2.?рпа? ?рбиесінде халы? педагогикасыны? ж?йелері, я?ни ж?рек пен а?ыл т?рбиесі ар?ылы т?рбиелеуді? ма?ызын ашып к?рсету.
3.Т?рбиені? е? тамаша жері – отбасы екенін,оларды? бала т?рбиесіндегі м?мкіндіктеріні? жо?ары екендігін ж?не б?гінгі заман талабынан шы?атынынд?лелдеу.
2.Ұрпақ әрбиесінде халық педагогикасының жүйелері, яғни жүрек пен ақыл тәрбиесі арқылы тәрбиелеудің маңызын ашып көрсету.
3.Тәрбиенің ең тамаша жері – отбасы екенін,олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынындәлелдеу.
Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын ешнәрседен мұқтаж етпеуболып қалды.Көпшілік ата-анада тұрақты жұмыс жоқ.Бала –шағаның қамымен жүрген ата-аналардың тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды.Осыдан келіп баламен арадак ейбір түсініспеушілік те болып қалады.Баланы тек қана киіндіріп, ішіндіру мен ғана шектеліп қоймай,олардыңтәрбиесіне де аса мәнберулеріңіз қажет. Біздің мақсатымыз – балаларыңыз бенқ арым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып,балатәрбиесіне көп көңілбөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
"Бала тәрбиесі – мемлекеттіңмаңызды міндеті"деген сөзді ежелгі грек философы Платонның өзі де бекер айтпаған болар.
Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.Олай болса,әрбір ата-ана бала тәрбиесінің нәзіктұстарын білуі шарт. "Жапырақ тамырдан нәралады" дейдіхалқымыз. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Егер ата-ана,басқа да отбасы мүшелері өзара жақсы қарым-қатынастаболса,олардың балалары да әдепті,тәрбиеліболып өседі. Сондықтан әрбір ата-ана бабаларымыздың әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін ұлықтап,аңыз,ертегі немесе жұмбақ түрінде балалардың санасына сіңіре беруі тиіс. Яғни, олар сол арқылы балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.
Халқымыз "Балапанұяда не көрсе,ұшқанда сонны іледі"деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады.Құрметті ата-аналар алдымен біз танысып алайық:
Баланың бас ұстазы - ата-анасы. Бала барлық үлгі өнегені алдымен өзі шыққан отбасы мен ата-анасынан алады.
Ата-ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерд ісіңіре беру,күнсайын емес,сағат сайын бала оқуын, еңбегін,ойынын,жолдастары мен қарым-қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап,жақсылыққа жол сілтеу. Бала біздіңболашағымыз,өміріміздіңжалғасы,сондықтан бала тәрбиесі - ата-анадан жауапкершілікті талап етеді. Бала Отанына қызмет етсін десек ,халқына адал,бақытты болып, өмірде өз орнын табуыне стен шығармай,үнемі көңіл бөліпотыруы қажет-ақ. Енді құрметті ата-аналар сіздермен мынадай сауалнама жүргізуге рұқсат етіңіздер. Бұл сауалнама арқылы өздеріңіздің қандай ата-ана екендеріңізді біліп көрейік.
3. Сауалнама «Сіз қандай ата-анасыз?»
1. Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?
10.Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?
11.Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?
12.Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
13.Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:
1. Әрқашан жасаймын, келісемін - 3 ұпай.
2. Кейде ғана келісемін - 2 ұпай.
3. Келіспеймін - 1 ұпай.
Сауалнаманы бағалау өлшемдері:
0-16ұпай:Бала тәрбиесі-сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
16-30ұпай: Балаға қамқорлық жасау бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30-39ұпай: Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
5. Қызықты сұрақтар:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
3.Балаңызбен үйге берілген тапсырмаларды орындайсыз ба?
4. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың парталас көршісі кім?
6. Бүгін сабактан қандай баға алды?
7. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
8.Балаңызбен бос уақытта не істейсіздер?
9. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
10. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
12. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
13. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
14.Балаңыздың сүйікті түсі қандай?
Балаңы жастан бақпасан,
Жамандықтан қақпасан.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.
Қорытынды:
Жыл өткен сайын қыз шешеге, ұл әкеге үйірсектеп, солардың мінез-құлқын, үнін, қозғалысын қайталайды.
Қыз бала анасынан адалдықты, арлылықты, әдептілікті, тазалықты, шабыттылықты қабылдайды. Анасынан көре жүріп әйел затының табиғатына не тән екендігін біледі. Әсіресе қыз бала шешесінен үй жинау, ас пісіру, кір жууды, іс тігуді, бір сөзбен айтқанда қыруар қабілеттілікті үйренеді.
Ұлағатты ата-ана "Үйренгенің өзіңе жақсы, Істегенің бізге жақсы" деп баланың еңбекке араласуына ыждағаттылықпен көңіл бөледі.
Жанұяның да, баланың да мерейі - әке.Өйткені ол - жанұяның қамқоршысы, мерейі.
Әке - балаға сыншы. Ол бала бойындағы әрбір жақсы ісіне сүйініп, жаман іске күйінеді. Жанұяда әке мен шеше қандай іспен шұғылданса, үйдегі балалар да соған еліктейді.Бұл ,әрине, көрер көзге ашық байқалмағанмен, бірте-бірте бала бойына сіңе береді. Әсіресе, жақсылықтан гөрі жамандық бойға сіңгіш келеді. Ол және күн сайын еселене түседі. Сондықтан бала тәрбиесіне ана да, әке де араласуы керек.
"Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз.Сол айтқандай бабалардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін,еңбек сүйгіштік қасиеттерді өзі өскен отбасынан алады.Яғни, олар балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.
"Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие.Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі"- деп Әл-Фараби айтқандай, Егеменді елдің ертеңі сол ел ұрпағының білімі мектеп тәрбиесінің тереңдігімен өлшенеді. Мектептің мақсты - біліми өрісі биік, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау жүйесі жоғары, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан сегіз қырлы - бір сырлы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтанда бала тәрбиесіне жете мән беріп, "Адамның бір қызығы - бала деген" ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.
Қорыта келе ата-аналар "Жапырақ тамырдан нәр алады"атты тренигтен алған әсерлеріңіз бен өздеріңізді қызықтыратын сұрақтар мен ұсыныстарыңыз болса мына жапырақтарға жазып кетулеріңізге болады.