kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Балаба?ша мен отбасы ?арым-?атынасыны? инновациялы? ?діс- т?сілдері." баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі заманда ал?а ?ойылып отыр?ан ма?ызды м?селерді? бірі - жан - жа?ты дамы?ан ?негелі, рухани ізденісі молжас ?рпа? т?рбиелеу. Ол ?шін біз не істеуіміз ?ажет? Бізден берілетін т?рбиені? н?тижесі отбасымен балаба?ша ты?ыз байланыста болса ?ана, ма?ыналы болып жан-жа?ты дамы?ан ?рпа? т?рбиелей аламыз. Осыны? негізінде біз тек баланы ?ана емес, ата-ананы да ж?мыстандырып, бірге т?рбиелеуіміз ?ажет.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Балаба?ша мен отбасы ?арым-?атынасыны? инновациялы? ?діс- т?сілдері." баяндама»



Балабақша мен отбасы қарым-қатынасының инновациялық әдіс- тәсілдері.

Тлепова Г.Б.



«Елдің келешегі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз бен ата-ананың қолында.»

Н.Назарбаев

Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселердің бірі - жан - жақты дамыған өнегелі, рухани ізденісі молжас ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін біз не істеуіміз қажет? Бізден берілетін тәрбиенің нәтижесі отбасымен балабақша тығыз байланыста болса ғана, мағыналы болып жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Осының негізінде біз тек баланы ғана емес, ата-ананы да жұмыстандырып, бірге тәрбиелеуіміз қажет.
Қазіргі білім беру үрдісі өзгерді, саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда болды,және біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр.Осы міндеттердің бірі- білім берудің әдіс- тәсілдерін түрлендіріп,жетілдіріп отыру және жаңа иннавациялық білім технологиясын меңгеру. Бүгінгі күн заман талабына сай оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыруда әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, тәрбие ісіне ата-ананы тікелей қатыстырудың оң нәтиже беретінін өмір мен тәжірибе дәлелдеп отыр. Міне,жаңа технологияның тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып,білімді ұрпақ тәрбиелейді.Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар.Бала толыққан -ды жетіліп,ата-анамен байланыс күшейеді.Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік,білімқұмарлыққа баулуы тиіс.Білім беру үрдсіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып,жаңаша көзқараста,жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп,баланың өмірін жаңаша ортада,жаңа бағытпен ұйымдастыру.

Тәрбиелеудің үш көзі. Бұл, Бала → Отбасы → Балабақша

Адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамдардың ең басты шаттығы болыпсанала-тын  баланың өсіп,өмір сүретін орыны. Отбасы барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы бала мен ата-ана арасындағы қарым- қатынас нәтиже- сінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал, әке мен ана – баланың алғашқы тәрбиешілері.

Отбасы тәрбиесінің міндеттері:1.Тілдік қатынастық дамуын қамтамасыз ету.2 .Баланың танымдық дамуы үшін жағдайлар жасау. 3 .Балалалдың басқа балалармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік  жасау. 4.Өзін-өзі қызмет етуге және жақындарына көмектесуге үйрету.

Балабақша: Балаға  жан-жақты білім, тәрбие беретін, ақыл-ойын дамытатын, қызығушылығын оятатын баланың екінші отбасы болып табылады. Ал, Тәрбиеші ол, жан-жақты білімді игерген,баламен қарым-қатынас орната білетін,бала жанын түсінетін,адамгершілігі мол ,шебер ұйымдастырушы  лауазымды тұлға. - Отбасының оқу тәрбие жұмысына тікелей қатысуы.

-  Оқу тәрбие жұмысын жекешелеу негізінде балаға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып құру..

Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру- басты мәселенің бірі.осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.



Сондай-ақ, баламен жұмыс жасағанда М.Монтессори  әдістерін қолдануымызға да болады.
Мақсаты: Монтессори  педагогикасының негізігі  принципі – балаға  өзін-өзі  тәрбиелеуге  өз бетінше  оқуға, өз  бетінше  дамуға  жағдай  жасау.Балалардың  логикалық  ойлау қабілеттерін, әртүрлі   жаттығулар арқылы  дамыта  отырып,  ұйымшылдық, тапқырлық,  ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру.   
Міндеттері: Монтессори  топтарында  бала  негізінен арнайы дайындалған қоршаған орта Монтессори  көрнекіліктердің  көмегімен  өз  бетінше  жұмыс  жасауға  үйренеді.  Монтессори  педагогикасының  тағы  бір  ерекшелігі  әртүрлі  жастағы  балалар  бір-біріне  кедергі  келтірмейді қайта   бір-біріне  көмектеседі.

Тәрбиеші ата-аналарменқарым- қатынас жасаудың тиімді түрлерін қолданады.

Мысалы;тренингтер, пікір таластар,әнгімелер,лекциялар,сауалнамалар жүргізіледі.

Жалпы ата-аналарды топқа тарту жұмыстары



сенбілік

Денсаулық

күні

Ата-аналар жиналысы

Ашық есік кундер

Ойын ұйымдастыру

Ашық о.і.ә бақылау

Трениг

Дөнгелек үстел









сауалнама





Күтілетін нәтижесі:

1. Ата-ананың өз идеясын жүзеге асыру мүмкіндігі болады.

2. Тәрбиеші мен ата-аналар арасында тығыз байланыс орнайды.

Қорытындылай келе, тәрбие отбасы мен балабақша қатынастарына тікелей байланысты. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді, ал балабақша оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Бала өміріне немқұрайлы қарамай, балаға қазіргі заман талабына сай, мағыналы білім берсек қана, біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болмақ. Бала отбасында дұрыс тәрбие алса,тәрбиелеудің нәтижесі жоғары болмақ. Атақты Б.Момышұлы атамыз айтқан екен мен үш нәрседен қорқамын:«Өзінің сәбиіне бесік жырын айтпаған анадан, немересіне ертегі айта алмаған ата мен әжеден, өз тілін құрметтемеген адамнан» деген екен. Міне, балаға отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Біздің басты мақсатымыз отбасымен ынтымақтастық орнатып, баланы жан-жақты тұлға ретінде жаңа инновациялық әдістерді қолдана отырып тәрбиелеу болып табылады.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Балаба?ша мен отбасы ?арым-?атынасыны? инновациялы? ?діс- т?сілдері." баяндама

Автор: Тлепова Гульмира Байдешевна

Дата: 07.02.2016

Номер свидетельства: 289532


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства