К?здері ж?удіреген ?р баланы? бойында?ы ?абілетін танып, дарынын ашып, болаша??а ны? сеніммен аттандыру – балаба?шаны?, я?ни «Балаба?шаны? ж?регі - т?рбиеші, педагог», мына біздерді? басты міндеттеріміз. Бала білімі мен т?рбиесімен айналысу?а бел бу?ан екенбіз, онда бар болысымызды ?лгі т?тарлы? болу?а, ?немі ізденіс ?стінде шы?армашылы?пен ж?мыс істеуге жауаптымыз, себебі кемел елді? болаша?ы – келелі білімді бала ?олында екені б?рімізге м?лім.
Мен ?шін логопед болу – ішкі д?ниесі бай ж?не ?мірлік ?айраты, шы?армашылы?ы мол, адамдармен ?арым-?атынас жасау?а ?мтылу.
«Мен - педагог» - ?з маманды?ына сыртынан ?ара?анда, ма?ызы мол, бас?а адамдар?а ?ажеттілігінді білдіреді. Мені? уа?и?амда - маманды? мені та?дап алды. Т?рбиешіден логопедке дейін. Балаларды д?рыс, таза с?йлеуге ?йрету, к??ілді ж?не ??штарлы??а дамыту, ?з к?штеріне сену м?мкіндік беру, ?р бала дарынды ж?не табысты, міне, мені? ойымша, шы?армашылы? педагогты? басты ма?саты. Шы?армашылы?ты? ма?саты шешіміні? жолыны? белсенді ізденісі: д?ст?рлі формаларын жетілдіру- т?пкілікті ?дерісі, ?дісті? ж?не д?лде – с?йлеу - т?зету ж?мысыны? мазм?ныны? о?тайландыруы, логопедиялы? ?олдауы мектепке дейінгі ?йымына жа?а, вариативтік формаларыны? ізденісі. Мені? ойымша, ?мірде е? ?ызы?ты ж?не ма?ызды іс – ол дамыту баспалда?ымен баланы ?олынан на?ты жетектеп ж?ргізу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Балаба?шаны? ж?регі"»
«Балабақшаның жүрегі - тәрбиеші, педагог»
Павлодар қаласы
№ 5 сәбилер бақшасының
логопеді
Көздері жәудіреген әр баланың бойындағы қабілетін танып, дарынын ашып, болашаққа нық сеніммен аттандыру – балабақшаның, яғни «Балабақшаның жүрегі - тәрбиеші, педагог», мына біздердің басты міндеттеріміз. Бала білімі мен тәрбиесімен айналысуға бел буған екенбіз, онда бар болысымызды үлгі тұтарлық болуға, үнемі ізденіс үстінде шығармашылықпен жұмыс істеуге жауаптымыз, себебі кемел елдің болашағы – келелі білімді бала қолында екені бәрімізге мәлім.
Мен үшін логопед болу – ішкі дүниесі бай және өмірлік қайраты, шығармашылығы мол, адамдармен қарым-қатынас жасауға ұмтылу. «Мен - педагог» - өз мамандығына сыртынан қарағанда, маңызы мол, басқа адамдарға қажеттілігінді білдіреді. Менің уақиғамда - мамандық мені таңдап алды. Тәрбиешіден логопедке дейін. Балаларды дұрыс, таза сөйлеуге үйрету, көңілді және құштарлыққа дамыту, өз күштеріне сену мүмкіндік беру, әр бала дарынды және табысты, міне, менің ойымша, шығармашылық педагогтың басты мақсаты. Шығармашылықтың мақсаты шешімінің жолының белсенді ізденісі: дәстүрлі формаларын жетілдіру- түпкілікті үдерісі, әдістің және дәлде – сөйлеу - түзету жұмысының мазмұнының оңтайландыруы, логопедиялық қолдауы мектепке дейінгі ұйымына жаңа, вариативтік формаларының ізденісі. Менің ойымша, өмірде ең қызықты және маңызды іс – ол дамыту баспалдағымен баланы қолынан нақты жетектеп жүргізу. «Баланы өмірдің жолымен жүргізу» - бұл онымен бірге жүру, оның қасында жүру, немесе аздап алда жүру. «Алып жүру- баланың даму жолындағы көмек» (Л.М.Шипицына, Е.И.Казакова).Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы тілдік қорларының жетілмеуі, тіл жүйесінің (фонетико-фонематикалық, лексикалық-грамматикалық) негізгі компоненттерінің оның семантикалық жақтарының жеткіліксіз қалыптасқаны және де қабылдау, зейін, есте сақтау, елестету, т.б. басты психикалық процестерінің ауытқуларының болуы қосымша қиындықтарды тудырады. Сонымен қатар тілдің жетілмеуінің үшінші деңгейі баланың терең ойлануын, өз ойын жеткізе алу қабілеттерін қалыптастыруға бағыттайтын және жеңілдететін әдіс-тәсілдер мен технологияларын іздестіру, баланың дербестігі мен еркіндігіне жағдай туғызбау болып отыр. Өзімнің алдыма осындай үлкен мақсат қоя отырып, үнемі ізденіс үстінде шығармашылықпен жұмыс істегеніме бірнеше жыл болды. Ең алдымен мектеп жасына дейінгі тіл мүкістігі бар балалармен қандай бағдарламамен, қандай әдіс-тәсілдермен жұмыс істеу керектігі бойынша іздендім.Мектепке дейінгі мекемедегі ұйымдастыру технологиясында түзету-логопедиялық жұмысында дәстүрлі, дәстүрден тыс формаларды кезең-кезеңімен өткізуліде:Біріншіден: Баланың дамуы - бұл арнайы орта. Балаланың коммуникативті - сөйлеу қызметін дамуына логопед кабинеті заттық-дамыту орталығы үлкен ықпал тигізеді. Педагогикалық ғылымының докторы С.Л.Новоселованың тұжырымдамасында айтылған ұйғарым: «дамыту орталығы – бұл баланың іс-әрекетінің материалдық нысанының жүйесі. Тәрбие - дамытушылық үдерістің қалыптасуына, тәрбие мазмұнына, жасына, тәжирібие мен баланың даму деңгейіне және олардың іс-әрекеттеріне...», логопедтік кабинетінің заттық дамыту орталығына құрастыруды қарастырылады. Логопедтік кабинет –ол ресми түрдегі кабинет болмауы керек. Бұл кабинет, яғни оның ішіндегі: перделер, ойыншықтар, жиһаздар –үйдегі жылуымен салыстырмалы болу керек. Сенсорлық - дамыту орталықтары қауіпсіздік жағдайын жасау. Екіншіден: Баланың тек қана сөйлеу тілін түзетумен шектелмеу, сонымен қатар баланың негізгі жеке тұлғалық мәдениеті мен психикалық үдерістерімен қоса дамыту. Логопедтің түзету жұмысы әлеуметтік пен педагогикалық маңызымен, нығайтуымен жүргізіледі. Баланың денсаулығын нығайту технологиялар маған әрбір сөйлеу кезінде түзетуге көмектеседі. Сондықтан артикуляцияларын дамытуға арналған жаттығуларда, жалпы және ұсақ қол моторикасында, есту, көру, ойлау қабілеттерін дамытуда фонетикалық логотренингті «Ойлаймыз, қимылдаймыз - дамимыз» деген жүйені қолданамын. Мектепке дейінгі жастағы балаларға түрлі массаждар мен көріністер: құлақты , мойын, бетті сипау, қол мен саусақтарды уқалау, дәстүрлі, дәстүрлі емес артикуляциялық жаттығулар ( саусақ театры, сиқырлы тілдің ертегілері, дыбыстарға арналған жаттығулар) ұнайды. Баланың тіллінің бұзылуының алдын алу жұмысында құрал ретінде логопедтік пен фонетикалық ритмикаға аса үлкен көңіл бөлемін. Көзге арналған жаттығулар, релаксацияны қолданамын. Осы әдістердің басты сипаты – баланың қимыл - қозғалыстарын дамыту.Қимыл –қозғалыс сөйлеумен қатар жүру керек. Баланың қимыл белсенділігі жақсы болса, сөйлеу тілі де жақсы дамиды. Л.Генералованың пікірі «Қозғалыс – бұл да сөйлеу, баланы көрсететін мәні». Мен жаңашылықтың түрлі жағдайларында ақпараттық технологияларымен қолданамын.Үшіншіден: Түзету үдіресте ата-аналардың логопед –мұғалімімен тығыз қатынаста болуы. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс: «Ата-ана қонақ емес, балабақша командасының бір мүшесі», деген ұранды қолданамын. Сонымен қатар, саралап, жеке - дара ата-аналарға педагогикалық көмек қөрсетіледі. Бала отбасында берілген тапсырмаларды ата – аналармен жүйелі де сапалы орындаулары тиіс.
Мен логопедтік сабақтарда театрландырылған ойындарды кең түрде қолданамын. Театрландырылған ойын балаға үлкен қуаныш пен таңғалуына тудырады. Соның арқасында бала ересек адамды елемей, оның басшылығын, бағытын қабылдайды. Мысалы, А.Н.Граборов балалардың белсенділігін қамтамасыз ететін, олардың назарын қолдайтын драматизация олардың оқу материалын түсініп меңгеруіне жағдай жасайды, - деп атап өтсе де, түзету-дамыту мүмкіндіктері бар театрландырылған ойын толық қолданылмайды. Шетел әдебиетінде түзету жұмыстарында драматизацияны қолдану мектеп жасына дейінгі баланың өзіне- өзі қызмет ету, мәнерлеп оқу, арифметика сияқты маңызды мәселелердің бірі ретінде көңіл бөледі. Сондықтан рөлдерді бөле отырып қойылым, әңгімелер мен өлеңдерді сахналау, ойындар, пантомимика және ым (әндерді орындауда, өлеңдер мен әдеби мәтіндерді оқуда, әңгімелерді құрастыруда) кең түрде қолданылынуымыз керек.
Барлық театрландырылған ойындарды екі топқа бөлуге болады:
Режиссерлік
Драматизациялау
Түзету жұмыстарында театрландырылған ойындарды қолданудың жетістігіне тән ойын орталықтарын ұйымдастыру әсер етеді. Олар үшін әртүрлі дидактикалық материалдар: костюмдер, көлемді және жалпақ түрдегі қуыршақтар, дидактикалық ойыншықтар, әртүрлі иллюстрациялар қажет.
Театрландырылған ойындар бірнеше кезеңмен өтеді.
Бірінші кезеңде алдағы драматизациялауға өзіндік бастама болатын мимиканы және пантомимиканы жасауға бағытталған ойын жаттығулары жүйелі түрде орындалады. Соның арқасында қозғалыстарда үлкен сенімділік пен басқарушылық пайда болады. Балалар бір қозғалыстан басқасына жеңілірек ауысып отырады, өз бетімен қозғалу ісін, әрекетін шешуге, беттің, ымның және басқа адамның қозғалыс әрекеттерінің нюанстарын түсінуге үйренеді.
Екінші кезеңде тыныс алу мен сөйлеу аппаратының еркіндігін, дұрыс артикуляциясын, анық дикцияны, әртүрлі интонацияны, сөйлеу логикасын дамытуға бағытталған ойындар мен жаттығулар еңгізіледі.
Үшінші кезеңде өлеңдерді, сөз ұйқастыру күлкілі жағдайларды драматизациялауға көшу керек. Балалар алдын ала ата-аналарымен және тәрбиешілерімен бірге шағын мәтінді, яғни мәтіндерді жаттайды, сосын үстел үсті немесе саусақ, қуыршақ театрлары қолдана отырып, оларды ойнайды.
Төртінші кезеңде шығармашылықтың анағұрлым күрделі түріне - әңгімелер мен ертегілерді драматизациялауға көшуге болады. Ол үшін келесі әңгімелер сай келеді: «Алдар көсенің әңгімесі», «Әтеш пен түлкі», «Маша қалай үлкен болды» (Е.Пермяк), «Мысық неге тамақтан соң жуынады» (литва ертегісі), «Ит өзіне досты қалай іздеген» (мордва ертегісі) және т.б. Мұнда театрдың әр түрі қолданылады: үстел үсті, саусақты. Балалар бетперде мен костюм элементтерін қолдана отырып, актерлар сияқты мәтінді, текстті ойнап бере алады. Бір мәтін әр түрлі сахналауға жарайды. Бұл кезеңде суреттерді, әңгімелерді және ертегілерді («Жануарлар таласы», «Бұл мен кінәлімін», және т.б.) «тірілту» қажет. Қорытынды
Сөйлеу қабілетінің бұзылуын түзетуге бағытталған әр түрлі жаттығуларды қолдану баланың өзіне деген көз-қарасын және мәдениетін қалыптастырады, театрландырылған әрекеттер балаға өз орнын анықтауына және өзін өзі көрсете білуіне көмектеседі деген қорытындыға келдім. Бұл мақсатқа ұтымды жету үшін тәрбиешілер және логопедтер өзара жағымды ортаны тудырып, балалар арасында дұрыс қарым-қатынастарды қалыптастыру қажет. Күн сайын балалар ойындарын ұйымдастыру үшін арнайы уақыт бөліп, оларды қызықтыру, ынталандыру үшін тырысулары қажет.