kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Үйшік ертегісі" (құрастыру, жапсыру, бейнелеу, сюжеттік ойын)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақтар ашық сабақтар ашық сабақтар рпщшпврвпщвпрзщпв

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Үйшік ертегісі" (құрастыру, жапсыру, бейнелеу, сюжеттік ойын)»

Тақырыбы: «Біздің баубақша»

Өткізілген күні:29.11.2017 ж.

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілі,бау –бақша өнімдері туралы түсінік беру.

Жеміс-жидектер мен көкөністер туралы түсініктерін кеңейту. Жұмбақтарды тапқырлықпен шеше білуге үйрету. Табиғатты сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Жыл мезгілі туралы әңгімелесу.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру сұрақ- жауап дидактикалық ойын.

Қажетті көрнекі құралдар: Жемістер,көкөністер.


Шаттық шеңбері

Үлкен де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз

Жоғары қарап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім

Оңға,солға бұрылып

Егеменді ел көрдім.

Ұйымдастыру

-Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

-Оны қайдан білдіңдер?

-Балалар тағы да күз мезгілінде жемістер мен көкөністер піседі екен.

-Балалар сендердің саяхатқа барғыларың келеді ме?

-Ендеше біз бүгін бау-бақшаға саяхатқа барамыз.Саяхатқа балалар біз поездбен барамыз.

Қимылды ойын: «Поезд»

Кәне кімнің бойы ұзын,

Паравозы ол пойыздың

Қатар-қатар тұрайық

Пойызды біз құрайық

Пыш-пыш,пыш-пыш,біз кеттік

Жүрісті біз үдеттік

Гу-гу,гу-гу гуілде

Қалып қойма біріңде

Қане балалар тоқтайық пш-ш-ш

Балалар біз міне бау-бақшаға да келіп қалдық.

Кәне пойездан түсейік

-Балалар қараңдаршы бау-бақша қандай әдемі.Бау-бақшаның сұлулығына қараңдаршы неткен әдемі,неткен ғажап.

Таңғажайып сәт:Ағаштардың арасынан Бағбан ата шығады.

Бағбан ата

-Сәлеметсіңдер ме балаларым!Ой,балалар сендердің келгендерің қандай жақсы болды. Сендер маған жемістер мен көкөністерді топтап жинауға көмектесесіңдер ме?

Дидактикалық ойын «Топтап жина»

Мақсаты: Балаларды салыстыруға , ажыратып,топтай білуге үйрету.

Ойын шарты: Жемістерді көкөністерден ажыратып топтап жинауға үйрету.

Балалар Бағбан атаға жемістер мен көкөністерді жинауға көмектеседі.

Бағбан ата-Рахмет балалар. Сендер маған үлкен көмек бердіңдер.

Тәрбиеші-Балалар сендер Бағбан атаға қандай жемістер мен көкөністерді жинап

Балалардан жиналған жемістер мен көкөністерінің аттарын, пішіні мен түсін сұрау.

бердіңдер?

Бағбан ата Рахмет! Балалар енді сендердің қандай өнерлерің бар?

Мен шаршадым мына жерде сендердің өнерлеріңді тамашалап,тынығайын.


«Қолшатыр» биі.


Бағбан ата Балалар бүгін сендер түрлі жемістер мен көкөністер болып, келіпсіңдер. Ал кәнекей ендеше өздерің туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Тәрбиеші:-Әрине ата балалар өте көп тақпақтар біледі,олай болса Бағбан атаға тақпақтарымызды айтып берейік.


Анастасия

Кәне қарбыз таңдайық

Үлкен, кіші кәріміз.

Жейміз оны бәріміз.

Алина

Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.

Адема

Мен алмамын, алмамын
Таңдай тартар бал дәмім.

Айдана

Мен қиярмын, қиярмын.

Жаңа піскен кезімде, жейді бәрі сүйсіне.

Аружан

Піскен кезде, қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен.


Бағбан ата ой жарайсыңдар балалар!

Неткен жақсы балаларсыңдар

Тақпақты өте жақсы айтады екенсіңдер


Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын,сендер шешуін тауып көріңдер.

Алма қызыл, тәтті болады.
Бой жаза алмай ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім ,айтыңдаршы,
Бұл қай кезед болады?
Күз мезгілінде.
Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?
Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады, адамдар, балалар жылы киінеді.
-Өте жақсы.

Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады.Ол не? (Пияз)

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып

Әкелді әкем бір күні.Бұл не? (Сәбіз)

Тігіп алып көк шатыр

Қызылкүрең доп жатыр. Ол не? (Қызылша)


Бұтағында азығы,

Ортасында  азығы  (Алма)

Ашулы қонақ бұл анық

Тонып  шешсе, жыладық. (Пияз



Әр желің асты толы көк қоян

Жаз болғанда көк  қоянды, жеп қоям. (Қияр)



Бұл не деген көп  киім

Жетпіс қабат көп киім.  (Қырыққабат.)

Сырты  жасыл қатты,

Іші қызыл тәтті. (Қарбыз)



Аласа  ғана  бойы  бар

Тоғыз қабат тоны бар.( Сарымсақ)



Әрі  қызыл, әрі  тәтті,

Татқан  жанды  таңырқатты. (Алма)



Бұта, бұта ұзын,

Бұтаның да  қолы ұзын  (Жүзім)
















Сергіту сәті:

Саябаққа барамыз,
Алма теріп аламыз.
Ең үлкенін, тәттісін
Себетке біз саламыз.( 2рет)


Тәрбиеші-Міне Бағбан ата біздің балалар өте ақылды, тапқыр

Бағбан ата Ой жарайсыңдар. Неткен дарынды балаларсыңдар.

Өркендерің өссін балалар.

Мен сендерге осындай көрсеткен өнерлерің үшін және маған көрсеткен көмектерің үшін мынандай сый дайындап қойдым. Оны мына тәрбиешілеріңе берейін.

Ол сендерге топқа барған соң таратып береді.

(Бағбан ата балаларға алып келген сиын береді)

Бағбан атаның мына сиы үшін үлкен рахмет айтайық.

Балалар енді бізде тобымызға оралу үшін пойыз болайық.

Балалар пойыз болып топқа оралады.

Балалар сендерге саяхатымыз ұнады ма?

Балалар сендер саяхатта өздеріңді жақсы ұстадыңдар. Жемістер мен көкөністерді де жақсы тердіңдер. Ендеше мен сендерге Бағбан атаның сиын таратып беремін.


































Түсіне қарай себеттерге орталастыру.

«Шаттық шеңбері»
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші:
- Амансың ба, алтын күн!
- Амансың ба, көк аспан!
- Амансың ба, Жер - Ана!
- Амансың ба, достарым! Жылуыма жылу қос! Міне, менің қолым!
- Сәлеметсіңдер ме !(хормен)
- Балалар , біз көңілді саяхатқа шығайық .
- Балалар, мынау не? Кім біледі? ( Геометриялық денелердің макетін
көрсетеді)
- Үшбұрыш!
- Түсі қандай кім айтады?(көк)
- Ал мынау не?
- Ол төрт бұрыш.
- Түсі қандай?(қызыл)
- Ал мынау қандай геометриялық дене?
-Дөңгелек (дұрыс)
- Дөңгелектің түсі қандай?
- Ақ.
- Балалар, бәріміз пойызға отырып, саяхатқа барайық.
Қимылды ойын: «Поезд»
Қатар, қатар тұрайық,
Кәне, кәне сұрайық
Кімнің болса бойы ұзын-
Паравозы ол поездың.
Ал,паравоз, баста алға
Бәрімізді басқара
Пыш-пыш, пыш-пыш біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Ал, кәне, балалар, тоқтайық,
Пыш – ш-ш-ш-ш,
Енді поездан түсейік.
Бірінші аялдама - «Дүкен».
Балалар, күз мезгілінде диқандар егін орады, бау-бақшалардағы жемістер мен көкөністер піседі.( балалардың назарын стол үстіндегі жемістер мен жидектер,көкөністерге аударады)
-    Дарын, сен көкөністерді сатып ал.
-    Тоғжан, жеміс-жидектерді сатып алсын.( Екі бала екі себетке жинайды.
-    Қане, Самат қанша көкөніс сатып алыпты, бәріміз бірге санайық.
(атын атаңдар) 4 көкөніс (сәбіз, пияз,қызанақ, қияр).
-    Жарайсыңдар!
-    Тоғжан не сатып алды?
-    Жеміс - жидектер.
-    Кәне, атын атап, қанша екенін санаңдар. Жеміс-жидектер 4 (алма, жүзім, алмұрт, өрік).
-    Балалар, осы алма ,жүзім, өрік, алмұрт қайда өседі?
-    Ағаштарда өседі.
-    Дұрыс айтасыңдар. Сәбіз, қияр, пияз, қызанақ қайда өседі?
-    Бау - бақшада өседі.
-    Балалар, сонымен көкөністер бақшада ,жемістер ағашта өседі екен.
Ойын «Көкөністер мен жемістерді ажырат».
Алмұрт:
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Өрік:
Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Жүзім:
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып түзілдім.
-    Балалар, саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.
Кімнің болса бойы ұзын-
Паравозы ол поездың.
Ал,паравоз, баста алға
Бәрімізді басқара
Пыш-пыш, пыш-пыш.
-    Тоқтаңдар! Одан әрі жол жоқ. Алдымыздан көрінген не?
-    Көл.
-     Көлден өту үшін не керек? (көпір)
-    Дұрыс. Олай болса алдымен көпір салайық, ол үшінбізге мына әр түсті ұзын,қысқа таяқшалар қажет.
-    Ұзын, қысқа таяқшаларды салыстырамыз.
-    Кім көмектеседі?
-    Медина, көмектесе ғой.
-    Жарайсыңдар! Бәріміз көпірден арғы бетке өтейік. Балалар. Біз бау-бақшаға келіп қалдық. Бау-бақшада не өседі?
-    Алма.
-    Алма қызыл, тәтті болады.
-    Бой жаза алмай ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім ,айтыңдаршы,
Бұл қай кезед болады?
-    Күз мезгілінде.
-    Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?
-    Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады, адамдар, балалар жылы киінеді.
-    Өте жақсы. Балалар, сендер шаршап қалған сияқтысыңдар. Бойымызды сергітіп алайық.  
Сергіту сәті:
Саябаққа барамыз,
Алма теріп аламыз.
Ең үлкенін, тәттісін
Себетке біз саламыз.(2 рет)
Балалар, бәріміз бау - бақшаның ішінде орналасқан стол басына отырайық. Мен алманы сары қағазға жапсырамын. Сендер де осы алманы жапсырасыңдар. Кәне, барлығымыз дұрыс отырып, мұқият қараймыз. Сендер әдемі, әрі таза жапсырады екенсіңдер. Балалр, бізге бағбандар сыйлық дайындап қойыпты. Балалар себеттен алмаларды алады.
-    Алманың дәмі қалай екен?
-    Тәтті.
-    Бүгін саяхат сабағында не жайлы айттық?
-    Жемістер мен көкөністер жайлы айттық.
-    Геометриялық денелерді және оның түстерін ажырата білдік. Ұзын,
қысқа таяқшаларды салыстырдық. Алманың тәтті дәмін білдік. Балалар, бүгінгі сабаққа барлығың да жақсы қатыстыңдар.










Тақырыбы: Сюжетті- рөлдік ойын: « Шаштараз»

Мақсаты: Балаларды сюжетті рөльдік ойындардың жаңа түрлерімен

таныстырып,ойнатып және өзіндік ойын барысында өз

қатарластарының ойымен келісулеріне,ойын кезінде бір рөлден

екінші рөлге ауыса білуді жетілдіру.Ойын арқылы балаларды

қоршаған ортаға бейімдеу.Балаларды ұйымшылдыққа

тәрбиелеу,қызығушылықтарын арттыру.

Ойын барысы: Жылулық щеңбері:

Мынау менің жүрегім

Барлығы осыдан басталған

Мыау менің басым

Бәрін осы басқарған

Мынау менің оң қолым

Барлық істі тындырған

Бәріміз тату болайық,

«Сәлеметсіздер ме!»

Амандасып алайық

Жұлдыздай жарқырайық

Бүгінгі күнді бастайық

Тәрбиеші: Балалар,қазір барлығымыз үлкендер өміріне саяхатқа шығамыз.

(Отбасы мүшелері дөңгелек үстелде отырады)

Анасы: Аружан 17 жасқа толды ғой.Сондықтан мен оны дәрігерлік кеңестен өткізуге емханаға апарамын.Сен қызым бүгін не істейсің?

Қызы: Мен шаштаразға барып шашымды жөндетейін дегенмін.

Анасы: Онда қазір шаштаразға қоңырау соғып кезккке жазылып қой.

Қызы: Жарайды

(Телефон соғады).Сәлеметсіз бе!Шашымды сәндеуге кезекке жазылайын, - деп едім.Рахмет.Анашым кезекке жазылдым.Енді маған біраз ақша керек болып тұр.

Анасы: Міне саған ақша,барып келе ғой.

Қызы:Шаштаразға келді.Дәлізде көп адамдар кезек күтіп отырады.

Администратор: Сәлеметсіз бе!

Қызы: Сәлеметсіз бе! Мен сағат бірге шашымды сәндеуге кезекке жазылып едім.

Администратор: Иә,жақсы.Шаштараз қазір босайды,күте тұрыңыз,міне сізге журналдар қарай отырыңыз.

(Шаштараз жұмыс үстінде)

Тәрбиеші: Балалар,сендер осы шаштаразға барып көрдіңдер ме?Қалай ойлайсыңдар,шаштаразға қандай заттар қажет?Мен сендерге жұмбақ жасырайын,сендер шешуін айтасыңдар.

Жұмбақтар шешу:

Қос таяқ,бастары дөңгелек

Тұтасты кеседі бөлек бөлек (Қайшы)

Қайшыны кез келген жерге қоюға болмайды,қайшымен ойнауға,ауызға салуға болмайды.Қайшымен жұмыс істеген кезде мұқият болып,көзден алысырақ ұстау қажет.



Шомылған баланы,аймалап алады,

Сүртеді қолыңды, сүртеді жоныңды

Бұл не? (Орамал)

Қолы жоқ,сөзі жоқ,бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар

Бұл не? (Тарақ)

Иілсең иіліп,түйілсең түйіліп,

Қарайды кісіге,ұқыпты ісіне

Бұл не? (Айна)

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,шаштаразға қажетті заттар осылар екен.Осы адамдар шаштаразға не үшін барады?

Балалар: Шаш қию үшін,шаштарын сәндеу үшін.

Тәрбиеші: Иә,дұрыс айтасыңдар. Администратор: Шаштараз босады,кіруіңізге болады.

Қызы: Сәлеметсіз бе!

Шаштараз: Сәлеметсіз бе!Сіз шашыңызды қалай сәндейін деп едіңіз?шашыңызды жуайық па?

Қызы: Жоқ,шашамды үйде жуып келдім.Маған төбе жағын көтеріп,бигуди тағып бұйралап берсеңіз.

Шаштараз: Жақсы.

Шаштараз: сізге шаш қою үлгісі ұнады ма?Егер ұнаса ақшасын төлеуіңізге болады.

Қызы: Рахмет,ұнады.Ақшасын қайда төлейін?

Шаштараз: Кіре берістегі администраторға.

Қызы: Сау болыңыз.

Шаштараз: Сау болыңыз,келіп тұрыңыз.

Администратор: Сізден жиырма бес тенге.

Қызы: Мінекейіңіз,рахмет,сау болыңыз.

Администратор: Сау болыңыз,келіп тұрыңыз.

Тәрбиеші: Балалар,шаштаразға алдын ала жазылуға және жай кезекпен келуге болады екен.

Администратор: Шаштараз босады,келесі кезекте кім екен?

Алихан: Менің кезегім еді.

Администратор: Кіріңіз.

Шаштараз: Сәлеметсіз,сіз шашыңызды қиясыз ба?

Алихан:Сәлеметсіз,иә,шашымды қияйын деп едім.

Шаштараз: Отырыңыз.

(Мойындарын орау,алжапқыш кигізу,шашын қырқу,кептіру)

Шаштараз: Мінекейіңіз,сіздің көңіліңізден шықты ма?

Алихан: Иә,рахмет,ұнады.

Шаштараз: Сау болыңыз,келіп тұрыңыз.

Алихан:Сау болыңыз,ақшасын қайда төлейін?

Шаштараз: Кіре берістегі администраторға.

Администратор: Сізден он тенге.

Алихан: Мінекейіңіз,рахмет,сау болыңыз.

Администратор: Сау болыңыз,келіп тұрыңыз.Біздің шаштаразымыз жиырма минуттан соң жабылады,бірақ ертең міндетті түрде жұмыс істейді,қазір ақырғы адамды қабылдаймыз.Үлгермегендер ертең келулеріне болады,міндетті түрде келіңіздер!

Тәрбиеші:Сонымен балалар біз бүгін шаштараз апайдың жұмысымен таныстық.Әркез шаштараздан шыққан кезде,бірден өңіңіздің кіргенін байқайсыз.Шаш өсіп кетсе түр келбетіміз жаман болып кетеді.Қыздар шаштарын өріп,ұлдар қырықтырып жүру керек.

Балалар,сендер шаршап кеттіңдер ғой деймін,қане орнымыздан тұрып сергіп алайық:

Орнымыздан тұрайық

Қоды жоғары созайық

Ұшқыш болып ұшайық

Тігіншіге ұқсайық

Дөңгелене би билеп

Бишіге біз ұқсайық!


Тәрбиеші:Балалар,бүгін біз сендермен маман иелері жайлы көп біліп,олардың немен айналысатындары жайлы білдік.Мен осы іс әрекетімізді мына өлең шумағымен аяқтағым келеді:

Бүгін сәби боласың

Ертең өсіп толасың

Жігіт болып өскенде

Сен де маман боласың.























Тақырыбы: Күздік киімдер. 

Өткізілген күні:29.11.2017 ж.

Сабаққа қатысатын балалар: Орақбаев Н, Бурдоленко Д, Найманбаев А, Абдибеков М
Мақсаты: Балаларға киімдердің түрлерін ажыратып, күздік киімдерді топтастыра білуге үйрету. Сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өзіне – өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: күздік киім түрлерінің суреттері. 
Әдіс – тәсілдері: көрнекілік, ойын. 


Шаттық шеңбері. 
Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Балалар, орнымызға жайғасайық. 
Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Жыл мезгілдерін атап ,өту. Көрнекіліктермен жұмыс.

Ал, балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Жауабын тауып көріңдер: 

Суреттермен жұмыс.

1.Есігі біреу,
Бөлмесі бесеу. (қолғап)

2. Адамның сәні, онсыз жоқ мәні 

(киім)
3. Ерте тұрдым, екі айыр жолға түстім. 

(шалбар)
4. Күндіз
Таяғымды қаптаймын,
Түнде
Босағаға тастаймын

(аяқ киім)

5. Іші - егіс,
Сырты - тегіс. (тон)

6. Дорбаға тығып, бас бағын,

Байлай салдым қос жағын. (Тымақ)

Кәнеки, балалар тағы да бір қайталайықшы, қазір жылдың қай мезгілі? 
Күздің басты белгісін айтыңдаршы? 

Балалар сендер байқадыңдар ма? Жаз мезіліне қарағанда қазіргі киімдеріміз қандай? 
Неге біздер жылы киіне бастадық? 


Балалар, дұрыс айтасындар қазір күздің суық айы, жылы киінбесек жаурап қаламыз. Олай болса балалар жылы жүру үшін қандай киімдер киіну керекпіз. 
Кәнекей, балалар маған көмекке келіңдерші. Ортаға балалар шығады.

 «Кел киінейік» деген ойын ойнайық. 
- Құлағымыз, басымыз тоңбасын деп басымызға не киеміз? 
- Денеміз жаурап қалмау үшін, үстімізге не киеміз? 
- Ал, мойынымыз тоңып қалмас үшін не киеміз? 
- Енді аяғымыз тоңып, су болмау үшін не киеміз? 
Енді қолымыз жаурап қалмас үшін тым қалың емес қолғап киюге де болады. 
Күзде жауын жиі жауады сол үшін киімдеріміз су болмас үшін қол шатыр ұстау керек. Балалар белсене атсалыса отырып, қатысады. 

Балалар енді біз табиғат аясына серуенге шығамыз.

«Күз туралы» презентация

Сергіту сәті: 
Тоңса біздің қолымыз, 
Қолғап киіп аламыз. 
Сарт- сарт- сарт, 
Шапалақ соғамыз. 
Тоңса біздің денеміз, 
Тонды киіп аламыз. 
Топ – топ – топ, 
Топылдатып билейміз. 
Ғажайып сәт: 
Есікті қағып «Күз» келеді. 
- Сәлеметсіңдер ме балалар? Мені таныдыңдар ма? 
- Мен Күзбін! Балалар қазір күздің соңғы айы, күн суытып, жиі жауын жауа бастады. Байқадыңдар ма? 
- Балалар сендер суық күнге, жауын – шашынға дайынсыңдар ма?

Жарайсындар! Ия 
Балалар сендерге мен санамақ айтып, сурет жұмбақ жасырамын. 
Сендер осы жұмбақтың шешуін киім үлгілерін пайдаланып, табасыңдар.
«Менің киімдерім»  сурет жұмбақ ойыны.
1 дегенім- бөрік, 
Кисең бойға көрік. 
2 дегенім- етік, 
Киер сәнді етіп. 
3 дегенім – ішік, 
Теріден тігер пішіп. 
4 дегенім -қолғап
Қыста кисең жылы-ақ. 
5 дегенім-байпақ 
Іші жылы тайпақ. 
Ия. 

Жарайсыңдар. Сендердің көрсеткен киім үлгілерін маған ұнады рахмет!

- Олай болса, балалар мен сендермен қоштасамын. Енді жылы киініп жүріңдер, күн бұданда қатты суытып қар жауады. Ауырып қалмаңдар.
- Сау болыңдар балалар! 


















«Біз аспазшы боламыз»

Мәдени дағдыларын дамыту.


«Танымдылық процесстерді дамыту»


«Чемпион боламын»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ашық сабақ "Үйшік ертегісі" (құрастыру, жапсыру, бейнелеу, сюжеттік ойын)

Автор: Койкенова Гульназия Куанышалиевна

Дата: 25.01.2018

Номер свидетельства: 452417


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства