Монтессори педагогикасыны? е? бір ?ажетті б?лшегіні? бірі – ше?бер болып табылады. «Ше?бер дегеніміз не?» – деген с?ра? Монтессори саба?ына келген барша ата – ананы тол?андыратыны таби?и ??былыс. Монтессори педагогтарыны? бірі оны «атмосфералы? ??былыс» деп ата?ан екен. Монтессори педагогикасынын басты ерекшелігі – ол ?лемні? ?ай мемлекетіне барса?ыз да барлы? жерде бірдей жабды? пен дидактикалы? материалды? ?олданылуы. ?лемні? т?кпір-т?кпіріндегі кез – келген Монтессори-кабинеттен эллипс т?рінде сызыл?ан ше?берді к?руге болады. Б?л Монтессори ше?бері ?тетін орын. Монтессори педагогикасыны? негізгі ?станымы – баланы? еркіндігі мен бар ?рекетті ?з бетімен орындауы болып табылатынын б?ріміз білеміз. Ал ше?берде балалар бір – бірімен ?арым-?атынас?а т?седі, я?ни ?леуметтік жа?ынан пайдасы мол. Ше?бер 3 жас?а дейінгі ж?не 3 жастан 6 жас?а дейінгі топтарда екі т?рлі ж?ргізіледі. Б?л топтарда баланы? жас ерекшеліктеріне сай жатты?улар, тапсырмалар ?олданылады. Мысалы, 3 жастан 6 жас?а дейінгі топта?ы ше?бер барысында балалар к?птеген жа?а ??ымдармен танысады. Бір – біріні? алдында ?з ойларымен б?ліседі, бірін – бірі ты?дау?а да?дыланады. 3 жас?а дейінгі топта?ы ше?берде сауса? ойындарын ке?інен ?олданамыз. Б?л жаста?ы балаларды? ерекшеліктерін ескере отырып, о?ай ?абылданатын сауса? ойындарын іріктеп аламыз. Ал енді осы екі топта?ы ж?ргізілетін ше?берлерге ке?інен то?тала кетейік.
8 айдан 3 жас?а дейінгі топ «Анамен бірге» деп аталады. Оны? себебі 3 жас?а дейін баланы анасынан бас?а ешкім жа?сы білмейді. Б?л жаста?ы бала мен ананы? арасында?ы байланысты «рухани эмбрион» деп атайды. Сонды?тан б?л топта педагогтар баламен ?ана емес, анамен де басым м?лшерде ж?мыс істейді. Бала?а ?йреткісі келген затты анасына к?рсетеді, ал анасы болса оны ?з баласына ?йретеді. Б?л топта е? бастысы – ананы? педагогпен бірлесе ж?мыс істеуге дайын болуы. Кейбір жа?дайда ата – аналар баланы дамытып о?ытуды бас?а адамдар?а (мамандар?а) аударып тастау?а бейім. Осындай ?рекеттері ар?ылы бала?а зиянын тигізіп, одан кейін «мені? балам неге бас?а балалар сия?ты емес?» - дейтіндері де табылады. Сонды?тан б?л топта?ы ж?мысты? басты ма?сатыны? бірі – ата-ананы? баланы? жан-жа?ты дамып ?суін ?амтамасыз ететін басты т?л?а екендігін ??ындыру. Ал енді осы топта?ы ше?берге келетін болса?, ол толы?ымен сауса? ойындарынан т?рады. Е? бірінші б?лімі – амандасу. Мысалы, педагог колына кішкене допты ?стап, анасы мен баласынын есімін атап, амандасып, допты солар?а береді, ал анасы мен бала педагогтын есімін атап, амандасып, допты ?айтарады. Осылай барлы? балалармен амандасамыз. Одан кейін бір затты бір – біріне беруге ?йрету ?шін жатты?у жасаймыз. Мысалы:
«Сылдырма?»
Ал, ?анекей, балалар
Ойнайы?шы сылдырма?.
.. бізге сылдырлат,
Келесіге ойнап – ап,
Бере салшы сылдырма?.
Б?л жерде бала ?зара ?арым – катынас?а т?суді ?йренеді. Сонымен ?атар, шыдамдылы?, сыйласымды? ?асиеттері дамиды. Одан кейін ?рт?рлі ?рекетті орындататын сауса? ойындары ж?ргізіледі. Мысалы:
«?уыр-?уыр, ?уырмаш»
?уыр-?уыр ?уырмаш.
Балапан?а бидай шаш.
Тауы?тар?а тары шаш.
Бас барма?, бала? ?йрек.
Ортан терек, шылдыр ш?мек, кішкентай б?бек.
Сен т?р, сиыры?а бар, сен т?р, жыл?ы?а бар.
Сен т?р, т?йе?е бар, сен т?р, ?ойы?а бар.
Ал сен ала?дамай ?азан т?бін жалап, ?йде жат.
Мына жерде май бар, мына жерде ??рт бар,
Мына жерде ?аты? бар, мына жерде ?ыты? бар
?ыты?-?ыты?.
***
?зын ??ла? с?р ?оян, М?рын, ауыз, басымыз,
Естіп калды сыбдырды. ??ла?, бет, ма?дай, к?з,
Ойлы – ?ырлы жерлермен, Иы?, иы?, мойын, т?с,
Ыт?ып – ыт?ып ж?гірді. ?мытпайы? еш?айсын.
?арап еді артына, Ая?пенен т?й-т?йлап,
?иы?ын сап к?зіні?. ?олымызбен шапала?,
Келе жат?ан томпа?дап, О??а, сол?а б?рылып,
К?жегі екен ?зіні?. Мынау ия, мынау жо?.
О? ?олымда 5 сауса?, Тербеледі а?аштар,
Сол колымда 5 сауса?. Алдымызды жел со?ты.
?осып едім екеуін, Кіп-кішкентай б?бектер,
Болып шы?ты 10 сауса?. ?лкен болып ?седі.
Содан кейін со?ында музыка ?осып, би билетеміз. Би барысында балаларды? психо–эмоциоялы? жа?дайы жо?арылайды. ?ажеттілігіне байланысты сауса? ойындары ауыстырылып т?рады.
Ал енді 3 жастан 6 жас?а дейінгі топта?ы ше?берді ?арастырайы?. Б?л топта саба? барысында 2 ше?бер болады. Біріншісі саба?тын басында, екіншісі саба? со?ына ?арай ?теді. Балалар кабинетке келген со?, музыка ?осылып, эллипсті? бойымен ж?реді. Балаларды? арасынан к?нде бір бала кезекші болады. Ж?ру барысында балалар кезекшіні? к?рсеткен ?имылдарын ?айталайды. Одан со? б?рі отырып, ауа–райын, апта к?нін, айды? нешесі сия?ты м?селелерді тал?ылайды. Б?л жерде с?ра??а кімні? жауап беретінін кезекші та?дайды. Барлы? с?рактар тал?ыланып бол?анда тынышты? саба?ы ?ткізіледі. Осылай бірінші ше?бер ая?талып, балалар еркін ж?мыс?а кіріседі. Ал екінші ше?бер саба? со?ына ?арай ?теді. Екінші ше?берде белгілі бір та?ырып ?оз?алады. ?р ше?берді? бастан ?тіп жат?ан жа?дай?а тікелей байланысты контексті болады. Ше?берлерді? к?бісі балаларды? ?йде ж?не балаба?шада бол?ан о?и?аларын талдау?а негізделсе, бас?а ше?берлерде ертегілер айтылады. К?зде балаларды? барлы?ы бірлесе отырып жемістер мен к?к?ністерді жан –жа?ты ?арап, д?мін к?реді. ?ыста шыра?ты? ?стіне ?арды ерітіп, суды? ?асиеттерін зерттейді немесе жа?а жылды? ?ндер жаттайды. Сонымен бірге м?нда балаларды? ту?ан к?ндері мен бас?а да ма?ызды о?и?алары тойланады; балаларды? біріні? ауырып ?ал?аны немесе тіс д?рігеріне бару ?ажеттігі еске т?сіріледі. Балалар ?ыс?аша а?парат дайындап келсе, сол ты?далады. Жалпы 15 минутты? ше?берге баланы? жеке бас м?селелері, к?нтізбе, тарих, география, биология, математика, ?дебиет, пантомима мен театр кіреді.
Ше?берді ?р?ашан педагог ж?ргізеді, біра? ол жалпы ??гімеге к?мек беріп ?ана отырады. М?нда бала ?з бетімен ойын айтып, сезімдерін бас?алар?а жеткізу м?мкіндігіне ???ылы. Педагог е? ?ажетті жа?дайда ?ана с?йлеп, орта? ??гімелесуді к?сіби т?рде ?рбітеді, ал балаларды? ?р?айсысы осы ??гімеге ?з ?лесін ?осады. Ше?бер 15 минутта бітеді, алайда мейірімділік, сыйласты?, сенім атмосферасы ?за? уа?ыт са?талып, Монтессори топты? ?міріні? ажырамас б?лігіне айналады.
?орыта келсек, ?ай топта болмасын, баланы? дамуына ше?берді? ?зіндік ?осатын ?лесі барына к?зімізді жеткіздік. Я?ни, баланы? ?леуметтік ?арым-?атынаста болу т?жірибесі, ауызекі с?йлеу ар?ылы ?з ойын жеткізе білу ?асиеті, келесі ше?берде ??гімелеу ?шін ?ызы?ты та?ырып іздеудегі талпынысы дами т?седі. Ал б?л ?асиеттер баланы? болаша? мектепке бар?анда, ?ала берді, келесі ?лкен ?мірге ая? басуында орны жетпес ?асиеттер екені б?рімізге белгілі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Монтессори-педагогикасында?ы ше?бер.»
Монтессори-педагогикасындағы шеңбер
Монтессори педагогикасының ең бір қажетті бөлшегінің бірі – шеңбер болып табылады. «Шеңбер дегеніміз не?» – деген сұрақ Монтессори сабағына келген барша ата – ананы толғандыратыны табиғи құбылыс. Монтессори педагогтарының бірі оны «атмосфералық құбылыс» деп атаған екен. Монтессори педагогикасынын басты ерекшелігі – ол әлемнің қай мемлекетіне барсаңыз да барлық жерде бірдей жабдық пен дидактикалық материалдың қолданылуы. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі кез – келген Монтессори-кабинеттен эллипс түрінде сызылған шеңберді көруге болады. Бұл Монтессори шеңбері өтетін орын. Монтессори педагогикасының негізгі ұстанымы – баланың еркіндігі мен бар әрекетті өз бетімен орындауы болып табылатынын бәріміз білеміз. Ал шеңберде балалар бір – бірімен қарым-қатынасқа түседі, яғни әлеуметтік жағынан пайдасы мол. Шеңбер 3 жасқа дейінгі және 3 жастан 6 жасқа дейінгі топтарда екі түрлі жүргізіледі. Бұл топтарда баланың жас ерекшеліктеріне сай жаттығулар, тапсырмалар қолданылады. Мысалы, 3 жастан 6 жасқа дейінгі топтағы шеңбер барысында балалар көптеген жаңа ұғымдармен танысады. Бір – бірінің алдында өз ойларымен бөліседі, бірін – бірі тыңдауға дағдыланады. 3 жасқа дейінгі топтағы шеңберде саусақ ойындарын кеңінен қолданамыз. Бұл жастағы балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, оңай қабылданатын саусақ ойындарын іріктеп аламыз. Ал енді осы екі топтағы жүргізілетін шеңберлерге кеңінен тоқтала кетейік.
8 айдан 3 жасқа дейінгі топ «Анамен бірге» деп аталады. Оның себебі 3 жасқа дейін баланы анасынан басқа ешкім жақсы білмейді. Бұл жастағы бала мен ананың арасындағы байланысты «рухани эмбрион» деп атайды. Сондықтан бұл топта педагогтар баламен ғана емес, анамен де басым мөлшерде жұмыс істейді. Балаға үйреткісі келген затты анасына көрсетеді, ал анасы болса оны өз баласына үйретеді. Бұл топта ең бастысы – ананың педагогпен бірлесе жұмыс істеуге дайын болуы. Кейбір жағдайда ата – аналар баланы дамытып оқытуды басқа адамдарға (мамандарға) аударып тастауға бейім. Осындай әрекеттері арқылы балаға зиянын тигізіп, одан кейін «менің балам неге басқа балалар сияқты емес?» - дейтіндері де табылады. Сондықтан бұл топтағы жұмыстың басты мақсатының бірі – ата-ананың баланың жан-жақты дамып өсуін қамтамасыз ететін басты тұлға екендігін ұғындыру. Ал енді осы топтағы шеңберге келетін болсақ, ол толығымен саусақ ойындарынан тұрады. Ең бірінші бөлімі – амандасу. Мысалы, педагог колына кішкене допты ұстап, анасы мен баласынын есімін атап, амандасып, допты соларға береді, ал анасы мен бала педагогтын есімін атап, амандасып, допты қайтарады. Осылай барлық балалармен амандасамыз. Одан кейін бір затты бір – біріне беруге үйрету үшін жаттығу жасаймыз. Мысалы:
«Сылдырмақ»
Ал, қанекей, балалар
Ойнайықшы сылдырмақ.
............ бізге сылдырлат,
Келесіге ойнап – ап,
Бере салшы сылдырмақ.
Бұл жерде бала өзара қарым – катынасқа түсуді үйренеді. Сонымен қатар, шыдамдылық, сыйласымдық қасиеттері дамиды. Одан кейін әртүрлі әрекетті орындататын саусақ ойындары жүргізіледі. Мысалы:
«Қуыр-қуыр, қуырмаш»
Қуыр-қуыр қуырмаш.
Балапанға бидай шаш.
Тауықтарға тары шаш.
Бас бармақ, балаң үйрек.
Ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.
Сен тұр, сиырыңа бар, сен тұр, жылқыңа бар.
Сен тұр, түйеңе бар, сен тұр, қойыңа бар.
Ал сен алаңдамай қазан түбін жалап, үйде жат.
Мына жерде май бар, мына жерде құрт бар,
Мына жерде қатық бар, мына жерде қытық бар
Қытық-қытық.
****************
Ұзын құлақ сұр қоян , Мұрын, ауыз, басымыз,
Естіп калды сыбдырды. Құлақ, бет, маңдай, көз,
Ойлы – қырлы жерлермен, Иық, иық, мойын, төс,
Ытқып – ытқып жүгірді. Ұмытпайық ешқайсын.
Қарап еді артына, Аяқпенен тәй-тәйлап,
Қиығын сап көзінің. Қолымызбен шапалақ,
Келе жатқан томпаңдап, Оңға, солға бұрылып,
Көжегі екен өзінің. Мынау ия, мынау жоқ.
Оң қолымда 5 саусақ , Тербеледі ағаштар,
Сол колымда 5 саусақ . Алдымызды жел соқты.
Қосып едім екеуін, Кіп-кішкентай бөбектер,
Болып шықты 10 саусақ. Үлкен болып өседі.
Содан кейін соңында музыка қосып, би билетеміз. Би барысында балалардың психо–эмоциоялық жағдайы жоғарылайды. Қажеттілігіне байланысты саусақ ойындары ауыстырылып тұрады.
Ал енді 3 жастан 6 жасқа дейінгі топтағы шеңберді қарастырайық. Бұл топта сабақ барысында 2 шеңбер болады. Біріншісі сабақтын басында, екіншісі сабақ соңына қарай өтеді. Балалар кабинетке келген соң, музыка қосылып, эллипстің бойымен жүреді. Балалардың арасынан күнде бір бала кезекші болады. Жүру барысында балалар кезекшінің көрсеткен қимылдарын қайталайды. Одан соң бәрі отырып, ауа–райын, апта күнін, айдың нешесі сияқты мәселелерді талқылайды. Бұл жерде сұраққа кімнің жауап беретінін кезекші таңдайды. Барлық сұрактар талқыланып болғанда тыныштық сабағы өткізіледі. Осылай бірінші шеңбер аяқталып, балалар еркін жұмысқа кіріседі. Ал екінші шеңбер сабақ соңына қарай өтеді. Екінші шеңберде белгілі бір тақырып қозғалады. Әр шеңбердің бастан өтіп жатқан жағдайға тікелей байланысты контексті болады. Шеңберлердің көбісі балалардың үйде және балабақшада болған оқиғаларын талдауға негізделсе, басқа шеңберлерде ертегілер айтылады. Күзде балалардың барлығы бірлесе отырып жемістер мен көкөністерді жан –жақты қарап, дәмін көреді. Қыста шырақтың үстіне қарды ерітіп, судың қасиеттерін зерттейді немесе жаңа жылдық әндер жаттайды. Сонымен бірге мұнда балалардың туған күндері мен басқа да маңызды оқиғалары тойланады; балалардың бірінің ауырып қалғаны немесе тіс дәрігеріне бару қажеттігі еске түсіріледі. Балалар қысқаша ақпарат дайындап келсе, сол тыңдалады. Жалпы 15 минуттық шеңберге баланың жеке бас мәселелері, күнтізбе, тарих, география, биология, математика, әдебиет, пантомима мен театр кіреді.
Шеңберді әрқашан педагог жүргізеді, бірақ ол жалпы әңгімеге көмек беріп қана отырады. Мұнда бала өз бетімен ойын айтып, сезімдерін басқаларға жеткізу мүмкіндігіне құқылы. Педагог ең қажетті жағдайда ғана сөйлеп, ортақ әңгімелесуді кәсіби түрде өрбітеді, ал балалардың әрқайсысы осы әңгімеге өз үлесін қосады. Шеңбер 15 минутта бітеді, алайда мейірімділік, сыйластық, сенім атмосферасы ұзақ уақыт сақталып, Монтессори топтың өмірінің ажырамас бөлігіне айналады.
Қорыта келсек, қай топта болмасын, баланың дамуына шеңбердің өзіндік қосатын үлесі барына көзімізді жеткіздік. Яғни, баланың әлеуметтік қарым-қатынаста болу тәжірибесі, ауызекі сөйлеу арқылы өз ойын жеткізе білу қасиеті, келесі шеңберде әңгімелеу үшін қызықты тақырып іздеудегі талпынысы дами түседі. Ал бұл қасиеттер баланың болашақ мектепке барғанда, қала берді, келесі үлкен өмірге аяқ басуында орны жетпес қасиеттер екені бәрімізге белгілі.