - мәдени дәстүрлер;

Бөбектің алғашқы тыңдайтың өлеңі « Бесік жыры» балаға деген махаббаттан , ел азаматы болсын деген тілектен туған ойлар. [ 5,б.6]

Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде бала жас кезінен бастап көпшіл, ынтымақшыл, үлкенге сый-құрмет көрсете білетін, өнегелі адам болуға , адамгершілікке тәрбиелейді. Бүлдіршіндерді өз халқының мәдениетін, салт- дәстүрлерін , мерекелерін, әдебиетін жастайынан танысып білгені жөн деп санап, осы тақырыпты таңдадым және өздері бірігіп ересек адамдармен ақпараттарды жинап, бірігіп жұмыс жасауды жөн көрдім.

Жас кезінде әңгіме, ертегі, жырларды көп тыңдаған бала өз көрген-білгенін қиыстырып,тұспалдап, достарына, тәрбиешілерге, ата-анасына айтып беруге шеберленеді. Мұндай тамаша қасиеттер баланы қай жағынан болса да парасатты, инабатты, әдепті, еңбексүйгіш, көргенді етіп тәрбиелейді. Баланын туған елін, халқын,өз ұлтын, ана тілін сүюі, оны қадірлей білуі, отбасында, балабақшада жақсы тәрбиеленуі оларға жас кезінде кітап оқып беруге, оны әсерлі етіп айтуға да байланысты.[3,б.4]

Әр бала кішкентай кезінен өзінін елінін тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерді білсе, ертең болашақта үлкен патриот болып өседі. Сондықтан осы тақырыпты алуға жөн көрдім.

Лэпбук бойынша жұмыс жасау өте қызықты және бала өзіне көп ақпараттар алады. Лэпбук түрлері бойынша келесідей болады: оқуға арналған, құттықтауға арналған, автобиографиялық, ойынға арналған т.с.с.

Ал формасына қарай: стандартты екі айналымды, «сырнай» кітапша, пішінді папка, 3-5 айналымды папка.

Лэпбук бойынша жұмыс жасау артықшылығы:

  • Қүрделі ақпаратты құрылымдауға көмектеседі.

  • Танымдылық қызығушылықты және шығармашылықты дамытады

  • Қызықсыз тақырыптарды түрлендіреді.

  • Тақырыпты оңай жолмен есте сақтауды үйретеді.

  • Бүкіл отбасын / балабақшадағы балалардың тобын/ қызықты және пайдалы іс- әрекеттер үшін біріктіреді.


Интерактивтік әдістемесін құрастыруға қойылатын талаптар:

  • Оқу материалынын нақтылығы.

  • Іс- әрекеттің әр кезеңіндегі оқып жатқан материалдың бөлімдерінің логикалық өзара байланысы.

  • Өтіп жатқан тақырып бойынша көп ақпарат жинастыру.


«Лэпбук» - мектепке дейінгі балалардың танымдық- зерттеу белсенділігін даму түрінің инновациялық формасы. Лэпбук арқылы балалардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамуына жақсы әсер тиеді, бір мәселені шешу жолында әр сала бойынша білімдер алады және алған білімдерін қолдана алады.


Пайдаланған әдебиет:

  1. Сыдықов Е.Б., Татаурова Н.Л., Шепелева А.П.,Саймасаева Г.А.

«5/6/ жастағы балаларды мектеп жағдайында мектепалды даярлаудың бағдарламасы» Астана 1999

  1. Гринцевич Г.В. « Бүлдіршіндермен қызықты әңгімелер» Көкшетау « Келешек 2030»

  2. Еденбаева З.Д. « Ойнайық та ойлайық» Алматы: Рауан, 1995

  3. «Бала мен балабақша» республикалық педагогикалық журнал №9 2010

  4. Оразақын А. « Алтын абдыра» Балауса баспасы 2007














Лэпбук «Жаңа Жыл».

«Төрт-түлік».

Лэпбук «Күз мезгілі».

Лэпбук бойынша өткенді қайталау.

Лэпбук «ҚАЗАҚСТАН».

Лэпбук бойынша рәміздерді қайталау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Балаларды? лэпбук ар?ылы танымдылы?-зерттеу ?абілеттерін дамыту

Автор: Жетписова Алия Урумбаевна

Дата: 16.05.2016

Номер свидетельства: 327356


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства