Балаба?шада?ы экологиялы? т?рбие ж?мысы, т?рбиешіні? негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалы?, е?бек т?рбиелеріні? желісінде ж?не халы?ты? педагогиканы? ?айнар б?ла?ын пайдалана отырып ж?ргізсе, айналада?ы орта, таби?ат жайында?ы жалпылама ??ымдар на?тыланып, ?алыптаса береді.
Экологиялы? т?рбие ж?мысына орай к?рнекіліктерді ?олдана отырып, таби?ат б?рышыны? жабды?талуына байланысты сайыстар ?йымдастырылып экология м?селелері туралы, жа?ымды-жа?ымсыз ?рекеттер бейнеленген суретте пайдаланыл?аны, ата-аналар мен т?рбиешілерді? бірлескен ж?мысыны? н?тижесінде таби?ат туралы ша?ын кітапхананы ?лі ж?не тірі таби?атпен жабды?тау ар?ылы к?рме ?йымдастырыл?аны д?рыс. «Алтын к?з», «??стар к?ні», «Таби?атты с?йеміз», т.б. ерте?гіліктер бала е?бегімен ?штасып, ?р педагогті? ізденімпаз ?рекеті ?ана болаша? таби?ат жанашырын т?рбиелей алады дей келіп, т?рбие ж?мысын ж?ргізуді? мынадай екі нысанасына назар аударамыз:
а) балаларды? айналада?ы таби?ат?а деген с?йіспеншілігін оятып, ??ымын ке?ейту, оны? ?семдігін н?зік сезінуге, ?сімдіктер мен жануарлар д?ниесін ?ам?орлы??а алу?а баулу.
?) балаба?шада таби?ат жайында ал?аш?ы ??ымды ?алыптастыра отырып ?арапайым білім беріп, осыны? негізінде тірі ж?не ?лі таби?атта?ы ??былыстар ж?нінде на?ты ж?не жалпылама таным-т?йсік ?алыптастыру.
Таби?ат туралы б?лдіршіндерді? ой-?рісін ке?ейтіп, осы т?йсіктер ар?ылы б?лдіршіндерге таби?ат сырларын ??ындыру ж?ніндегі экологиялы? т?рбиені? ересектер тобына арнал?ан жоба-ба?дарламасын ?сынып отырмыз: Б?л топта?ы балаларда ортаны тануды? физиологиялы? механизмдері ?зіні? жо?ары даму де?гейіне жетеді. Іштей ойлау, ой т?ю пайда болады. Балада?ы ой-сана мен ж?йкені? ?оз?алуы мен тежелуі ширы?ып, к?шейеді, тепе-те?дік сипаталады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналада?ы орта туралы талдау, ой т?ю ?жептеуір жетіледі, таби?ат туралы к?дімгідей т?йсік таным ?алыптасады. Ол енді таби?атты? ?зіне т?н кейбір ??былыстары мен ?асиеттері жайында білетін болады.
Балаба?шада?ы экологиялы? т?рбие ж?мысы, т?рбиешіні? негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалы?, е?бек т?рбиелеріні? желісінде ж?не халы?ты? педагогиканы? ?айнар б?ла?ын пайдалана отырып ж?ргізсе, айналада?ы орта, таби?ат жайында?ы жалпылама ??ымдар на?тыланып, ?алыптаса береді.
Экологиялы? т?рбие ж?мысына орай к?рнекіліктерді ?олдана отырып, таби?ат б?рышыны? жабды?талуына байланысты сайыстар ?йымдастырылып экология м?селелері туралы, жа?ымды-жа?ымсыз ?рекеттер бейнеленген суретте пайдаланыл?аны, ата-аналар мен т?рбиешілерді? бірлескен ж?мысыны? н?тижесінде таби?ат туралы ша?ын кітапхананы ?лі ж?не тірі таби?атпен жабды?тау ар?ылы к?рме ?йымдастырыл?аны д?рыс. «Алтын к?з», «??стар к?ні», «Таби?атты с?йеміз», т.б. ерте?гіліктер бала е?бегімен ?штасып, ?р педагогті? ізденімпаз ?рекеті ?ана болаша? таби?ат жанашырын т?рбиелей алады дей келіп, т?рбие ж?мысын ж?ргізуді? мынадай екі нысанасына назар аударамыз:
а) балаларды? айналада?ы таби?ат?а деген с?йіспеншілігін оятып, ??ымын ке?ейту, оны? ?семдігін н?зік сезінуге, ?сімдіктер мен жануарлар д?ниесін ?ам?орлы??а алу?а баулу.
?) балаба?шада таби?ат жайында ал?аш?ы ??ымды ?алыптастыра отырып ?арапайым білім беріп, осыны? негізінде тірі ж?не ?лі таби?атта?ы ??былыстар ж?нінде на?ты ж?не жалпылама таным-т?йсік ?алыптастыру.
Таби?ат туралы б?лдіршіндерді? ой-?рісін ке?ейтіп, осы т?йсіктер ар?ылы б?лдіршіндерге таби?ат сырларын ??ындыру ж?ніндегі экологиялы? т?рбиені? ересектер тобына арнал?ан жоба-ба?дарламасын ?сынып отырмыз: Б?л топта?ы балаларда ортаны тануды? физиологиялы? механизмдері ?зіні? жо?ары даму де?гейіне жетеді. Іштей ойлау, ой т?ю пайда болады. Балада?ы ой-сана мен ж?йкені? ?оз?алуы мен тежелуі ширы?ып, к?шейеді, тепе-те?дік сипаталады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналада?ы орта туралы талдау, ой т?ю ?жептеуір жетіледі, таби?ат туралы к?дімгідей т?йсік таным ?алыптасады. Ол енді таби?атты? ?зіне т?н кейбір ??былыстары мен ?асиеттері жайында білетін болады.
Балаба?шада?ы экологиялы? т?рбие ж?мысы, т?рбиешіні? негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалы?, е?бек т?рбиелеріні? желісінде ж?не халы?ты? педагогиканы? ?айнар б?ла?ын пайдалана отырып ж?ргізсе, айналада?ы орта, таби?ат жайында?ы жалпылама ??ымдар на?тыланып, ?алыптаса береді.
Экологиялы? т?рбие ж?мысына орай к?рнекіліктерді ?олдана отырып, таби?ат б?рышыны? жабды?талуына байланысты сайыстар ?йымдастырылып экология м?селелері туралы, жа?ымды-жа?ымсыз ?рекеттер бейнеленген суретте пайдаланыл?аны, ата-аналар мен т?рбиешілерді? бірлескен ж?мысыны? н?тижесінде таби?ат туралы ша?ын кітапхананы ?лі ж?не тірі таби?атпен жабды?тау ар?ылы к?рме ?йымдастырыл?аны д?рыс. «Алтын к?з», «??стар к?ні», «Таби?атты с?йеміз», т.б. ерте?гіліктер бала е?бегімен ?штасып, ?р педагогті? ізденімпаз ?рекеті ?ана болаша? таби?ат жанашырын т?рбиелей алады дей келіп, т?рбие ж?мысын ж?ргізуді? мынадай екі нысанасына назар аударамыз:
а) балаларды? айналада?ы таби?ат?а деген с?йіспеншілігін оятып, ??ымын ке?ейту, оны? ?семдігін н?зік сезінуге, ?сімдіктер мен жануарлар д?ниесін ?ам?орлы??а алу?а баулу.
?) балаба?шада таби?ат жайында ал?аш?ы ??ымды ?алыптастыра отырып ?арапайым білім беріп, осыны? негізінде тірі ж?не ?лі таби?атта?ы ??былыстар ж?нінде на?ты ж?не жалпылама таным-т?йсік ?алыптастыру.
Таби?ат туралы б?лдіршіндерді? ой-?рісін ке?ейтіп, осы т?йсіктер ар?ылы б?лдіршіндерге таби?ат сырларын ??ындыру ж?ніндегі экологиялы? т?рбиені? ересектер тобына арнал?ан жоба-ба?дарламасын ?сынып отырмыз: Б?л топта?ы балаларда ортаны тануды? физиологиялы? механизмдері ?зіні? жо?ары даму де?гейіне жетеді. Іштей ойлау, ой т?ю пайда болады. Балада?ы ой-сана мен ж?йкені? ?оз?алуы мен тежелуі ширы?ып, к?шейеді, тепе-те?дік сипаталады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналада?ы орта туралы талдау, ой т?ю ?жептеуір жетіледі, таби?ат туралы к?дімгідей т?йсік таным ?алыптасады. Ол енді таби?атты? ?зіне т?н кейбір ??былыстары мен ?асиеттері жайында білетін болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Экологиялы? білім ж?не т?рбие ба?ыттары»
Экологиялық білім және тәрбие бағыттары
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиешінің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты сайыстар ұйымдастырылып экология мәселелері туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген суретте пайдаланылғаны, ата-аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. «Алтын күз», «Құстар күні», «Табиғатты сүйеміз», т.б. ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтің ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз:
а) балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу. ә) балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру. Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін кеңейтіп, осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыру жөніндегі экологиялық тәрбиенің ересектер тобына арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз: Бұл топтағы балаларда ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып, күшейеді, тепе-теңдік сипаталады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептеуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұлқұбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады, осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы, білуге құлшынысы, байкап-көре білуі, логикалық ойлауы, табиғатқа эстетикалық тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді. Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп, оның ішінде күнбағысқа т.б. өсімдіктерге тоқтала, оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар - топырақ, ылғал, күннің нұры, жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады, құстар жұмыртқалайды, балапан басып шығарады, оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы түсіндіріледі. Балалардың жабайы хайуандар (қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі) олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі Күзде: Балалардың өлі табиғаттағы, өсімдіктердің құстар мен аңдардың тіршілігіндегі күзгі өзгерістері туралы накты түсініктерін кеңейту, балаларға бұрыннан таныс кейбір кұбылыстар мен ауа райының жағдайы және өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі арасындағы байланыстың реттілігін анықтап «күз» ұғымының мәнісін айқындап, қорытындылауға бағыттау. Балалардың жансыз табиғаттағы, құстардың хайуандардың өмірінде бірте-бірте болатын өзгерістер: жапырақтардың түсуі, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі жайындағы ұғымдарын бекіту. Күзде балабақша егістігіндегі көкөніс жинау, қазып алу, ауланы тазарту (жапырақтарды жинап бір жерге үю) т. б. жұмыстарға көмектесіп, пайдалы еңбекке араластырылады, әңгімелесулерде күз туралы түсініктері нақтылана толықтырылып бекітіледі, фильмдер көрсетіледі. Қыста: Балалардың қысқы ауа-райының сипатты белгілері ағаштардың, ормандағы құстар мен аңдардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту және қорытындылау мақсаты көзделеді. Еңбек дағдыларын қалыптастыру, жанды нәрселерге ұқыптылықпен қарау сезімін тәрбиелеуді жалғастыра беру. Қар жауып тұрған кезде балаларға қара қоңыр қағаз қиындысын беріп, оған қар ұшқынын тосып алып, оны анықтап қарап, соңынан суретін салуды ұсыну, бала қиялын ұштау. Қыс туралы ұғымын толықтыра отырып, күнделікті байқау, кештің ерте түсуі, ай мен жұлдыздардың шығуы, ауа-райы құбылыстарына қардың жаууы, аяз, боранның болуы назар аудару. Қыс қызығын тамашалап, жүздері суықтан бал-бұл жанған балалардың ақ қар, жалтыраған көк мұзда шана, шаңғымен сырғанап ойнап жатқан суреттері бейнеленген суреттер арқылы «Қыс қызығы», «Ортақ шана» атты қимылды ойындарын ойнату. Адамдардың еңбегімен көшені, жолды тазарту, қарды күреу балалардың өз аулаларының қарын тазалауға жәрдемдесулері. Қыс туралы, суреттер, бақылаулар бойынша әңгімелесу, қыс қызығын тамашалаумен қатар, қыскы табиғатты қорғай білуіне назар аудару .Көктемде:Табиғаттың көктемгі құбылыстары, олардың себептері туралы, көктемдегі адамдардың еңбегі жайында балалардың білімдерін толықтыру қажет болады. Көктем ұғымын қалыптастыру. Өлі табиғаттағы өзгерістерді күннің ұзаруын, сеңнің жүруін, өсімдіктер дүниесіндегі ағаштар мен бұталардың бүр жаруын, алғашқы жапырақтың шығуын, көктемгі гүлдердің гүлденуін байқау. Жәндіктердің іс-қимылдарын бақылату арқылы балалардың түйсіктерін толықтыру. Құстардың ұшып келуін, ұя салып, балапандарына жем беруін бақылай отырып, қарлығаштың ұясы туралы әңгімелеп беру, құстардың пайдасы, оларды қорғау, қамқорлыққа алу жөнінде әңгімелесу. Мысалы, тоқылдақты ағаштың арасынан құрттарды теріп жейтіндігінен «ағаш дәрігері» аталғаны, ал қарлығаштың ұшуына қарап, олар шарқ ұрып ойнап, күн нұрына шомылып жүр дейміз, ал шын мәнінде үнемі «жұмыс істеп» құрттарды аулап жүретінін, сондай-ақ тоқылдақ, қарлығаштардың суреті салынған көрнекі құралдарды пайдалана отырып әңгімелеу. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты мультфильмді пайдалану. Көктемнің алғашқы гүлі бөйшешекке тоқталу, тақпақ жаттату, бейнелеу жұмысы бойынша суретін салғызу. Егіс даласындағы көктемгі жұмыс, гүлзарлардағы балалар еңбегіне тоқталу. Табиғат бұрышындағы өсімдіктер туралы дидактикалық ойындар ойнату. Жазда: Жаз мезгіліндегі күннің жарығы мен жылудың әсерінен өсімдіктердің өсіп жетілуі жөніндегі бала ұғымы кеңейіп, жинақталады, жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар мен шөптесін өсімдіктерді айыра білуге үйрету ескеріледі. Адамдардың гүлзарлардағы, егістіктердегі еңбегімен таныстырады, табиғатқа құмарлық, сүйіспеншілік, ұқыпты қарау сезімін тәрбиелейді. Балалар арам шөптерді отап, гүлдердің тұқымын жинауды үйренуі тиіс. Тәрбиеші күнделікті серуен кезінде аспанға назар аударады (бұлтты,бұлтсыз сөздерінің мағынасын түсіндіру). Жаңбырдың жаууы кезінде тәрбиеші балаларға оның бұлттан жауатындығын түсіндіреді: Мысалы: Ақ мақта әлдеқайда барады ауып, Жақындап кетсе жерге алар жауып. (Бұлт) Тәрбиеші балаларды әдемі гүл мен, жағымды иісімен қызықтыратын шөптесін өсімдіктермен таныстырады. Ойлау қабілетін дамыту үшін өсімдіктерді атағанда кейбір өсімдіктердің атауларына және олардың ерекшелігіне назар аударған дұрыс, мысалы: жолжелкен — жол бойында өседі, шырмауық — басқа шөптерге оралып, шырмалып өседі, т.б. Сондай-ақ табиғаттағы жаз құбылыстары, ерекшеліктері туралы бүлдіршіндердің ой өрісін дамытып, толықтыру, өсімдіктерді күту, жануарларға қамқорлық жөніндегі адам еңбегіне тоқталу. Жаз күнінін ұзақтығы, жаңбыр, найзағай, кемпірқосақ туралы түсініктерін нақтылау. Серуен, экскурсия кезінде жаздың әр кезеңінде гүлдейтін өсімдіктердің, жемістердің пісуін, құстардың көбеюін бақылау. Гүлдерді жинау, шоқгүлдер тобын жасау арқылы топ бөлмелерді безендіру. Табиғат бұрышында балалар бөлме ішінде өсімдіктерді суарып, гүлдердің түбін қопсытады, сондай-ақ аквариумды, құс торларын тазартады,өсімдіктер мен жануарларды дұрыс күту мен олардың жақсы жағдайдаболуы арасындағы байланысты анықтауға үйретіледі. Табиғат мүйісінін эстетикалық көркемдігіне балалар назарын үнемі аударып отыру. Бұл топта тәрбиешінің суреттерді, диафильмдер мен көркем әдебиетті оқуды пайдалану арқылы әңгімелесулеріне көп орын беріледі және табиғат құбылыстары туралы өз елінің табиғатын қорғап, қамқор бола білу қасиеті бойына сіңіріледі. Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысының және бір арнасы – адамгершілік тәрбиеге саяды. . Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспенішілігін, қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы — ұлтгық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындылары. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген.Халқымыздың қандай ән-әуені болмасын мейірім-шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзіадал еңбекке де баули білген. Оларға арнап мақал-мәтел, тақпақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар, қанатты сөздер, ертегілер шығарып, күнделіктібала тәрбиесіне қолданған. Тәрбиенің осындай мол мұралары арқылыбаланың сезімін оятып, рухани дүниесін байытқан, айнала қоршаған дүниені танытып, еңбекке баулыған және де табиғат өсімдігімен қатар кең даладағы құстардың сан алуан дыбыстарымен, жабайы аңдардың үй жануарларының үнімен таныстырып, танымдық қызығушылығын арттырған.Бала зейінін құстар сайраған дауысына, судың сылдырына, жапырақтардың сыбдырына аудара отырып, жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты осы құбылыстардың өзгеруін түсіндіру ғана емес, айналасындағы ортада болып жатқан өзгерістерді өздігінше бақылай білуге де үйрету қажет. Мұны бала психологиясын жетік білетін, туған елінін табиғатын сүйетін, жаны нәзік тәрбиеші ғана істей алады Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеТабиғат – біздің ортақ үйіміз.Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймыз. Келешекте балалар кім болса да, олар қоршаған ортада рөлдерін бөліп, табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек. Экологиялық тәрбие мен білім беру – қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу – осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті - балаларды табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге ,тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету және экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары шектеулі екенін түсіндіру керек. Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға,оны күтіп аялауға үйретуіміз керек. Экологиялық білім берудің басты міндеттері: -өсімдіктермен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру. -қоршаған ортада алған әсерлерін жеткізе білу, эмоциялық көңіл-күйлерінбасқара білу дағдыларын жетілдіру .-қоршаған ортаны сүйе, табиғатты қорғай білуді жүйелі түрде жүзеге асыру. -табиғат пен бала арасындағы оңтайлы қарым-қатынас орнату.-адамның табиғаттағы тіршілікәрекеті және жеке гигиена жайындағы білімдерді тиімді жолдарымен жеткізу.
Экологиялық пәндер бойынша оқу материалдарының құрылымы-балалардың экологиялық білімдерін қамтамасыз ететін пәндік-дамытушы ортаны құру. Балабақшада мемлекеттік стандартқа сай жоспарлай отырып экологиялық тәрбие берудің сан –салалы жолдары, түрлері, әдіс-тәсілдері жетерлік. Атап айтсақ: 1.Ұиымдастырылған оқу іс-әрекеті 2.Экскурсия сабақтар, экологиялық сабақтар. 3.Мерекелік шаралар. 4.Бос уақыттарда кітаптар оқу. 5.Көрме, бұрыштар ұйымдастыру. 6.Балабақша ауласын көгалдандыру, балалар еңбегі. 7.Бақылау жасау, тәжірибелер жасау. 8.Экологиялық ойындар ойнау. Бағдарламада балаларға экологиялық тәрбие беру мақсатында көптеген пәндер арқылы сан түрлі қарастырылған. Мысалы: Көркем әдебиет арқылы күз, қыс, жаз, көктем мезгілдеріне сәйкес бірнеше «Күз», «Жаңбыр», «Көктемгі күн», «Жазғы күн» сияқты тақырыптар арқылы балаларға жалпы білім мен қатар экологиялық тәрбие берілсе, ол әрмен қарай мерекелік шаралармен ұштасып, білім мен таным өзара үйлесімде нақтылана түседі. Сол арқылы зор таным, дүние танудың алғашқы баспалдағы қаланады. Баланың тілін ұстартып, ақыл- ойын, адамгершілігін қалыптастыруға мүмкіншілік туады. Сонымен бірге тіл дамыту, еңбек, бейнелеу өнері пәндер аясында да тақырыптарға сай ұйымдастырылған оқу іс-әректі барысында балаларға экологиялық тәрбие беруге болады. Мысалы: Тіл дамыту пәнінен «Жануарлар әлемі» тақырыбын өткен кезде балалар жұмбақтар шешу арқылы тірі табиғаттың бірі- жануарлармен танысты. Әрмен қарай олардың түрлері сызба арқылы таныстырылды. Балалар жануарларды бірнеше топқа бөле отырып, олардың бір- бірімен ұқсастығымен қатар айырмашылықтарын да анықтады. Сонымен бірге жануарларды күтіп-баптау оларға қамқорлық жасаудың не үшін қажеттілігін олардың адамдар, өсімдіктер өмірімен тығыз байланыста сұрақ-жауап арқылы анықталды. Әрмен қарай «Жануарларды топ» экологиялық ойыны ойнатылды, оқу үрдісі сементикалық карта арқылы қорытындылады. Бұл балаларға экологиялық тәрбие беруде келтірілген бір ғана ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ғана. Нәтежесінде балалар өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүруіне қажетті жағдайларды айқындай алды. Әрбір жануардың мекендейтін жерін, қорегін, қасиетті факторларды айырды. Ойын арқылы психо-физиологиялық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар Айналаны әлеммен танысу пәнінен «Құстар-біздің досымыз» тақырыбын өткен кезде құстардың тіршілігі, олардың табиғатқа тигізер пайдасы және үй құстары, дала құстары болып бөлінетінін түсінді. Винн диаграмма жасау арқылы үй құсы мен дала құсының айырмашылығын, ұқсастығын тапты. Экскурсия оқу іс-әрекеті таза ауада жүргізіледі. Біз бұндай оқу іс-әрекетін жылдың төрт мезгілінде өткіземіз. Әр маусымға сай өзгерістерді байқау, таза ауамен демала отырып, балалар өз назарларын аударар жағдайларды шығармашылықпен бақылайды. Кішкене сәби өсіп тұрған гүлдерді, ұшып жүрген көбелектерді, шегірткені, қызылды-жасылды жапырақтарды осы сабақ үстінде көргенде ерекше әсерленеді. Тап жаңа көріп тұрғандай көңіл-күйде болады. Осы кезде балаларға түрлі сұрақ қою арқылы таза ауа, өсімдік, жәндік, сұлулық туралы білімдерін кеңейтуге бала жүрегімен өсімдік, жан-жануарлар біздің табиғаттағы досымыз дегенді ұғындыруға мүмкіндіктері мол. Жыл мезгілдерінің маусымдық өзгешеліктеріне орай балабақшада әртүрлі мерекелік шараларды ұйымдастыру – экологиялық мәдениетке жетудің даңғыл жолы. Мереке – балаларға ерекше көңіл-күй сыйлайды, шабыттандырады, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік сыйлайды. Осындай мақсатта «Күз байлықтары», балабақшаішілік «Қош келдің, әз Наурыз!», «Алақай, жаз келді!»жазғы сауықтыру, «Қыс қызығы» қысқы сауықтыру т.б мерекелік шаралар ұйымдастырылып отырылады. Балаларды таза ауада шынықтыру экологиялық тәрбиенің бір түрі. Осы мақсатта «Қыс қызығы» атты қысқы сауықтыру шарасы болып өтті. Ондағы мақсат: салауатта өмір салтын қалыптастыру арқылы баланың денсаулығын сақтау және нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жетілдіру, салауатты өмір салтын сақтайтын тұлға қалыптастыру. Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Жасыл ел» бағдарламасының іске асуына көмектесе отырып, «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет!» ұранын алға ұстап, қазіргі таңда балабақша топтарын, ауласын көгалдандыру, ағаштар, гүлзарларға гүлдер егу жұмыстары жолға қойылып келеді. Әрине жергілікті жердің қолайсыздығына қарамастан осындай жұмысты жолға қою – үлкен еңбекті қажет етеді. Осы ретте топтағы тірі табиғат бұрыштарындағы гүлдерді, құстар мен балықтарды күтіп баптау топ бөлмесінен бастау алып, балабақша ауласындағы балалар еңбегімен жалғасады. Топ бүлдіршіндерін 4-5-тен топтастыра отырып, өздеріне белгіленген апта күндері гүлдерді суару, шаңын сүрту, сынған сабақтардан, жапырақтардан тазарту, құстарға жем беру, балықтарға жем беру жұмыстарын жолға қойдым. Бұл балаларға экологиялық тәрбие берумен қатар, еңбек, эстетикалық тәрбие беруге тиімді әдіс-тәсіл. Бақылау – табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Бақылауға алынатын негізгі объектілер тірі табиғат да, өлі табиғат.Балалар өлі табиғатты бақылау барысында топырақтың, ауа-райының өзгермелі болатынын байқады. Мысылы: Құмның алғашқы қалпы сусымалы болатыны, оған су құю арқылы саз балшыққа айналатындығын көрсетіп, одан балалар әр түрлі бейнелер жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытады; қардың суға айналуы, оның қасиетін, қатты, жұмсақ, ұлпа және салқын болатынын ажыратады. Судың қатуын бақылауда суды түрлі-түсті бояуға бояп, оны кішкене әр түрлі пішінді ыдысқа құйып, оны қатырып қойып, келесі күндері судың аязға, салқынға қатып мұзға айналғандығын, түсінің мөлдір екенін, жылтыр, оның пішіні құйылған ыдыстарға байланысты екенін балалар бақылады. Осындай бақылау арқылы табиғаттың әр түрлі өзгерістерге ұшырайтындығын көз жеткізеді. Осы мақсатта ата-аналармен тәрбиешілерге экологиялықнұсқаулар кітапшаларын дайындадым.Әзербайжан ұлты наурыз мерекесінде бір-бірінің отбасына арнап, бидай дәнін кішкене ыдыстарға егіп, нанымыз көп болсын деген мақсатта сыйға тартады екен. Осы тәжірибиені балаларға жасап көрсеттім. Бұл өсімдіктің басқа бөлме өсімдіктерінен айырмашылығы, ол топырақсыз егіледі. 1.Ыдысқа бидайдың дәнін себеміз. 2.Себілген дәнніңбетін екі қабат мәрлімен жабамыз. 3.Дәні қозғалмайтындай етіп су құямыз. Оның 4-5 күнде бүршік жағанын, 10-15 күнде жайқалып өскенін байқадық. Су –тіршілік көзі дегендей суда тіршілік ететін балықтарды бақыладық. Ол үшін бөлме аквариумындағы балықтарды алдық. Оларға балалар жем шашып, қоректенуін, суда жүзуін тамашалады. Балық желбезекпен тыныс алады, өкпесі жоқ. Құйрығы бұрылу қызыметін атқарады, олар ұсақ балдырлар яғни, су өсімдіктерімен қоректенеді. Балаларға аквариумдағы балықтарға ерекше күтімнің керектігін; олардың суын жиі ауыстыру, бір күн тұрған суды кұю, аквариум ішіне тас, балдыр салу, тағамын зоодүкенінен алу, жарык пен ауаның жеткілікті болу қажеттігі түсіндірілді. Күнделікті өмірде балықтың адам ағзасына маңызы зор екенін әңгімеледім. Осындай бақылаудың нәтежесінде алған білімдерін тиянақтау мақсатында балалар экокартаны жергілікті жеріміздің балықтарының суреттерін салу арқылы толықтырды. Біздің балабақшада табиғат бұрышында сонымен қатар тоты құстар да орын алған. Олар арнайы торда жұптасып өмір сүреді. Тоты құстарға балалар жем, су беріп баптау арқылы құстарды қамқорлауға, еңбектену дағдылары жетіліп, құстар тіршілігімен танысты. Бұл құстарды бақылауда біздің байқағанымыз, олардың төтенше жағдай болғанда, бір- біріне жанашырлық сезімдерін шырылдап сездіретіндігін, жұптарын айырып көргенде бір-бірін жоқтайтындығын түсіндік. Сөйтіп, олардың әр кезде әртүрлі дыбыстауын байқадық. Осы тәжірибе арқылы балаларға достық қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін ұғындырдым. Бақылау барысында бақылаған балық, құс, өсімдіктер жалпы тірі табиғаттың ауасысыз, сусыз өмір сүре алмайтындығын, ауаның түссіз, көзге көрінбейтінін және судың иіссіз, сұйық, түссіз мөлдір, аққыш екенін айта отырып, ауаға, суға тәжірибе жасадық. Балаларға стақанды көрсетіп ішінде не бар екенін сұрадым. Балалар қолдарындағы стақандарды қарап оның бос екенін айтты. Балалар стақанды төңкеріп су құйылған ыдысқа батырды. Бұл жағдайда стақанды түзу ұстау керек. Стақанға су құйыла ма? Не үшін құйылмады? Осы сұрақтың жауабын балалармен бірге шешуге тырыстық. Ал балалар өз пікірлерін білдірді. Стақанда ауа болғандықтан, стақанға су кірмейтінін түсіндірілді. Стақан түбіне кішкене ермексаздың көмегімен мақта, мата немесе қағаз жапсырамыз. Балаларға міндетті түрде тәжірибенің алдында және соңында ұстатып көрсетеміз. Стақанды төңкеріп су құйылған ыдысқа батырды. Неге мақта су болмады?Стақанда ауа болғандықтан,стақанға су кірмейді, сондықтан құрғақ.Стақанды суға батырамыз, енді оны судың ішінде бетін жоғары қаратып бұрамыз. Суда ауа көпіршіктері пайда болды. -Олар қайдан пайда болды?-Ауа стақанның ішінен шығып жатыр, оның орнына су толатынын түсінді.Балаларға сабын көпіршіктерін үрлетеміз. Талқылау: Көпіршіктің ішінде не бар, олар неге жеңіл, олар неге ұшады? Сабын көпіршіктерінің ішінде ауа бар, ал ауа көпіршіктері өте жеңіл.Сондықтан олар жеңіл ұшады. Ауа судан жеңіл. Балаларға допты және үрленген ойыншықтарды суға батыртым. Неге олар батпайды? Ойыншықтар ауамен үрленген, ауа судан жеңіл болғандықтансудың бетіне қалқып шықты. Ауаны қалай ұстауға болады? Полиэтилин қапшықтың ауызын ашып ауа толтырып, аузын қайта жіңішке жіппен буып бекіту керек. Ауаны «ұстап» қапшыққа толтырғанымыздықайдан білеміз? Қапшығымыз томпайып, аузын бууға келді. Ауаны өлшеуге бола ма?60 см жіңішке таяқшаны алып, ортасынан жіппен бекітеміз. Екі ұшына бірдей үрленген шар байлаймыз, таяқшаны ортадағы жібінен көлденең байлап қоямыз. Егер бір шарды инемен тессек шардың ішіндегі ауа шығып, таяқтың ұшы жоғары көтеріледі. Неге? Бос шар жеңілдейді. Егер екінші шарды да осылай тессек , таяқшаның екі шеті теңеледі. Үрленгендегі сияқты бос шар да тең болады. Есту мүшесі арқылы ауаны аңғаруға бола ма? Қолдарына шарды алып оны үрлетім, біртіндеп қысып ауасын шығарады, осы кезде ауаны көрмесе де, дауысын естиді. Ауаның дауысын естуге болса, оны сезінуге бола ма? Жаңағы үрлеген шарының ауасын қолыңмен бетіңе тақап қойып шығарыңдар.Осы кезде бетіңе ауаның әсер еткенін терің арқылы сезінесің немесе тері тітіркенуі мүмкін екеніне көз жеткіздік. Судың үш күйі : сұйық, мұз, бу .-Суды үстел немесе жерге құйсақ, ол не істейді? (Төгіледі) -Демек су сұйық.-Суға шүберекті малып алсақ, шүберекке не болады? (Су болады) -Оны далаға жайып қойсақ не болады? (Кеуіп кетеді)-Демек, су бу болып ұшып кетеді. -Ал, сулы шүберекті мұздатқышқа немесе салқынғақойсақ, ол қатып қалады -Демек, су мұз болады. 1-тәжірибе: Суға қант, тұз салып тәжірбие жасадық. Байқағанымыз қант еріді. Судан қанттың тәтті дәмі шықты. Тұз да еріді. Судан тұздың ащы дәмі шықты. 2-тәжірибе: Суды шыны бетіне тамызып, астын қыздырдық.Су қайда кетті? -Су бу болып ұшып кетті. Оның орнында із қалды. Бұл оның құрамындақоспалар бар екенін дәлелдейді.3-тәжірбие: Стақандағы суға кішкене саз балшық салып араластырдық. Су лайланды. Лай суы бар ыдыстың қабырғасынан екінші жағындағы нәрсені көре алмадық. Себебі саз суға араласқанымен, еріген жоқ.Осындай тәжірибиелер жасатуда тірі және өлі табиғаттағы құбылыстардың құбылмалылығын, өзгермелігін көзбен көру арқылы түсінді. Тәжірибиелерді қорыта келе мынадай диагностика жасақтадым. Ол мынадай бөлімдерден тұрады. 1.Балықтар түрлерін меңгеруі. 2.Құстардың түрлерін меңгеруі. 3.Судың қасиетін айыра білуі. 4.Бөлме өсімдіктерін күту кезіндегі іс-әрекеті.Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті -ойын. Экологиялық ойынның өзіндік ерекшеліктер мен тәрбиелік мәні бар. Экологиялық ойынның мақсаты:балаларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа, өлі және тірі табиғаттың ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Бұл экологиялық ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, серуен кезінде,тәрбиелік шараларда қолданамын. Осы мақсатта «Экологиялық ойындар» жинағын жасақтаҚорыта келгенде, мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы зор. Өйткені, табиғаттың таңғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мағынасын ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеу- нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытудың басты құралы Бағдарлама аптасына 1 рет базистік жоспардың жылжымалы бөлігінде жүргізіледі.Жыл бойы жүргізілетін сағат саны 36
«Табиғат және адам»
Дидактикалық мақсаты: Адам қолымен не жасалғаны және табиғат адамға не беретіні туралы балалардың білімдерін бекітіп, жүйелеу. Ойын ережесі: Допты қағып алғаннан кейін жауап беруге болады. Затты атаған адам допты екіншісіне лақтырады. Сөзді есіне түсіре алмағаны өз жүрісін жібереді, ол допты еденге бір ұрып алады да, қайта лақтырады. Ойынның барысы: Мұғалім балалармен әңгіиелесу барысында айналамыздағы заттардың адам қолынан шыққаны немесе табиғатта сол күйінде кедесетіні, оларды адамдардың пайдалануы туралы балалардың білімдерін анықтайды. Мәселен, орман, көмір, мұнай газ табиғатта сол күйінде болады, ал үйлерді, зауыттарды, көлік құралдарын адам жасайды. «Адам қандай заттарды жасаған?» - деп тәрбиеші сұрақ қойып, ойынға қатысушылардың біріне бір затты береді (немесе доп лақтырады). Балалардың бірнеше жауабынан кейін ол жаңа сұрақ қояды: «Табиғат нені жаратқан?». Ойын барысында тәрбиеші балалармен адамзат табиғатты адамдар жақсы өмір сүру үшін пайдаланатыны, сонымен қатар орманды өрттен қорғап, су тоғандарын, өзендер мен көлдерді тазартып, құстар мен жануарларды күзетіп, табиғатты аялайтыны туралы қысқа әңгіме өткізеді.
«Дәннен тәтті нанға дейін»
Дидактикалық мақсаты: Балалардың нанның қалай жасалатыны туралы білімдерін бекітіп, жүйелеу; егіншілерді құрметтеуге баулу; сөздік қорларын жандандыру: тұқым сепкіш, тырма, элеватор, комбайн. Ойын ережелері: Кішкентай карточкаларды таңдап алып, жүргізушінің белгісінен кейін олармен тор көздерді жабу. Ойынға қатысушылар «дән», «бидай» және «тәтті нан» болып үш бригадаға бөлінеді. Олар диқандарға көмектесіп жатқан машиналар бейгеленген қажетті карточкаларды жылдам таңдап алып, өз егістігіндегі бос тор көздерді толтырып жарысады. Ойынның барысы: Ойын басталғанға дейін балалар егістікті, нанды қарастырады, балалармен нанның дәннен бастап тәтті нанға дейін қандай жолдан өтетіні, барлық адамда нан болуы үшін қаншама көп адам еңбек ететіні туралы қысқаша әңгіме жүргізіледі. Диқандарға трактор, комбайн сияқты машиналар; тұқым сепкіш, қар түргіш, сияқты механизмдер көмектеседі. - Қазір біз сендермен машиналар қалай аталатынын, қай кезде қандай машина жұмыс істейтінін еске түсіретін ойын ойнаймыз. Мына суреттерге қараңдар. Мұғалім үш сүретті көрсетеді: ерте көктемгі егістік, жаздағы және күздегі егістік. Балалар суреттердегі жыл мезгілдерін қалай анықтағандарына түсінік береді. - Қазір үш бригадаға бөлінеміз. Оларды «Дән», «Бидай» және «Тәтті нан» деп атаймыз (әр бригадада 2-3 адамнан болады). Көктемгі егіс бейнеленген сурет «Дән» бригадасына, жазғы егістік «Бидай» бригадасына, күзгі егістік «Тәтті нан» бригадасына беріледі. Үстел үстінде диқандарға көмектесетін түрлі машиналардың суреттері бар. Сендер осы жыл мезгіліне қажеттілерін таңдап аласыңдар. Ойынға жарыстың қажетті суретті кім жылдам таңдап алатыны жөніндегі элементті енгізуге болады. Тапсырманы қиындату үшін картиналарды араластырғанда, еңбектің бұл түріне пайдаланылмайтын бульдозер, көтергіш кран тәрізді техника құралдарының суреттерін қосып жіберуге болады. Жеңген бригада ұпай алады. Ойын соңында ұпайлар саналып, жеңімпаздар анықталады. Бұл ойын балалар сөз және сөйлеммен танысқаннан кейін жүргізіледі.
«Аңшы»
Дидактикалық мақсаты: Балаларды жануарларды, балықтарды, құстарды және т. б жіктеп, аттарын атау дағдысына жаттықтыру. Ойын ережелері: Келесі тор көзге аңның атын атағаннан кейін өтуге болады. Орманға барар жолдағы тор көздер нешеу болса, сонша аңның атын атай отырып орманға жеткен бала жеңімпаз, жақсы аңшы болады. Есіне түсіре алмағандар кейін қайтады. Ойынның барысы. Ауланың немесе алаңның бір шетіндегі бос орында ойыншылар тоы тұрады. Бұл – үй. Үйден бірнеше шақырым жерде белгі қойылып, сызық жүргізілген. Ол түрлі аңдарға толы орман. Орманға ойыншылардың бірі аңшы болып аттанады. Орнында тұрып, ол: «Мен орманға аңға барамын, мен аулайтын жануар, ол...», деп бір адым алға аттайды. Аңшы әр аттаған сайын аңның бірін атайды. Бір аңды екі рет атауға болмайды. Құстарды да атауға болмайды, егер құс аулау ойыны ойналса, тек құстарды ғана атау керек. Үйден орманға дейін әр қадам сайын жаңа аңды атай отырып жеткен бала жеңімпаз болып саналады. Жолда қалғандар кері оралып жеткен бала жеңімпаз болып саналады. Жолда қалғандар кері орнына басқа ойыншы аңға шығады. Жолы болмаған аңшының жолы болар. Ескерту: Осы ойын ережесі бойынша «Балықшы» ойынын жүргізуге болады. Балықшы: «Балық аулауға барып, ... шортан, мөңке балық, алабұға ұстаймын» т. б
«Қателесіп қалма» Дидактикалық мақсаты: Жылдам ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың күннің әр түрлі мезгілінде не істейтіні уралы біліктерін нығайту. Ойын ережелері: Текшелердің бірін алып күннің белгілі бір уақытында істелетін қандай да бір әрекетті атау керек, сонан кейін күннің кез келген мезгілін атап текшені екінші адамға беру керек. Ойынның барысы: Мұғалім күннің түрлі мезгілі туралы білімдерін бекіте отырып, балалармен әңгіме жүргізеді. Балалар таңертең, күндіз, кешкісін, түнде не істейтіндерін еске түсіреді. Сонан кейін мұғалім ойын ойнауды ұсынады: - Балалар, қане былай істейік. Мен күннің бір мезгілін атаймын, ал сендер сол кезде не істейтіндерінді еске түсіресіңдер. Мәселен, мен «таңертең» деп айтамын. Сендер қандай іс-қимылдарды атайсыңдар? Балалар еске түсіреді: - Оянамыз, амандасамыз, жуынамыз, тіс тазалаймыз, таранамыз. - Дұрыс, - дейді мұғалім. – Бірақ ойын кезінде мен текше берген бала ғана жауап береді және тек бір әрекетті ғана атайды («бала бақшаға барамын» немесе «гимнастика жасаймын» және т. б). Әрекетті атай алмаған бала текшкні үстелге бір ұрады да, ары қарай береді, сонда ол жеңіген болып саналады. Қане, мұқият болыңдар, қателесіп қалмаңдар. Мұғалім күннің түрлі уақытын атайды, ал балалар жауап береді. Бұл ойынды басқаша жүргізуге болады. Мұғалім балалардың түрлі әрекеттерін атайды, ал олар күндіз, таңертең, түн, кешкісін деп бір сөзбен ғана жауап беруі керек. Мәселен, мұғалім: «Теледидар көріп отырмын» дейді де текшені ойыншыға береді. Текшені алған бала «күндіз» немесе «кешкісін» деп жауап береді.
«Бұл қай кезде болады?»
Ойынға дайындық: Мұғалім өлі табиғаттағы, өсімдік және жануарлар әлеміндегі, адамдардың еңбегі мен тұрмысындағы мезгілдік өзгерістерді бейнелейтін заттық және сюжеттік картиналардың 4 топтамасын таңдайды. Мәселен, «Күз» топтамасына «Күзгі бақ», «Жаңбыр», «Алғашқы қар», «Астық жинау», «Алма теру», «Саңырауқұлақтар», «Құстар қайтып барады» картиналары; «Қыс» топтамасы «Қысқы бақ», «Сүмбіл мұздар», «Суықторғайлар», «Құстарды қоректендіру», «Қар түру», «Мұз айдыны», «Отын жару», «Қысқы ермек» картиналлары; «Көктем» топтпмасына «Көктемгі бақ», «Құс ұясы», «Мұзжарғыш», «Балалардың көктемгі ойындары», «Ағаш отырғызу», «Көктемгі қарбалас», «Гүл жарған ағаштар», «Бәйшешек», «Інжірүл» картиналары; «Жаз» топтамасы «Жазғы бақ», «Найзағай», «Кемпірқосақ», «Шөп шабу», «Жайлау», «Гүлдерді суару», «Өзенге шомылу» картиналары іріктеледі. Мұғалім барлық балаға жылдың белгілі бір мезгілін білдіретін түрлі түсті 4 шаршы қағаз таратады. Мәселен, сары-күз, ақ немесе көгілдір-қыс, жасыл-көктем, қызыл-жаз. Дидактикалық мақсаты: Балалардың табиғаттағы әр түрлі мезгілдік өзгерістер жөніндегі білімін анықтау: зейіндерін, ойлау жылдамдықтарын дамыту. Ойын ережесі: Тәрбиеші (немесе бала) қандай да бір мезгілдік құбылыс бейнеленген (мысалы, жапырақтардың түсуі) суретті жоғары көтереді. Балалар тез арада түсі (сары) сәйкес келетін шаршы қағазды көтерулері керек. Тез және дұрыс жауап берген бала ұпай алады. Кім көп ұпай жинаса сол жеңімпаз болып саналады. Ескертпе. Балалардығ төменде берілген тапсырмаларды орындауына байланысты ойынның басқа да нұсқасын қолдануға болады (ойын топпен жүргізіледі): 1. «Қыс –жаз», «Көктем - күз» тақырыбына срет көрмесін ұйымдастыру (суреттерді таңдап алып, неліктен ос суреттерді таңдағаны туралы әңгімелеу); 2. «Қыс – көктем», «Жаз - күз» тақырыбына сурет көрмесін өткізу; 3. суреттің атын айтпай тұрып, суретте жылдың қай мезгілі бейнеленгенін бәрі түсінетіндей етіп әңгімелеп беру. Кім тапсырманы тез орындаса, сол жеңімпаз болып саналады (көрмені тез өткізу және жақсы әңгімелеп беру).
«Дымбілмеске көмектесейік» Дидактикалық мақсаты: Бір жылдағы айлардың, аптадағы күндердің орналасу жүйелілігі туралы білімдерін бекіту. Жылдағы айлар, аптадағыбұрыңғы және кейінгі күндер туралы білімдерін бекіту. Балаларды бір-бірін тыңдай білуге үйрету. Дымбілмеске деген мейірімділіктерін қалыптастыру. Ойын ережесі: Дымбілмес есінде сақтап қалатындай етіп, айлардың, күндердің орналасу тәртібін мүдірмей айтып беру керек. Ойынның барысы: Тәрбиеші көңілді, ақкөңіл Дымбілмес деген бала туралы әңгімелейді: «Дымбілмес өзін бәрін білемін деп ойлайды. Ол өзі сондай мақтаншақ! Ең алғашқы рет бірінші сыныпқа келген кезде, мұғалім одан былай деп сұрады: «Аптаның күндерін ретімен айтып бере аласың ба?» Дымбілмес күліп жіберді де: «Әрине, білемін...»- деді. Сосын бастап кетті.«Жексенбі – көңіл көтеру күні. Сосын сәрсенбі – ол ештеңе емес. Ал одан кейін сенбі – қыдырғың келеді. Міне, болды!» - деді. Дымбілмес өзінің жауабына өзі риза болды. Ал сіздер қалай ойлайсыздар, ол мұғалімнің сұрағына жауап берді ме?» Тәрбиеші: «Оған көмектесу керек. Дүйсенбіден бастап, аптаның күндерін ретімен айтып шығайық». Тәрбиеші балалардан санауды дүйсенбіден, не болмаса басқа күннен бастап, аптаныңкүндерін бірінен соң бірі айтуларынсұрайды. (Әр бала бір күннен айтады. Егер де кім шатасып қалса, балалар өздерінің жолдастарына көмектесіп, күннің ретін қайталап айтады) Тәрбиеші. Дымбілместен дүйсенбіге дейін қандай күннің және дүйсенбіден кейін қандай болатынын сұраған кезде, ол одан сайын көңілденіп кетті. «Бұдан оңай нәрсе жоқ!»-деді ол. Бірақ тағы да бәрін шатастырып алды. Қандай ұмытшақ! Ал сендер білісіңдер ме? (Балалар жауап береді). Ал Дымбілместен жылда енше ай бар екенін, қай ай қайсы айдан кейін келетінін, қайсысы бұрын, қайсысы кейін болғаны жөнінде сұрағанда ол көңілсіз күйде болды, өйткені Дымбілмеске қалай көмектесер едіңдер? Бір жылда қанша ай бар? Жылдың бірінші айы қай ай? (Тәрбиеші балаларға айларды ретімен атап шығуды ұсынады. Әр бала әр айды кезекпен айтып шығады). Сендер дұрыс жауап бердіңдер ме? С.Я. Маршак деген жазушымен ақылдасайық. Мен сендерге С.Я. Маршақтың «Он екі ай» ертегісін оқып берейін. Ертегіде былай деп сұрайды: «Сен бір жылда неше ай бар екенін білесің бе?» Естеріңе түсіріңдер! Бір жылда төрт мезгіл бар: қыс, көктем, жаз, күз. Жылдың әр мезгілінде үш ай бар. Сонда бір жылда неше ай бар? Егер де балалар айларды дұрыс атап шықса, мұғалім олардың бәрінің бірге қайталауын сұрайды. «Мүмкін Дымбілмес те естіп қалар». Сосын әрі қарай оқиды. Бір ай аяқталған бойда, екінші ай басталады. Ешқашан да ақпан қантар бітпей тұрып келіп, не болмаса мамыр сәуір айын басып озып көрмеген. Әр ай өз кезегімен бірінен соң бірі келіп, ешқашанда кездеспейді. Ал енді біз былай ойнап көрейік: мен қандай да бір айды атаймын, ал сендер оған дейін қай ай болғанын және одан кейін қай айдың болатынын табуларың керек. (Айлар аралас аталып, ойын тез қарқында өтуі керек, бұл оған сайыс сипатын береді). Қорытындылауда тәрбиеші: «Егер де Дымбілмес бізбен бірге болған болса, ол әлдеқашан жыл айларының атауларымен орналасу ретін үйреніп алған болар еді. Біз оған С.Я. Маршақтың «Он екі ай» ертегісін оқы деп жазып жібереміз. «Дымбілмес! Сен біздің көңілді, ақкөңіл жолдасымыздың! Біз бір жылда неше ай бар екенін әлдеқашан біліп алғанбыз, соны сенің де білгеніңді қалаймыз. Әр ай өздігінше бөлек аталады. Бейне бір әр айдың өзінің есімі бар секілді. Тек есім адамда болады, ал айларда атау болады. С. Я Маршактың «Он екі ай» ертегісін оқып шық, иә болмаса біреулердің оқып беруін сұра. Сол кезде әр айдың қалай аталатынын және де бір айдың екіншісінен немен ерекшеленетінін білетін боласың. Неге жыл айлары бір ретпен бірінің артынан бірі қайталанады? Осының бәрін білу өте қызық. Сенің жолдастарың ».
«Үлкен емтихан» Дидактикалық мақсаты: Уақыт туралы түсініктерін тексеру және беіту. Назар аударуды және тез жауап беруді қалыптастыру. Ойын ережесі: Сұрақты зейін қойып тыңдап, допты алған кезде тез және дұрыс жауап беру керек. Ойынның барысы: Тәрбиеші: Әр түрлі ойындардан сендер уақыт уақыттың ұзақтығы жыл уақыттарының ауысу тұрақтылығы апта күндерінің және айлардың атаулары қазіргі, өткен, келешек уақыттар туралы білдіңдер. Бүгін бізде «Үлкен емтихан» ойыны болады. Мектептегі оқушыларда емтихан жүріп жатыр, енді бізде де емтихан болады. Емтиханда мұғалім сұрақ қояды, ал оқушы жауап береді. Ал біздер былай ойнайық: сендер шеңбер құрып тұрасыңдар. Мен ұрақ қоямын, сендер қалай жауап беруді ойланыңдар. Мен допты кімге лақтырсам, сол жауап береді. Мысалы: мен таңертең деймін. Әрі қарай қалай? Таңертеңнен кейін не түседі? (Күн) Содан кейін? (Кеш. Түн.) Ал таң, күн, кеш,түн дегенді бір сөзбен қалай атаймыз? Кімге доп барса сол жауап беру керек. Жауапқа бағаны мен айтамын: өте жақсы, жақсы, жаман емес, өте жаман. Ал сендер кім қанша, қандай баға алғанын өздерің санаңдар. Енді бастайық: Қыс, одан кейін не? Көктем одан кейін не? Жаз, одан кейін не? Күз, одан кейін не? Қыс, одан кейін не? Көктем, одан кейін? Жаз, одан кейін не? Күз, одан кейін не? Қыс, көктем, жаз, күз-бұл нелер? (Жыл мезгілдері). Аптада қанша күн бар? Бірінші,екінші, т.б қайсысы? Бір жылда неше ай бар? Жаз айларын ата. Күз айларын ата. Қыс айларын ата. Көктем айларын ата. Қыс қай айдан басталып, қай айдан аяқталады? Көктем ше? Жаз ше? Күз ше? Жылдың қыс мезгілінде қандай үлкен мейрам болады? Күзде қандай мейрам бар? Қай айда? Көктемнің қай айында мейрам болады? Жылдың қай мезгілінде диқан егінді жинайды? Жылдың қай мезгілінде көкөністер мен жемістер піседі? Жылдың қай мезгілінде саңырауқұлақтар мен жидектерді жинайды? Оқушылар қай уақытта оқуларын бастайды (жылдың қай мезгілінде және қай айында)? Ал енді сендер өздерің бір-біріңе сұрақ қойып, допты лақтырыңдар. Ескерту: Мұндай ойындарды басқа да әр түрлі материалдармен және жылдың кез келген мезгілінде өткізуге болады. Ойынға барлық балалардың белсене қатысқаны дұрыс. Мұғалім балалардың шамасын біле отырып, олардың әрқайсысына жеке әдістер қолдану арқылы оларды білдірмей жетістікке қарай сүйрейді.
«Сағаттар еліне саяхат»
Дидактикалық мақсаты: Балаларды сағатты ойлап шығарғанға дейін адамдардың уақытты қалай білгенімен таныстыру; Мәскеудегі ең үлкен және сенімді сағат қандай, сағаттарды қайда жасайды, сағатпен уақытты қалай біледі, адам өзінің көмекшісі сағатқа қалай қарауы керек екені туралы айту. Ойын іс-әрекеті: Сағаттар еліне қиял мен саяхатқа шығу. Ойын құралдары: Кремльдің Спасск мұнарасындағы сағаттың суреті бар плакат. Қала көшелерінде, вокзалдарда бейнеленген сғаттардың уреттері. Қоңырау әр түрлі көлемдегі қол сағаттары. Тілдері жеңіл қозғалатын және анық циферблаты бар сағаттың үлгісі (осындай үлгі әр балада болса тіпті жақсы). Ішінде хаты бар хатқалта. Ойынның барысы: Тәрбиеші: Сағаттар еліне саяхатқа аттанамыз. Біз, әрине ешқайда бармаймыз, бірақ сондай ойын болады. Бейне бір біз сағаттар елінде саяхатта жүргендей боламыз. Бірінші аялдама «Адамдар сағат жоқ кезде уақытты қалай білген» деп аталады. - Сендер қалай ойлайсыңдар? - Адамдар уақытты күнге қарап білген. Күн ұясынан шыққан кезде ертеңгілік уақыт басталады; күн шақырайып төбеге келген кезде түскі уақыт; күн батып, қараңғы түсе бастағанда кеш, ал қараңғы түскен кезде түн болады. Жазушы М. Пришвиннің «Алтын шалғын» деген әңгімесінде балалар көгалдағы көптеген сары бақбақ гүлдерін көріп, оны «алтын шалғын» деп атаған делінген. Ал кешке қарай гүлдер жапырақшаларын жапқан кезде, көгал жасыл түске боялды. Таңертең гүлдер бастарын ашқанда көғал қайтадан алтын болып шыға келді. Басқа гүлдерде де осындай болады. Адамдар осыны байқап, қай уақытта кеш пен түн түсетінін, қай уақытта таң ататынын біліп отырған. Тәрбиеші: Адамдар әтештің үш рет «ку-ка-ре-ку» деп айқайлайтынын байқайды: түн ортасында, түн ауған кезде, таңертең. Адамдар бұрын уақытты осылай біліп отыратын, қазір ше? Балалар: Сағат арқылы. Тәрбиеші: біздің екінші аялдамамыз Мәскеудегі Кремль маңы (плакатты көрсетеді). Биік Спасск мұрасынан біз алтын тілді үлкен сағатты көреміз. Олар көп жылдар бойы уақытты көрсетіп келеді. Тәулік сайын сағат таңғы 6.00-де барлық қалаларда, ауылдарда адамдар радиодан кремль куранттарының соққанын және «Қайырлы таң!» деген сөзді естиді. Бәрі, түн атқанын біледі. Түнгі сағат 12.00-де сағат қоңырауы тағы естиледі. Яғни, түн мезгілінің басталғанын білдіреді. Бұл –уақытты ең дәл көрсететін сағат. Біздің үшінші аялдама – сағат шығаратын зауыт. Мұнда көшелерге, аялдама бекеттеріне, мектептерге арнап әр түрлі сағаттар жасалады. Сендердің үйлеріңде де түрлі сағаттар бар. Олар қабырғаға ілетін сағат, тілін бұрап қойсаң қажет уақытта оятатын қоңыраулы сағат және қол сағат. Бұл сағаттардың барлығы уақытты көрсетеді (балалабақшада қандай сағат бар екенін көруге болады немесе суреттерін көрсету. Қоңыраулы сағат пен қол сағаттың өзін көрсетуге болады). Біздің елде сағат шығаратын зауыттар көп. Олар шағаратын сағаттар да көп. Келесі аялдамамыз- зауытта еңбек ететін өз ісінің шебері болып табылатын адамдар (суретті көрсету). Олардың бәрі көңілді және олар жақсы сағаттар жасайтынына қуанышты. Ал енді барлық сағаттар бізге не деп тіл қанатынына назар аударайық. Оларда қандай ортақ белгілер бар? (Циферблат, сағат тілі). Сағат жұмыс істеп тұруы үшін қалай бұрлады? (Бұрандамен, кілтпен). Тәрбиеші уақытты сағатқа қарап білуге үйренеміз. Әр балаға сағаттың цифрлары мен тілдері жапсырылған дөңгелек тілін сол уақытқа қоюды тапсырады (минуттық тіл 12 санын көрсетуі керек). Ол сағат тілін 2 санына қаратып қояды да, балалардан сұрайды: «Менің сағатымда уақыт 2.00 болды, сендердікінде ше?» Сөйтіп, ол сағат тілін түрлі цифрларға қоя отырып, балаларды да тексеріп отырады. Сонан кейін мұғалім ойынды күрделендіреді: «Енді біреуің қажетті уақытты сұрайсыңдар, екінші біреуің сағат тілін қойып отырасыңдар». Ойынды аяқтай отырып, мұғалім хат келгенін хабарлайды. Ол хаттың сағаттардан келгенін айтады да, не жазғанын оқиды: «Сағаттар –сендердің көмекшілерің. Кейін сендер өсіп, мектепке барғанда кешігіп қалмау үшін, сабақ жасап үлгеру үшін қанша уақыт серуендеу керектігін сағатқа қарап тексеріп отырасыңдар. Сағат уақытты білуге, оны үнемдеуге көмектеседі».
«Осы өткен, келер уақыт» Дидактикалық мақсаты: Балалардың осы, келер уақыт туралы түсініктерін нығайту. Сәйкес сөздер туралы білімдерін тексеру: бар, қазір, бүгін – осы шақ; кеше, болды-өткен шақ; ертең, болады –келер шақ. Ойын ережелері: Жұмбақтарды мұқият тыңдау. Ойланып алып, сонан кейін ғана іс-әрекеттің, қимылдың, оқиғаның қай уақытта болып жатқанын, болғанын және болатынын айту. Жауаптың дұрыстығын түсіндіру. Құрал-жабдықтар: Мұғалім құрастырған мәтіндер. Үш түстің тексеру белгілері. Олардың әрқайсысы белгілі бір уақытты көрсетеді (белгі ретінде жалаушалар, дөңгелектер, таспалар, үшбұрыштар және т.б қолдануға болады). Белгілеу үшін тексеру жолақтары және дөңгелектер қолданылады. Ойынның барысы: Тәрбиеші: Сендер тәулік, апта, айлар, жыл мезгілдері туралы біраз нәрсе білдіңдер. Түрлі мезгілді білдіретін тағы мынадай сөздер бар: осы, өткен, келер шақ. Мәселен, мен: «ит жүгіріп келе жатыр», деп айтамын. Бұл дәл қазір болып жатыр, яғни сендер иттің жүгіріп келе жатқанын көріп тұрсыңдар. «Балалар бүгін суретті жақсы салып жатыр», деп айтамын. Қашан? Қазір, бүгін. Қазір, бүгін осы шақты білдіреді, яғни әрекет қазір, бүгін болып жатыр. Тыңдаңдар: «Бүгін балалар жаңа өлең айтуда». Қашан? Қай уақытта? Сендер неге осы шақ деп ойлайсыңдар? (Балалар «Сіз «бүгін» деп айттыңыз деп жауап береді»). «Кеше балалар қоян туралы өлең айтты». Қай шақ? Бұл қашан болды? Бұл аяқталған іс-әрекет және «кеше» немесе «болды» сөздерімен берілген. «Ертең балалар жаңа ойыншықтар алады». Бұл қай шақ? Келер шақ. Әрекет әлі болған жоқ, «ертең, таяуда, болады» деген сөздермен беріледі. Енді ойын ойнайық. Мен сендерге бір нәрсені айтамын, ал сендер қай шақ туралы айтып тұрғанымды табасыңдар. Дұрыс жауап беру үші, ойлану керек. Тыңдаңдар: «Кеше ит жүгірді». (Жауап: «Ит жүгіріп келе жатқан жоқ, жүгірді, бүгін емес, кеше. Бұл өткен, аяқталған әрекет. Болды, кеше деген сөздер өткен шақты білдіреді»). «Ертең ит жүгіріп келеді» деп айтамыз. (Жауап: Бұл әлі болмаған әрекет, бірақ күтіледі. «Болады, ертең» деген сөздер келер шақты білдіреді). Мұғалім балалардың сөздерге қарап уақытты дұрыс айырғанын айтады. Ойынды әрі қарай жалғастырамыз. Барлықтарың уақытты белгілермен көрсетесіңдер: осы шақ – көгілдір түспен, өткен шақ – сұр түспен, келер шақ – қызыл түспен. Белгі бойынша кім уақытты дұрыс көрсететінін көреміз. Қане, бастайық! Бүгін балалар мектепке бара жатыр. Кеше біз сажайдан келдік. Ертең біздің балабақшаға қонақтар келеді. Құстар ұя салып жатыр. Таяуда ұяда балапандар пайда болады. Бүгін балалар текшелерден үлкен кеме жасап жатыр.
«Мен атаған нәрсені көрсет»
Дидактикалық мақсаты: Балалардың адам қолымен не жасалғаны және табиғаттың адамға не беретіні туралы білімдерін бекітіп, жүйеге келтіру. Тірі және өлі табиғат туралы түсінік қалыптастыру. Ойын ережелері: Балаларға карточкалар таратылады. Олардың міндеті – адам қолымен жасаған заттар бейнеленген карточкаларды іріктеу. Табиғи нысандар бейнеленген қалған карточкаларды балалар екі топқа бөлінеді: өлі және тірі табиғат. Сонан кейін қайсының қай топқа жататынын табады. Ойынның барысы: Мұғалім адам қолымен жасалған заттар бейнеленген карточкалары бар балаларды тақтаға шақырады. Сонымен бірге тірі және өлі табиғат бейнеленген карточкалары бар балалар да тақтаға шығады. Орындарында қалған балалар достарына баға береді.
«Қай зат неден жасалған?»
Дидактикалық мақсаты: Балаларды заттардың неден жасалғанына қарай жіктеуге, өнімнің қандай жануардан алнғанын ажырата білуге үйрету. Ойын ережелері: Допты ұстаған бала бірден жауап беруі керек. Жауап бермеген бала допты еденге бір ұрады да, жүргізушіге береді. Ойын барысы: Мұғлім ағаштан, металдан, қағаздан жасалған бұйымдарды көрсетеді. Ірімшік, шұжық, нан, сүт, жұмыртқанын суреттерін көрсетеді. Жүргізуші бір заттың атын атай отырып, допты лақтарады. Оны ұстаған бала жауап береді. Мәселен: қарындаш-ағаштан жасалған, сүт –сиырдан алынады және т. б.
«Менің мекенім, менің отбасым»
Дидактикалық мақсаты: Жануарлар мен олардың балаларды туралы, олар мекендейтін жерлер туралы білімдерін нығайту. Ойын ережелері: Жануарлар отбасын біріктіріп, олардың «үйін» атау. Карточкалар және олардың кішкентай балалары бейнеленген шағын карточкалар беріледі. Барлық үлкен карточкалар араластырылады да, «аңның балаларына» өзінің отбасын тауып, «ата-анасының» кім екенін және «үйі» қайда екенін айту тапсырылады. - қоян, көжек; қасқыр, шулан, бөлтірік; түлкі, түлкішек, жаутан; кірпі, ұрғашы кірпі, кірпінің баласы; аю, кірекей, қонжық; тиін, ұршағы тиін, тиіннің баласы; тышқан мен балалары; - ат, байтал, құлын; қой, саулық қой, қозы; ешкі, теке, лақ; бұқа, сиыр, бұзау; шошқа, торай; қораз, тауық, балапан; қаз, ата қаз, қаздың балапаны; ит, кәндек, күшік;
«Менің үйім қайда»
Дидактикалық мақсаты: Балалардың аквариум тұрғындры мен су тоғандарын жіктеп, аттарын атауға үйрету. Ойын ережелері: Өз тобыңа арналған тапсырманаға сәйкес келетін сурттерді таңдап алу: балықтар, жәндіктер, құстар, жануарлар, су өсімдіктері. Ойынның барысы: Топ бөлмелерінің әр жерлеріндегі үстелдерге карточкалар қойылады. Балалар 6 топқа бөлінеді (ең көбі - балықтар). Жүргізушінің белгісі бойынша балалар бөлмеге кіріп, сәйкес карточкаларды таңдап алады, сонан кейін топ болып бас қосады. Олар жинаған (аквариум немесе су тоғаны). Тәрбиеші баға береді. Балаларға аквариум мен су тоғымының ұқсас және айырмашылық белгілерін атау ұсынылады.
«Кім неге бейім?»
Дидактикалық мақматы: Балаларды жануарлардың табиғат аясындағы өмірге бейімделу ерекшеліктерімен таныстыру. Ойын ережелері: Балалар сурет бөлшектерінің қай жануарларға тиесілі екенін анықтайды да, карточка бөлшектерін біріктіреді (бүркіттің тұмсығы, бүркіттің тырнақтары, құндыздың құйрығы, құндыздың тістері және т. б). Суреттер бойыша балалар жануарлардың дене мүшелерінің қайсысы неге бейімделген айтады. Карточканың екінші жағынан балалар әр жануардың толық екі бейнесін табады. Егер жұптар дұрыс құрастрылса, бейне сәйкес келеді. Ойыннның барысы: Тәрбиеші барлық жануарларды көрсетіп, атайды және дене мүшелерінің қай бөлігі неге бейімделгенін, табиғатта тіршілік ету үшін неге көмегі тиетінін әңгімелейді. Ойынға қатысушылар 2 топқа бөлінеді. Әр топ жануардың жарты бөлігінің суретін алады. Олар екінші бөлікті табуы тиіс. Оны тауып құрастырғаннан кейін ғана карточканың екінші бетіндегі жануардың толық бейнесіне қарауға болады. «Бұл кімнің құйрығы?»
Дидактикалық мақсаты: Балалардың үй жануарларының сыртқы кейпінің ерекшеліктері, олардың дене ммүшелерінің жеке бөлігі; құйрықтарының көмегімен тіршілік ететін ортаға бейімделу ерекшеліктері туралы білімдерін нақтылау. Ойын ережелері: Құйрықтардың қай жануарларға тиесілі екенін анықтау, олардың сыртқы келбетін бейнелеу, құйрықтардың қандай көмегі бар екенін айту. Ойынның барысы: Тәрбиеші әрбір жануардың құйрығ туралы әңгіме үлгісін ұсынады, оның жануар үшін маңызы туралы мәлімет береді. Балалар карточка таңдап алады. Оны мұқият қарап алып, не бейнеленгенін табады. Сонан кейін карточкадағы суреттің жұбын іздейді (жануардың бет пішіні және құйрығы). Бір бала жануардың құйрығы туралы әңгімелейді, ал оның қасындағы бала оның жануар үшін қалай қызмет ететінін айтады.
«Гүл шоғын құрастыр»
Дидактикалық мақсаты: Бақшада, далада, орманда өсетін гүлдерді дұрыс тауып, аттарын есте сақтауға үйрету. Ойын ережелері: Гүлдің кімге арналғанын, қайда өсетінін және қалай аталатынын көрсету. Ойынның барысы: 1. Тәрбиеші балалармен орманға, баққа, шалғын далаға «экскурсия» жүргізеді. Онда балаларды түрлі гүлдермен таныстырады. Бағбанның көбелектің, Дәрігер Айболитттің суреттері қойылады. Бағбан бақтан, көбелек шалғын даладан, ал Дәрігер Айболит орманнан гүл жинауды (өйткені олардың дәрілік қасиеттері бар) өтіледі. Гүлдердің суреттері раластырылады да, балаларға үлестіріліп беріледі. Олар кейіпкерлерге кезекпен келіп өз гүлдерін ұсынады. Мұғалім мен өзге балалар сыйлқтарға баға бреді. 2. «Дүкен». Кейіпкерлер, егер балалар гүлді дұрыс атаса және гүлге анықтама бере алса, оларға гүл сатады. 3. «Гүл шоғында не артық?». Дала бақ және орман гүлдерінен құрастырылған гүл шоқтарын тексеру ұсынылады. Артық гүл алынып тасталады.
«Экологиялық пирамида»
Дидактикалық мақсаты: Балаларды логикалық ойлай білуге, әр сатыны таңдауын негіздей отырып, экологиялық пирамида құрастыруға үйрету. Табиғаттағы барлық нысандардың өзара байланысын көре білуге баулу. Ойын ережелері: «Экологиялық пирамида» құрудың тәртібі, 6 текше қолданылады. Олардың төрт жағында суреттер бейнеленген, бесінші мен алтыншысысында – «экологиялық пирамида» деген жазу бар. Ойынның барысы: Тәрбиеші балаларға текшенің тірі және өлі табиғат бейнеленген беттерін көрсетеді. Бірінші беті - күн, жер, дәндер, тышқан, жылан, қаршыға. Екінші беті – күн, жер, гүл, көбелек, шымшық, жапалақ. Үшінші беті – күн, су тоғаны және балдырлар, су жәндіктері, бақа мен балық, кірпі. Төртінші беті – күн, жер, шөп, орман, қоян, қасқыр, түлкілер. Пирамида құрастырғаннан кейін тәрбиеші балаларға әр сатының өз маңызы бар екенін айтады. Балалармен оқиғаларды ойын ретінде жүргізе отырып, пирамиданың жекелеген сатыларын алып тастау кезінде, табиғат нысанының кез келгенінің жойылуы табиғатты экологиялық апатқа ұшыратынына балалардың назарын аударады.
«Экологиялық тізбек»
Дидактикалық мақсаты: Қоректік тізбектің буындары туралы түсініктемелер беру: тірі табиғат, өсімдіктер, улы өсімдіктер, жыртқыш аңдар. Табиғат заңымен таныстыру: табиғатта жануарлар да, өсімдіктер де өз бетінше тіршілік ете лмайды. Ойын ережелері: Таңдауға негізделе отырып, экологиялық тізбек құрастыру. Ойынның барысы: Тәрбиеші алдымен қоректік тізбектің жекелеген буындарын қояды. Балаларға қай жануарға қай жануарға тізбек құратынын таңдауға көмектеседі. Карточканың теріс жағындағы цифрларға қарап, тізбек дұрыс құрастырылғанын тексереді. Мысалы: Жапырақ-құрт-шымшық-ителгі. Дәндер –тышқан-аққұлақ-жапалақ. Ағаш- балаңқұрт-тоқылдақ- жапалақ. Ағаш- қоян-қасқыр.
«Тез жауап бер»
Ойынның мақсаты: Балаларды жіктеуге, салыстыруға, жалпылауға жаттықтыру. Құстар, жәндіктер, балықтар, аңдар туралы білімдерін бекіту. Сан мен сын есімді зат есіммен сәйкестендіруге жаттықтыру. Ойын материалдары: 1. 9 тор көзге бөлінген кесте. Әр тор көзде – аңдар мен тор көздердің бейнелері: бірінші қатарда – торғай, көгершін, тоқылдақ; екінші қатарда ара, түлкі, шегіртке; үшінші қатарда – қасқыр, көбелек, суықторғай. 2. 9 тор көзі бар кесте. Бірінші қатарда – сиыр, бұлан, шағала; екіншісінде –мысық, жолбарыс, тауық; үшіншісінде – ит, түлкі, қаз. 3. 9 тор көзді кесте. Бірінші қатарда – арыстан, керік, бегемот; екіншісінде –ақ аю, солтүстік бұғысы, итбалық; үшіншісінде – қасқыр, бұғы, құндыз. 4. 9 тор көзді кесте. Бірінші қатарда – шортан, пингвин, морж; екіншісінде – дельфин, мөңке балық, алабұға; үшіншісінд –бірқазан, кит, жайын. 5. Аңдарбейнеленген суреттер. Ойынның барысы: Тәрбиеші балалардың көз алдына кестені іліп, қарауды ұсынады және қойылған сұраққа олар тез жауап беруі тиіс. Дұрыс жауапқа ойыншы фишка алады.
«Не болды, не бар?» Дидактикалық мақсаты: Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар туралы білімдерін шыңдау. Керекті құралдар: қағаздар (карточкалар) жинағы. - сыпарғыш, шаңсорғыш, шылапшын, кір жуғыш машина, ине, тігін машинасы, пеш, газ плитасы, арба, машина (көлік), қайық, кеме, есепшот, компьютер, күнқуатты сағат және электр сағаты. - Балалар жұпты қағаздарды (парные карточки) таңдайды. 1) сыпырғыш – шаңсорғыш 2) ине- тігін мшинасы 3) арба – көлік 4) есепшот- компьютер 5) шылапшын – кіржуғыш машина 6) пеш – газ плита 7) қайық – кеме 8) күнқуатты сағат- электр сағаты
«Айтыңдаршы, тұрмыстық заттар адамдарға қалай көмек етеді?» Дидактикалық мақсаты: Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар туралы білімдерін шыңдау. Керекті құралдар: екі бөлікке бөлінген қиындылар жинағы: бір бөлігінде тұрмыстық зат, келесі бөлікте осы затты қолдануды қажет ететін жағдай бейнеленген. Шаш –шаш құрғатқыш Кілем- шаңсорғыш. Тәтті нан (торт) – араластырғыш. Көйлек – тігін машинасы. Ұйықтап жатқан адам- қоңыраулы сағат. Кесе –электр шәйнек. Жазу үстелі – үстел шамы. Түн –қол шам. Сақал –электр ұстара. Фотосурет- фотоаппарат. Балалар тұрмыстағы заттардың адамдарға келтіретін пайдасын айтып берулері керек.
«Сүйікті қаламызға саяхат»
Дидактикалық мақсаты: Туып - өскен қаласы туралы білімдерін бекіту; үлкендер еңбегі, автокөліктер. Керекті құралдар: қаланың көрікті жерлері, үлкендер еңбегі, автокөліктер бейнеленген үлестірмелі карточкалар. Тәрбиеші балаларды үш топқа бөліп, карточкаларды таратады. Содан соң қаланың көрікті жерлері, үлкендер еңбегі, автокөліктер туралы әңгімелеуге тапсырма береді. Балалар қолдарындағы карточка бойынша әңгіме құрастырады. Әңгімені мазмұнды айтқан топ жеңіске жетеді. Топтар қағаздарын алмастырып, ойынды әрі қарай жалғастырады.
«Біздің көмекшілеріміз»
Дидактикалық мақсаты: Балалардың адамдарға жәрдемі мол машиналар туралы білімдерін шыңдау. Машиналарды пайдаланатын орындарына қарай топтастыру. Керекті құралдар: тұрмыстық заттар суреттері: араластырғыш, еттартқыш, шырынсыққыш, тоңазытқыш, шаңсорғыш, кір жуғыш машина, газ плитасы, үтік; автокоөлік суреттері; автобус, троллейбус, трамвай, поезд, ұшақ, кеме, қайық, катер, тікұшақ; басқа да қолданыстағы машиналар; бульдозер, экскаватор, көтергіш кран, қар тазалайтын машина. Адамның еңбегін жеңілдететін түрлі машиналар бейнеленген суреттермен қысқаша әңгіме өткізу. Суреттер балаларға таратылып, суреттердегі бейнеленген әр түрлі қолданыстағы машиналарға әңгіме құрастыруға тапсырма беріледі. «Құралдарды ірікте»
Дидактикалық мақсаты: әрбір құралдың қандай заттардан жасалатыны жайлы білімдерін бекіту. Керекті құралдар: ағаш, шыны, темір, жүн, тері, қағаз, резеңқе, пластмасса заттарынан жасалған құралдар, суреттері салынған көрнекілік құралдар. Үлестірмелі құралдар: балалар қолына әр түрлі заттар: тері, шыны, ағаш, пластмасса бөлігі жабыстырылған карточкалар таратылып беріледі. Балалар білімін бекіту үшін мынандай ойын түрлері қолданылады. Тәрбиеші: «Мынау не?» - деп, қолындағы карточканы көрсетеді: шелек - Ол неден жасалған? - Кімге сәйкес келеді? (Қолындағы карточкасында пластмасса қиындысы жабыстырылған бала қолын көтеріп көрсетеді).
«Заттар өзі жайлы не дейді?»
Дидактикалық мақсаты: Заттардың атын білу, не үшін қажеттігі және неден жасалғандығын ажырата білу дағдыларын дамыту. Керекті құралдар: әр түрлі мтериалдан жасалған заттар. Тәрбиеші балалармен бірге әр түрлі материалдардан жасалған заттар түрлерін немесе заттық суреттерді көріп тамашалайды. Сосын барлық заттарды жинап алып, бір ғажайып қапшыққа салып қояды. Балалар әрқайсысы қапшықтан заттарды біртіндеп алып, оның қажеттігі жайлы атын ай