kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дәстүрліемес технология Ниткография балабақшада

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ниткография техникасы балаларға арналған өте пайдалы шығармашылық түрі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дәстүрліемес технология Ниткография балабақшада»



АННОТАЦИЯ:



Бұл бағдарлама кіші және орта жастағы балаларға арналған және көркем-эстетикалық бағыттағы әзірленген курс болып табылады. Ниткография -бұл сәндік-қолданбалы өнердің бір түрі, онда әр түрлі қолөнер элементтері( аппликация, тігу, кесте) үйлесім табады. Ниткография техникасындағы жұмыс балаға қиялын, пішін мен түс туралы білімдерін , ұқыптылығын, еңбекқорлығын дамытуға көмектеседі. Әлем халықтарының қолданбалы шығармашылығының тарихымен таныстырады.

Данная программа предназначена для детей младшего и среднего возрастов и представляет собой разработанный  курс художественно-эстетического направления.

Ниткография –это один из видов декоративно-прикладного искусства, в котором сочетаются различные элементы рукоделия: аппликация, шитье, вышивка. Работа в технике ниткографии помогает ребенку развить воображение, чувство формы и цвета, точность и аккуратность, трудолюбие, знакомит с историей прикладного творчества народов Мира.









































Дәстүрліемес технология – Ниткография.



Ниткография — сурет салудың ғажайып техникасы, басқа сөзбен айтқанда - "жіппен сурет салу". Осы техниканы қылқалам мен бояусыз, жіптер мен желімнің көмегімен ғана жарқын суреттер жасауға болады. Ниткография бейнелеу өнерінің түрі ретінде Мексикада бастау алады. Мексикалық шеберлер қалың жүн жіптерден этнос элементтері бар өз суреттерін жасайды. Суреттердің негізін арнайы қоспамен майлайды, оның құрамына қарағай шайыры мен ара балауызы кіреді, ал түрлі-түсті жүн жіптері түрлі өрнектер түрінде қойылады.Менің ойымша, мұндай сурет салу техникасы кішкентай балаларға да қолжетімді, өйткені ол балалардың қызығушылығын тудырады. Жарқын және жағымды жіптер балаларды тыныштандырады. Қолөнер сабағы балалардың сәндік-қолданбалы өнерге деген қызығушылығын дамытады. Ниткография балалардың саусақты моторикасын жетілдірудің тамаша тәсілі болып табылады. Бұл балалардың қиялының, көре отырып қабылдауының дамуына ықпал етеді, қозғалыстардың бірқалыпты, ырғақты және дәлдігін қалыптастырады, сонымен бірге баланың жазуға қолы дайындалады.

«Ниткография» мектепке дейінгі балалардың көркемдік-эстетикалық білім берудің негізгі мақсаты, балалардың бейнелеу қызметіне қызығушылығын ояту болып табылады. Сурет салудың дәстүрлі емес техникаларын, атап айтқанда, жоғарғы топтағы ниткографияны пайдалану мақсатына келетін болсақ, оларға сурет сюжетінің мағынасын ашу үшін түстерді таңдау дағдыларын қалыптасуын жатқызуға болады; тұтас бейнені оның жекелеген элементтері бойынша көру қабілетін дамыту; ұсақ моториканы жетілдіру; шығармашылық үрдісті оң қабылдауға тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасай отырып, қолдың ұсақ моторикасын дамыту арқылы балалардың тілін дамытуға ерекше көңіл бөлемін. Өйткені неғұрлым балалардың саусақтары дамыған болса, оның тілі де дамиды, мектепте де бала табысты болады. Қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту баланың зияткерлік көрсеткіштерін көтереді.

Мектепке дейінгі ересек топтың балаларыныңұсақ қолмоторикасының дамуына талдау жасағанда балалардың қол шеберлігі жеткілікті деңгейде дамымағандығы анықталды.Балалардыңсаусақтарының шағын моторикасын дамытуға мүмкіндік беретін тәсілдер көп-бұл сурет салу (борлар, қарындаштар, бояулар, пластилин), мүсіндеу, қозғалыстар мен күштің дәлдігін талап ететін қайшымен жұмыс, әр түрлі ұсақконструкторлар, мозаикалар, ойыншықтар, және т. б.





Мақсаты:"Ниткография" техникасының көмегімен мектеп жасына дейінгі балалардың қол саусақтарының ұсақ моторикасын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.



"Ниткография" техникасын оқыту бойынша, балалармен жұмыс келесі дидактикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

* сәндік-қолданбалы шығармашылық туралы білімді байыту;

* "ниткография" техникасында жұмыстарды орындау кезінде дағдылар мен машықтарды қалыптастыру;

* балалар сөздік қорларын байыту;

* баланың байланыстырып сөйлеуін дамыту;

* қиялды, шығармашылық ойлауды, зейін, жады, логикалық ойлауын дамыту,көркем-шығармашылық тапсырмаларды шеше білу;

* қойылған міндеттерді орындау дағдыларын қалыптастыру;

* материалды таңдау, қызықты бейнелер, композициялар жасауды дамыту;

* қозғалыс үйлесімін, бірқалыпты, ырғақты және дәлдігін, көру-моторлы үйлестіруді дамыту;

* баланың қолын жазуға дайындау;

* балалардың ой-өрісін кеңейту

Тәрбиелік:

* балалардың коммуникативтік қабілеттерін кеңейту;

* еңбек дағдыларын, ұқыптылықты, басталған істі аяғына дейін жеткізу, материалды ұқыпты пайдалану, жұмыс орнын қалыпты ұстау;

* эстетикалық қабылдауды, көркем талғамын және қоршаған ортаның сұлулығын көре білуді дамыту;

* ұжымда және жеке жұмыс істей білу, төзімділікке тәрбиелеу.



Тақырыптың өзектілігі



«Ниткография» техникасы балаларға арналған өте пайдалы шығармашылықтың түрі. Ниткография сабағының арқасында қиял, көру қабылдауы, қолдың ұсақ моторикасы, моторлы-көру координациясы дамиды, сонымен қатар шығармашылықтың осы түрі балалардың қоршаған заттар туралы білімін, белсенділік, қиял туралы түсінігін дамыту үшін тамаша әдіс болып табылады. Осының барлығы баланың қолын жазуға дайындауға, онымен психологиялық байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл қызмет түрімен айналысу жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін ашуға, өз бетінше және зерттеу жұмыстарын жүргізуге, өзін-өзі тануды дамытуға көмектеседі. Ниткография, сәндік-қолданбалы өнердің түрі ретінде тәрбиеленушілерге осы қолөнердің бастаулары мен дәстүрлеріне, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктеріне, үй-жайдың интерьерін әшекейлеуге, киімге аксессуарлар, кәдесыйлар мен сыйлықтардыдайындауға байланысты ұмытылған дәстүрлерді жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта "ниткография" техникасы өте танымал, өйткені орындау қарапайымдылығымен және қол жетімділігімен тиімді. Оңай және қол жетімді екеніне қарамастан, балабақшаларда жиі қолданылмайды. Баланың тілін дамыту проблемасына кешенді жақындауға ниткографияның ойын жаттығулары мүмкіндік береді.Бұл техника үлкен мүмкіндіктерге ие болады: балалардың ақыл- ой, моторлы, эмоционалды-эстетикалық дамуының құралы. Психикалық функцияларды жетілдіру: көру, қиял, есте сақтау, ойлау операциялары, лексикалық сөйлеу жағын дамыту ретінде пайдаланылуы мүмкін. Педагогтың басшылығымен ойын тапсырмаларын орындай отырып, бала геометриялық фигуралармен, заттардың, формалардың сызбалық бейнелеу тәсілдерімен танысады және оларды тек көзге ғана емес, сонымен қатар қолдың моторлы жады арқылы да ажыратуды үйренеді.



Ниткография тәсілінің тиімділігі



Қазіргі уақытта "ниткография" техникасы өте танымал, өйткені орындау қарапайымдылығымен және қол жетімділігімен тиімді. Оңай және қол жетімді екеніне қарамастан, балабақшаларда жиі қолданылмайды. Баланың тілін дамыту проблемасына кешенді жақындауға ниткографияның ойын жаттығулары мүмкіндік береді.Бұл техника үлкен мүмкіндіктерге ие болады: балалардың ақыл- ой, моторлы, эмоционалды-эстетикалық дамуының құралы. Психикалық функцияларды жетілдіру: көру, қиял, есте сақтау, ойлау операциялары, лексикалық сөйлеу жағын дамыту ретінде пайдаланылуы мүмкін. Педагогтың басшылығымен ойын тапсырмаларын орындай отырып, бала геометриялық фигуралармен, заттардың, формалардың сызбалық бейнелеу тәсілдерімен танысады және оларды тек көзге ғана емес, сонымен қатар қолдың моторлы жады арқылы да ажыратуды үйренеді.

Балалардың саусақты моторикасын жетілдіру тәсілдерінің бірі "Ниткография" техникасын 2019 жылдан бастап игере бастадым. Қол саусақтарының қозғалысын дамыту үшін тамаша құрал. Мен өз жұмысымды педагогикалық әдебиетті оқып-зерттеуден бастадым. Өз жұмысымда әдістемелік ұсыныстарды зерделеп Никитина А.В "Дәстүрлі емес сурет салу техникасы"; Рузакова Ю. В. "Дәстүрлі емес бейнелеу қызметінде қол моторикасын дамыту» кітаптарын қолдандым;интернет ресурстарын оқып зерттедім. Бұл тек қана жіппен, қайшымен, желіммен, қарындашпен жұмыс емес, сонымен қатар сенсорлық-қимыл жаттығулары. Бұл техника балалардың қоршаған заттар туралы сөйлеу белсенділігін ,қиялын дамытады.

Суреттер мен ұсақ-түйек бұйымдарды ниткография техкасымен жұмыс жасауға қызығушылықтарын тудыру үшін топта жағдай жасалды:

- әр түрлі материалдармен жабдықтау (жіп және иірілген жіптің түрлі );

- материалдарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

- суреттер мен қолөнер үлгілерінің болуы.

Ниткография техникасынмен жұмыс жасауға қызығушылықтарын тудыру үшін "Бейнелеу өнері бұрышы" жабдықталды. Материалдар жеке қорапта сақталады. Балалар кез келген уақытта ересектердің көмегінсіз өз мүмкіндіктерін өз бетінше жүзеге асыра алады.

Ниткография техникасымен жұмыс істеуде қолданылатын тәсілдер:

  • Ойындар;

  • әдеби шығармаларды оқу және талқылау;

  • жұмбақтарды шешу;

  • жұмыс үлгілерін көрсету;

Осы техникамен жұмыс істеу үшін балаларментоптық немесе жеке жұмыс ұйымдастыруға болады.Оқу-қызметінде балалардың назарын аударту, үлгіні көрсету, түсіндіру, сондай-ақ балалардың өнімді іс-әрекетін қамтитын жұмыстар ұйымдастырылады.Бұл қызмет түрі баланы практикалық машықтарға ғана емес, сонымен қатар жұмыста бірізділікке үйретуге, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Тапсырмалардың күрделілігі балалардың жасы мен тәжірибесін ескере отырып таңдалады. Көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан қызықты ақпараттық материал "суретті" орындау алдында да, жұмыс уақытында да беріледі.



Тәжірибеде қолданылатын педагогикалық құралдар.

Әдіс-тәсілдері.

Мен қойған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін келесі әдіс-тәсілдерін қолдандым:

Көрнекі әдістер:

Балаларға көрнекілік құралдардарын көрсету оқыту процесін жандандырады,"ниткография" техникасына қызығушылығын артырады.Көрсету жолы анық болуы керек.Балалар орындау ерекшеліктері мен әр қозғалысты көрулері керек. Оқу қызметінің соңында балалар жұмыстарын талдау(сабақ қорытындысын шығару кезінде балаларөз жұмыстарына үлкендер мен басқалардан кері байланысын алады).

Практикалық әдістер:

Ұсақ моториканы дамытуда балалардың жетекші қызметі – тәжірибе алу.Ол нақты өнімді алуға бағытталған. Бала практикалық қызметке қатысқан кезде ғана тәжірибені меңгереді.

Сөздік әдістері:

Қысқа мерзімде балаларға ақпарат беру,алдарына мақсат қою және оларды шешу жолдарын көрсету.



Барлық білім беру үрдісі 4 кезеңге бөлінеді:

1 кезең - материалдардың қасиеттерімен танысу.

2 кезең - дайындау тәсілдерін оқыту.

3 кезең-қолөнер жасау.

4 кезең-өзін-өзі талдау.

Жұмыстарды орындау үшін қажетті материалдар:

  • негізі-картон, түсті қағаз, барқыт қағаз, фетр, мата;

  • жүн немесе акрил жіп;

  • қайшылар;

  • желім немесе басқа жабысқақ негіз.



Жіптерді қолдану арқылы бейнелеу қызметінің 4 түрі бар.

1Нұсқа-ниткография балалардың жіптермен бейнелеу мүмкіндіктерімен танысуы басталатын техниканың түрі. Әдетте бұл орта топта болады.

Не қажет: жүн жіптері (ол неғұрлым түкті болады, соғұрлым сурет көлемді болады); бояу (гуашь немесе акварель); қатты қағаздың 2 парағы.Жіпті қағаздың ортасына салып ,бір қолымызбен қағазды ұстап екінші қолымызбен жібтің ұшынан ұстап онға солға тартамыз. Бірте-бірте техниканы түрлі түстерге боялған бірнеше жіптермен күрделендіруге болады.







2 Нұсқа-ниткопись бұл жағдайда түрлі түсті жіптер, фактуралар, желім (ПВА немесе Силикат) және парақ қажет. Нұсқаулық: парақта суреттің сюжетінің контурын сызыңыз (сіз қарапайым бояудың үлгісін ала аласыз). Желімді контурға жағып одан кейін біз жіпті салып, сәл қысамыз. Енді элементердің түстеріне сәйкес келетін жіптермен суретті толтырыңыз.











3Нұсқа-жіптермен жапсыру ниткографияның бір түрі ретінде тұтас жіптердің кесінділері қолданылады, яғни жіптер сурет кеңістігі жіп кесінділерңмен толтырылады. Бұл әдіс балаларға ыңғайлы деп саналады. Сонымен қатар, ол тапсырманы орындауға көп уақытты талап етпейді. Бұл қызықты.



4Нұсқа-Бұл ниткография техникасының тәсіліндебалалардың өткір заттармен жұмыс істеуіне тура келеді.Бірақ бұл техниканы өз тәжірибемде қолданған жоқпын. Ниткография техникасының осы түрін игеру балабақша балаларына қиын әрі қауіпті деп ойлаймын.

Ниткография техникасын қолданып, ұйымдастырылған оқу қызметі бала үшін ойын жаттығуларын қандай да бір қатені болдырмай қорқынышсыз орындауға мүмкіндік береді, өйткені баланың жұмысын "фланелеграфта" түзету және қажетті нәтижеге жеткізу өте оңай. Бұл бала үшін өте маңызды. Бұл жағдайда ол сәтсіздікке назар аудармайды,тез түзетуден психологиялық жайлылықты сезінеді.

Мектепке дейінгі жоғары жастағы балалармен "ниткография" техникасымен жұмыс істеу тәсілдері күрделенеді. Балалар жіпті дайын контурға салып қана қоймай, контурдың ішіндегі кеңістікті жіптердің кесінділерімен немесе тұтас жіптермен толтырады.



Қорыта келе, "Ниткография" дәстүрлі емес техникасын пайдалану маған мектепке дейінгі оқыту мен тірбиелеу үрдісінде қойылған міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді, сондай-ақ балаларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін ашуға, қоршаған әлемнің сұлулығын көруге мүмкіндік береді.

Балаларды және өз мамандығын шынайы сүйетін тәрбиешілер әрдайым бейнелеу өнері бойынша дәстүрлі бағдарлама шеңберінен шығуға тырысады және мектеп жасына дейінгі балаларға дәстүрлі емес техникалармен жұмыс жасауды жиі ұсынады. Балаларға осындай сабақтар өте ұнайды, өйткені олар өзін-өзі көрсетуге және қиялдауына үлкен мүмкіндік беріледі.

Бұл тәжірибенімектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтар, ата-аналарөз балаларын тәрбиелеу мен дамыту үшін қолдануға болады. Ниткография технологиясын тәрбие-білім беру процесінде тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен жұмысының арқасында баланың жан-жақты дамуына жәнебалаларды мектепте оқуға сапалы дайындауға мүмкіндік береді."Жіппен сурет салу" шығармашылық сабақтарын тек қанамектепке дейінгі балалармен жұмыс істеуғана емес,сонымен қатар ересек адамдар үшін де пайдалы.Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға ықпал етеді, жұмысты белсендіреді,қиял, психотерапиялық әсер етеді.











































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дәстүрліемес технология Ниткография балабақшада

Автор: Бердаулетова Гульмира Кабдилбаровна

Дата: 11.02.2021

Номер свидетельства: 572858


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства