«Фребель сыйы» жиынтығын ойын барысында пайдалана отырып, «Таным» білім беру саласының міндеттерін шешудегі ойлау және олардың даму сапасы:
§ ойлаудың бірегейлігі — жаңа және соны идеяларды туғыза білу немесе әлдеқашан белгіліні өңдеу. Ойлаудың бірегейлігін дамытуға арналған әрекет продуктивті әрекет, құрастыру, бейнелеу өнері болып табылады. «Фребель сыйы» жиынтығындағы «Нүкте патшасы», «Сиқырлы қап», «Бір алаңдағы жидектер» ойындарда балалар өздерінің ойлау бірегейлігін таныта алады.
§ ойлау икемділігі — шапшаң және жеңіл шешімдер стратегиясын табу қабілеті, ол баланың өткен тәжірибесінің (білім, іскерлік, дағды деңгейі т.с.с.) байлығы және алуандылығымен тығыз байланысты, бірақ олар толыққанды анықтай алмайды. Ақпарат мөлшері өздігінен жаңа идеялар мен стратегиялар құру қабілеттілігінің кепілдігі бола алмайды. Ойлау икемділігіне ықпал ететін шешуші фактор баланың тәжірибені игеру әдісі екендігін зерттеу растады. Сондықтан да баланың ойлау қабілетін ойын әрекетінде ғана дамытуға болады.
Фридрих Фребель идеялары
Мектепке дейінгі педагогиканы педагогика ғылымының дербес саласы ретінде ажырату Ф.Фребель қызметімен байланысты.
Фребель іліміне бүгінде пайдаланып жүрген көптеген прогрессивті идеяларды жатқызуға болады:
1. балаға дамушы жеке тұлға ретінде қарау
2. баланың табиғи және қоғамдық құбылыстар әлеміне әрекеттік енуі ретіндегі даму түсініктемесі
3. ойынды балабақшадағы тәрбие негізі ретінде бекіту
4. дидактикалық материалдарды, тіл дамыту әдістемесін, балабақшадағы сабақ мазмұнын әзірлеу.
«Таным» білім беру саласында бағдарламалық міндеттерді іске асыруда Ф.Фребель идеяларын пайдалану ерте сәбилік шақта және балаларды ұсынылатын ойындарда мақсатты түрде ойлауға дайындайды.
Әдістемелік құралда ұсынылған ойындарды мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының кез келгенін іске асыруда пайдалануға болады.
Ұсынылған кешендегі ойын карточкалары «Таным» білім беру саласы міндеттерін жүзеге асыруда Фребель идеяларын пайдаланудың кеңейтілген және бейімделген нұсқасы болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Фребелдің алты сыйы»
Фребель ойындары
«Фребель сыйы» жиынтығын ойын барысында пайдалана отырып, «Таным» білім беру саласының міндеттерін шешудегі ойлау және олардың даму сапасы:
§ ойлаудың бірегейлігі — жаңа және соны идеяларды туғыза білу немесе әлдеқашан белгіліні өңдеу. Ойлаудың бірегейлігін дамытуға арналған әрекет продуктивті әрекет, құрастыру, бейнелеу өнері болып табылады. «Фребель сыйы» жиынтығындағы «Нүкте патшасы», «Сиқырлы қап», «Бір алаңдағы жидектер» ойындарда балалар өздерінің ойлау бірегейлігін таныта алады.
§ ойлау икемділігі — шапшаң және жеңіл шешімдер стратегиясын табу қабілеті, ол баланың өткен тәжірибесінің (білім, іскерлік, дағды деңгейі т.с.с.) байлығы және алуандылығымен тығыз байланысты, бірақ олар толыққанды анықтай алмайды. Ақпарат мөлшері өздігінен жаңа идеялар мен стратегиялар құру қабілеттілігінің кепілдігі бола алмайды. Ойлау икемділігіне ықпал ететін шешуші фактор баланың тәжірибені игеру әдісі екендігін зерттеу растады. Сондықтан да баланың ойлау қабілетін ойын әрекетінде ғана дамытуға болады.
Фридрих Фребель идеялары
Мектепке дейінгі педагогиканы педагогика ғылымының дербес саласы ретінде ажырату Ф.Фребель қызметімен байланысты.
Фребель іліміне бүгінде пайдаланып жүрген көптеген прогрессивті идеяларды жатқызуға болады:
1. балаға дамушы жеке тұлға ретінде қарау
2. баланың табиғи және қоғамдық құбылыстар әлеміне әрекеттік енуі ретіндегі даму түсініктемесі
3. ойынды балабақшадағы тәрбие негізі ретінде бекіту
4. дидактикалық материалдарды, тіл дамыту әдістемесін, балабақшадағы сабақ мазмұнын әзірлеу.
«Таным» білім беру саласында бағдарламалық міндеттерді іске асыруда Ф.Фребель идеяларын пайдалану ерте сәбилік шақта және балаларды ұсынылатын ойындарда мақсатты түрде ойлауға дайындайды.
Әдістемелік құралда ұсынылған ойындарды мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының кез келгенін іске асыруда пайдалануға болады.
Ұсынылған кешендегі ойын карточкалары «Таным» білім беру саласы міндеттерін жүзеге асыруда Фребель идеяларын пайдаланудың кеңейтілген және бейімделген нұсқасы болып табылады.
Әрбір ойын «Таным» білім беру саласының міндеттерін шеше отырып, баланың жан-жақты ойлау сапасын қалыптастыра отырып, басқа да білім беру саласының міндеттерін шешуге ықпал етеді. Мысалы, барлық ойындарда әсіресе, «Сиқырлы қапшық» ойынында алғырлық қабілеттерін дамытады. «Қыңыр ханшайым», «Бір алқаптағы жидектер» сынды ойындарда кейбір сенсорлық стимулдарға назар аударып, қалғандарына мән бермеу қабілеті дамиды. Бала өзіне маңызды әрекетте қоршаған
ортаның физикалық сипатының детальдарын пайдалана алуы үшін барлық ойындар осылайша сұрыпталған. Бір алқаптағы жидектер, «Жаппай жуып-шаю ойыны» ойындарында заттардың өзіндік ерекшеліктері жайлы білім алады. Шығармашылық ойлау тұрғысынан алғанда маңызды оқиғалардың кейбір элементтерін абстракциялау және бүкіл эпизодқа мағына беретін осы элементтерді жақсы құрылған жоспарға біріктіру қабілеті болып табылады. Осындай қабілет «Нүкте патшасы» ойынында дамиды. Әрбір таңдалған ойындарда есте сақтаудың қандай да бір түрі дамиды, ал қысқа есте сақтауға арналған арнайы жаттығулар, яғни жаңа оқиғаларды есте сақтау қабілеті және оларды үздіксіз біріктіру үшін«Есте сақта, есінеме!» ойыны ұсынылады.
Білім берудің басқа салаларының міндеттері:
«Қатынас» — құрбыларымен және үлкендермен еркін тілдесу үдерісінде танымдық-зерттеу және продуктивті әрекетті дамыту.
Көркем әдебиетті оқу» — әлемнің тұтас картинасын құру үшін көркем туындыларды пайдалану;
«Көркем шығармашылық» — «Таным» саласының мазмұнын байыту үшін балалардың өнімді қызметінің құралдарын пайдалану;
«Денсаулық» — балалардың дүниетанымын кеңейту соның ішінде салауатты өмір салты туралы түсініктерін;
«Әлеуметтену» — әлемнің тұтас картинасын құру және дүниетанымын кеңейту;
«Еңбек» — еңбек, кәсіп туралы түсініктерін қалыптастыру;
«Қауіпсіздік» — қоғам және отбасында өз өмірінің қауіпсіздігі, сонымен қатар қоршаған ортадағы қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру;
«Денешынықтыру» — балалардық қозғалыс белсенділігін дамыту.
Карточкалармен жұмыстың ерекшеліктері
Жұмысқа кіріспес бұрын осы жиынтықтың барлық карточкаларымен танысқан жөн. Бой жазу жаттығулары ұсынылған ойындар мазмұнын байыту, олардың дидактикалық және дамытушылық мүмкіншіліктерін кеңейту үшін іріктелген. Бой жазу жаттығулары ақыл-ой жүктемесінен кейін және мәжбүрлі статистикалық қалыптан кейін белсенді демалуға мүмкіндік береді. Сергіту жаттығулары ойынның негізгі мазмұнымен байланысты немесе байланысы болмайды, олар түрлі рефлекстерді жаттықтыру және бекітуге арналған жаттығуларды пайдалану арқылы тақпақ мәтіні бойынша қимылдарды орындай отырып, қозғалмалы немесе дидактикалық ойын түрінде өткізіледі.
«Таным» білім беру саласының міндеттерін шешу барысында пайдалануға арналған ойындардың көпшілігі – ол қимылды немесе аз қимылдайтын ойындар. Ойындардың бір бөлігі таныстыру, түсіндіру сипатында болады, сондықтан да сюжеттік-рөлдік болып табылады:
Құралда ұсынылған ойындар келесі міндеттерді шешеді:
Аталған әдістемелік құралда «Таным» білім беру саласындағы «Фребель сыйы» ойын жиынтығын пайдалануға болатын мысалдар келтірілген. Оның шексіз тәрбиелік және білім беру мүмкіншіліктері балалардың бір бірімен және үлкендермен бірлескен әрекетінде ғана ашылуы мүмкін.
Әрбір карточкамен жұмыс жасауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар
«Жаппай жуып-шаю» ойыны
Белгілі ауызша сөйлеу «Дуплет» ойынының немесе «Сөз буындары» авторы Л.Кэрол ойлап тапқан «Алиса және оның бастан кешкені» ойынының геометриялық модификациясы.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс. Балаларға «Жаппай жуып-шаю» ойынын ұсынбас бұрын балаларды №7,8,9,10,J2 жиынтықтың барлық элементтерімен таныстыру керек, сонымен қатар бүлдіршіндерге шынайы және абстракты заттарды түсі және формасы бойынша іріктеуге арналған әртүрлі ойындар ойнату ұсынылады. «Жаппай жуып-шаю» ойынын ойнап көру ұсынылады, онда киім құралған екі элемент ғана пайдаланылады. Балаларға киімнің бастапқы және соңғы нұсқасын ұсынуға болады.
Тапсырма бала зейінінің, байқағыштығының жоғары деңгейде шоғырлануын болжайды. Ойында болар болмас жарыс элементі бар. Бұндай ойынды көрнекі материал мен ойын сюжетіне сүйене отырып, балабақшаның ересек және даярлық топтарында жүзеге асыруға болады.
Ойынға материалдар дайындау. Жиынтықтың барлық элементтерін қораптың әртүрлі ұяшықтарына сұрыптап салу керек.
Ойын кеңістігін ұйымдастыру. Денелерді қоюға арналған бір түсті тегіс жазық жер керек. Егер балалар командамен ойнаса, жіпті екі немесе үштен байлау қажет, және ойынның барлық элементтері балалардың көз алдында орналасуы керек. Әр командаға бірдей элементтер жиынтығы қажет. Балаларға әр команда үшін элементтерді бөлу ұсынылады, егер топта «Фребель сыйы» жиынтығы біреу ғана болса.
Ойынның алдағы уақытта дамуы. «Жаппай жуып-шаю» — әйгілі «Дуплет» немесе «Сөз буындары» ауызша ойынының геометриялық модификациясы болғандықтан балаларға осындай ауызша ойынды ойнау ұсынылады. Ереже: сөздегі бір әріпті ауыстыра отырып, бір сөзді екінші сөзге айналдыру, және де келесі сөз мағыналы болуы тиіс. Ереженің бірінші нұсқасында бірінші сөз бен соңғы сөз беріледі, кімнің жолы қысқа сол жеңеді. Екінші нұсқада ойына тек бастапқы сөз беріледі, осы сөздерден барынша ұзақ сөздер тізбегін құру маңызды.
Балаларға осы іспеттес ойындарға өздері ат ойлап табуға ұсыныс жасалады және оны осыған дейін ұсынылған ойын принципінің негізінде ойнауға кеңес береді.
«Сиқырлы қапшық» ойыны
Балаларға белгілі және сүйікті ойын. «Фребель сыйы» жиынтығын пайдаланғанда ол шығармашылық сипатқа ие болады. Сенсорлық қабылдауды дамытатын қарапайым ойындардың бірі. Ойынның мүмкін болатын модификациясы карточкада сипатталған.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс. «Фребель сыйы» жиынтығын пайдалана отырып, «Сиқырлы қапшық» ойынын ұсынбас бұрын осыған ұқсас ойынды шынайы заттармен ойнау ұсынылады. Әсіресе балалар қасық, сабын, тіс щеткасы және сол сияқты тұрмыстық заттармен, ойыншықтармен немесе түрлі сападағы құрылымы әртүрлі арнайы іріктелген заттармен ойнағанды ұнатады. «Фребель сыйы» жиынтығын пайдаланған кезде бұл ойында бұл жиынтықтың көптеген бөлшектерін балалар еркін ойнау барысында бірнеше рет зерттегені дұрыс.
Ойынға материалдар дайындау. Қойылған міндеттерге байланысты өзекті тақырып немесе жағдаятқа сәйкес ойынға арналған элементтерді сұрыптап алу қажет. Ойын кез келген өнімді әрекет алдында сергіту жаттығу ретінде аяқастынан ұйымдастырылуы мүмкін.
Ойын кеңістігін ұйымдастыру. Әрбір бала ойынға басқа қатысушы жасаған барлық әрекеттерді көруі тиіс, сондықтан «Сиқырлы қапшық» ойынын еденде шеңбер жасап немесе дөңгелек үстел басында отырып ойнауға болады. Қап жылтыр болмауы тиіс. Қапты үлкен шляпа немесе Ф.Фребель жиынтығының қақпағы жабылатын қорабы алмастыра алады.
Ойынның ары қарай дамуы. Балаларға кеңістікті зерттеп алғаннан кейін белгілі бір тақырып немесе тәрбиеші ұсынған параметрлер бойынша «Сиқырлы қапшық» ойынына арналған заттар жиынын құру ұсынылады. Мысалы, «Барлығы сары», «Асүй», «Барлығы дөңгелек», «Барлығы жұмсақ» және т.с.с. Балаларға беймәлім заттарды іріктеу ойынды күрделендіреді, бұл жағдайда бала қолындағы сол заттың сапасын сипаттайды, ал топтың қалған балалары өздерінің пікірлерін айтады. Сонымен қатар бүлдіршіндерге әрқайсысында бірдей заттары бар екі қапшықты ұсынуға болады. Бір қапшықтан балалар оң қолымен екіншісінен тура сол затты сол қолымен іздеп табуға тырысады. Тура осылай үлкен қатты қағаз қапқа екі дөңгелек саңылау жасап, балаларға екі қолымен бір үлкен затты ұстатып не екенін тануды ұсынуға болады. Бұндай ойындар жарты шар аралық өзара әрекеттерді дамытады.
«Аса мәртебелі Нүкте патшасы» ойыны
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс. «Аса мәртебелі Нүкте патшасы» ойынын балаларға ойнатпас бұрын, түрлі картиналарда перспективаның берілу әдіс-тәсілдері арқылы әртүрлі объектілерді бақылау ұсынылады. Балалармен бірге түрлі суретшілердің әртүрлі техникада орындалған картиналарын алдын-ала қарап шығу ұсынылады. Ол графикалық жұмыстар, живопись болуы мүмкін. Суретші-импрессионистердің туындыларына зер салып қарау және бейнелеу кезінде пайдаланған әдістерді талқылау ұсынылады. Балалармен сурет калереясына немесе суретшілер көрмесіне баруға кеңес беріледі. Балаларға түрлі пішіндегі мозайкалар және бейнелер жасау әдістері, соның ішінде «Фребель сыйы» ойын жиынтығынан мозайкалар ұсынылады.
Ойынға материалдар дайындау. Материалдар салынған қораптарды әзірлеу.
Ойын кеңістігін ұйымдастыру. Пішіндерді орналастыру үшін тегіс, жазық түсті беткей және тәрбиеші үлкен қашықтыққа кетіп қалуына мүмкіншілік болатын жеткілікті мөлшерде кеңістік болуы керек. Бұндай бақылауды балабақшаның ойын алаңында өткізуге болады.
Ойынның алдағы уақытта дамуы. Әртүрлі қағаздың бетіне түсті бояулар мен қылқаламдар көмегімен жекелеген нүктелерді жағу техникасы арқылы өз бетімен сурет салуды ұсыну мақсатты болып табылады. Әр қырынан қарап, сосын неғұрлым жақсысын таңдап алу үшін бірнеше аттарды ұсына отырып, картиналарға ат ойлап табу.
«Есте сақта, есінеме!» ойыны
Бұл әлемнің әртүрлі елінде кеңінен тараған белгілі «Пиксисо» (немесе «Пексесо») атты ойынның модификациясы. «Қазіргі таңда «Мемори» деп те аталады. Осы іспеттес ойындарға карточкаларды өз бетімен жасауға немесе түрлі тақырыптардағы дайын кешендерді сатып алуға болады. Карточкалардың барлығының екінші жағы бірдей болуы шарт. Бұндай ойынмен бүкіл отбасымен, әр жастағы саны әртүрлі ойыншылармен ойнауға болады.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс. Алаңда элементтерін жабуды талап етпейтін «Мемори» сияқты ойынды ойнау ұсынылады. Ойын ережесі төмендегідей. 4х4, 4х5, 4х6, 6х6, 7х8, 8х9 мөлшеріндегі карточкалар «жейде» түрінде алаңның жоғары жағына жайылады, әр бейне екі рет кездеседі. Ойыншы бір жүрісте екі карточканы аударуына болады, егер ондағы бейнелер сәйкес келсе, онда ойыншы карточкаларды өзіне алып, тағы бір жүріс жүруге мүмкіндік алады. Егер бейнелер бірдей болмаса, онда ойыншы карточкаларды аударып өз орнына қалдырады, жүріс келесі ойыншыға ауысады. Ойынның стратегиясы қарапайым, ойыншыларға ол жайлы бірінші ойынның басында айтудың қажеті жоқ. Ереже бойынша ойын үдерісінде балалар өздеріне дұрыс стратегияны табады. Ойын 5-6 жастағы балаларға қызықты және де егер ересек толыққанды ойыншы болса, одан әрі тартымды болмақ.
Пайдаланатын карточкалар мөлшері ұлғайған жағдайда ойын күрделене түседі. Басқаша күрделендіру бейнелерді көзбен қабылдау (мысалы, бір түсті гаммадағы бейнелері бар карточкалар, бір жануар түрі, әртүрлі қалыпта бейнеленген карточкалар, суретшілер картиналары, пейзаждар т.с.с. ең қарапайым бейнелер балалар өмірінен алынған күнделікті картиналар болып табылады). Ойының тағы бір алуандығы бірдей үш картинаны іздеу, олардың ішінен жұп картиналарды тауып, ойыншы келесі жүрістерде дәл өзінің картинасын іздеп табуына тура келеді, тек осы жағдайда ғана ұпай есептеледі.
Ойын материалдарын дайындау. Геометриялық пішіндер туралы балаларда бар мәліметтер негізінде алаңға оларға белгісіз пішіндерді немесе оларға белгісіз пішіндерді бір жаққа жинауы керек, ойын барысында олардың атауын балалар білетін болады. №7 жиынтықтың материалдары балалармен үшбұрыш түрлерінің айырмашылығын талқылауға мүмкіндік береді. Балалар пішіндер бояған түсті атай алатынына алдын ала сенімді болған абзал.
Ойын кеңістігін ұйымдастыру . Дөңгелек (доғал) үстел басында ойнау ұсынылады, ойын кеңістігі балаларға ойын алаңы жақсы көрінетіндей жеткілікті мөлшерді жарық болуы тиіс.
Ойынның алдағы уақытта дамуы. Ойын ережесі қарапайым болғандықтан балаларға ойын барысында өз бетімен пайдалану үшін жиынтық материалдарына еркін қол жеткізуді ұйымдастыру керек. Тақырыпты алдын ала талқылай келе балаларға өз беттерінше «Мемори» ойынын дайындауды ұсынуға болады. Ол «Біздің топтағы балалар суреті» болуы мүмкін.
«Қыңыр ханшайым» ойыны
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс. Балаларды екі топқа бөле отырып, ұсынылған тақпақтарды «Сказки матушки Гусины» жиынтығынан «Три подарка» құрастыру ұсынылады. Балалардың бір тобы ханшайымға сыйлық ұсынады, ал келесі топ мәтін бойынша жауап береді. Алдағы уақытта өлең «Капризная ханшайым» ойынында сергіту жаттығу етінде қызмет етеді.
«Три подарка» (үзінді)
ӨЛЕҢ ЖОЛДАРЫ
Балаларға «Қыңыр ханшайым» ойынын ұсынбас бұрын олармен бір немесе бірнеше белгілері бойынша заттарды сұрыптауға байланысты түрлі ойындар жүргізген жөн. Мектепке дейінгі кіші және орта жаста – белгілі белгілері бойынша заттарды біріктіру. Бұл ойында балалардан біріктіруге болатын белгілерін немесе ондай белгісі жоқ абстаркті заттарды өз бетінше табу талап етіледі. Бұл тапсырманы орындау бала зейінінің жоғары деңгейде шоғырлануын, байқағыштықты қажет етеді. Ойында аса болар болмас жарыс элементі бар. Бұндай ойынды көрнекі материалға және ойын сюжетіне сүйене отырып, балабақшаның ересек және даярлық топтарында іске асыруға болады.
Ойынға материалдар дайындау. №7 жинақтағы материалдар алдын ала бір қорапқа салып немесе үстел үстінде араластыру керек. Егер №7 жинаққа басқа жинақтың детальдарын қосатын болса, ойын күрделеніп, қызықтырақ болады. Ойынның неғұрлым күрделі модификациясы фигуралар барлық мүмкін болатын «гүл шоқтары» анықталмайынша қойылмайды. Әрбір алынған «гүлшоғын» балалармен ханшайымның барлық шарттары сақталғанын айта отырып, тексеру керек.
Ойын кеңістігін ұйымдастыру. Ойынды үстел үстінде ойнаған абзал. Үстелде «гүл шоқтары» алаңынан басқа бөтен зат болмауы тиіс. Тәрбиеші балалардың шаршау деңгейін қадағалап, жалығу белгісін байқаған сәттен-ақ ойынды тоқтатуы тиіс.
Назар аударыңыз!
1. Ойын ережесі және оның маңызды шарты: ойыншы табылған «гүлшоғын» дауыстап айтпайынша ала алмайды. Яғни «гүлшоқтарын» іздеу тек көздің көмегімен жүзеге асады. Даярлық тобында бұл ереже міндетті түрде сақталуы тиіс. Балалар бұл шартты орындауды үйренгенше қатаң түрде кезек бойынша ханшайымның шартының дұрыс орындалғанын қолға «гүл шоғын» алып бағалауға рұқсат етіледі. Қателескен жағдайда детальдарды өз орындарына қайтару керек.
2. Барлық белгілері айрықша «гүл шоқтары» ең күрделі болып саналады: мысалы, үшеуінің барлығы да әр түсті, үшеуінің формасы үш түрлі. Осындай «гүлшоқтарын» құрастыра алған балалар, қосымша марапатталуы тиіс. Мыслы, бұндай «гүлшоғы» қорытынды шығарғанда екі «гүлшоғы» ретінде есептелінеді.
3. «Кейбір «гүлшоқтарын» құрастыру барысында бірнеше жинақты араластырса қосымша белігіні есепке алуға тура келеді, және де оларды алдын ала анықтап, атау керек. Мысалы, таяқшаның ұзындығы, сақина немесе жарты сақина мөлшері. Бұндай жағдайда бала бір формадағы, бір түсті, бірақ әртүрлі мөлшердегі «гүлдерден» «гүлшоқтарын» құрастыра алады.
Ойының алдағы уақытта дамуы. Бірнеше ойыннан кейін балалар бұл ойынды өз бетінше ойнай алады. Бұл ойынды жалғыз да ойнауға болады.
Бастауыш мектепте осы ойында шешілетін тапсырмалар бүкіл курсты, әсіресе, математиканы оқып-үйрену барысында іске асады. Балалалардың осындай ойындарда алған дағдылары жалпы оқуға жатады және де алдағы уақытта барлық деңгейде білім алуға көмектеседі.
«Қыңыр ханшайым» ойыны балалардың комбинаторлық қабілеттерін, зейіні мен байқағыштығын дамытады.
«Қисық айналар корольдігі» ойыны
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс. Балаларға «Қисық айналар корольдігі» ойынын ұсынбас бұрын, балалармен «Фотоға түсіруші» немесе «Фотоателье» ойынын ойнаған жөн, балаларға қоршаған ортаны , өздерін шынайы фотоаппаратпен немесе оны айырбастайтын ойыншықпен фотосуретке түсіруді ұсынуға болады. Фотосуреттің картинадан айырмашылығын ажыратып, шынайы дүниенің көркем бейнесі және техникалық құралдар арқылы оның көшірмесі жасалатынын анықтап алған дұрыс болады.
Сонымен қатар «Көшірме» немесе «Баспа» ойынын ойнауға да болады. Ол үшін бірнеше түсті қою бояуды әдетте жапсырумен айналысуға арналған пластик тақтайшаға шеттеріне бир сантиметр жеткізбей жағу қажет, содан кейін қатты қағазға бірнеше іздер жасап, алынған көшірмелерде қарау керек. Баспамен байланысты кез келген ойындар сонымен қатр өз бетінше жасалған ойындар да балаларды « Қисық айналар корольдігі» ойынына дайындайды.
Маңызды дайындық жұмыстарының бірі — түрлі объектілердің симметриялық ерекшеліктерін зерделей болып табылады. Бұндай тапсырмаларға мысалдарды ортасынан тең бүктелген қағазды қия отырып, әртүрлі фигуралар құрастыруды ұсынуға болады. Классикалық мысалдарға «Көбелек», «Шырша», «Қар» жатады. Жасалған денелерді мұқият қарап, симметрияның ерекшеліктерін балалармен талқылаған маңызды.
Оригами техникасындағы барлық сағаттар ойын мақсатын іске асыру үшін алдын-ала жүргізілетін жұмыс болып табылады. Оригами сонымен қатар «Қисық айналар корольдігі» ойнын дамытуға да қызмет ете алады. Л.Кэроллдың «Алиса Айналар әлемінде» немесе «В.Губаревтың «Қисық айналар корольдігі» ертегілерін оқыған немесе сәйкес фильмдерді көрген артық болмайтынын назарға алған дұрыс. Көшіру кезінде
қателерді жөндеу, және осы қателерді әдейі жіберу зейінді дамытудың, оның шоғырлануының маңызды факторы болып табылады және өзінің әрекетін бағалай білу іскерлігінің қалыптасуына септігін тигізеді.
Ойынға материал дайындау. Қосымша жылжымалы айна дайындау ұсынылады. Ойынға әрқайсысы жеке жеке және бірге үш қырлы да жазық та денелер қолданыла береді. Көлемді заттармен жасалатын барлық әрекет кеңістік түсінігін дамытатынын, ал жазық денелермен жасалатын әрекет қағаз бетінде бағдар алуға дайындайтынын естен шығармаған жөн, сондықтан да егер ойын да тек жазық денелер пайдаланылса, жазықтық мөлшерін біртіндеп қысқартқан дұрыс болады.
Ойын кеңістігін ұйымдастыру. «Қисық айналар корольдігі» ойынына топта құрылысқа арналған кеңістік , айнаны кез келген жазықтыққа орналастыруға жеткілікті болуы керек. Сонымен қатар денелерді қою үшін тегіс біртекті біртүсті жазықтық болуы керек.
Ойынның алдағы уақытта дамуы. «Қисық айналар корольдігі» ойыны «бейне» тақырыбындағы қоршаған ортамен танысу бойынша жобалық қызметтің бір бөлігі бола алады.
«Бір алаңдағы жидектер» ойыны
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс. «Бір алаңдағы жидектер» ойынын ұсынбас бұрын балалармен бір немесе бірнеше белгілері бойынша заттарды сұрыптау , төртінші артық затты алу ойындары, жалпы мазмұны ұқсас заттар тобын іздеуге арналған жаттығуларды жүргізуген жөн. «Негізгі» түстерді алмастыруға арналған ойындар. Кіш іжәне орта мектеп жасына дейінгі кезеңде — қандай да бір белгілері бойынша біріктірілген топтар. Бұл ойында балалардан біріктіруге болатын белгілерін немесе ондай белгісі жоқ абстаркті заттарды өз бетінше табу талап етіледі. Бұл тапсырманы орындау бала зейінінің жоғары деңгейде шоғырлануын, байқағыштықты қажет етеді. Бұндай ойынды көрнекі материалға және ойын сюжетіне сүйене отырып, балабақшаның ересек және даярлық топтарында іске асыруға болады.
Ойынға материалдар дайындау. Жиналған «жидектер» — белгілері анық болуына қарай ойынның күрделілік деңгейі анықталады. Мысалы, «түс» немесе «форма» белгілері бойынша жазық денелерді балалар жеңіл және жылдам жинай алады. Ұзындық, мөлшер, сан тәрізді белгілерді анықтау анағұрлым қиынырақ. Тәрбиеші балаларға ең бірінші ойларына қандай белгілер келеді соны атауларын ұсынады. Көбінесе балалар белгілеріне қарай қандай жидек болатынын сезеді. Бұл жағдайда тәрбиеші қарапайым қысқа сөздермен таңдаған заттардың дұрыстығына пікір айтады.
Ойын кеңістігін ұйымдастыру. Үстелде ойнауға болады. Балалар айнала орналасқан «бау-бақша» маңайына отырады. Осындай ойынды еденде жіптерді екі қиысатын обручтармен алмастырып өткізуге болады. Жиынтық материалдарын өз қораптарында қалдыруға болады немесе оларды үстелге шашып, араластыруға болады. Бірінші жағдайда балалар «жидектерді» іздейтін белгісі бойынша атау керек, екінші жағдайда балалар «жидектерді» бірінші учакеге қойып оларда біріктіретін ұқсас белгілері бар ма,жоқ па бағлауы керек, және болған қателерін түзеуге тырысу қажет. Алқапқа белгілері бірдей
заттар неғұрлым көбірек қойылса, белгісін анықтау жеңілірек болады. Егер жиынтықтың бөлшектеріжан-жаққа шашырап жатса: ойын соңында оларды орын-орнына қойып, олардың белгілерін қайтадан айту ұсынылады.
Ойынның алдағы уақытта дамуы. Тәрбиеші балаларға үй шаруашылығына қажетті заттар, ыдыстар, ойншықтар, өсімдіктер, жануарларды берілген белгілері бойынша жоқ заттарды ойлап табуды ұсынады, осылайша құрастырушылық міндеттерді шешеді.
Сонымен қатар тәрбиеші балаларға алынған» бейнені» салуға тапсырма береді.
Тәрбиеші балаларға қандай да бір белгілері бойынша топтарға бөлінуді ұсынады. Мысалы, бір топта көк көзді балалар, ал келесі топта киімдерінде қалталары бар балалар, т.с.с. қызықты үйлесімділікте .т
«Бір алқаптағы жидектер» ойыны «Адамзаттың маңызды бейнелері» жобалық қызметінің бір бөлігі болып табылады. Бастауыш сыныпта бұл ойында шешілетін міндеттер математикның барлық курсын, әсіресе «жиын» тақырыбын оқып-үйрену барысында кеңінен тарайды. Осы тәрізді ойындар барысында алынған дағдылар жалпы оқу пәндеріне жатады және де алдағы уақытта барлық деңгейде білім алуға септігін тигізеді.
«Туристік автобус» ойыны
Ойын кеңістікте бағдар алуға және коммуникативтік дағдыларды дамытады.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс. Балаларға «Туристік автобус» ойынын ұсынбас бұрын балалардың қимыл бағытын білдіретін барлық сөздің мағынасын түсінетіндерін және «жолаушыларды» атау үшін бірдей терминдерді пайдаланатындарына сенімді болу керек. Сондықтан тәрбиеші бірінші ойында аттарын анықтау керек болатын «жолаушыларды» іріктеп алу ұсынылады. Және ойын басталмас бұрын қай жолаушының аты қалай келісіп алу керек.
«Туристік автобус» ойынына дайындайтын ойындардың бірі «Біз айтпаймыз, көрсетеміз» немесе «Ассоциациялар». Осы іспеттес ойындарда суретті карточканы алған бала әріптесіне онда не бейнеленгенін оның атын атамай белгілі бір уақыт ішінде түсіндіруі қажет.
Ойынға материалдар дайындау. Бірнеше айналымнан кейін балалар жолаушыларды өздері таңдағандары жөн.
Ойын кеңістігін ұйымдастыру. «Туристік автобус» ойынын таңдалған ойын түріне қарай үстел басында да, кілем үстінде де ойнауға болады.
Ойынның алдағы уақытта дамуы. Алдағы уақытта балаларға элементтерін көбейте отырпы, ережелері осындай ойынды ойнау ұсынылады. Сонымен қатар жолаушылары бірдей жұппен ойнап көруге болады. Бұл жағдайда жүргізуші тек жолаушы «атын» ғана айтып қоймай, оның автобустағы орнын да айтуға мәжбүр болады, мысалы: «Жоғарғы қатардың сол жағында отырған, анау қызыл үшбұрыш». Ойынның тағы бір нұсқасы жолаушыларды №5 жиынтықтағы сандарды кубиктерге қою арқылы нөмірленген орындарға отырғызу. Тағы бір түрі түсіндіру барысында бала «жолаушылардың» нақты
атын қолдана алмайды, оның сипатын пайдаланады. Мысалы, «Бұрыштары жоқ фигураны екінші қатардың сол жағына отырғыз»
Ойынның тағы бір нұсқасы әріптестер бір-бірінен алшақ жерде орналасқан кезде ойыншыларды ойын кеңістігіне орналастыру. Бұл жағдайда коммуникация тәсілі етінде ым-ишараны немесе қимыл бағыттары не басқа да белгі жүйелері көрсетілген арнайы әзірленген карточкаларды қолдану ұсынылады. Мысалы, теңізшілердің жалаулары, алақанмен шапалақтау, жол белгілері. Бұл нұсқада коммуникациялық өзара әрекеттерді соңынан балалармен талқылау керек. «Бір-біріңді түсіну қиын болды ма? Неліктен? Ақпарат беру әдіс-тәсілінің қайсысы жеңіл болды?» Осындай ойындар өзі туралы, адам сипаттамалары туралы білімдерін кеңейту үшін пайдаланады және «Ақпарат», «Тіл» немесе «Белгілер» тақырыбы бойынша жобалық қызметтің бір бөлігі бола алады. Осы тәрізді ойындар коммуникция әдіс-тәсілдерінің алуандылығы және белгі, тілдік