kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Келді міне, Алтын күз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күз мерекесін балабақшаішілік тойлау. күз байлығы туралы балаларға мәлімет беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Келді міне, Алтын күз!»

«Келді міне,алтын күз»

Жүргізуші:

Қуантып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халықымыз!

-Құрметтті қонақтар, бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Мерекемізді әсем әнмен бастаймыз.

Ән: «Күз жомарт» Тосын сәт. Дымбілмес әндетіп келеді.

-Ой,сен кімсің?

Дымбілмес: Мен Дымбілмеспін. Атым солай болғанмен мен тақпақ білемін. Би де билеймін,далада ойнағанды өте жақсы көремін.

Жапырақтарды шашамын, торғайларды атамын, беті қолымды жумаймын. Өйткені суды, сабынды жақсы көрмеймін. Тек қана күні бойы ойнағанды ұнатамын.

-Дымбілмес,сен қазір жылдың қай мезгілі екенін білесің бе? (Қыс мезгілі).

-Балалар,Дымбілмес дұрыс айтып тұр ма?

-Жоқ,қазір күз мезгілі. Күзде күн суытады, жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі,құстар жылы жаққа ұшады.

Дымбілмес: Балалар, менімен дос болғыларың келе ме? (жоқ).

  • Неге менімен дос болмайсыңдар?

  • Сен ештене білмейсің ғой?

Жүргізуші: Балалар,бізге Күз ханшайымы қонаққа келіпті.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме,балалар. Мен Дымбілмеске жасап жүрген істерінің дұрыс емес екенін айтып түсіндірейін. Торғайларды атуға, жапырақтарды шашуға болмайды. Беті қолымызды жуып тап-таза болып жүруіміз керек. Жеміс-жидекті жумай жеуге болмайды. Түсіндің бе?

(Иә).

Дымбілмес: Бұдан былай ақылды бала боламын. Күз ханшайымы, мені кешіріңіз.

Жүргізуші: Балалар,олай болса әрі қарай ертеңгілігімізді жалғастырайық.

Күз ханшайымы: Ия,менде сендердің өнерлеріңді тамашалауға келіп едім.

-Ендігі кезекті кішкентай бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына берейік.

Алибек:

Астық жеміс жиылды.

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз,мың алғыс.

Алдық өнім сыйыңды.

Әділ:

Қамба толды астыққа.

Алғыс,саған, Алтын күз.



Арман:

Берекесін сыйлауға.

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.



Санжар:

Алақай,алақай

Шаттанды балақай.

Күз түсті, дән пісті.

Айтамыз алғысты.



Нұрдәулет:

Күздің қазан айында.

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

Аңсағаным:

Бүгін мейрам,бүгін той.

Қуаныш күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап.

Алақанды соғып қой.

Айназ:

Алтын сары,қызыл көк

Алуан –алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп.

Көз тартады атырап.

Ертас:

Күзде жауын,бұлт-тұман.

Сары жапырақ жауады.

Сары құйын ұйытқып.

Сапырады даланы.

Омар:

О, балалар,балалар.

Қоңырқай күз болыпты.

Гүл жапырақ солыпты.

Ел егінің орыпты.

Дияс:

Жарып шыққан қауызым

Дәл өмірлік азығып.

Нұрислам:

Айналайын,диқанам.

Егін егіп,нан жиған.

Әмір:

Көктемде ерте гүлдеймін.

Кешігуді білмеймін.

Уылжыған өрікпін.

Бау-бақшаға көрікпін.

Ән: «Қошақаным» Орындайтын: Арман Дошимов

Жемістер мен көкөністер туралы тақпақтар айтайық.



Раяна :

Нарттай қызыл алмамын.

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем.

Тілді балдай үйірем.

Ерасыл:

Күзді күтіп жатамын.

Жиып нәрді бойыма.

Асқабақпын , жараймын.

Қыстай сақтап қоюға

Даниял:

Иісім жұпар аңқыған

Бақшадағы шырынмын.

Жеп көргендер тамсанған.

Балдай тәтті қауынмын.

Мансур:

Асханадан шықпаймын.

Атым пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып

Тұмаудан да сақтаймын.

Азиз:

Көрсен егер бақшада.

Доп екен деп қалмағым.

Шөл қандырар қарбызбын.

Ерте үзіп алмағым.

Альбина:

Мен жүзіммін,жүзіммін.

Моншақ болып тізілдім.

Інкар :

Шиемін мен шиемін.

Піскенше тон киемін.

Бала келсе жаныма.

Басымды мен иемін.

Мерует:

Мен алмұртпын,алмұртпын.

Күзде жинап алатын.

Балбыраған біреуін.

Жесең тойып қалатын.

Әмір:

Көктемде ерте гүлдеймін.

Кешігуді білмеймін.

Уылжыған өрікпін.

Бау-бақшаға көрікпін.

Ән: «Аю,аю тұршы» орындайтыңдар: Жылқыбаева Аяна

Алтай Мерболат, Хасан Нұрила.

«Жапырақтар» биі.

Күз ханшайымы: Өнерлерің өрге жүзсін! Өте әдемі билейді екенсіңдер.

Тағы қандай өнерлерін бар?

Би: Орыс биі.

Тосын сәт. Қоян жылап кіріп келеді.

Жүргізуші: Қоян, сен неге жылайсың?

  • Мен орманда адасып жүріп жемістер мен көкөністерді ажыраталмай тұрмын. Маған көмектесесіңдер ме?

Жүргізуші: Сен жылама,біздің балалар саған көмектеседі.

Балалар көмектесесіңдер ме? Жемістер мен көкөністердің суретін тауып беріп аттарын айту.

(Балалардың жұмысы). Қоян қуанып балаларға алғысын білдіреді.

Күз ханшайымы: Қоян сенде бізбен бірге балалардың өнерін тамашала.

Ән: «Аяқ пенен топ-топ бас».

Қоян: Қандай өнерлі балалар.

Жүргізуші: Қоян,сен біздің балаларға қандай сыйлық әкелдің ?

  • Мен сендерге ойын алып келдім.Ойнағыларың келе ме? (Ия)

  • Ойынның аты: «Жаңбыр мен күн» Күн дегенде билеймыз, жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыламыз.( Балалар ойын ойнайды).

Жүргізуші: Біздің балалардың өнері сізге ұнады ма ?

Күз ханшайымы: Ұнағанда қандай керемет өте өнерлі балалар екен.

Мен сендерге сыйлығымыз үлестірейін. (Жемістертерді сыйға тарту).

«Күз келбеті» компазиция таныстыру.

Ата-аналар өздерінің жасаған компазициямен таныстырып өтсеңіз.

Жүргізуші: Қандай керемет балалар. Сендерге күз ханшайымы өзінің жемістерін алып келіпті. Бәріміз алғысымызды білдірейік.

«Күз келбеті» компазициясымен таныстыру.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар! Осымен «Күншуақ» тобының дайындаған

«Келді міне,алтын күз» мерекелік ертеңгілігі аяқталды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Келді міне, Алтын күз!

Автор: Асанова Шынар Асановна

Дата: 06.01.2017

Номер свидетельства: 375950

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Арайлы, Алтын к?з!"
    ["seo_title"] => string(18) "araily-altyn-kuz-2"
    ["file_id"] => string(6) "249603"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446921361"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Алтын к?зге арнал?ан ерте?гілік"
    ["seo_title"] => string(38) "altyn-kuzghie-arnalg-an-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "286404"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454336750"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(18) "Алтын   к?з"
    ["seo_title"] => string(9) "altynkuz4"
    ["file_id"] => string(6) "285384"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454158724"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Тақырыбы:"Алтын күз""
    ["seo_title"] => string(20) "takyryby_altyn_kuz_1"
    ["file_id"] => string(6) "492136"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545494943"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Алтын к?з ?сем айналам "
    ["seo_title"] => string(22) "altyn-kuz-siem-ainalam"
    ["file_id"] => string(6) "194772"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427811248"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства