kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-аналарға кеңес "Ойын арқылы балалардың ой-өрісін жетілдіру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-аналарға кеңес"Ойын арқылы балалардың ой өрісін жетілдіру"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-аналарға кеңес "Ойын арқылы балалардың ой-өрісін жетілдіру"»

Ата-аналарға арналған кеңес

Ойын арқылы балалардың ой - өрісін жетілдіру


Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «ойында озған өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек мектепалды баланың ойынға деген құлқы, қарым - қатынасы, мінезі олар өсіп есейгенде де өмірінде жалғаса береді.


Ойын арқылы балалардың ой - өрісін жетілдіру

Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «ойында озған өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек мектепалды баланың ойынға деген құлқы, қарым - қатынасы, мінезі олар өсіп есейгенде де өмірінде жалғаса береді.


Ойын процесі - тәрбиешінің пәрменді құралдарының бірі. Ойын арқылы балалардың ақыл - ой, адамгершілік, дене тәрбиесі жүзеге асырылады. Баланың жеке басының қалыптасуындағы ойынның маңызы ерекше. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Педагог «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын» басшылыққа ала отырып, әрбір жас тобына арналған ойын түрлерін талапқа сай іріктеп алып жоспарлайды. Балабақшада ойынның мазмұнына қарай мына түрлері ұсынылады.


Құрылыс материалдармен өткізілетін ойындар. Қимылды ойындар. Дидактикалық ойындар. Сюжетті – рольді ойындар. Музыкалық - дидактикалық ойындар. Аталған ойындарды, балалардың ойынға бейімділігі мен құмарлығына сай ұйымдастыра отырып, сыпайы, әдепті мінез - құлық дағдыларын және бірлесіп іс - әрекет ету, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ойын процесінде балалар жолдастарына сыпайы, достық ықыласпен, қарау сезімі, басқалардың талап тілегімен санаса білуге, қиын жағдайда оларға көмектесуге, ойынға қажетті құралдарды пайдалану жөнінде келісіп алуға үйренеді.


Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып өзіне түрлі ақпараттар алады. Бала бір нәрсе туралы толық түсінік алуы үшін оны есту, көру, сезіну арқылы жүзеге асатындығын практика дәлелдеп отыр. Мысалы бала бірнеше секунд ішінде жазу үстелінде тұрған заттарды мұқият қарайды. Көзін жұмады да, есінде сақтағандарының бәрін айтып шығады. Осылайша балалардың тек есін ғана емес, зейінін дамытуға болады. Сәбилер тобының балаларының барабан соғу арқылы, не болмаса ойынның мазмұнына сәйкес үлкен ойыншықты жоғары көрсету арқылы тез жинауға болады. Ойынға жинау ұзаққа созылса, олардың ойынға деген ықыластары кеміп, ойын тәртібі бұзылады. Олар тәрбиеші не істесе соны қайталайды, оларға ертегілердің драмалық түрлері қолайлы. Мысалы: «Шалқан», «Бауырсақ», т. б. ертегілер арқылы драмалау достыққа, жолдастыққа деген ұғымдар қалыптастырылады.


Балалар шығармашылық ойын барысында жүгіріп ойнаумен қатар қуыршақтың көйлегін түймелейді, шашын тарайды, киіндіреді, ыдыс жуу, жинау пайдалы дағдыларға үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты ойдағыдай дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Сюжетті - рөлдік ойынды ұйымдастырудың екі жолын қарастырып көрелік.


1 - тәрбиеші сюжетті - рөлдік ойынды өзі ұсынады. Балаларды рольдерге бөліп, ойын шартын өзі айтып түсіндіреді. 2 - тәрбиеші араласпайды. Ал, енді осы екі жолда да балалардың ойынға деген қызығушылықтары тез басылып қалады. Себебі, бірінші жолы балалар тек орындаушылар ғана, ал екінші жолы ойынның сюжетін өрбіте алмайды да тез арада тарқап кетеді. Ол үшін айналада қоршаған дүниені бақылатып, түрлі құрылыс объектілеріне экскурсияға апарып, көркем шығармаларды оқып таныстыру қажет. Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелей отырып, олардың бойына күнделікті өмірге қажет әртүрлі машықтарды қалыптастырамыз. Олар мыналар: тұрмыстық машықтар - ойыншықтарды ретімен орнына жинау, өндірістік машықтар - өзінің жұмыс орнын таза ұстау, ұжымдық өмірдің машықтары - жолдасына дер кезінде көмек беру, мәдениетті сөйлеу машықтары - сыпайы қарым - қатынас жасауы, көркемдік машықтар - ән айту, би билеу ертегі айту.


Берілген тапсырманы орындау екі кезеңнен тұрады: 1 - кезеңде ауызша немесе сурет бойынша тапсырмаларды орындауға бағыт беріп, баланың есте сақтауына, ойлануына, белгілі бір іс - әрекет қабылдауына ықпал ететін болса,

2 - ші кезенде жаттығулар арқылы зейінін тұрақтандырып, іс - әрекетті тікелей орындау арқылы психикалық процестердің дамуын анықтайды. Жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда балаларға қиындықтар кездессе, қайтадан түсіндіру, орындалу барысында көмектесу қажет. Баланың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту, ойлау қабілетін жетілдіру, жан - жақты қамтылуы қажет, оған тәрбиеші мен ата - ананың үлесі зор. Дидактикалық ойындарды көбінесе сабақ үстінде немесе сабақтан кейін үлкендердің қатысуымен орындалады, өйткені мұнда балалар әлі игере алмаған ұжымдық қарым - қатынас дағдысы талап етіледі.

Дидактикалық ойыншықтар балалардың дербес әрекетін ұйымдастыру үшін пайдаланылады, себебі олар баланың ақыл - ойын, сенсорлық және тіл байлығын дамытады. Ойынның дамуы мен балалардың тұрмыс тіршілігін ұйымдастыруда ойыншықтарды баланың жасына лайықтап таңдап орналастыра білудің маңызы ерекше. Егер бала өз бетінше ойын таңдай алмай, мақсатсыз, әр нәрсені бір ұстап, онымен не істеу керектігін білмей отырса, көмектесу қажет. Мысалы: баланың қасына келіп құрылыс материалдан машина қоятын гараж жасайық деп бастап, енді өзің аяқта да ішіне машинаңды орналастыр - дейді. Топтағы ұялшақ, жасқаншақ балаларға ерекше көңіл бөліп, олардың өзіне деген сенімін оята білу керек. Жаздың ыстық кезінде суға, құмға қатысты ойындар ұйымдастыруы қажет. Бұл кезде балалар құмның сапасымен, не үшін қажеттілігін, судың қасиеттерімен танысады.


Әдетте, балалар қимылды ойындарды жақсы көреді, бірақ балаларды дер кезінде жылдам жинап ойынға жұмылдыра қою тез бола бермейді. Бала қолындағы ойыншығын қимайды. Сондықтан оларды ойынға тарту үшін қолайлы уақытты таңдай білу керек. Қолайлы уақыт деген балалардың көңіл - күйі, шаршамауы, қимыл қабілеті т. б. жағымды жағдайлар кіреді. Балалар өздерінің ойынында негізінен айналасында көргенін бейнелейтіндігі және ол ойындар балалардың өмір сүрген кезеңіне дәл келетіні ақиқат. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым - қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімдік дағдыларын күнделікті іс - әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Ойнай отырып ойлануға бағыт беріледі. Баланың өсіп жетілуіне ықпал ететін басты құрал - ойын. Ойын арқылы бала өседі, жетіледі, дамиды.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ата-аналарға кеңес "Ойын арқылы балалардың ой-өрісін жетілдіру"

Автор: Жусупова Альфира Тлеугазыевна

Дата: 20.11.2019

Номер свидетельства: 527914


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства