Мазм?ны: Балаларды? ?олдарында ленталары бар. Бір топты? ленталары к?к, екінші топты? ленталары ?ызыл (бас?а т?стер алу?а болады). Т?рбиеші бубенді со??анда балалар ала?да шашырап ж?гіреді. « Ж?бы?ды тап» дегенде бірдей ленталары бар балалар ?ол ?стасып ж?п ??райды. Ойын ?айталанады. Т?ртібі:Т?рбиешіні? белгісі бойынша ж?птарын табады.
Просмотр содержимого документа
«Балаба?шада?ы серуен конспекті»
Ашық сабақ.
Серуен.
Тақырыбы: «Көктем»
Мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Ауа-райының жылынып, күн ысып, жан-жақтың барлығы гүлдене бастайтынын түсіндіру. Адамдардың көктемгі еңбегін бақылау, көктем белгілерін ажырата білуге үйрету. Көктем мезгілінде еңбектенуге үйрету.
Ұйымдастыру.
Тәрбиеші:-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын айтыңдар.
Жұмбақ:
Күн ұзарып қар еріп
Су сайларға толады.
Бұл қай кезде болады? Балалар: -Көктем
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін еске түсіріңдер.(Қар еріп, күн жарқырап шығып, жан-жақтың барлығы көгеріп, гүлдене бастайды).
2.Бақылау.
Тәрбиеші:-Жарайсыңдар балалар, дұрыс айтасыңдар.
Тәрбиеші: Барлығымыз аспанға қарайықшы. (Қарау мүмкін емес)
-Неге қарай алмаймыз?
Балалар:-Күн жарқырап шығып тұр.
Тәрбиеші:-Неге күн жарқырап тұр?
Балалар:-Себебі көктем мезгілі келді.
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар балалар, табиғат бір-бірімен тығыз байланысты. Көктем мезгілі келгеннен күн жылынып, айналамыз көгеріп, құлпыра түсті.
-Естеріңе түсіріңдерші, қыста күн қандай еді?
Балалар:-Күн аз шығып, аспанда бұлттар бар еді.
Тәрбиеші:-Ауа-райы қандай болатын?
Балалар:-Суық, ызғарлы.
Тәрбиеші-Дұрыс айтасыңдар. Күн бізге не үшін қажет екен?
Балалар:-Жылыну үшін қажет.
Тәрбиеші:-Ия, күн өте үлкен, ол бізден алыста тұрсада, күн сәулелерін жер бетіне шашып, біздерді жылытады.
-Жарайсыңдар балалар. Ал енді күн, бұлт, көктем туралы кім жұмбақ біледі?
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(Күн)
Көзі жасты-жылауық,
Келе жатыр бір алып. (Бұлт).
Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен
Гүл жазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен?
(Көктем).
Тәрбиеші: -Балалар, кәне көктем туралы тақпақтар айтып берейік. Ләззат: Көзін ашты жер беті, Бүршіктенді ағаштар Көктеу үшін тіршілік, Басталғандай таластар.
Аселя: Көктем келді қарашы, Қызықтарын санашы. Құстар ұшып, су тасып, Басталды күн жаңасы.
Болатбек: Көктемде көңілді, Құстар кеп жатқанда, Құлпыртып өңірді, Гүл ектік бақтарға.
3. Қимылды ойын.
«Жұбыңды тап»
Мақсаты: Шашырап әр бағытта жүгіруге жаттықтыру.
Мазмұны: Балалардың қолдарында ленталары бар. Бір топтың ленталары көк, екінші топтың ленталары қызыл (басқа түстер алуға болады). Тәрбиеші бубенді соққанда балалар алаңда шашырап жүгіреді. « Жұбыңды тап» дегенде бірдей ленталары бар балалар қол ұстасып жұп құрайды. Ойын қайталанады. Тәртібі:Тәрбиешінің белгісі бойынша жұптарын табады.
Мақсаты: Балаларды бірлесіп жұмыс істеуге үйрету. Ауланы таза ұстап, өсімдік әлемін күтіп баптауға тәрбиелеу. Өсімдіктерге су құю арқылы табиғаттағы еңбекке қатысу ниеттерін дамыту.
5.Қолдың ұсақ моторика жаттығуын жасату.
Түрлі –түсті бордан жерге, көктем мезгілі туралы суреттер салдыру.
6.Жеке жұмыс.
1. Допты қос қолмен еденге ұру.
2.Шеңберден шеңберге секіру.
3.Бір орыннан екінші орынға оңға, солға адымдау.
4.Тура және шеңбер бойымен, иректеліп қойылған жіптің бойымен жүру.
7. Қимылды- ойын.
«Алысқа лақтыр»
Мақсаты:Қапшықты төменнен басынан асыра лақтыруға жаттықтыру.
Мазмұны: Ойнаушылар сызылған сызыққа қатар тұрады. Қарсы батте 2-2.5 м Қашықтықтан тағы бір сызық жүргізіледі. Ойнаушылар құм салынған қапшықты лақтырып, сызықтан асыруға тырысады.
Тәртібі: қапшықты төменнен басынан асыра лақтыру.
8.Еркін ойын.
Көрнекіліктер: қызыл, көк ленталар,су құятын шелектер, доп, жіп, шеңберлер, түрлі түсті борлар, құм (200-400гр) салынған қапшықтар.