Мектепке дейінгі баланы? тілін дамыту ?шін арнал?ан т?сілдер ?те к?п. ?діс-т?сіл ішінде ертегі ма?ызды орын табады. Ертегі-?ажайып, си?ырлы ?лем. Бала, ?уанады, к?леді, та??алады, ойнайды, жаны ашиды, ?орша?ан ортаны таниды, жан-жа?ты дамиды, ой-?рісі, с?йлеу ?абілеттері ?рістейді. Ертегі баланы? танымды? белсенділігін к?тереді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бала тілін ПРОПП карта ар?ылы дамыту»
«Бала тілін ПРОПП карта арқылы дамыту»
Мектепке дейінгі баланың тілін дамыту үшін арналған тәсілдер өте көп. Әдіс-тәсіл ішінде ертегі маңызды орын табады. Ертегі-ғажайып, сиқырлы әлем. Бала, қуанады, күледі, таңқалады, ойнайды, жаны ашиды, қоршаған ортаны таниды, жан-жақты дамиды, ой-өрісі, сөйлеу қабілеттері өрістейді. Ертегі баланың танымдық белсенділігін көтереді.
Ертегі арқылы берілетін тәрбие өте көп, мазмұнын түсіндіруге бала ерекшелігіне сай әртүрлі әрекеттер жүзеге асады. Осы мәселені жеңілдетудің бір жолы «Пропп» картасы. Сондықтан балалар бақшасында ертегі мазмұнын рет-ретімен, естеріне түсіріп, айтуға «ПРОПП картасын» қолданған жөн. Әсіресе баланың көптеген сенсорлық қабілеттері артады. Пропп карта арқылы біріншіден, ертегі желісін, үзбей айтуға көмектессе, екіншіден, балалар жағымды және жағымсыз кейіпкерлердің мінез-құлқын ажырата білуге үйретеді, сондай-ақ, балалардың эмоциялық көңіл-күйі де тұрақтанады, үшіншіден, балалардың қиялы мен шығармашылық қабілеті дамиды, төртіншіден, өз ойларын еркін жеткізе отырып, байланыстырып сөйлеулері жетіледі.
Пропп картаны белгілі әлемге танымал орыс халық әдебиетінің зерттеушісі Владимир Яковлевич Пропп құрастырған. Өзінің «Ертегі морфология» кітабында ертегі құрастыру жүйелерін жинақтаған. Анықталған белгі жүйе саны - 31 карта болған, бірақта, италиян әдіскері Джанни Родари осы карталарды баланың жас ерекшелігіне, даму жағдайына сәйкестендіріп, 20 түрін іріктеп, ұсынды. Олар мынандай:
Пропп картаны қолдану барысында берілген тақырыптың мазмұнын түсінік ішіндегі ең негіздісін анықтауға көмектеседі. Көркем шығарманы түсінуге, оқылған немесе естіген әңгімелерін бірізді, мәнерлеп айтуға талпынады. «Пропп» картасы арқылы балалар ертегі ойын түсінеді. «Пропп» картасымен балалар ойнап қана қоймайды, ертегінің құрылымын рет-ретімен нақты сақтап айтуға, негізгі оқиғаларды талдауға және арасындағы байланысты аңықтайды.