kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-аналарға кеңес: «Отбасындағы сүйіспеншілік»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-аналарға кеңес: "Отбасындағы сүйіспеншілік"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-аналарға кеңес: «Отбасындағы сүйіспеншілік»»

Ата-аналарға кеңес: «Отбасындағы сүйіспеншілік»


«Отбасы – бірінші сатысы бұл ұзын баспалдықтың, ал балабақша оның бойымен адымдауды бастауға көмектесуге шақырған саты»

Француз педагогы  Жан жак Руссо : «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»- деген екен. Әрбір тұлғаның тәрбиесі отбасынан басталады. Отбасы тәрбиесі өте күрделі жүйе.

Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері ортақ. Ол– салауаттыда саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Отбасы бала үшін - өмірлік маңызды әлеуметтік орта. Бұл ортаның маңызы өте зор. Себебі, отбасы - баланың эмоцианалдық қорғаны, психологиялық жан тыныштығының саясы, өмірлік тірегі. Отбасының жылылығы мен махаббаты - баланың өзіне сенімін арттырып, болашағына нық қадам жасауына зор ықпал етеді.

Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ата-ананың аялы алақанына, мейірім шапағатына бөленеді, ата-ананың мейірімді жүзі, жылы жүрегі, ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылады, оның дүние танымы, өмірді білуі – міне осыдан басталмақ.Отбасы бала үшін - өмірлік маңызды әлеуметтік орта. Бұл ортаның маңызы өте зор. Себебі, отбасы - баланың эмоцианалдық қорғаны, психологиялық жан тыныштығының саясы, өмірлік тірегі. Отбасының жылылығы мен махаббаты - баланың өзіне сенімін арттырып, болашағына нық қадам жасауына зор ықпал етеді.Отбасындағы сыйластық пен әдеппен әдептілік дағдыларын үйрету ең негізгі мәселелердің бірі. Балабақшадағы тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы.Мектепке дейінгі шақ-бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез.Сондықтан да бала бойына жас кезінен ізгілік,сыйластық,әдептілік,мейірімділік,адамгершілік сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті.Адамгершілік тәрбиесінің бастамасы әр отбасында басталуы тиіс. Әр отбасы мүшелері үлкендермен балалар арасындағы адамгершілікке,бірлік тәрбиесіне,туған жерге сүйіспеншілігін ұялату,әр ұлттың халықтарына сыйластық тілестік көзқарасын қалыптастыру тәрбиесін тәрбиелеу қажет.

Халықта, «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп, бекер айтылмаған. Сондықтан, баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады. Рухани адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан - ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан -тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан, белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Отбасында әр ата-ана бір-бірін сыйлап құрметтеп балаға өнеге бола білу керек. Әр ата-ана баланың орынды іс-әрекеттерін мақұлдап ,азды-көпті жіберген кемшіліктерін өздері түсініп,түзетуге бағыттай білуі тиіс.

Мектеп жасына дейінгі балаларды отбасында рухани адамгершілік құндылықтарға баулудың маңызы зор.

Балалардың отбасына деген сүйіспеншілігін қалыптастырудың басты бағыттары мынада:

1. Адамгершілік тәрбие

2. Құқықтық тәрбие

3. Имандылық тәрбиесі

Балалардың отбасына деген сүйіспеншілігін дамытудың негізгі жолдары:

- Тренинг - ситуациялық рөлдік ойындар -байқау

- Саяхат,әңгіме, сайыс

- Кездесулер ,сауалнамалар,жарыстар, ойындар.

Осылардың нәтижесінде:

- Балалардың отбасына деген сүйіспеншілігі нығаяды.

- Адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, рухани құндылығы арттырады.

- Тәрбиенің мәнін түсінеді.

- Өз ата-анасын,туған-туыстарын сүюге тәрбиеленеді.

Бала дүниеге келген күннен бастап, ата-анасы және айналасындағы адамдармен тығыз байланыста өмір сүреді. Олар күнделікті өмірде ересектермен бірлесе әрекет ете отырып, әрбір іс-әрекеттің мән-мағынасын, мақсат-міндетін, жасалу жолдарын, әдіс-тәсілдерін, қарым-қатынас ережелерін біртіндеп меңгере бастайды.

Отбасында күнде барлық сәттерде балалардың мінезін дұрыс бағытта тәрбилеуге негізделіп отыру қажет.Егер де бала мінезін дамыта отырып тәрбиелемесек,онда қыңыр баланың қиқарлығы арта түседі де төбелеске,дау-даумайға бейім болады.Бала өмірін дұрыс ұйымдастырып,үнемі ақыл-кеңес беріп отырған да ғана бала болашақта адамгершілігі мол бала тәрбиелей аламыз.

Сыйластық,адамгершілік, ізгілік,ізеттілік, әдептілік –бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес.Бұл- отбасынан,балабақшадан бастау алып өмір баспалдақтарына шыңдалып,біртіндеп қалыптасатын қасиет.

Күнделікті өмірдегі ата-ананың іс-әрекеті үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды үйрететіндей болуы керек.Отбасында балалар ата-аналарынан әр түрлі әңгіме естиді,соны көкейіне тоқиды.Сондықтан ата-аналардың әрекеті,әр сөзі үлгі тәрбиеге,адамгершіліктің асыл қасиеттеріне баулитын әңгімелерге ұштастырылғаны жөн болар еді.

Отбасында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады.

Отбасының негізгі міндеттері:

1.Баланың өсіп дамуына толық жағдайлар жасау;

2.Балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;

3.Өз халқының этно-мәдениетінің тәжірибесін ауыстыру;

4.Баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндік жасау;

Отбасы тәрбиесінің негізгі принциптері:

1.Өсіп келе жатқан баланың қайырымдылығы пен мейірімділігін дамыту.2.Балаларды отбасы өміріне енгізу.

3.Балалармен ашық және сенімділік қарым-қатынас жүргізу.

4.Талап қоюда жүйелілік жасау

5.Өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау,сұрақтарға жауап беруге дайын болу.

Отбасы-адамзат қоғамының ең шағын бейнесі.Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады,оның бірі-дүниеге ұрпақ әкелу,екіншісі дүниеге келген сәбиді пәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп,өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп,оны тұлға ретінде қалыптастыру.Бала әрқашанда ата-анаждан жүрек жылуын ,мейірімділікті қажет етеді,ол ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды.Бала үшін ата-ана игілік жасаушы,үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.Отбасы адам баласының қсіп қнер,қаз тұрып,қанат қағар ұясы,алтын бесігі.

Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. Жас ұрпақты қоғамымыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеу- тәрбиеші және отбасының негізгі міндеті. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауып әкеледі» деп философ Әбу Насыр әл Фараби айтқандай, балаларға жан- жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру –басты  парызымыз. Өйткені бала ата-ананың ғана емес, ұлыс пен үлттың ертеңі, келер тарихқа аманат. Жас  ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасатты, өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы- туған үясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі.

Қазақтың  «Баланың бас ұстазы ата- ана», «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» деген қанатты сөздер бар, отбасында әдемі таным, түсінік қалай қалыптасса, өскенде сол қасиет бойынан табылады. «Болса  тәртіп бала өседі сомдалып, қатал ұста бос жүресін сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен- ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.

Адамзаттың бәрі де анадан туып, соның бауырында өсіп ер жетеді. Сүтпен кірген сүйекпен кетеді дейді халқымыз. Ендеше, жаны таза, денсаулығы мықты, ақылды, сұлу бала тәрбиелеуді басты назарда ұстайық. Бұтағымен ағаш сымбатты, ұрпағымен адам қымбатты деген аталы сөзден алыстамайық. Олай болса, қазақ ұлтын аспандататын  ұрпақ тәрбиелеу- баршамыздың еншімізде.

Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани адамгершілік құндылықтарға баулу тәрбиесінде баланы тек жақсылыққа, қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, тәрбиеші, ата-ананың да болашағы зор болмақ.

Өз сөзімді қортындылай келе, жоба авторы С.А. Назарбаеваның: «Әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне, өзінің жазмышына сенуі өте маңызды. Ол өзін-өзі сыйлап, ар-ожданына сәйкес өмір сүріп, жансақ қадамдарының неге соқтыратынын нақты білу үшін керек. Қайырымдылық пен махаббат жүрекке жетіп, әлемде махаббат аурасы мен ізгілікті туындатуы үшін. Міне, сонда ғана қадірлі жастар, ұлдар мен қыздардың елін жүзеге аспаған мүмкіндіктер өлкесі деп айтуға ешкімнің тілі бармайтын болады» - деген сөзімен аяқтағым келеді.



































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ата-аналарға кеңес: «Отбасындағы сүйіспеншілік»

Автор: Кужбаева Гулан Кульджагазовна

Дата: 25.01.2017

Номер свидетельства: 383748


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства