kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата- ана балаба?ша ?йымыны? т?рбие мен о?ытуды? бірт?тас серіктесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата- ана   балаба?ша ?йымыны? т?рбие мен о?ытуды?

бірт?тас  серіктесі.

1-слайд

?рпа? т?рбиесі ?о?амнан тыс ??былыс емес, ол ?о?амны?  ба?ыт-ба?дарымен,тыныс-тіршілігімен ж?ріп отырады. Мені? балам  №23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиядан т?лім –т?рбие алып ?сіп келеді. Бізді?  балаба?шада б?лдіршінні? тілге, ілім, білімге деген интеллектуалды де?гейін, жеке дара бейімділігімен ?ызы?ушылы?ын дамыта отырып, танымды? ?абілеттерін ?алыптастырады. Балаба?ша мен ата-ана серіктестігі бірін-бірі ?ос ?зенні? са?асындай толы?тырады десек те болады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата- ана балаба?ша ?йымыны? т?рбие мен о?ытуды? бірт?тас серіктесі.»

Сәлеметсіздерме, Құрметті қонақтар!


Ата- ана балабақша ұйымының тәрбие мен оқытудың

біртұтас серіктесі.

1-слайд

Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс құбылыс емес, ол қоғамның бағыт-бағдарымен,тыныс-тіршілігімен жүріп отырады. Менің балам №23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиядан тәлім –тәрбие алып өсіп келеді. Біздің балабақшада бүлдіршіннің тілге, ілім, білімге деген интеллектуалды деңгейін, жеке дара бейімділігімен қызығушылығын дамыта отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастырады. Балабақша мен ата-ана серіктестігі бірін-бірі қос өзеннің сағасындай толықтырады десек те болады.

2-слайд

Біздің «Балауса» мектепке дейінгі гимназияда ата-ана сұранысымен талап-тілектерін қанағаттандыра отырып, біліммен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен біртұтас серіктестік негізінде жұмыс жүргіземіз.Біздің балабақша психологы өз жұмысын ата-анамен бірлесіп жүргізіп келеді.Балалармен бейімделу кезеңінде бізге кеңес беріп отырады. Бала тәрбиесі отбасынан басталып, балабақшадан жалғасын табады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы.

3-слайд


Біздің балабақшаның ата-аналарымен ұйымдастыру жұмыс нысандары әртүрлі әдістермен өткізіледі. Барлық типтегі балабақшалардағы ата-аналармен жұмыстың кең тараған түрлері жоспарланған. Ата-ана комитеттерімен жиналыстар, біріккен іс-шаралар, отбасылық кеш, сайыс, ашық есік күні, жобалық зерттеу жұмыстары, дөңгелек үстел барысында келелі мәселелерді талқылаймыз.


4-слайд

Ата-аналар үшін баласының әр қадамы маңызды. Сондықтан біздің тәрбиеші апайлар осының бәрін ата-анамен бірлесе талқылап, түсіндіре білді. Біз тәрбиешілермен белсенділік орталықтарында жұмыс жүргіземіз, бұған «Тәй-тәй» бағдарламасының технологияларын қолданамыз. «Тәй-тәй» бағдарламасының үлкен бір ұтымды ерекшелігі оқу-тәрбие жұмысында ата-ана тікелей қатысады. Біз өз балаларымыздың бірінші педагогы және қорғаушысы боламыз.




5-6слайд

Біздің балабабақша ішінде және облыс көлемінде ата-аналармен бірлесе іс-тәжірибеге жобалық зерттеу жұмысын ұйымдастыру іс-шаралары өткізіледі. Біз өз балаларымызбен бірлесе отырып

жобалақ зерттеу жұмыстарын қорғадық.

Осы өткізілген іс-шарада өз жұмысын жоғары деңгейде қорғап шыққан тәрбиеші Қарғабаева Шолпан Сембайқызы ата-анасы және Зейнулла Мағжанмен бірге Павлодар қаласында Ахметов атындағы педагогикалық колледжінде «Ахметов оқулары. Қазіргі білім беру үдерісі: тәжірибе,мәселелер,болашағы» аймақаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. «Аралар әлемін қорғау қажеттілігі» атты тақырыптағы жобаны қорғап келді. Мәдениет Ерасылдың атасы, Бекболат Ілиястың анасы, Төлеуова Аружанның анасы «Ойыншықтар және оның маңызын зерттеу жұмыстарын» тәрбиеші Абдинова Үміт Дауытқызымен қорғады.


7- 8-9слайд

Біздің мектепке дейінгі гимназияның өткізетін әртүрлі іс-шаралары ынтымақтастық, серіктестік жұмыстарының ұйымдастыруында мәні өте зор. Спорттық жарыстар, «Ынтымақты отбасы»сайысы.«Мен және менің жанұям» сайысы,Респуплика күніне орай ата-аналардың қатысуымен өткізілген «Достық жәрменкесі», «Өнерлі отбасы» байқауы өткізіліп ата-аналар өз жетістіктерін мақтаныш етті.Біздің балабақшада балалардың салауатты өмір сүруге тәрбиелеу, ас мәзірін даярлау жүйелі жолға қойылған. Қала көлемінде «Балабақшада бала тағамының сапасын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізіп балабақша ұжымы өз тәжірибесімен бөлісті. Балабақша ұжымының ата-ана мен балабақша арасындағы жүйелі істеп жатқан ерең еңбектеріне ата-ана ретінде менің алғысым шексіз.



Құрметті сессияға қатысушылар!


Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ, серіктестік жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. Олай болса, балабақша мен

ата-аналар арасындағы біртұтас ынтымағымыз арта берсін!




Назарларыңызға рахмет! 10-слайд



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ата- ана балаба?ша ?йымыны? т?рбие мен о?ытуды? бірт?тас серіктесі.

Автор: Демеуова Назира Сырлыбаевна

Дата: 21.01.2016

Номер свидетельства: 280389


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства