Алабота – ты?айту?а ?алдыр?ан жерлерде, ескі ж?рттарда, ??ла?ан ?йлерді? айналасында к?п кездеседі. Алаботаны? адам?а берер пайдасы да бар. Б?рын?ы заманда ерте к?ктемдегі жас ?ркендерін ?атты етті ж?мсарту?а пайдаланып, салат?а да ?ос?ан к?рінеді.
Ескі жазбаларда алаботаны к?к?ніс ретінде арнайы ?сіргендігі ж?нінде деректертер бар. Ал со?ыс бол?ан ?иын – ?ыстау кездерде алаботадан сорпа жасаумен ?атар ?ара нан?а ?осып пісіріпті (Нан?а оны? жасыл ?ркендерін емес, тал?андал?ан ?нта?ын ?осады.) Ол ?нта?ты мынадай жолмен даярлайды. ?ырк?йек айыны? жайма шуа? к?ндерінде алаботаны жинап алып, жайып, кептіріп алады. К?кн?рді? т??ымына ??сайтын т??ымдарын да осы жолмен жинайды. Оларды? ?ажет бол?ан кездерінде ?ыс бойы пайдалана береді. Нан?а ?осу ?шін алдымен алаботаны? т??ымдарын булап, кептіргеннен со?, тал?анда?аннан кейін ?ана ?н?а ?ос?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Алаботаны? адам а?засына тигетін ма?ызы»
Алаботаның адам ағзасына тигетін маңызы
Алабота – тыңайтуға қалдырған жерлерде, ескі жұрттарда, құлаған үйлердің айналасында көп кездеседі. Алаботаның адамға берер пайдасы да бар. Бұрынғы заманда ерте көктемдегі жас өркендерін қатты етті жұмсартуға пайдаланып, салатқа да қосқан көрінеді.
Ескі жазбаларда алаботаны көкөніс ретінде арнайы өсіргендігі жөнінде деректертер бар. Ал соғыс болған қиын – қыстау кездерде алаботадан сорпа жасаумен қатар қара нанға қосып пісіріпті (Нанға оның жасыл өркендерін емес, талқандалған ұнтағын қосады.) Ол ұнтақты мынадай жолмен даярлайды. Қыркүйек айының жайма шуақ күндерінде алаботаны жинап алып, жайып, кептіріп алады. Көкнәрдің тұқымына ұқсайтын тұқымдарын да осы жолмен жинайды. Олардың қажет болған кездерінде қыс бойы пайдалана береді. Нанға қосу үшін алдымен алаботаның тұқымдарын булап, кептіргеннен соң, талқандағаннан кейін ғана ұнға қосқан. Талқандамай қосылған тұқымдарды адам ағзасы қорытпайды және асқазанды ауыртады. Өткен ғасырда орыс шаруалары бұл өсімдіктің тұқымынан жарма жасаған көрінеді. Жазбаларға қарағанда ол тамақ ретінде пайдаланылыпты. Қабығынан ажыратылған тұқымдары жақсы тамақ. Бірақ кейін келе алаботадан даярланған тамақты басқа тамақ түрлерімен араластырмай
үздіксіз пайдалануға болмайтындығы белгілі болды. Себебі үздіксіз пайдаланудан адам ағзасында азот азайып, жүдей бастайды [3, 44-45 бб.].
Тарихи мәліметтер бойынша, халықтың әл-ауқатының төмендеп, соған байланысты қышыма ауруы ауылдық жерлерде жиі тарап отырған. Осындай халық басына түрлі дерт, мысалы, қышыма ауруы тап болғанда, алаботаны – емдік құрал ретінде пайдаланған. 1 литр суға 40 – 60 гр ұнтақталған алаботаны 10 – 15 минут бұқтырып, бөлме температурасында суытып, сүзіп алған қотырды жуады.
Сондай-ақ, алаботаның асқазан-ішек, өт жолдары қызметінің бұзылуына, үлкен дәретті дұрыс жүргізуге пайдалы емдік қасиеттері бар екен. Бұл сөзімізді «Денсаулық» журналының және Л.В.Пастушенковтың «Дәрілік өсімдіктер» кітабындағы деректер айғақтайды.
Бұған қоса алабота бояулы өсімдік ертеде оның өркенінен қызыл бояу алған. Халық медецинасы алаботамен тұмауды және асқазан ауруын емдеген. Өткен ғасырларда белгілі дәрігер А.Полатов өзінің еңбектерінің бірінде алаботаны «Мейірімді Генрих шөбі» деп атап жас және іріңдеген ескі жараларды жазатындығын, теріні тазалайтын қасиетін, ауру бәсеңдететіндігін жазыпты [4, 139-б.].
Жасөспірімдердің тік ішегіндегі паразит құрттарды (аскарида) түсіру үшін алаботаның 1-2,5 грамын 1 стақан суға бұқтырып, аш қарынға тамақ ішуден 1 сағат бұрын 2 ас қасықтан күніне үш рет ішкізеді. Бұл емді ежелгі грек дәрігері Гиппократтың өзі ұсынған. Үлкен дәреттің жүрмеуінің басты себебі – өт пен бауырдың, ұйқы безі қызметінің бұзылуы, асқазан, ішек қуысы, әсіресе үлкен дәрет жүрмей қалғанда, балалардың мешел ауруына, зәр, өт жүрмей қалғанда мынадай қайнатпаны пайдаланады: 4 ас қасық кептіріліп, жанышталған алаботаны 1 стақан қайнаған суға 10 минут бұқтырып, бөлме температурасында суытып, сүзіп алып, 1стақаннан аш қарынға күніне 3 рет ішеді.
Халықтық медицинада жас алаботаны жаныштап, сөлі шыққан соң денеге шыққан сыздауық пен шиқанның аузына тартса, ішіндегі ірің мен соқтасынды тартып алады. Бұдан жас алаботаның құрамындағы макроэлементтер мен биохимиялық қосылыстардың ерігіштік, сорғыштық қасиетінің бар екенін анықтауға болады. [5.].