Просмотр содержимого документа
«Балаларды? балаба?ша?а ?йренуге ?сер ететін жа?дайаттар »
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы
Жамбыл ауыл әкімшілігі Абай елді мекені
«Әйгерім» бөбекжай балабақша
Меңгерушісі: Жантуреева Нургул Ибрагимовна
Балалардың балабақшаға үйренуге әсер ететін жағдайаттар
Көптеген балалар балабақшаға 2, 5-3 жастан бастап бара бастайды.
Кейбіреулері үшін үй жағдайынан басқа ортаға ауысу, таныс адамдармен, ойыншығымен қалысып келесі бір ортаға тез үйренісіп жатса, ал басқалары үшін үлкен күйзеліс. Мінез-құлығындағы өзгеріс, денсаулығындағы кедергілерімен көңіл күйінің болмауы одан әрі күйбеленушілікке, жүйке жүйесінің бұзылуына әкеліп соғады.
Кез –келген балаға алғашқы рет балабақшаға бару-үлкен күйзеліс.
Бұған дайын деген баланың өзі жаңа ортаға үйрену барысында күйзеліске ұшырайды, әрине қасында өзі үйренген жақындарының болмауы, әрқашан қолдайтын ата-анасының жанынан табылмауы, мүлдем бұрын көрмеген балалардың болуы, танымайтын ересектерді көру және оларды тыңдау, өздеріне жат ыдыстан тамақтануы, үйренбеген төсекке жатуы.....
2-3 жастағы нәресте ойыншықпен ойнауға, басқа баламен тіл табысуға немесе түсінуге, қалағанын сұрауға, ойын жеткізуге,сезімін білдіруге қауқарсыз.
Бөгде адамдармен қорқатын да балалар кездеседі.
Тәрбиешілер үшін де топқа балалардың келуі –үлкен сын.Осы кезде балалардың арасында дұрыс көзқарас, достыққа негізделген берік орта қалыптастыру керек. Одан кейінгі талаптар, оқу үрдісі, жеке басына қызмет көрсету тағы басқасы толықтырылып отыратындықтан, бала ортаға тез бейімделеді.
Ата-анамен жұмыс, баласын балабақшаға әкелместен бұрын басталуы қажет. Баласын тіркеу барысында ата-ана балабақша тәртібімен, баласының сол ортаға үйренуіне қандай көмек көрсету керектігінен хабардар болуы қажет.
Ата-аналарда өз тараптарынан балаларының жаңа өзгерістерге икемделуін, ортада өзін ұстау ерекшеліктерін айтуы қажет. Егер баланы ерте бастан күн тәртібіне үйреткен болса, өздігінен әжетханаға сұрана алатын болса, ұнтақталмаған немесе әртекті тағамға дайын болса, ойыншықтарымен ойнай алатын болса, басқа балалармен тіл табысаалатын болса, тәрбиешңге сенімді болса, онда бейімделу кезеңнен жеңіл өтетіні анық. Ал егер керісінше бала бұл жағдайларға дайындалмаған болса, кейбір жағдайда жүйке жүйесінде олқылықтар болған болса, онда өкінішке орай ондай баланың жаңа ортаға бейімделу үрдісі қиындай түседі.
Топ тәрбиешісі біріншіден балабақшағакеле бастаған балалардың психикалық дамуымен және физикалық деңгейі жағынан өздерінің қабілеті бойынша, әр түрлі болатынын кездестіре бастайды. Кейбір балалар 2жас шамасында келеді және өздігінен жүре алмайды және ойнауды білмейді, балаларды жатырқайды сонымен қатар анасын үнемі сағынады. Енді біреуі 3жаста келеді және не нәрсеге болсын икемді, бірақ балалар ортасына қалыптаспаған, итеріп және ұрып жіберуіде мүмкін. Осыған байланысты белгілі бір қысқа мерзімде барлығын,не болып жатқанын және олардан не талап етілетінін ұғатын бір деңгейдегі топты жинақтау қажет. Белгілі болып отырғандай, бірінші болып өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым –қатынасқа еркін түсе алатын, өз бетімен және басқа балалармен ойнай алатын балалар тез бейімделеді.
Ойыншықтармен ойнай алатын бала әр қашан үнемі жақсы көңіл күйде болады, басқа балалармен жақсы оңай қарым қатынасқа түсе береді, ең алдымен олардан әр түрлі іс-әрекеттерді қайталау барысында, ал одан кейін басқа ойынсыз –ақ тілдесе алады.
Көптеген бала бақшаларға ата-аналар бірінші аптасында толық емес күнде балаларын алып келеді, шамалы уақытқа (әдетте түске дейін)тек қыдыру мақсатында. Осындай қысқа кездесулерден кейін бала ата-анасыз қалуға, шамалы уақытқа, одан кейін уақыт созыла келе өз еркімен қалдыруға болады. Көрсеткендей оныншы күнен бастап, бала қалыптасады. Жоғарыда айтылғандай, осындай қысқа кездесулер тек таңғы қыдырыста емес кешке де болғаны дұрыс. Өйткені бала көбін танып, басқа топ балаларынан үлгереді және ең бастысы –барлығының ата-анасы оларды алып кеткеніне көз жеткізеді. Бала психологиялық тұрғыдан ешкім балабақшада қалмайтынын, олардың ата аналарының алып қайтатынын түсінуі керек.
Кейбір балалар үйренбеген ортасында тамақтанып, ұйықтай алмайды. Баланың топты ортада анасыз қалуы үшін санаулы күндера өтуі қажет. Мұндайда баланың өз ойыншығын алып жүруін қадағалаған жөн. Балаға төсек орын алдын ала көрсетіп, басқаларда солай жататынын айту керек.
М.К.Қ.К. «Гулдер» бөбекжай балабақшасы.
Баяндама:
«Балалардың балабақшаға бейімделуіне әсер ететін нұсқаулар»