Ерте жастағы балалардың ойын әрекеті барысында М.Монтессори әдістерінің элементтерін қолдану – ойын барысындағы балалардың танымдылық құзіреттілігін дамыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баяндама тақырыбы " М.Монтессори"»
Тақырыбы: «Ерте жастағы балалардың ойын әрекеті барысында М.Монтессори әдістерінің элементтерін қолдану – ойын барысындағы балалардың танымдылық құзіреттілігін дамыту»
Дайындаған: Жусупова Ж.М.
2017ж
Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагок, ғалым әрі ойшылМария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен ырғақта дамиды.
Оқытудың белсенді тәсілдерінің ішінде дидактикалық ойындар ерекше орын алады. Кезінде А.В.Луначарский: «Ойын – белгілі дәрежеде барлық адамзат мәдениетінің негізі болып саналады! – деп жазды. Дидактикалық ойын – кішкене балаларға тән оқыту формасы болып табылады.Арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылды ұштастыру негізінде жатыр. Міндеті –ойынның оқыту сипатын , оның мазмұны баланың танымдық әрекетін дамытуға бағытталады.
Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс. 1. Сыныптағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнің ашу керек. 2. Ойындардағы тапсырмалардығың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпал ету қажет ықпалын күшейтуге ықпал ету керек. 3. Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті. 4. Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт. 5. Дидактикалық ойындардың нәтижелері, тапсырма жауаптары қорытындылануы тиіс. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамиды. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Мысалы, математика сабақтарында ойындар арқылы оқушылар әр түрлі амалдар мен жаттығулар орындайды, сөйтіп, олар математикалық сипаттағы қиыншылықтарды меңгергендерін тіпті байқамай қалады. Бұл ойындар жай ғана емес, оқу ойыны болып табылады. Мен өз тәжірибемде көп қолданатын дидактикалық ойындар төмендегідей: Математикада:санамақ – ойындар, жұмбақ – ойындар, «Тізбек», «Поезд», «Көрші-көрші», «Мынау кімнің үйі?», «Допты қай ойыншыға беру керек?», «Керекті санды қой?», «Айға кім бұрын жетеді?», «Есептеуіш машиналар», «Десанттар», «Аң патшасы», «Ханталапай», «Қасқыр мен қой», «Теңге алу», т.б.«Геометриялық эстафета», «Ою құрастыру», «Фигураны тап», «Бірден сызып шық», «Себеттегі сәбіздер». «Аюға көмектес» «Фигураларда қанша бұрыш бар» «Қоянның сәбіздері»
«Құрастыр, қанша балық бар?» Ж: 7 «Ретімен орналастыр
Сауат ашу, тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында : «Буыннан сөз құрайық», «Алма бағы», «Қағып ал», «Сиқырлы сөздер», «Орамал тастамақ», «Дүкен», «Орнынды тап», «Хаттың иесі кім?», «Күн мен түн», «Баспалдақ», «Сыр сандықты ашып қара» т.б.
Ойын технологиясы мектепалды даярлық сыныптарында кең тараған технология болып табылады. Бұл ойындарды әрбір сабақта түрлендіріп қолдануға болады. Көрнекіліктер тартымды болса, балалар қызыға қатысады.
Ойын – мектепке дейінгі кезеңнің негізгі іс-әрекеті. Мектепке дейінгі жас кезінде балалардың денесі мен ақыл-ой өрісі төменгі жастарға қарағанда едәуір жетіліп қалады. Бірақ 3-5 жас аралығында бала бойының өсуі шамалы тоқталып қалады, мектепке кіргенше өсіп қалады. Бала бойының өсуі салмағының өсуінен шамалы алда жүреді. Мектепке дейінгілердің анатомо-физиологиялық дамуының негізінде есеюге байланысты жаңа талаптарды (оқу,еңбек) орындауға мүмкіндік туады.
Сонымен, баланың неліктен ойнайтын себебі әлі күнге дейін көпшілік Осыған орай, аса қажетті мәселенің бірі – өткен тарихи дәуірлерде бала ойнады ма, ойнаса қай жасынан бастап осыған кірісті. Психологтардың айтуынша ерте кездерде көпшілік елдердің балалары ойын легенді білмеген. Бұған дерек, бұдан біршене жыл бұрын өлген кісілердің моласын қазғанда бала сүйектерінің қасында ойншықтардың ешқандай түрі кездеспепті. Сондықтан балалар үшін әдейі ойыншық жасау соңғы ғасырларда пайда болған дейді.
Осыған орай жүргізілген зертеулерге қарағанда, ерте кезде балалардың көбі тек 5-6 жасқа дейін ғана ойнап, кейін үлкендермен бірге жұмысқа кірісіп, кішкентайынан материалдың игілікті өндірілуіне үлес қосқан. Д. Б. Эльконин эскимос балалары 5 жасынан әке-шешелерімен бірге балық аулауға, не егін айдауға кірісіп, қиын жұмыстарды да орындай алатынан айтады. Бұл турлы орыс саяхатшысы Миклухо-Маклай өткен ғасырда Шығыс халықтарын кемемен аралай жүріп, Малинезия т. б. елдерде балалар 5-6 жасынан түгелдей еңбекке жегілетінін ескертеді. Бұл мәліметтер қазақ үшін жаңалық емес. Өйткені ерте уақытты қазақ елінің балалары 4-5 жасынан еңбек етуге кірісті. Мысалы, 4 жастағы балаға билерді қайырын кел деп тапсырма бергенде, жылқының бірін құрықпен ұстап алып, бойы жетпегендіктен оны үлкен тасқа жетектеп, тастың үстінен жүген салып, қарғып мінеді де, бала билерді тез қайырып келеді. 5-6 жасқа келгенде түйеге мініп шөмеле таситын не тезек теретін, 7-8 жасқа шыққанда атқа мініп, малды далаға алып кететін, сол кезде малға қасқыр шаба қалса, сәби бала аттың үстінде қолындағы қамшымен қасқырға ұмтылатын болған.
Осы сияқты еңбектердің түрін сол жастарды ауылда өскен балаларың бәрі бастан кешірді. Сондықтан, Д. Б. Элькониннің айтуы түгелдей дұрыс. Қазіргі кезде балалық кез бұрынғына қарағанда көпке дейін созылады. Тіпті, 15-16 жастағы балалар ойнайды. Мұның себебі, біріншіден тұрмыстың нашар кезінде бұқара халық баласын көпке дейін еркелетіп ойнатуға шамасы келмеген. Сондықтан жас кезінен оларды материалдық игіліктерді өндіруге жекті. Екіншіден, әлеумет қоғамы сол кезде басқаша болатын. Ол кезде ойын кішкентай балалардың негізгі іс-әрекеті болмаған, жұмыстан қолдары босаған кезде ғана ойнайтын болған. Біз осыдан балалар ойыны белгілі әлеумет дәуірінің жемісі екенін көреміз.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың рөлдік ойын ерекшеліктері. Әдетте, мектепке дейінгілерде ойынның неше түрлері кездеседі. Қазіргі кезде мектепке дейінгілердің ойының көбісі рөлдік ойындар.Рөлдік ойын деп кішкентайлардың «Мен мұндай боламын, немесе мен мұндаймын» деп тиісті бейнелерге еліктеуін айтамыз. Рөлдік ойын – ойынның ең көп тараған түрі. Балалар бақшасында «Бақша» деген ситуацияны қайталау: балалардың біреуі «Мен тәрбиеші боламын, ал сен бала боласын» деп, кейін осы рөлді атқарады.
Балалардың рөлге байланысты ойындары балалардың ақыл-ой қабілеті мен қиял процестерін дамытуға әсері көп. Қамтылған рөл ойындарының көпшілігінде мектепке дейінгілердің қасында объектіге орай аспаптарының көбісі жоқ, сол жоқ нәрселерді ауызша айтады. Мысалы, самолет үшін баланың өзі гүрілдейді немесе қолында ұшақ жоқ балалар бір ағашты алып «мынау менің ұшағым» дейді. Осыған қарағанда, ойын үстінде бір зат екінші заттың орнына тұрарлық (репрезентиптік) қызмет атқарады. Себебі үлкендердің ісін қайталауға тиісті аспаптар балада жоқ болғандықтан, солардың бәрін ойша (жорта) жасап, өзінше (ой тәжірибесін) қолданады. Бұл тек үлкендерге ғана тән емес, себебі болашақ істі алдын-ала ойша бейнелеу психиканың дамуында негізгі рөл атқарады. Ойындағы рөлдік сипат- бұл ересек адамдардың әр саладағы қызметі.
Мектепке дейінгілер есінде бар сөз қорына негізделе отырып, тілдің тиісті ережелерін пайдаланып, мыңдаған жаңа сөйлемдерді құра бастайды. Бұл жерде жаңа сөйлемдер деп, сол тілде бар сөйлемдер ғана емес, тіпті жоқ сөйлемдерді де құруды айтады. Сонымен қатар, қолданылатын сөзін бала тым өткір және күлдіріп айтуға да шеберлігі дами бастайды. Қазақ тілінде кейбір категориялар жоқ болғандықтан, мектепке дейінгілер үшін сөйлеу жеңіл әрі оңай түседі және тиісті морфемалар арқылы сөйлемдерге жаңа жұрнақтарды «желімдей» беруге мүмкіндік туады.
Фонематикалық есту ана тіліне байланысты қалыптаса бастайды, фонематикалық есту мектепке дейінгілерде ана тілінде жақсы дамыған. Мысалы, біреу «сөз» деген сөздің орнына «бөз» десе оны кекетіп бір әріптің өзгерілуі, сол сөздің мәнісін өзгертіп жіберетінін бала сезеді.
Егер бөбектің сөйлеуі көбіне ситуацияға (жағдайға) тәуелді келсе, мектепке дейінгілерде сөйлем көп текстіге сай құрала бастайды. Ситуацияға байланысты сөйлеуде зат есім онша кездеспейді, оның орнына есімдік көп айтылады. Демек балалар сөйлеіп отырғанда қасына біреу келсе, олардың сөзіне түсіне алмайды. Түсіну үшін әңгіме не жөнінде екенін білу қажет. Ал контекстіге байланысты сөйлеу деп сөйлеушілердің қасында тыңдап отырғандар не жөнінде болып отырғанын білмесе де (ситуацияны білмесе де) сол айтылған сөздің тікелей мәнісіне қарап, соны айқын түсіне алуын айтамыз. Мектепке дейінгілер (6-7 жас) ситуацияға байланысты сөйлеуден контекст арқылы сөйлеуге көшеді. Себебі, олардың тек ситуацияға орай түсінікті емес, онсыз да түсінікті келеді. Осыған қарап ситуацияға қатысты тілдің төменгі сатысы екен, ал контекстің негізінде сөйлеу жоғарғы сатысы екенін айтуға болмайды. Себебі, тек мектепке дейінгілер емес, ересектерде кейбір жағдайда ситуацияға негізделе отырып сөйлейтіні жиі кездеседі. Мектепке дейінгілердің сөздері көбінесе өздеріне арналған. Себебі, ересектер сөйлегенде сөзін өзгелерге арнайды. Ал кіші балалар кейде өз-өзіне арнап сөйлейді. Сөйлеудің бұл түрін Ж. Пиаже эгоцентрикалық (лат. Его+центрум – өзіне сөйлеу) деп атаған. Әдетте, үлкендер айланғанда ішкі сөйлеу арқылы өз ісін жоспарлайды. Ішкі сөйлеу мектепке дейінгілерде әлі қалыптаспағандықтан, ойын естіртіп, өз-өзіне айтады. Демек, эгоцентрикалық сөйлеу – өзгелерге аналған емес, баланың өзіне арналған ойды жеткізудің ерекше түрі. Баланың ойы өзіне түсінікті болғандықтан, сол ойын өзіне естіртіп айтуы не үшін қажет? Бұл жағдайда бала ой үстінде өзіне сөз арнағанда, сол сөзді тірек ретінде пайдаланады. Әйтпесе, оның ойлана алуы мүмкін емес. Ж. Пиаже эгоцентрикалық сөйлеу балада 7 жасқа дейін сақталынады, кейіннен жойылады. Бұған Л. С. Выготский қарсы шығып, 7 жасқа толғанда эгоцентрикалық сөйлеу бір жолата жойылмайды дейді. Ол кейін баланың ішкі сөйлеуіне айналады. Л. С. Выготскийдің пікірінше, ішкі сөйлеу сырттай естіртіп сөйлеуден дамып шығады, бұлардың екі арасында эгоцентрикалық сөйлеу кездесіп, екеуін ұштастырып, өзі кейін жойылады дейді. Бұл пікірге кейін АҚШ психологы Дж. Брунер қарсы шығып, ішкі сөйлеу сырттай (естіртіп) тілге үйренуден балада пайда болмайды. Бұл оның түрлі символ арқылы дүниедегі затты бейнелеуге талпынуынан дамып шығады. Оның пікірінше, тілге үйрену балада туғаннан кейін пайда болғанымен, ол оның тәжірибесіне жатпайды.
Бізді қоршаған дүние заттары мен құбылыстары бірінен соң бірі көзге тәртіпсіз («хаос» сияқты) көрінеді. Құбылыстар мен заттар тым шексіз және сан-алуан сияқты болып көрінеді, олардың кейбіреулері форма не қызмет жағынан ұқсас жақтарын, біріншіден, бір ұғымға жатқызып, соларды топтастырып отырып қабылдау кезінде тәртіпсіздікпен күресуге мүмкіндік береді. Екіншіден, тиісті нәрселерді ойша тәртіпке келтіру үшін нендей қасиеттер мен құбылыстар нәрсенің қандай түріне жататынын білуі өте қажет. Мысалы, егер біздің алдымызға жүздеген бояулардың түрі кездессе, бірақ солардың түрі нендей негізгі бояуларға жататынын білмесек, сол бояуларды қабылдау қиынға соғар еді. Үшіншіден, біз белгілі бір заттың салмағын, көлемін, ұзындығын, оларды өлшемей-ақ қанша екенін, олардың
Заттың көлемі мен санының ерекшелігі. Бұл жастағылардың көбі тиісті нәрселердің саны көбейетінін не азаятынын немесе көлемі ұлғаятынын не кішкентай болатының түсінігіне ие бола бастайды.
В. С. Мухина өзінің еңбегінде мектепке дейінгілерде қалайша эталондар (не «өлшеуіштер») қалыптасатынына тоқталып, эталон деген санды, көлемді не салмақты сақтау деп атап өтті.
Бөбектер көбінесе заттың бір белгісіне қарап, кейін сол затты таниды. Ал мектепке дейінгілер бөбектерге қарағанда затты тұтастырып қабылдайды. Мектепке дейінгілерде қиын жүретін процесс- бұл кеңістікті және уақытты қабылдауы. Кеңістікке орай «оң жақ», «сол жақ» дегенді бөбектер жақсы түсіне алмайды. Ал уақытты қабылдауға келетін болсақ, «кеше», «бүгін», «ертең» т.с.с. ұғынуда да біраз қиындықтар туындауы мүмкін.
Соңғы жылдардағы тағы бір жетістігіміз – Монтессори әдістемесін енгізуіміз. Бізде қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектеп жұмыс істейді. Онда жалпы білім беру, қосымша білім беру бойынша және психофизиологиялық дамуы тоқтап қалған балаларға арналған бағдарлама бойынша сабақ оқытылады. Мектепте 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған медициналық және психологиялық негізде адам дамуы туралы білімдерден құрылған екі Монтессори-педагогика кабинеті жұмыс істейді. Мария Монтессори италиялық дәрігер әйел. Бұл жүйені осыдан 100 жыл бұрын сол ойлап тапқандықтан, соның атымен аталады. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидаты – «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі – баланың жеке қабілетін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады. Бұл ортада психологиялық жайлылық, таңдау еріктілігі және педагогтің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады. Бұл күндері жүйені баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан Жапония, Қытай, Сингапур, Германия секілді мемлекеттерде интеллектуалды дамыған адамдардың көптігі осыған байланысты екеніне біртіндеп көз жеткізіп келеміз. Тіпті сол дамыған мемлекеттерде тек жалпылама адамдар емес, ұлттың өзі интеллектуалды ұлт ретінде қалыптасып отырғаны белгілі. Бала жас кезінде жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай қарай иіледі. Жақсыға үйретсең, жақсылап үйретсең тез қабылдайды. Осы тұрғыдан келгенде Монтессори әдістемесінің біздің орталыққа енуі жақсы бастама деп ойлаймын. Бұл ауру балаларға қолданғанда Монтессори терапия деп аталады. Бізде осы терапия бойынша әдістемені арнайы үйренген 140 педагог жұмыс істеп жатыр. Оларды оқыту үшін грант ұтып алған болатынбыз. Соның арқасында біздің педагогтар осы бір жыл көлемінде науқас балалармен жұмыс жасауда қолайлы жүйені таңдап отыр.