К?нделікті жа?дайда ?ке-шеше т?рбиесі м??гілік таусылмайтын та?ырыптарды? бірі. Кейбір ата-аналар т?рмысты? ?арбаласты?ы себебінен баланы т?рбиелеуге нем??райлы ?арап ?алатын жа?дайлары болады. Ата-ана ?р к?ні он минут уа?ытын шы?арып балаларымен бірге болса бол?аны ?з ?рпа?ын жа?сы т?рбиелеп кете алады. Б?гін мен осы он минут уа?ыт ?стінде то?тала кетуді ж?н к?рдім.
Баланы бір минут жо?ары к?теру
?р к?ні бала?ызды бір минут биік к?тері?із. Сонда бала?ыз ?зіні? б?л ?йдегі, ?мірдегі орныны? ?аншама жо?ары екенін т?сінеді. Бала?ызды? басын сипап, иы?ын барша мейірі?ізбен иіскеп, ?олдарын ?ысып ?стап ?ойы?ыз. Б?л ар?ылы бала?ыз?а ата-ана мейірін жеткізе аласыз.
Бір минут бала?ызды? с?зіне ??ла? асы?ыз
?р к?ні бір минут уа?ыт шы?арып бала?ызды? сізге ?андай ж?рек жарды с?здер айтатынына назар салы?ыз. Бала?ызды? ішкі д?ниесіне кірі?із, осылай істегенде сіз бала?ызды? к??іліндегі ??гімені т?сініп жетесіз.
Бала?ызды бір минуттан арты? ?рыспа?ыз
Бала?ыз кемшілік ?ткізсе оны бір минуттан арты? ?рысуды? ?ажеті жо?. Бала?а с?гіс айт?анда с?йлеген с?зі?із д?рыс, орны?ты болсын. ?рысуды? ж?ні осы екен деп к?п ортасында, к?шеде ай?айлай берме?із. Б?л бала?а берген т?рбие емес, ?айта баланы кемсіту болып саналады. Бала?а с?йлегенде ?депті с?здер айт?ан ж?н, себебі бала?ыз с?зді сізден ?йренеді.
Баланы бір минут мада?та?ыз
?р баланы? ?зіне тиеселі арты?шылы?ы болады. Б?л арты?шылы? бала ?шін же?іске жеткенмен бірдей. Оны? осы ?асиеттерін тани біліп, мада? айты?ыз. Ол осыдан жігерленеді. Шабыт алады.
Бір минут бала?а ??гіме айты?ыз
Аз ?ана уа?ыт б?ліп ?з басы?ыздан ?ткен жайларды бала?ыз?а айтып бері?із. Осы ар?ылы баланы? ойы жетіледі, оны? ?мірге, болаша??а деген к?з?арасы ?алыптасады ж?не д?рыс к?з?арас ?станады. Сіз о?ан жабы? болса?ыз, ол сізді т?сінбесе, ол да сізге жабы? болуы, сіз де оны т?сінбеуі?із м?мкін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ата-анамен ж?мыс. Та?ырыбы: "Бала т?рбиесі" »
Бала тәрбиесіндегі қымбатты бір минут
Күнделікті жағдайда әке-шеше тәрбиесі мәңгілік таусылмайтын тақырыптардың бірі. Кейбір ата-аналар тұрмыстың қарбаластығы себебінен баланы тәрбиелеуге немқұрайлы қарап қалатын жағдайлары болады. Ата-ана әр күні он минут уақытын шығарып балаларымен бірге болса болғаны өз ұрпағын жақсы тәрбиелеп кете алады. Бүгін мен осы он минут уақыт үстінде тоқтала кетуді жөн көрдім.
Баланы бір минут жоғары көтеру
Әр күні балаңызды бір минут биік көтеріңіз. Сонда балаңыз өзінің бұл үйдегі, өмірдегі орнының қаншама жоғары екенін түсінеді. Балаңыздың басын сипап, иығын барша мейіріңізбен иіскеп, қолдарын қысып ұстап қойыңыз. Бұл арқылы балаңызға ата-ана мейірін жеткізе аласыз.
Бір минут балаңыздың сөзіне құлақ асыңыз
Әр күні бір минут уақыт шығарып балаңыздың сізге қандай жүрек жарды сөздер айтатынына назар салыңыз. Балаңыздың ішкі дүниесіне кіріңіз, осылай істегенде сіз балаңыздың көңіліндегі әңгімені түсініп жетесіз.
Балаңызды бір минуттан артық ұрыспаңыз
Балаңыз кемшілік өткізсе оны бір минуттан артық ұрысудың қажеті жоқ. Балаға сөгіс айтқанда сөйлеген сөзіңіз дұрыс, орнықты болсын. Ұрысудың жөні осы екен деп көп ортасында, көшеде айғайлай бермеңіз. Бұл балаға берген тәрбие емес, қайта баланы кемсіту болып саналады. Балаға сөйлегенде әдепті сөздер айтқан жөн, себебі балаңыз сөзді сізден үйренеді.
Баланы бір минут мадақтаңыз
Әр баланың өзіне тиеселі артықшылығы болады. Бұл артықшылық бала үшін жеңіске жеткенмен бірдей. Оның осы қасиеттерін тани біліп, мадақ айтыңыз. Ол осыдан жігерленеді. Шабыт алады.
Бір минут балаға әңгіме айтыңыз
Аз ғана уақыт бөліп өз басыңыздан өткен жайларды балаңызға айтып беріңіз. Осы арқылы баланың ойы жетіледі, оның өмірге, болашаққа деген көзқарасы қалыптасады және дұрыс көзқарас ұстанады. Сіз оған жабық болсаңыз, ол сізді түсінбесе, ол да сізге жабық болуы, сіз де оны түсінбеуіңіз мүмкін.
Киелі кітап
Баланы нәресте күнінен тәрбиелеңдер
Үлгі көрсетіңдер. Ехоба алдымен былай деді: “Мен бүгін саған өсиет етіп отырған бұл сөздер сенің жүрегіңде болсын”. Сосын ол: “Оларды балаларыңның құлағына құй”,— деп қосты. Демек, Құдайға ұнамды қасиеттер ең алдымен ата-ананың жүрегінде болуы керек. Олар шындықты сүюі керек, әрі соған сай өмір кешуі керек. Тек сонда ғана олар шындықты баланың жүрегіне жеткізе алады (Нақыл сөздер 20:7). Неге? Өйткені балаға естігенінен гөрі көріп жүрген нәрселері қаттырақ әсер етеді.
Досы болыңдар. Ехоба исраилдік ата-аналарға: ‘Балаларыңа үйіңде отырып та, жол жүргенде де айт’,— деген болатын. Бұны орындау үшін, қанша жерден қолдары бос болмаса да, олардың балаларымен бірге уақыт өткізуі керек еді. Иса балалардың көңіл қоюға тұратынын білген болуы керек. Оның жердегі қызметінің соңғы күндері өтіп жатқанда, адамдар “қолын тигізсін деп Исаға балаларын әкелді”. Бұған Иса қалай қарады? “Балаларды құшақтап, оларға батасын берді” Қараңдаршы, Исаның өмірінің соңғы сағаттары өтіп жатқан болатын, соған қарамастан ол балаларға уақытын бөліп, назарынан тыс қалдырмады. Қандай тамаша үлгі!
Баламен пікір алмаса біліңдер. Егер сендер баламен бірге уақыт өткізетін болсаңдар, бұл сендердің пікір алмасуларыңа көмектеседі. Көбірек пікір алмасқан сайын, балаларыңның мінезінің қалай дамып жатқанын сендер жақсырақ түсінетін боласыңдар. Бірақ естеріңде болсын, пікір алмасу — жай ғана әңгімелесу емес. Бразилияда тұратын бір ана былай деді: “Менің тыңдауды — жүрегіммен тыңдауды — үйренуіме тура келді”. Баласы көкейіндегі нәрселермен бөлісуді бастаған кезде бұл әйел өзінің шыдамының жемісін көрді.
Балалар үшін “күлетін... және билейтін”, яғни демалатын, уақыт қажет.Ата-аналары демалатын уақытты балаларымен бірге өткізетін болса, демалыс өте жемісті болады. Көптеген үйлерде теледидар көргеннің демалыс болып есептелетіні өкінішті-ақ. Теледидар бағдарламаларының кейбіреулері қызық болуы мүмкін, дегенмен олардың көпшілігі құлықтылықты бұзады және отбасы мүшелерінің бір-бірімен пікір алмасуына кедергі жасайды. Ендеше, пайдасы тиетіндей нәрсемен балалармен бірге неге айналыспасқа? Ән айтыңдар, ойын ойнаңдар, достарыңмен араласыңдар, қызықтауға болатын жерлерге барыңдар. Осындай істермен айналысқан кезде пікір алмасуға мүмкіндіктер туады.
Балаларыңды үйретіңдер. “[Бұл сөздерді] балаларыңның құлағына құй”,— деді Ехоба. Нені және қалай үйрету керектігін біз контекстен көріп отырмыз. Біріншіден, “Тәңірді, Құдайыңды, шын жүрегіңмен, жан-тәніңмен және бар күшіңмен сүй” делінген (Заңды қайталау 6:5). Содан кейін, ‘осы сөздерді... құлағына құй’ дейді. Балаға тәлім бергенде Ехоба мен оның заңдарына деген шынайы сүйіспеншілік дамытуға тырысыңдарсалыстырыңдар.) “Құлағына құй” деген сөз тіркесі қайталап отыру арқылы үйрету дегенді де білдіреді. Сонымен, шын мәнінде Ехобаның сендерге айтып отырғаны мынау: Құдайға ұнамды қасиетті өзінің бойында дамытуы үшін балаға көмек берудің бірден-бір жолы — онымен әңгімелесу арқылы бірте-бірте Ехоба жайлы білімін тереңдету. Киелі кітапты отбасымен бірге әрдайымзерттеу де осыған жатады.
Баланың жүрегіне жеткізіп айтудың қандай қиын екенін ата-аналардың көпшілігі біледі. Елші Пауыл бір сенімдегі мәсіхшілерге мынадай үндеу тастаған болатын: “Жаңа туылған нәрестенікіндей... таза сөздің сүтіне құштарлық дамытыңдар” “Құштарлық дамытыңдар” деген сөз тіркесінен көпшілігінің рухани азықты қабылдауға ықыласы болмайтыны көрінеді. Мүмкін, баласының бойында осындай ықыласты дамытудың жолдарын ата-ананың іздеуі керек болатын шығар.
Мысалдарды пайдалана отырып, Иса адамдардың жүрегіне жеткізіп айтқан Мұндай әдіс әсіресе балаларды үйрету үшін тиімді. Суреттер мен қызық әңгімелерді қолданып оларға Киелі кітаптағы принциптерді үйретіңдер. Мүмкін, “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” деген кітаптың ішінен аларсыңдар*. Талқылауға арналған уақыт балаларың үшін қызықты өтетін болсын. Киелі кітап оқиғаларының суретін салу және оларды ойнап көрсету арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін пайдалануларына мүмкіншілік жасаңдар. Сонымен қатар Иса сұрақ қою арқылы үйреткен Отбасымен бірге Киелі кітапты зерттеген кезде осы әдісті қолдануға тырысыңдар. Құдайдың қандай да бір заңын айтып қана қоймай, мынадай сұрақтар қойыңдар: Ехоба бұл заңды бізге не үшін берді? Неге біз оны орындауымыз керек? Егер біз оны орындамасақ не болады? Мұндай сұрақтар баланың ойлануына ықпал етіп, Құдайдың заңдары қолдануға тұрарлық әрі пайдалы екенін түсінуіне көмектеседі (Заңды қайталау 10:13).
Егер сендер балаға үлгі көрсетіп, олардың досы болып, пікір алмаса біліп, әрі оларға тәлім беріп отырсаңдар, бұл баланың ерте бастан Ехоба Құдаймен тығыз қарым-қатынас дамытуына жәрдем болады. Осы қарым-қатынастың арқасында сендердің балаларың бақытты мәсіхші болады. Тіпті құрдастарының тарапынан болған қиындықтар мен азғыруларға кезіккенде де, ол өзінің сеніміне сай өмір сүруге талпынатын болады. Осындай қымбат қарым-қатынасты бағалауы үшін, балаларыңа көмектесуді тоқтатпаңдар (Нақыл сөздер 27:11).
ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ
20 Тәрбиелеу дегеніміз — ақыл-парасаты мен жүрегін жөнге сала отырып тәлім беру. Баланы үнемі тәрбиелеп отыру керек. Әкелерге Пауыл: “Ақылмен жөн сілтеп, Иемізбен жүргендерге лайықты тәрбиелеңдер”,— дейді Ехоба сияқты, ата-аналар балаларын сүйіспеншілікпен тәрбиелеулері керек. Сүйіспеншілікке негізделген тәрбие қойылған талаптарды түсіндіру арқылы жүзеге асады. Бізге: “Айтылған ақылды тыңдаңдар”,— делінетіні де сондықтан (Нақыл сөздер 8:33). Баланы қалай тәрбиелеген дұрыс?
21 Бала тәрбиелеу дегенді кейбір ата-ана баламен қатаң түрде әңгімелесу, ұрсу немесе тіпті балағаттау деп түсінеді. Алайда Пауыл былай деп ескертіп отыр: “Ата-аналар, балаларыңа шектен тыс ұрыспаңдар [“ашуландырмаңдар”, ЖД]”. “Бәріне бірдей жылы жүзді” болып, “қарсыластарын ілтипаттылықпен түзетуге” мәсіхшілердің барлығы шақырылады Қаталдықтың қажет екенін мәсіхші ата-аналар біледі, бірақ балаларын тәрбиелеген кезде олар бұл сөздерді ұмытпауға тырысады. Бірақ, кейде жай түсіндіріп айтқан жеткіліксіз болып, жазаның қандай да бір түрін қолдану керек болуы мүмкін (Нақыл сөздер 22:15).
22 Барлық баланы бір әдіспен тәрбиелеуге болмайды. “Ауызша” айтқанға балалардың кейбіреулері көне бермейді. Тіл алмағаны үшін баланы анда-санда жазалайтын болса,бұл оларды қауіп-қатерден сақтауы мүмкін (Нақыл сөздер 17:10; 23:13, 14; 29:19). Бірақ, не үшін жазаланғанын баланың түсінуі керек. “Көк шыбық пен айыбын ашу ақыл кіргізеді” (Нақыл сөздер 29:15; Аюп 6:24). Оның үстіне, жазалаудың да шегі бар. Өзінің халқына Ехоба: “Мен... сені... жөнімен жазалаймын”,— деген болатын. (Еремия 46:28ә). Балаға зияны тиетіндей және тіпті оған зақым келтіретіндей етіп ашумен дүре соққанды және қатыгездікпен ұрып-соққанды Киелі кітап ешқандай да құптамайды (Нақыл сөздер 16:32).
23 Жазалайтынын ескерте отырып, Ехоба өзінің халқына былай деді: “Қорықпа... өйткені Мен сенімен біргемін” (Еремия 46:28а). Сол сияқты, ата-ана жазалаудың қандай түрін қолданып тәрбиелесе де, жазадан соң бала ата-анасы өзінен теріс қараған сияқты сезімде қалмауы керек. Қайта бала ата-анасы ‘өзімен бірге’ екенін, яғни оның қамын ойлағандықтан жазалайтынын түсінуі керек