kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1 сәбилер топтарға арналған сюжеттік-рөлдік ойын "Аурухана"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сюжеттік-рөлдік ойын 1 сәбилерге арналған. Тақырыбы: «Аурухана» (Сюжеттік - рөлдік ойын)
Мақсаты: Баланың сөз қорын, тіл байлығын дамыту. Бір - біріне деген жағымды қарым – қатынас, көңіл - күй сезімдерін, ой - қиялын одан әрі дамыту; ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып, тәрбиелеу. Ойын барысында ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншілігін арттыру. Дәрігердің сезімталдығы мен кішіпейілдігі, қамқорлығы сияқты жақсы қасиеттерін жеткізе білу және тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтары: Ақ халат, ойыншықтар, түрлі сюжеттегі плакаттар, медициналық ойыншық құрал - жабдықтар.
Алдын - ала жұмыстар: топтың іші ауруханадағыдай безендірілген,

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1 сәбилер топтарға арналған сюжеттік-рөлдік ойын "Аурухана"»

Тақырыбы: «Аурухана» (Сюжеттік - рөлдік ойын)
Мақсаты: Баланың сөз қорын, тіл байлығын дамыту. Бір - біріне деген жағымды қарым – қатынас, көңіл - күй сезімдерін, ой - қиялын одан әрі дамыту; ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып, тәрбиелеу. Ойын барысында ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншілігін арттыру. Дәрігердің сезімталдығы мен кішіпейілдігі, қамқорлығы сияқты жақсы қасиеттерін жеткізе білу және тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтары: Ақ халат, ойыншықтар, түрлі сюжеттегі плакаттар, медициналық ойыншық құрал - жабдықтар.
Алдын - ала жұмыстар: топтың іші ауруханадағыдай безендірілген,


Тәрбиеші: Біз тісіміз, ішіміз ауырса қайда барамыз?
Балалар: Дәрігерге.
Тәрбиеші: Дәрігер қайда жұмыс жасайды?
Балалар: Ауруханада, емханада.
Тәрбиеші: Олай болса, бүгін біз сендермен «Аурухана» ойынын ойнаймыз. Қане, балалар өздерің орындарыңа барып жайғаса қойыңдар.
Балалар өздерінің орындарына барып жайғасады.(Алдын ала рөлдерге бөлінген балалар дәрігерлік сала бойынша «Аурухана кабинеттерінде» отырады).
Алғаш болып, балалар дәрігеріне бір ана қызымен келеді.

Ана :- Сәлеметсыз бе, дәрігер?
Дәрігер :- Сәлеметсыз ба?
Ана:- Менің қызымның басы ауырып тұр, қызымды тексеріп жіберіңізші.
Дәрігер:- Жарайды (қызды тексеріп, өкпесін тыңдайды басын қарайды) қызыңыздың тамаққа тәбеті қалай?
Ана:- Ия, жақсы.
Дәрігер:- Олай болса, мына жеке медициналық кітапшасын алып, медбикеге барыңыз. Сізге екпе салып береді.
(Педиатрға (балалар дәрігеріне) тағы кезекте тұрған ата - ана баласымен кіреді).
Ата - ана (Тоғжан):- Саламатсыз ба, менің қызымның іші ауырып тұ, р тамаққа тәбеті жоқ.
Дәрігер: Саламатсыз ба, қане қызыңызды тексерейін. Аузыңды аша ғой, кеше қандай тамақ жедің?
Ата - ана: Кеше кешкісін көкөністерді көп жеп қойған.
Дәрігер: (тексеріп көреді де, қағазға рецепт жазып береді). Мына дәрілерді алып, күніне 2 мезгіл беріңіз.

Ана: Менің баламның көзі ауырып жүр, қарап беріңізші. 
Дәрігер: Қане отыр. Көзіңді шаң тозаңнан қорғау керек, теледидарды көп қарауға болмайды, компьютер көп ойнауға болмайды. Көзіңді күту керек. Мына дәріні көзіңе 2 мезгіл тамыз. 
Ана: Рахмет, сау болыңыз 
Дәрігер: Сау болыңыз 

Күтілетін нәтиже:


Бледі аурухана туралы балалар білетін түсініктерін еске түсіреді;
Түсінеді: дәрігерлердің түрлі салаға бөлініп, қызмет ететіндіктерін түсінеді;
Қолданады: рөлдерге бөлініп ойнау арқылы дәрігер еңбегін бағалап, үйренеді,
олардың қиын жұмыстарына құрметпен қарайды























































Ата-ана: Баламның көзі

Мақсаты: Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін таныстыру. Балаларды мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ұжымдық ойнауға тәрбиелеу. 

Тәрбиеші: Бізге көп қонақтар келген екен амандасайық. 
Балалар: Саламатсыз ба! 
Тәрбиеші: Балалар біздер күннің 2 жартысында сюжетті рольді ойын ойнаймыз. Қандай сюжетті рольды ойын білесіңдер? 
Балалар: Дәріхана, Кітапхана, Шаштараз, Дүкенші, Пошташы, Жол ережесі. 
Тәрбиеші: Ендеше бүгін қандай ойын ойнаймыз. 
Балалар: Аурухана. 
Тәрбиеші: Олай болса ойынды ойнамас бұрын рольді бөліп алайық. Кім дәрігер болғысы келеді, кім медбике, кім ана, бола болғысы келеді? Кім дәріханашы болғысы келеді. Жарайды ендеше әркім өз орнына барсын. 
Ана (қыз): Саламатсызба дәрігер 
Дәрігер: Саламатсызба 
Ана (қыз): Менің балам түнімен ауырып шықты, қарап жіберіңізші. 
Дәрігер: Қашаннан бері ауырды? 
Ана (Саяжан): Кешеден бері 
Дәрігер: Ендеше қызуын өлшейін. Қызуы жоқ, енді аузынды аша ғой тамағынды қарап жібірейін. Тамағы қызармаған, жақсы. Енді өкпесін тыңдайын. Балаңызға салқын тиген, өкпесінде сырыл бар, емдеу керек. Мына дәріні дәріханадан алып, балаңызға ішкізіңіз. 
Ана (қыз): Рахмет дәрігер, сау болыңы 
Ана (қыз): Саламатсызба 
Дәріханашы: Саламатсызба 
Ана: Маған мына дәріні беріңізші 
Дәріханашы: Қағазыңыз бар ма? Мына дәріні 2 мезгіл беріңіз. 
Ана: Рахмет. Сау болыңыз. 
Дәріханашы: Сау болыңыз 
Ана: Саламатсызба дәрігер 
Дәрігер: Саламатсызба 
Ана: Менің баламның көзі ауырып жүр, қарап беріңізші. 
Дәрігер: Қане отыр. Көзіңді шаң тозаңнан қорғау керек, теледидарды көп қарауға болмайды, компьютер көп ойнауға болмайды. Көзіңді күту керек. Мына дәріні көзіңе 2 мезгіл тамыз. 
Ана: Рахмет, сау болыңыз 
Дәрігер: Сау болыңыз 
Ана: Саламатсызба 
Дәрігер: Саламатсызба 
Ана: Менің баламның тісі ауырып шықты, қарап жіберіңізші. 
Дәрігер: Қане, аузыңды аш. Тісіңді құрт жепті, жұлу керек. Тіс ауырмау үшін 2 мезгіл тазалау керек, тәттіні көп жеуге болмайды. Қазір укол беріп, жұлам. Енді 2 сағат тамақ жеме. 
Ана: Рахмет, сау болыңыз. 
Тәрбиеші: Балалар бүгін ойынды жақсы ойнадыңдар, рахмет. Олай болса кім дәрігерлер туралы тақпақ біледі. 
1. Ақ халатты киетін 
Аппақ болып жүретін 
Аппақ болып жүргенді 
Өзім қатты сүйемін 
2.Іш ауырса, тіс ауырса 
Маман дәрі береді 
Барлық бала, барлық ана 
Оны жақсы көреді 
Тәрбиеші: Қонақтарға сау болыңыз дейміз 
Тісіңді үнемі тазалап жүруге дағдылан 
Маржандай тіс - адам көркі. Тәрбие.орг сайтынан Аурухана. Сюжеттік-рөлдік ойын. Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Ата - ана: Рахмет дәрігер. Сау болыңыз!
(Келесі кабинетте тіс дәрігері (Стоматолог) отырады. Бір ата - ана баласымен кіреді).
Ата - ана:- Саламатсыз ба, дәрігер.
Тіс дәрігері:- Саламатсыз ба, келіңіз.
Ата - ана:- Менің баламның тісі түнімен ауырып шықты. Көріп жіберіңізші.
Дәрігер:– Қане, аузыңды аша ғой. (Тексеріп көреді). Тісіңді құрт жеп қойыпты. Тәтті нәрсені көп жеме. Күніне 2 мезгіл тісін тазалау керек. (Баланың тісін емдейді.)
Ата - ана: – Рахмет сізге, дәрігер!
Дәрігер: - 2 сағаттай еш нәрсе жемеңіздер, сау болыңыз!
(Келесі кабинетте көз дәрігері (Окулист) отырады. Окулистке бір ата - ана баласымен келеді).
Ата - ана:- Саламатсыз ба? Менің баламның көзі қызарып кетті, тексеріп жіберіңізші.
Көз дәрігері: – Саламатсыз ба! Қане, көзіңді аша ғой. (Көзін арнайы құралмен тексеріп көреді). Көзіңді шаң - тозаңнан қорғау керек, теледидардың алдында көп отыруға болмайды, компьютермен де ойнама, мына дәрілерді күніне 2 мезгіл тамызу керек.
Ата - ана:- Рахмет, дәрігер. Сау болыңыз.
(Ортада «Дәріхана» (Аптека) болады.)

2 - ата - ана:- Саламатсыз ба!
Дәріханашы: – Саламатсыз ба!
Ата - ана:- Мына дәрілерді маған беріңізші.
Дәріханашы: (Рецепт бойынша дәрілерді тауып береді). - Мінекей алыңыз. Ауырмаңыздар, сау болыңыз!

4 - ата - ана:- Саламатсыз ба!
Дәріханашы: – Саламатсыз ба!
Ата - ана:- Маған көзге тамызатын дәрі керек (қағазын береді).
Дәріханашы: - Мінекей дәріңіз. Ауырмаңыздар, сау болыңыз!
(Сюжеттік - рөлдік ойын осы жерден аяқталады).
Тәрбиеші: Балалар, жарайсыңдар. Ал енді, балалар, бізге бүгін қонақ келе жатқан сияқты.
(Осы кезде есіктен балабақшаның медбикесі кіріп келеді.)
Медбике:- Саламатсыңдар ма, балалар! Қал - жағдайларың жақсы ма? Денсаулықтарың қалай? Бүгін барлығың аппақ болып, әдемі болып кетіпсіңдер.
Тәрбиеші: Саламатсыз ба, дәрігер. Біз бүгін «Аурухана» ойынын ойнап, дәрігер рөлінде болдық. Құрметті дәрігер, біздің балаларымыздың сіздерге арналған тақпақ, мақал - мәтелдері бар. Тыңдап көріңіз.
(Бану. Аяжан. Сымбат.)

Медбике: Ой жарайсыңдар, балалар, осылай ақылды бала болыңдар. Ал енді мен сен сендердің аңғарымпаздықтарыңды байқайын. Маған бір ойын ойнап беріңдерші.
Тәрбиеші: Қанеки, балалар, біз қазір сендермен «Не артық?» деген ойын ойнайық.
(Ортада тұрған медициналық құралдардың арасында жеміс - көкөністер, ойыншықтар тұрады. Балалар артық затты табу керек.)
Тәрбиеші: Ал, балалар, құрал - жабдықтың барлығы ауруханаға қажетті заттар. Ал енді осының ішінде медициналық құралға жатпайын не нәрсе. Қанекей не артық?
(Балалар артық заттарды алып, көрсетеді).
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, тапқырлық таныттыңдар.
Дәрігер:– Жарайсыңдар, балалар, тапқыр екенсіңдер. Рахмет сендерге. Ал енді мен сендерге өз сыйлығымды ала келдім. Сендерге өте пайдалы, құнарлы тамақтану керек. Күнделікті жуынып, таза болып жүру керек және дәрумендер пайдалану керек. Мен сендерге бүгін дәрумендер ала келдім. Мінекей ала қойыңдар.
Тәрбиеші: Рахмет сізге, дәрігер!
Ал, балалар, осымен бүгінгі «Аурухана» ойынымыз аяқталды. Ауырмайық, деніміз сау болсын!

Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: аурухана туралы балалар білетін түсініктерін еске түсіреді;
Түсінеді: дәрігерлердің түрлі салаға бөлініп, қызмет ететіндіктерін түсінеді;
Қолданады: рөлдерге бөлініп ойнау арқылы дәрігер еңбегін бағалап, үйренеді,
олардың қиын жұмыстарына құрметпен қарайды


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
1 сәбилер топтарға арналған сюжеттік-рөлдік ойын "Аурухана"

Автор: Ермекбаева Анэля Ахатовна

Дата: 06.08.2017

Номер свидетельства: 424985


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства