kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балаба?шада ?зге ?лт балаларына ?аза? тіліне т?н дыбыстарды ме?гертуді? ма?ыздылы?ы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаба?шада ?зге ?лт балаларына ?аза? тіліне т?н дыбыстарды ме?гертуді? ма?ыздылы?ы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балаба?шада ?зге ?лт балаларына ?аза? тіліне т?н дыбыстарды ме?гертуді? ма?ыздылы?ы.»

Балабақшада өзге ұлт балаларына қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгертудің маңыздылығы.

Балабақшадағы тәрбиелеу мен білім беру орыс тілінде жүргізілетін топтарда қазақ тіліне тән дыбыс жүйесін терең меңгерту басты мәселе. Сол себепті әр топта қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталап еске түсіріп отыру керек. Қазақ тіліне тән 9 дыбысты бала жете меңгермейінше, ол келешекте сауатты оқу мен жазу дағдысын игере алмайды.Сондықтан тілдік норманы балабақшадан бастап үйрету қажет. Қазақ тіліндегі сөздің құрамындағы ерекше дыбыстарды айту дағдысы балада жоқ. Демек, оны меңгерту –бірінші мәселе. Баланы дыбыстық жүйемен ғана таныстырып қоймай, ол дыбыстардың сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде дұрыс айтылуына жаттықтыру қажет.
Қазақ тілінде сингармонизм заңының алатын орны ерекше. Баланың жеке сөздерді дұрыс оқып, сауатты жазуын бір жүйеге, қалыпқа келтіретін осы заң болып табылады. Мысалы, бұл заңдылықты балаларға тәжірибе жүзінде үйретуіміз керек ,ол үшін жуан дауысты дыбыстарды (а, о, ұ, ы) және жіңішке дауысты дыбыстарды (ә, ө,і,ү,е) меңгертіп алу қажет. Сөздегі бірінші буындағы дауысты дыбыс жіңішке болса, келесі буындағы дауысты дыбыстар да жіңішке болуы мүмкін. Мысалы, дәп-тер, күн-де-лік, үй-рек, мек-теп т.б. Сол сияқты бірінші буындағы дауысты дыбыс жуан болса, кейінгі буындағы дауысты дыбыс та жуан болады деп түсіндіріледі. Мысалы, ба-ла-лар, о-рын-дық, қар-быз т.б. суреттерін көрсетіп отырып,дыбыстатып,түсіндіру қажет.
Қазақ тіліндегі «о» дыбысының өзгертілмей сол қалпында оқылуын да балалардың санасына мысалдар арқылы жете түсіндіру керек. Егер де түсіндірілмесе, сөздің мағынасы өзгеріп, сөйлеушінің айтайын деген ойы түсініксіз болып қалады. Мысалы, «Отан», «Оспан», «Олжас», «от», «ол» деудің орнына, өзге тілді балалар «Атан», «Аспан», «Алжас», «ат», «ал» деп айтуы мүмкін. Сондықтан бұл жағдайда да жүйелі, қалыпты жұмыс жасау келешекте баланың мектепте оқылым әрекетіне көп септігін тигізеді.
Бала қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыланса, ол өз ойын нәтижелі жеткізе алады. Мысалы, орыс және қазақ тілінде жазылуы бірдей «ы» дыбысын алатын болсақ, осы дыбыс екі тілде екі түрлі айтылады. Балаларға бұл құбылысты мысалдар арқылы да жете түсідіру қажет. Мысалы: ыдыс сөзін қазақша айтып,осы сөзді орыс «ый» дыбысымен айтып,өзгешілігін түсіндіру керек.Қазақ тіліне ғана тән «ө» дыбысын орыс тіліндегі «о» дыбысымен және «е» дыбыстарымен салыстырып, жасалу, айтылу жолдарын жете түсіндіруге болады. Әрі түрлі фонетикалық жаттығулар жасату да әбден мүмкін. Қазақ тілінде ауызекі сөйлеу мәдениетіне үйрету балалардың қазақ тілінің өзіне тән ерекше дыбыстарын сөз ішінде дұрыс айта білу қабілеттерін меңгермейінше жүзеге асырылмайды. Дыбыстар айтылғанда да, естілгенде де өз қалпында  дұрыс, дәл айтылып, анық естілуі тиіс. Ал дыбыстардың дұрыс айтылмауы балалардың үйренетін сөздерінің мағынасын дұрыс ұғуына кедергі келтіреді. Басқа ұлт балаларына қазақ тіліндегі  дыбыстарды анық айтуға үйретудің түпкі мақсаты- баланың өздері үйреніп жүрген тілінде айтылған ойларын, сөздерін түсінікті етіп жеткізе білуінде. Қазақ тілі дыбыстарын дұрыс айтуға үйретуде балалардың дыбыстарды дұрыс,анық естуін қалыптастыру.Дыбыстау мүшелерінің қызметін ұстаздың өзі де біліп, әсіресе сөз ішінде кезектесіп отыратын қазақ тілінің ерекше дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелерінің қызметін балаларға жан-жақты да дәл түсіндіріп бергенде ғана өзге тілдің дыбыстарын, сөздерін қатесіз, дұрыс айтады.Ол үшін дыбысты өту барысында кәдімгі айнаны пайдаланудың пайдасы өте зор.Мәселен «ү»дыбысын алғанда балаларға ерніміздің алға қарай созылып,үйректің тұмсығына ұқсатып жәй, нәзік дауыспен дыбыстау керек екендігін түсіндіріп қана қоймай,оны баланың өзіне айна арқылы көрсетіп дыбыстатудың тиімділігі өте зор. Бала тез қабылдап, дыбысты тез жаттап алады.Осы кезде «ү» дыбысының қандай сөздерде кездесетінін айтып,сөздік қорын молайту керек. Педагог ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттерінде дыбыстардың жасалуына ғана мән берсе, сөйлеуді үйрету өз жайына қалады. Сондықтан мұғалім дыбыстардың ерекшеліктерін сөз ішінде, буын құрамында, сөйлем арасында меңгерте отырып, тіл үйретудің жинақтық әдісін пайдаланғаны жөн. Дыбыстарды үйретуде буын не сөз ішінен фонеманы бөліп алып, оның айтылу ерекшеліктерін түсіндіру ұтымды болуын тәжірибеден көруге болады. Мысалы, мұғалім «көз» деген сөзде неше әріп немесе дыбыс естігендерін балалардан сұрайды. Балалар «к», «ө», «з» деп жауап береді. Ал таныс емес дыбыс қайсы десе, әрине «ө» дыбысы дейді. Мұғалім енді осы дыбыстың жасалу жолын түсіндіріп, бірнеше сөз арқылы фонетикалық жаттығу жасайды. Мысалы, көл, көп, өзен, төрт, көше, Өмірбек. Бұл жерде көңілді шумақтарды пайдалану өте тиімді.озеро-көл,детеныш-төл.
Енді «ө» дыбысы бар буынға бөліп айтуда пайдалы екенін естен шығармау керек. Мысалы, кө-пір, кө-ше, ө-зен, Ө-мір-бек.
Дыбыстарды топта әр түрлі формада айтқызу нәтижелі болады. Олар:
1. Жаппай айтқызу.
2. Жұппен айтқызу.
3. Жеке айтқызу.
Балаларға жаппай айтқызу жеке баланың дыбысты қате айтамын деп жасқануынан, ұялуынан сақтайды. Барлық балалар бірге айтқан кезде дыбыс жақсы, анық естіледі.
Жұппен айтқан кезде балалар бір-бірінің қатесін түзейді, дұрыс айту дағдысын игереді. Олар бір-біріне қажетті көмекті қысылмай береді.
Жаппай, жұппен дыбысты бірнеше рет қайталап үйренген соң, балалардың дыбысты жеке меңгеруін тесеруге қолайлы болады. Осындай жұмыстардан кейін балаларға дидактикалық ойындар ойнату тиімді.Мысалы: «Дыбысқа сөз ойла», «Кім көп сөз біледі?», «Көңілді Қ әріпі» т.с.с. тапсырмаларды орындатуға болады. Жаңа технологиялар ,мультимедиялық бейнелерді қолдану басқа ұлт балаларына қазақ тіліндегі  дыбыстарды анық айтуға үйретудің тиімді жолы,әрі балалардың қызығушылықтарын арттырады.
































Қолданылған әдебиеттер:


1.Нұржанова Ж . Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары.- Алматы.2001ж.

2. ИльяшеваК.С., А.Е Шалаханова. Изучаем казахский язык. Методическое пособие.- -Алматы кітап-2003ж.

3. Жүргенбаева Г.Н.- Қазақ тілі әдістемелік құрал.- Алматы кітап-2013ж.

4.Жанабилова А.К. Тіл дамыту жұмыстарының инновациалық технологиясы пед.ғыл.канд. авторефераты,Алматы 2005ж.

5.Пассов Е.И. Комуникативный метод обучения иноязычному говорению М.Просвещение,1991г.

6.Е.Өтетілеуов Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі басқа ұлт балаларына арналған.






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Балаба?шада ?зге ?лт балаларына ?аза? тіліне т?н дыбыстарды ме?гертуді? ма?ыздылы?ы.

Автор: Игликова Гульнара Бердыкуловна

Дата: 12.05.2016

Номер свидетельства: 325971


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства