Мал өсірсең, қой өсір Өнімі оның көл - көсір .
Қой сүйеді баласын: “қоңырым!” - деп, Ештеңені білмеген: “момыным!” - деп
Шөре – шөре лағым, Тентек болма, шырағым, Селтендеме демінді ал Селтендемей құлағын.
Ешкі сүйеді баласын: “лағым!”- деп, Тастан - тасқа секірген: “шұнағым!” - деп
Сиырдың сүті – тілінде.
Сиыр сүйеді баласын: “торпағым!” – деп, Қараңғыға баспаған: “қорқағым!” – деп
Елдің көркі – сәйгүлік, Ердің көркі сәйгүлік. Жүрген қандай жайлауда Жүйрік қуып, тай мініп.
Жылқы сүйеді баласын: “құлыным!” – деп, “Тұлпар болып жүгірер жұрыным!” - деп
Сурет бойынша әңгіме құрастыр
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар
(Сиыр)
Қамыс қүлақ,
Тостағаны тұяқ
Мінсен қанат,
Сүті дәрі, еті тамақ.
(Жылқы)
Иір – иір денесі,
Сахараның кемесі
Ащы шөптер тамағы
Шөлге жыдап барады
(Түйе)
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар
Екі құлағы бар
Иегінде сақалы бар.
(Ешкі)