«Кейбір адамдарды әлсіз, дәрменсіз шешімдердің қанағаттандыратыны өте өкінішті жағдай. Есесіне олар күнделікті үйреншікті шешімдер»
Г.С.Альтшуллер
ТРИЗ технологиясының негізін қалаушы – Генрих Саулович Альтшуллер.1926 жылы 15 қазанда Ташкент қаласында дүниеге келген. Кейінірек 5жасында Баку қаласына көшіп барып, сол қалада өмірінің соңына дейін тұрған.1.Ойын – дегеніміз не? Ойын дегеніміз – баланың негізгі әрекеті, 1 халықтың баланы әдептілікке, салауаттылыққа баулитын құралдың бірі.Бала саналы, мәдниетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.Сондықтан келешекке адам тәрбиелеу-бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асырылады.Ойын-балалар үшін айналаны танып білу тәсілі. Ойын технологиясына ғылыми анықтама.
Ойын-өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгертуге бағытталған белгілі – бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі. Адам әрекетіндегі ойын құрылымының кезеңдері:
– мақсат қою;
– жоспарлау;
– мақсатты жүзеге асыру;
– адамның өзін субъект деп табуын қорытындылау болып бөлінеді.
Ойын- бұл тәртібіне өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруше бағытталған белгілі –бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі.
Ойындар келесі түрлерімен ерекшеленеді:
– еркін дамитын әрекет;
– шығармашылық әрекет;
– эмоционалды әрекет;
– тікелей немесе жанама ережелер.
Ойынның дидктикалық үрдістері атқаратын көптеген функциялары бар, олар:
-әлеуметтану;
– ұлтаралық араласушылық міндеті;
– ойында өзін ұстай білу міндеті;
– ойынның коммуналдық міндеті;
– ойынның диагностикалық міндеті;
– терапевтік міндеті;
– жөндеу міндеті;
– сауықтық – ойын міндеті.
Ойынның баланың жан саулығын қалыптасырудағы қызметі туралы Д.Б.Эльконин: «Ойын терапиясы баланың рольдік ойынға енудегі жаңа әлеуметтік қатынастырымен ерекшеленеді. Тек жаңа шынайы қатынастар практикасы баланы ересек адамдармен қалай қатар қойса, дәл солай құрдастарымен де қатар қоя алатын рөлдік ойындар. Еркін қатынас пен бірлескен жұмысты мәжбүр еткен қарым-қатынасқа және агрессияға айырбастау терапевтік ықпалға әкеп соғады, » – дейді.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: Рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойындар элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытып, оқу іс-әрекетіне қызығушылықтарын арттырады.Осыдан барып ойын туралы мынандай тұжырым қалыптасады:
-ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
-Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
-эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
-еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді
-дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.Жоғарыда айтылғанның барлығы балабақшаларда ойын технологиясы арқылы жүзеге асады.Ал ойын технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны.
Ойын технологиясының мақсаты:
-Мектепке дейінгі баланың тілін, жан-жақты дамуын, қызығушылығын, ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеттері:
-Ойын арқылы балалардың сөздік қорын дамыту
-Жаңа сөздерді меңгерту
-үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру
-ептілікке, ұқыптылыққа, төзімділікке үйрету
-ақыл-ой, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту
Өзектілігі:
Ойын-мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.
Қызықты ойындар баланың ойының белсенділігін арттырады.Сол арқылы бала ойын барысында меңгерілген білімді жақсы есінде сақтайды.
3.Ойын технологиясын сабақта қолдану.
Мен өзімнің ортаңғы «Ботақан »тобында Таным және Коммуникация білім беру салалары кіріктірілген «Үй жануарлары» тақырыбында оқу іс-әрекетін өткіздім.Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырушылық, оятушылық кезеңінде ауылға бару мақсатында автобусқа отырғызу керек болды.Бұл жерде автобустың әр орындығында әр түрлі түсті геометриялық пішіндер болды және балаларға да сондай пішіндер таратылды.Сол арқылы олар орындарын тауып,түстері мен пішіндеріне қарай сәйкестендіріп отырады. Бұл жерде баланың танымдық қабілеті, жылдам ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.
Ары қарай рөлдік ойынға ауысып кетеді. Яғни, автобус жүргізушісін сайлап алып, қоғамдык көлікте өзін қалай дұрыс ұстауды үйрету. Ауылға жеткенше ән айтайық деп «Қошақаным» әнін айтқызу арқылы шығармашылық қабілеттері мен тілдерін дамыту.
Негізгі кезеңде ауылдағы әженің ауласындағы жан-жаққа қашып кеткен күшіктерін орындарына жинап беру. Бұл жерде түстерді ажырата білуге үйрету. Балалар танымдық әрі қимыл-қозғалыс ойынын ойнайды. Одан кейін үй жануарлары туралы білімдерін бекіту үшін ТРИЗ технологиясы бойынша ТРИЗ сағаты қолданылатын «Анасын тап»ойыны ойнатылады.Бұл жерде бала ұзын тілімен бір үй жануарын таңдап, атын атап, оның үй немесе жабайы жануар екенін айтып, қысқа тілімен төлін көрсетеді.Сергіту кезеңінде тақпақ айта отырып, мысықтың қимылдарын көрсетеді.
Одан кейін әженің итіне үйшік жасап беру ұсынылады.Бұл жерде «Сиқырлы планшет» тақтайшалары қолданылады. «Сиқырлы планшет» көмегімен баланың қол ұсақ моторикасы, қиялы, ептілігі дамиды. Ұқыптылыққа тәрбиелейді.
Қорыту кезеңінде өтілген тақырып бойынша алған білімдерін бекіту үшін және кері байланыс жасау үшін тағы да ТРИЗ технологиясы бойынша «Лулия шеңбері» қолданылатын танымдық ойын ойнатылды. Балаларды үш топқа бөліп, жарыстыру. (Лулия шеңберінің құрылысымен таныстыру)
Оқу іс-әрекеті барысында неғұрлым ойын технологиясы көп қолданылса,соғұрлым меңгерілген білім жақсы болады
Қорыта келгенде мектеп жасына дейігі балалардың дамуында ойын технологиясы маңызды рөл атқарады. Ойындар қолданылған сабақтарда балалар өздерін еркін сезініп, ұялшақтықтан арылып, қиялдары дамиды.Танымдық қабілеттерінің деңгейі өседі.