kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балаларды? байланыстыра с?йлеуін дамытуда – мнемотехниканы ?олдану (?дістемелік ??рал)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л ?дістемелік ??ралда мектепке дейінгі балаларды?  байланыстыра с?йлеуін дамытуда – мнемотехниканы ?олдану бойынша ж?мыс ж?йесі берілген.

Ересек топ балаларымен бос уа?ытта ж?не ?йымдастырыл?ан о?у – ?рекет кезінде ж?мба?, жа?ылташ, ма?ал – м?телдер ж?не ертегі ??гімелер мен а?ыздарды? ж?йесі мен жылды? жоспары к?рсетілген.

Ма?саты:

Мнемотехниканы ?олдану н?с?алары ар?ылы балаларды? ой – ?рісін дамыту?а, ?иялын шары?тату?а, тіл байлы?ын молайту?а,  адамгершілікке, тап?ырлы??а, шапша?ды??а баулу.

Міндеттері:

Балаларды мнемо сызбалар ар?ылы ертегіге, ??гімелерге с?йіспеншіліктерін ояту, ?иялдарын ?анаттандыру, ?лтты? рухты бойларына сі?іру.

?зектілігі:

Балаба?шамызда т?рбиеленушілерге мнемо сызбаларды ?олдануды? ?лгілерін ?йретуге баса назар аударды?. Мнемо сызбалар ар?ылы: ертегі, ??гіме мазм?нын ж?йелі байланыстырып, ??гімелеуге ?йрету, ?ле? шума?тарын жаттай білуге т?рбилеу талап етілді.

Мнемо сызбаларды ертегі, ??гіме, ж?мба? пен жа?ылтпаштарда  ?олдану а?ылы балаларды? ой – ?рісі дамып, байланыстыра с?йлеуі ?алыптасады.

Осындай сызба-?лгілер ар?ылы балаларды? тілдері ?ана емес, шы?армашылы?ы да дамиды. Д?ниетанымы, зердесі, с?зге деген ?ызы?ушылы?ы артады. ??гіме ??ру?а ?йренеді, ??гімені ретімен ??гімелеуге, лексика- грамматикалы? ??гімелеуге ?йренеді. Сызба-?лгіні ?олдану м?тінді есте са?тау ?рдісін жеделдетеді, есте са?тау, ?діс-т?сілдерді ме?геруін ?алыптастырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балаларды? байланыстыра с?йлеуін дамытуда – мнемотехниканы ?олдану (?дістемелік ??рал)»

Павлодар қаласы әкімдігі,Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының №5 сәбилер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын






Балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытуда – мнемотехниканы қолдану

(әдістемелік құрал)















Павлодар қаласы

2015жыл





Құрастырған: Венера Серікқызы Шапаева


Бұл әдістемелік құралда мектепке дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытуда – мнемотехниканы қолдану бойынша жұмыс жүйесі берілген.

Ересек топ балаларымен бос уақытта және ұйымдастырылған оқу – әрекет кезінде жұмбақ, жаңылташ, мақал – мәтелдер және ертегі әңгімелер мен аңыздардың жүйесі мен жылдық жоспары көрсетілген.


Мақсаты:


Мнемотехниканы қолдану нұсқалары арқылы балалардың ой – өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға, адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.



Міндеттері:


Балаларды мнемо сызбалар арқылы ертегіге, әңгімелерге сүйіспеншіліктерін ояту, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру.



Өзектілігі:


Балабақшамызда тәрбиеленушілерге мнемо сызбаларды қолданудың үлгілерін үйретуге баса назар аудардық. Мнемо сызбалар арқылы: ертегі, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеуге үйрету, өлең шумақтарын жаттай білуге тәрбилеу талап етілді.

Мнемо сызбаларды ертегі, әңгіме, жұмбақ пен жаңылтпаштарда қолдану ақылы балалардың ой – өрісі дамып, байланыстыра сөйлеуі қалыптасады.


Осындай сызба-үлгілер арқылы балалардың тілдері ғана емес, шығармашылығы да дамиды. Дүниетанымы, зердесі, сөзге деген қызығушылығы артады. Әңгіме құруға үйренеді, әңгімені ретімен әңгімелеуге, лексика- грамматикалық әңгімелеуге үйренеді. Сызба-үлгіні қолдану мәтінді есте сақтау үрдісін жеделдетеді, есте сақтау, әдіс-тәсілдерді меңгеруін қалыптастырады.







Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

С.Торайғыров.


Тәрбие-баланың дүниеге келген кезеңінен басталады.Мектеп жасына дейінгі балаға тәрбие беріп,ертеңгі еліміздің жан-жақты ұрпағы етіп тәрбиелеу барлық ұстаздың міндеті.Егеменді алған еліміз енді аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда мектепалды балалары өзінің елін,тілін,туған халқын,салт-дәстүрін сыйлайтын ұрпағы етіп,өсіру үшін балаға алдымен өз ана тілінде таза,айқын сөйлеуге үйрету керек.

Мектепалды балаларының тілін дамытуда атқарылатын жұмыстар:

  • Балаларды қазақ тілінде ауызша сөйлеуге үйрету.

  • Грамматикалық тұлғада дұрыс сөйлеуге баулу.

  • Сөзді дыбысталу жағынан дұрыс айтуға,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

  • Байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру.

  • Сабақ барысында балалардың тілін дамытуда әр сабақта жаңа сөздерді тек,жай жаттау емес,сол сөздердің мағынасын сапалы ұғындырып,сөз ішінде дұрыс дағдыландыруға үйрету.

Жаңа сөздерді көпке дейін есте сақтауға үйретуде төмендегідей жұмыстар жүргізілуі керек,сонда балалардың сабаққа деген қызығушылығы артып,баланыстыра сөйлеуі қалыптасады,құлшынысы жоғарылайды:

  • Жаңа сөздер жайлы мағлұмат беру.

  • Хормен қайталату.

  • Сол сөздерді қолданып,сурет, тірек-сызба арқылы әңгімелету.

  • Затты көру,бақылау.

  • Карточкалармен жұмыс жасау.

  • Тәрбиеші көздеген мақсаттарға жету үшін мынадай талаптарға сүйену керек:

  • Ұстаз сабақ кезінде шешілетін мәселелерді,оқу міндеттерін,мақсатты анық қоя білу.

  • Шығарманы мәнерлеп жатқа айтып,есте қалу үшін сызбалар қолдану.

  • Шығармадағы әрбір дыбысты дұрыс айту керек,сөз тіркестерін анықтап түсіндіру.


  • Ана тіліне деген сүйіспеншілік,туған тілін білу,өз ана тілінде сөйлеу және оқу,ана тіліндегі көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын тудыру.

  • Туған елге деген сүйіспеншілік.

Балабақша өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып,рухани дүниесін ашуына себеп болады.Тәрбиенің сан-салалы,күрделі мәселелеріне терең бастайтын,күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы-балабақша болып табылады.Халқымыз әрқашанда ұстаздың мәртебесін көтеріп,аса жоғары бағалап отырған.

Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіріп,жаңа технологияларды меңгеріп,жалпы бүлдіршіндердің дамуын қамтамасыз ету керек.Ұстаздың міндеті-іздену,жаңа технологияларды қолданып,әрбір сабақты қызықты өткізу. «Ұйымдастыру» әдіс-тәсілдерін түрлендіріп қолдану үшін ұстаздың шеберлігі қажет.Міне,сондықтан да,адал да парасатты,мейірімді, жан-жақты ұстаз болу керек.

Технология-білім мазмұнын жүзеге асыратын әдіс-тәсілдер жүйесі.Ол «шеберлік,іскерлік» деген мағынаны білдіреді.Дамыта оқытудың көздейтін мақсаты-әдеби-ғылыми негізде балаларға дүние туралы түсінік беру технологиясын пайдалану балалардың жалпы дамуын,шығармашылығын дамытады.Дүниетануға деген көзқарасының қалыптасуын,ойлауын,сөйлеуін қамтамасыз етеді.Тәрбиеші бір бағытты ұстануы керек.Балалардың тіл дамытуға деген қызығушылығын арттыру,сөйлеу белсенділігін дамыту,өтілетін тақырыпқа байланысты өз бетінше мазмұндауға үйрету.


Баланың тілін дамыту,сөздік қорын молайту,күнделікті өмірде тығыз байланыстыру, баланың тілінің таза,көру,есту,тыңдау,қайталау,жаттау қабілеттері жетілу үщін-мнемотехниканы қолданған дұрыс.

«Мнемотехника»-бұл әдіс-тәсілдер жүйесі,табиғаттың құбылыстары жайлы,қоршаған орта жайлы әңгімені есте сақтау және жаңғырту.Кез-келген әдіс-тәсілдер сияқты мнемотехника әдісі де жеңілден-ауырға қарай болады.Жұмысты қарапайым мнемошаршыдан бастаған жөн.Содан кейін-мнемоалаша,алсодан соң,мнемосызбамен жұмысты жүргізу керек.

«Мнемосызбалар»-бұл ертегілердегі кейіпкерлердің графикалық бейнелері,басқа да іс-әрекеттер.Суретті дайындағанда аса көркем салу керек емес,басты мәселе кез-келген ұстаздың өзіне сай символикалық бейнені сала білуі.Шығарма баланың жас ерекшілігіне сай болуы керек.Бала сонда тез ұғады,ертегі желісін жылдам айтып береді.Сызба үлгісі көркем шығарманы жаттағанда қолданылады.Іс-әрекеттің бұл түрі баланың тек қана зейінін дамытып қоймай,көру,есту,зерттеу зейінін де дамытады қалыптасады.Бала көз алдындағы суретті елестеді де,содан соң естеріне түсіреді.Т.В.Большева-коллаж,Л.И.Ефименко-ертегі құру сызбасын құрған.Қосымша ассоциация түріндегі білім арқылы зейіннің өсуі және есте сақтауды жеңілдету.Суреттік-графикалық жоспар көмегімен пиктограмм түрінде беріледі,заттық сурет түрінде балалар мәтінді әңгімелеп береді.Баланың тіліне жеңіл,шағын шығарма балалардың тілін дамытады,байланыстыра сөйлеу тілін арттырады.Әңгімені түсініп алуға,көпке дейін есте сақтауға көмектеседі.Ойын толық жеткізуге,ауызекі сөйлеуге үйренеді.Жаңа әңгімені үйреткенде алдымен ұстаз көркем шығармада кездесетінжаңа сөздерге талдау жасап алады.

Осындай сызба-үлгілер арқылы балалардың тілдері ғана емес,шығармашылығы да дамиды.Дүниетанымы,зердесі,сөзге деген қызығушылығы артады.Әңгіме құруға үйренеді,әңгімені ретімен әңгімелеуге,лексика- грамматикалық әңгімелеуге үйренеді.Сызба-үлгіні қолдану мәтінді есте сақтау үрдісін жеделдетеді,есте сақтау,әдіс-тәсілдерді меңгеруін қалыптастырады.Бұл әрекетте есте сақтау қабілеті ғана емес,көру анализаторы да дамиды.Көркем шығармамен таныстырғанда мнемотехниканы қолданамын.Балалармен бірге мәтін бойынша әңгімелесеміз,суреттерді қараймыз,сызбалардың біртінділіктерін зерттейміз.Ересек,даярлық топтарда сызбаның керекті элементтерін таңдайды,бірліктерін орналастыру,әдеби шығармаларды әңгімелеп беру үшін қажет.Бастапқы бөлімде балаларға дайын сызбалардыкөрсету керек,одан әрі әртүрлі жағжаяттарынталқылайды.Баланың біртіндеп шығармашылы артады.Дамыту сабақтарда мнемосызбаларды қолдану,ертегі желісін негізгі принциптері бойынша символикалық бейнелерге қарап құру.




Мнемотехниканы қолданғанда балалардың тіліғана дамып қоймай,сонымен қатар,қоршаған ортаны танып білуде түсініктері қалыптасады.Айналамен таныстыру сабағында балалардың қоршаған ортаға деген жағымды көзқарасы қалыптасады,белгілі бір нысанды зерттеп отырып,тірі,өлі табиғатпен танысады.Балалар сабақта тәжірибе жасайды,анализ шығарады,сөздік қоры артады.

Сызба-үлгілерді қолдана отырып,балалар топырақты,суды,ауаны,күнді т.б.зерттейді.Мысалы,ауа-көзге көрінбейді,түссіз,пішіні жоқ,серіппелі т.с.с.Осылайша барлық өлі табиғатты осылай өзіне тән сапасын,қасиетін сипаттап шығады.Сызба арқылы бала қарап отырып,затты зерттейді,сол зат жайлы баяндап береді.




Жұмыста көрнекі-құралдарды қолдана отырып,балаларға не үйретеміз:

  • Ақпаратты қолдану,зерттеу,салыстыру,ақыл іс-әрекеттік жоспарды іштей нақты құру,тілдік сөйлеу.

  • Зейінінің дамуы,ойлау қабілеттерінің қалыптасуы.

Сызба-тіректі әңгімелеудің жоспары ретінде қолдануға болады.Сипаттау әңгімелері сабақтың басындажәне аяғында құрылады.Алынған білімді балалармен бірлесіп жинақтауға болады.Жұмыста көрнекі сызбаларды қолдана отырып,біз ақпаратты қабылдауға,зерттеп,салыстыруға,ақыл іс-әрекеттік жоспарды іштей нақты құруға,тілдік сөйлеуге үйретеміз.Балалар талқылауға,оны бекітуге машықтанады.Сызбаны қолдану сөздік емес үрдістердің дамуына жағымды әсерін тигізеді:бала жаңа материалды меңгере отырып,өз бетімен оқуға,шыдамдылыққа үйренеді,өз ісінің жоспарын қабылдайды.Оның жауапкершілігі артады,қызығушылық сезімі оянады,өз еңбегіне деген қанағат сезімі артады.Сызба-тірекпен жұмысты кемшілігін жою мақсатында да,бүкіл топпен жұмыста да қолдана береді.

Мнемотехниканы қолданғанда балалардың шығармашылығы дамиды,бала іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелейді,жаңа тақырыпты тез меңгереді.Мнемотехниканы қолданғанда балаларды тек қана көркем шығармамен таныстырып қана қоймай,сонымен қатар,лексикалық тақырыптармен де таныстыруға болады.






Өсімдікті зерттегенде-оның қандай екенін,ол өсімдікті қандай күйде қолданады,жалпы,өсімдіктің қандай түріне жататынын балалар сипаттайды.Ересек топтарда өсімдіктің қайда өсетінін,яғни жер астында ма,жер бетінде ме бұтада ма т.с.с.тереңдете зерттейді.

Сонымен қатар,бұл әдістемеде мамандықпен таныстырғанда алдымен алдын-ала жұмыстар жүргізіледі,дидактикалық ойындар ойналады.Мысалы: «Сөйлемді аяқта» ойынында тәриеші мынадай сұрақтар қояды:Мұғалім балаларды оқытады,ал,дәрігер ше,құрылысшы үй салады,ал,балықшы ше,осы сияқтыұстаз балалардыжетекші сұрақтармен алға жетелейді.Бала алдымен ойланады,содан кейін жауап береді. «Кім не істейді?» деген ойында тәрбиеші жұмбақ қою арқылы балаларды ойланып жауап беруін ұсынады.Тәрбиеші: «Өзі ауыратын адамның жанында отырады,ауырған адамға тамшы береді,ақ халат киіп жүреді.Ол кім?»





Балаларды мамандықпен таныстыруда мынадай мақсаттар көзделеді:

  • Балалардың сөздік қорын молайту,

  • Мамандықтардың атқаратын еңбектері жайлы білімін кеңейту,

  • Сөз біліміне үйрету,сурет бойынша қысқа әңгімеқұрауын бекіту,ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Балаларды мамандықтармен таныстыруда мынадай терезелер бар:

- Бұл кім?

- Ол қайда жұмыс істейді?

-Оған не керек?

-Адамға пайдасы.

Балалар осы тапсырмалар бойынша оңай әңгімелеп береді.Осылайша басқа мамандықтарға да сызба-тірек қолданылады.

Тәжірибелі ұстаздардың тәжірибесіне сүйене отырып,төрт жыл мезгілдерін мнемосызбалар арқылы әңгімелеуге болады.

Т.М.Бондаренко,В.К.Воробьева,Т.А.Ткаченко ұсынған балаларды төрт жыл мезгілдерінің өзгеруі жайлы сызба-тіректер жыл мезгілдері жайлы ұғымын кеңейтіп, білімдерін жүйелейді. Бірақ сызбалар дәлме-дәл сәйкес келе бермейді. Жыл мезгілдерімен таныстырғанда балалардың жас ерекшелігі ескеріледі.

Балалар осы сызбаларға сүйене отырып, төрт жыл мезгілдерінің атауын, өзіне тән ерекшеліктерін дәлме- дәл ажыратып, ретімен әңгімелеп береді.

Анықталған белгілерін біртіндеп құру,балалардың сөздік қорын молайтады.Міне,сондықтан да біз оларды толықтырамыз.Балалармен бірлесе отырып,қосқан ұсыныстарымызды блоктар бойынша қолданамын.Мерзім-жыл мезгілі сияқты балалардың табиғат туралы қарапайым түсінігін қалыптастыруда дайындық этапы болып табылады.Ұсынылып отырған мнемосызбалар балалардың төт жыл мезгілі жайлы білімдерін кеңейтіп,табиғат құбылыстары жайлы түсініктерін дамытады,табиғат заңдылықтарын талқылауға көмектеседі.Сызбалар арқылы әрбір жыл мезгілдерінің мінез-құлқымен жақын танысады.Кіші топтарда дайындық этапы түрінде өтеді.Ал,ересек,даярлық топтарда біршама күрделенеді.Мысалы,сәбилер тобында қыс мезгілімен таныстырғанда-сызба тек қана төрт терезеден тұрады.Қыста қар жауады.Қар көп жауады.Балалар аққала жасайды.Шаңғы тебеді.Ересек,даярлық топтарда көктемнің үш кезі,күздің үш кезі алынады.Басқа жыл мезгілдерін де сызба түрінде кеңінен сипаттап шығады.

Мұнда балалар тек жыл мезгілдерін әңгімелеп қоймай,монологтық сөйлеу тілі қалыптасады,табиғат жайлы,олардың өзгеру заңдылықтары жайлы ұғымдары артады,сөздік қоры молаяды,әрбір жыл мезгіліне деген жағымды көзқарасы қалыптасады.





Жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақтар,болжамдар,әңгімелер айтылып,суретті альбомдар қарастыруы тиіс.



.

Қазақ халқы жыл мезгілдерінің келуін ерекше атаған. Мысалы, «жазды-келеді,қыс түседі,көктем шығады,күз келеді,»-деп айтқан. Осы орайда «Жыл мезгілдері» атты дидактикалық ойында көрсеттім.Өзтәжірибемде халық ауыз әдебиетін кеңінен қолданамын.Белгілі жазушы С.Мұқанов: «Қазақ халқының халық ауыз әдебиеті-асыл қазынасы,оның асылдарын даралап,ұрпақ қажетіне жарату керек,»-деген болатын.Ұлы ғұлама халық ауыз әдебиетін зерттеп,мақал-мәтел мәнін ашып берген.Мақал-мәтелдерді балалардың жасына сай қолдану керек.Мысалы,тақырып өнер туралы болғанда-өнерлінің өрісі кең,тақырып «нан» туралы болғанда- «нан ас атасы»,- деп айтқан.

«Жаңылтпаштар»-халық шығармашылығының керемет жанры.Қысқа рифмдік фразалар дыбыстарды құруға, айтылуы күрделі,тілді дамытуға арналғантамаша құрал.Жаңылтпаштар дыбыстық аппараттардың дұрыс айтылуына көмектеседі.Дикцияның дұрыс қойылу қабілетін дамытады,тілдік естуін,сөздік қорын молайтады.

Мнемотехниканы қолдану мақсатында,жеңіл есте сақтау және есте сақтау қабілетінің дамуы қосымша ассоциация білімі жолында жүзеге асады.

Мысалы,жаңылтпаштың суретін салу,жаңылтпашты әртүрлі сарынмен айту,жоғары дауыспен,баяу дауыспен,тілдің өзгеру сарынымен,жаңылтпашты оңнан солға қарай айту,фразаларды қайта құру.Берілген әдісті құру коррекциялық үрдістің белсенділігін дамытып,ассоциятивтік ойлау қабілетін арттырады.Графикалық мнемосызбаны жасау балаларға жеңіл болу керек.Бейнеленген жаңылтпаштар балалардың ұсақ саусақ қимылын дамытады,қызығушылығын арттырады,айтылған дыбыстарды бірнеше рет қайталауға мүмкіндік береді.Сөздерді,фразаларды,қойылған дыбыстардың үрдісін жеделдетеді.Жаңылтпаш жаттау арқылы балалардың тілдері ширап,дыбыстарды анық,айқын айтуы қалыптасады.Тіл дамыту,көркем әдебиет сабақтарында жаңылтпаштарды жаттауда мнемотехника көмекке келеді.Мысалы:

Жаңылтпаш

Ара, ара, аралар,

Орман ішін аралар.

Жаңылтпаш

қарға- қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.




Халық ауыз әдебиетінің тағы бір түрі-болжамдар.Қазақ халқы ауа-райын алдын-ала болжап отырған.Табиғат құбылыстарын болжауды күнделікті балалармен жүргізу керек.



«Оқу құралдарының мінезі-мектеп мінезінің айнасы»,-деп атақты педагог,психолог,ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай,біздің берер біліміміз,тәрбие жолына пайдаланатын әдістемелер мәнді,жұмыр болуы керек.Балаға тән білім баланың ақылына лайықталып,талабын шабыттандыратындай,ойын оятарлық,іскерлігін дамытарлықтай,бастаған іcтің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.


Торғай, торғай торғайсың Ой, балалар, балалар

Таяу келіп қонғайсың, Қоңырқай күз болыпты.

Жем шашайын тойып ал, Қурап жапырақ солыпты.

Сонда аязға тоңбайсың Ел егінін орыпты.

Олай болса ойынды балаға қай сәттерде,не мақсатпен пайдаланатынымызға тоқталып өтейік.Балалардың ой-өрісін дамытатын «санамақ» ойыны.Оның басты ерекшелігі-баланың ойлау қабілетін жетілдіру.Баланың ой-өрісін дамыту әрбір ұстаздың міндеті.Санамақтар баланың сөздік қорын молайтады,түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге көмектеседі.Қиындықты жеңуге,шыдамдылыққа баулиды.


Ей, балалар, балалар, Мені жақсы көреді,

Нан қоқымын шашпаңдар. Күдей күліп келеді,

Жерде жатса баспаңдар Көп ертегі біледі,

Теріп алып қастерлеп, Маған айтып береді.

Торғайларға тастаңдар


Халық ауыз әдебиетінің тағы бір түрі-өтірік өлеңдер.Балалар өтірік өлеңдерді жаттай отырып,ойлайды,қиялдайды,ненің дұрыс,ненің дұрыс емес екенін ойлап отырып,саралайды,тілдері дамып,байланыстыра сөйлеуі қалыптасады.

Балалардың өлең,тақпақ жаттауға деген қызығушылығын арттыру үшін-мнемотехника тәсілдерін қолданамын.Мнемосызбада кейіпкерлердің сызбалық бейнелері салынған,табиғат құбылыстары,кейбір іс-әрекеттер,яғни,керек деп саналатын жайттар бейнеленеді.Сызба-суретке қарасаңыз бәрі қарапайым,түсінікті.Жаңа тақпақты үйренгенде де алдымен шығармада кездесетін жаңа сөздер талқыланады.

Көкте құсша самғадым, Алдым жұлдыз есебін

Көрдім әлем жан – жағын. Айға кілем төседім.

Қырық көлдің суына, Найзағайды қамшы етіп,

Шөлдегенде қанбадым. Бұлттан арқан есемін.



Тәжірибе көрсеткендей,тақпақты әртүрлі сарында,әртүрлі әуезде жаттауға болады. Мысалы: тәрбиешінің қолында әртүрлі заттар бейнеленген белгілер бар.Тәрбиешіқоңыраудың суретін көрсеткенде-балалар тақпақты көңілді айтады,ал,тасбақаның суретін көрсеткенде-балалар баяу айтады.Осылайша,балалар көрсетілген белгілерге қарай отырып,тақпақты қайталайды.Балалар логикалық біртінділік символдық бейнелер арқылы тез жаттап алады.

Қоян - үй жануары емес, жабайы аң. Ол орманда тұрады. Оның төрт сирағы бар. Терісі қалың. Қыста ақ түсті, күзде сұр тусті болып өзгертеді. Қоян көжектерін сүтпен қоректендіреді. Ол қатқабат, сәбіз, жейді.


Түлкі- үй жануары емес, жабайы аң. Ол орманда тұрады. Денесі – сопақша, басы домалақ. Төрт сирағы бар. Оның терісі колың. Құйрығы – үлкен. Түлкішектерін сүтпен қоректендіреді. Ол қоян, тышқан, тауық жейді.



Мнемотехника тәсілі балаларға өте тиімді,естесақтау қабілетін дамытып қана қоймай,балалардың көркем шығармаға деген қызығушылық сезімін арттырады,оқиға желісін оңай әңгімелеп беруге көмектеседі.Сонымен қатар,қазақ ертегілерін де мнемосызба түрінде қолдауға болады.Мысалы: «Түлкі мен қырғауыл», «Әке мен бала», «Ауырған арыстан», «Кім күшті» т. с. с.

Көркем шығармамен балаларды таныстырмас бұрын онда кездесетін жаңа сөздерді талдау керек.Сол шығармада кездесетін кейіпкерлердің символикалық бейнелерін қарап,талқылау керек.Тәрбиешіде тақтада сол ертегі мазмұнына байланысты сызба бейнеленген.Баламен ертегіні таныстырып,оқып шыққан соң,тәрбиеші балаға мынадай тапсырма береді:«Ойықша терезе арқылы мен айтқан жердегі ертегі бөлігін осы ойықша терезе арқылы көрсетіп,әңгімелеп бер».Бұл жерде техникалық құралдарды қолдануға болады.Шығарманы әңгімелеуде оқиға желісінің бейнесін бірнеше бөліктерге бөліп,балаларға құратуға болады.Тапсырманы екі,үш деңгейлі етіп беруге болады.Топпен,жұппен жұмыс түрінде беріледі.Балалар өз бетінше әдеби шығармаларды айтып,шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп,диалогтағы адамдардың немесе кейіпкерлердің сөздерінмәнерлі жеткізуге икемделеді.Балалар автордың сөз өнерін қолданып,сөз мәнерін өздері машықтануы тиіс.Серіктестері айтып отырған әңгімені тыңдап отыруға,мазмұнын түсінуге әдеби кейіпкерін атымен атауға үйретіледі.Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты және дұрыс сөз қолдануға,үлкендердің көмегімен бір нәрсеге тиісті белгілердітабуға,әңгімеде ой-өрісін жеткізуге үйрету керек.Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде,тілдік метафора,теңеу,балама қолдануда сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу керек.Ойыншықтарды қолданып,суретке қарап әңгіме құрастырады.

Әңгімелеп беру-монологтық тілдің жеңіл түрі.Ол авторлық позицияны қолдайды.Онда дайын авторлық сюжет бар тілдік формалар мен әдіс-тәсілдер дайын.Бұл тілдің бейнелі,көркем болуына әсер етеді.Сәби топтарында балалар әңгіме құруды ұнатады.Балаларды ертегінің басын,ортасын,аяғын көре білуін қалыптастыру керек.Суреттерді қоюда,реттілікті сақтауға, мысалы:ұйықтайды-жаттығу жасайды,ұл бала тұрды-төсегін жинайды,балалар орманға барады,үйге себет толы саңырауқұлақпен келеді.Ол үшін мынадай ойындар ойнату керек: «Неістейді?» «Содан кейін не болды?» Мысалы:Сөз қос ойынында тәрбиеші іс –әрекеттің басын айтады,ал,бала жалғастырады.Қоян қорқып кетті де...жүгірді,тығылды.Қыз ренжіді де...кетті,жыладыт.с.с.Мұндай ойындарда көбінесе дауыс ұрғағына көп көңіл бөлінеді.Бірлесе әңгімелеуді жоспарлауды тәрбиеші өз мойнына алады.Ол сызба бойынша сұрақтар қояды,ал,балалар әр түрлі мазмұнмен толықтырады.Өз бетінше әңгімелетіп үйретуде тәрбиеші мына таныс ертегілер мазмұны бойынша сахналатады.Мысалы: «Жеті лақ», «Мақта қыз бен мысық», «Қоянның үйі» т.б.Тіл дамыту сабағында реттілік сақталады.Сонымен қатар,тілдік міндеттер жүзеге асады:дыбыстық мәдениеттілікке тәрбиеленеді,сөздік қоры молаяды,грамматикалық тұлғада дұрыс сөйлеуі қалыптасады.

«Мнемотехника», «мнемоника»-бұл әртүрлі әдіс-тәсілдер жүйесі.Қосымша ассоциация түріндегі білім арқылы зейіннің өсуі және есте сақтауын жеңілдету.Суретті –графикалық жоспар көмегімен пиктограмм түрінде беріледі,заттық сурет түрінде балалар мәтінді әңгімелеп береді.Әрбір белгіде бір мазмұн бар.Оқиғада кездесетін кейіпкерлердің іс-әрекеттері белгілі бір символдармен бейнеленеді.Мысалы: «Кейіпкер жол жүріп кетті.Ол қиыншылыққа тап болды,үйіне аман-есен сау оралды»,-депәңгіме аяқталады.Әрбір әңгіме ертегі желісіне байланысты белгілер қойылып отырылады.Ертегі желісін ойдан шығаруға болады.Мысалы:Жанұя ойынында тақтада жануарлар бейнесі тұр.Ал,балалардың алдында да сол бейнелер бар,бірақ,керісінше жатыр.Балаларға тапсырма беріледі.Пиктограммаға сүйене отырып,тәрбиеші көрсеткен сөзді ашу.Осы сияқты пиктограммаларды сабақтарда да қолдануға болады.5-6 жастағы балалар қиялдағанды ұнатады,өздері ертегілер,мен әңгімелерді құруда сауатты түрде құру үшін не істеу керек.Балаларда әңгіме құруда оның құрылымы жайлы түсініктер пайда болады.Мысалы:басталуы,соңы,ортасы.Олар өз тілінде сөздерді,сөз тіркестеріндұрыс қолдана бастайды.Әңгіме құруда бірнеше кестелерді қолдануға болады. «Мен кіммін?» «Немен?» «Орны мен уақыты». «Не болды?» «Кім кездесті?» «Соңы»деген бөлімдерден тұрады.Әрі қарай бала өзі үстел үстінде суреттерді ретімен қояды Суреттер әңгімелеу жоспарында мазмұнды дұрыс беруге көмектеседі.Басынан аяғына дейін.Балалар әңгімелеуді ұнатады.Оны алдымен тыңдайды және әңгімелейді.Бірақ барлық балалар тез есіне сақтай алмайды.Міне,сондықтан да сіздерге үш карта-кестені ұсынып отырмын.Бұл кестелер балалардың ойлай отырып,ойша құрастырып,оқиғаны өздерінің ойдан құрастыруына арналып,құрылған.Кесте түрінде кейіпкерді бейнелеу,табиғат құбылыстарын,кейбір іс-әрекеттерді,яғни,қажет деп санаған іс-әрекеттерді бейнелеуге болады.Бұл кестелер балаға түсінікті,жас ерекшелігіне сай жасалынған.Балалардың логикалық біртінділік символдарын есіне сақтауға көмектеседі,әңгімелеу элементтерін үйренуге баулиды.

  • «Мен кіммін?»шаршысы.Қыздың беті бейнеленген.немесе ұл,әртүрлі кейіпкерлерді таңдау:сиқыршы,жалмауыз,хан,аңдар т.б.

  • « Немен?»шаршысы.Көліктердің суреттері сызба түрінде бейнеленген.Әртүрлі көліктер жинағын қолдану және сиқырлы көліктер:ұшатын кеме,ұшатын тәрелке,мыстан кемпір көлігі т. б.



  • «Орны мен уақыты» шаршысы.Сызба түрінде ағаш бейнеленген,күннің көзі,қыз көк шалғында келе жатыр.Суреттерді таңдау керек:орман,теңіз,шаһар,ай,ертегі ауласыт.б.

  • «Не болды?»шаршысы.Сұрақ белгісі салынған,кейіпкерге не болған? Кімді кездестірді?





  • «Кім көмектесті?»шаршысы.Сызба түрінде қоян,айна,гүл,көзілдірікт.б.Қажетті суреттерді таңдау:әртүрлі аңдар,жын,ақшақар,ұшатын кілем т. б.

  • «Соңы»шаршысы.Сызба түрінде күліп тұрған,жылап тұрған бейне,қажетті суреттерді таңдау:үйлену тойы,ата мен әже т.б.Таңдалып алынған шаршылар арқылы заттықжәне мазмұнды суреттерді қолдана отырып,балалар шығармашылық оқиғалар құрап үйренеді.





Тәрбиеші бірінші суреттен екінші суретке көшерде көмектесіп отырады,сөздік-байланыстармен мысалы:«содан кейін не болды?», «кенеттен», «ал,бұл кезде» ...т.с.с.Әрбір оқиғада баланың ойлап тапқан аты,мазмұны,басы,ортасы,аяғы болу керек.Сөйлем түрлерінің бірнеше түрлері және сөйлем дұрыс құрылуы керек.Баланы асықтырмау керек.Баланың талқылауын тыңдау керек.Баланың қатесін жұмсақ түзеп,қажетті ақпаратты айту және баланы мадақтап отыру керек.Осы карта - кестенің бірнеше түрлерін ұсынамын.

-1-түрі.(4-5 жастағы балалар үшін) Мақсаты:1-ші карта-кестеге сүйене отырып,шығармашылық әңгіме құруға үйрету.Карта-кестенің үш суретін қолдану.Ойын үшін «Мен кіммін. Не болды.Соңы» шаршыларынан заттық,мазмұнды суреттер керек.

Ойын барысы:Бала үстел үстіне «Мен кіммін.Не болды.Соңы»суреттерін қажетті біртінділіктері бойынша қойып шығады,бұл суреттердің оқиғаның басы,ортасы,аяғы екенін түсіндіреді.Әрі қарай ұстаз бұл суреттерді басқа заттық және мазмұнды суреттерге ауыстыруға көмектеседі.Мысалы:бірінші сурет «Мен кіммін?» Қыздың суретін тауып алу.Екінші сурет- «Не болды?» Құстың суретін тауып алу.Үшінші сурет- «Соңы».Ата мен әженің суретін тауып алу.Суреттерәңгіменің өзіндік жоспары міндетін атқарады,мазмұнды басынан аяғына дейін тоқтамай айтып шығуға көмектеседі.Әрі қарай ұстаз қыз суретін көрсетіп,кейіпкер атын ойлап табуға ұсынады.Мынадай сұрақтар қояды: «Бұрын қыз қайда болды? Ол не істеді?»

Содан кейін ертегіні бастау үшін керекті сөздер мен тіркестерді еске түсіру керек.3-ші карта-кесте.Бала тәрбиеші көмегімен немесе өзі ертегі басын ойлайды.Тәрбиеші «Торғай» деген суретті көрсетіп,балаға ертегі аяғын ойлауды ұсынады.Мынадай сұрақтар қоюға болады: «Қызға не болды? Ол нені көрді? Неге қыз торғайды ұстағысы келді? Неге ол жылап тұр?»

Бала өздігімен немесе ересектердің көмегімен ертегі ортасын ойлайды.Тәрбиеші «Ата мен әже» суретін көрсетеді және ертегіні аяқтауды ұсынады.Мынадай сұрақтар қоюға болады: «Олар бұрын қайда болды? Немересіне қалай көмектесті? Оқиға қалай аяқталды?» Бала өздігімен немесе ересектер көмегімен ертегіні аяқтайды.Тәрбиеші бүкіл ертегі желісін сызба-тірек арқылы әңгімелетеді.Содан кейін ертегіні аяқтау үшін қажетті сөзді табу керектігін айтады.

3-ші карта-кесте.

Торғай суреті бойынша әңгіме құру.Бұл жазда болған еді.Айгүл атасы мен әжесімен ауылда тұратын.Бірде Айгүл аулаға серуенге шықты.Бір кезде ол кішкене торғайдың балапанын көрді.Айгүл оны ұстайын деп еді өзі құлап түсті,ал,балапан ағаштың басына ұшып кетті.Осы кезде атасы мен әжесі немересін іздеп жүрді.Айгүл жылап отыр,тізесі ауырып қалыпты,торғай да ұшып кетіпті.Атасы мен әжесі қызды тынышталдырды және құсты ұстамау керектігін айтып түсіндірді.Міне,осылай ертегі тәмам болды.

2-ші түрі.(5-6 жастағы балаларға арналған) Ойын мақсаты:1-ші кесте-картағасүйене отырып,шығармашылық әңгіме құрау.Ойын үшін жалпы 1-ші карта-кестедегі алты карточка керек және заттық,мазмұнды суреттер.

Ойын барысы:1-ші кесте-картадағы барлық карточкаларды қарап шығу керек және әңгіме құруды ұсынамын.Бұл суреттерді басқа заттық,мазмұнды суреттермен ауыстыруға көмектесемін.Мысалы:1-ші сурет- «Мен кіммін?» Патшаның суретін қою.1-ші кестедегі сияқты.Әрі қарай бала үстел үстінде қажетті суреттерді ретімен қойып отырады, «неге мына суретті солай қойдың?» -деп баладан сұрап отыру.Суреттер әңгіменің немесе ертегінің әртүрлілігі үшін қызмет атқарады.Ертегі мазмұнын басынан аяғына дейін тоқтамай әңгімелеп шығуға көмектеседі.Қазір әңгімені құруға болады.1-ші бала1-2 суреттер арқылы әңгіменің басын «Мен кіммін?» «Немен?»шаршысы бойынша құрайды.2-ші бала 3-4сурет пен «Орны мен уақыты», «Не болды?» шаршысы бойынша әңгімені жалғастырады.3-ші бала 5-6 суретпен «Кім көмектесті?» «Соңы» шаршысы бойынша ертегі соңын құрып,аяқтайды.4-ші бала бүкіл ертегі желісін карта-кестеге сүйене отырып,әңгімелеп береді.Содан кейін 3-ші карта-кестедегі ертегіні аяқтайтын сөзді табу,еске түсіру.

Үлгілеу көрнекілігін жұмыста қолдануда біз балаларды неге үйретеміз:

  • Ақпаратты талқылауға,зерттеу жұмыстарын жүргізуге,салыстыра білуге,ақыл-ойына кіші жоспарды айқын түюге,тілдік сөйлеуге үйретеді.

  • Талқылай білуге,ақыл-ойға салуын қалыптастырады.

  • Сөйлеу тілі емес:зейіні,еске сақтау қабілеті,ойлау үрдістеріне жағымды әсер етеді.


Зерттеу жұмыстары көрсеткендей,жаңа материалды талдай отырып,оның белгілерін анықтай отырып,бала шыдамдылығы дамиды,өз ісінің жоспарын көзбен көріп,қабылдайды.Оның жауапкершілігі артып,қызығушылығы пайда болады,өз ісіне деген қанағаттанушылық сезімі оянады,психикалық түйсіктері,яғни:есте сақтау,ойлау,кемшілігін жою жұмыстарында да біршама өзгерістер болады.Балалардың тіл байлығы артады.Мнемотехниканы сонымен қатар,бүкіл топ балаларымен де өткізуге болады.Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда сөздік жұмысы,сөйлем әңгіме құрастыру жұмыстары жүзеге асады.Сурет жинақтары бойынша әңгіме құрау,ертегіні сахналау,суретті кітаптар қарау. Бұрын оқылған шығармалар бақылаған көріністерді жүйелі әңгімелей білу,монологтық сөйлеу арқылы жүзеге асады.Бұл баланың адамды тыңдай білу,әңгімелеу кезінде сұраққа дұрыс жауап беруге ықпал етеді.Ертеде ата-бабаларымыз мақалдап жауап берген.Балаларды мақалдап сөйлеуге үйрету,оның мағынасын түсіндіру,ана тілінде таза сөйлеуге үйрету,ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ересек,даярлық тобының балаларын адамгершілікке тәрбиелеп,тілінің дамып,сөздік қорын байытуда халық ауыз әдебиеті,классик жазушылардың шығармаларын таңдап алып,балалардың күнделікті әрекеттерімен сабақта салыстыра оқу,ойнату тәсілдері көзделеді.Бұл үшін нені ескеру керек?

  • Баланың жас ерекшелігін ескеру.

  • Тәрбие жұмысын сабақтастыру.

  • Ұлттық психикалық ерекшеліктерді ескеріп,ойын-ермектер түрінде ұйымдастыру,ертегілерді сахналау,кейітендіру,т.б. жайларға көңіл бөлу.

  • Балаларды тіл дамытуға,байланыстыра сөйлеуге үйретуде:ауыз әдебиеті жанрларын,мақал-мәтел,жұмбақ,әңгіме,тақпақтарды тәрбиенің мақсат-міндетіне сай қолдану.

  • Бала өздігінен орындауға тиісті ойын-жаттығуларды түрлендіріп,сахналау,кейіптендіру,қуыршақ,көлеңке театры,мазмұнды-желілі ойындар т.б.

  • Баланы жасынан ата-баба дәстүріне,инабаттылыққа,мейірімділікке тәрбиелеуде жүзеге асыру.


Мынадай кешенді әдістерді қолдану:

- Оқып-түсіндіру,әңгімелесу,әңгімелеу,тыңдату,

- Сахналық көріністерді кейіптендіру,ойын-жаттығулар,өздеріне қандай кейіпкерлер ұнады соны бейнелеу.Өз қиялы бойынша ертегі,әңгіме құру, мазмұнды-желілі ойындар ойнату.

Шығармашылық-адамзаттық өмір шындығына,өзін-өзі тануы болып табылады.Бала дұрыс ой түйіп,өздігімен шешім қабылдауға үйренеді.Балалардың шығармашылын дамытуы үшін ұстаз ең алдымен мына жағдайларды да еске алған жөн.Әрбір шығармашылық тапсырмаларды бала жасына сай алу керек.Шығармашылығын дамытуда тәрбиеші мен ата-ана арасында сабақтастық болуы шарт,қолайлы жағдай туғызу.Бұл жерде ұстаздың рөлі ерекше.Баланың қиялын дамытуда әртүрлі ойын жаттығуларын,мнемотехниканың элементтерін қолдануға болады.Шығармашылы бағытқа баланы жүйелі,сапалы түрде қалыптастырады.Ол үшін ұстаздың қолданатын әдіс-тәсілі балаға қызықты,тартымды болуы керек.Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану балалардың ойлауын,қиялын ойын дағдысын меңгеруге үйретеді. Бала бойындағы қабілеттерін дамытып,олардың жан-жақты болып өсуіне көмектеседі.Балалардың шығармашылығын дамытуда,олардың белсенділігі,қызығушылығы артады,қиялы дамиды.Ол үшін мұндай әдіс- тәсілдерді сабақта,сабақтан тыс кездерде де қолдана береді.Шығармашылықты дамытуда мынадай шарттарды орындау керек:

  • Шығармашылық қабілетін ерте бастан бастаған дұрыс.

  • Жұмысты жүйелеу.

  • Барлық қажетті жағдайларды жасау.


Диалогтық сөйлеуге үйрету.Ұрпағымыздың парасатты да білікті,мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп,олардың дүниетанымын жалпы азаматтық деңгейде дамыту барысында егеменді елімізде ана тілін тереңдетіп оқыту өмірлік мәнге ие.Ана тілін тереңдете оқытуда айрықша көңіл бөлінеді.Балалардың грамматикалық тұлғада дұрыс сөйлеуін қалыптастыруда сызба-тіректермен жұмыс жасалады,тақпақтар жатталады.Тіл- адамның қатынас құралы болғандықтан,ана тілін үйретудің басты мақсаты-балаға өзі қоршаған ортаны,заттарды,құбылыстарды таныстыру көзделеді.Бұлардың бәрі де балаға белгілі бір тақырып айналасында,екінші біреудің сөзін есту арқылы онымен әңгімелесу,сөйлеу немесе сұрақ-жауап,яғни, диалог түрінде меңгеріледі.Ана тілінде таза сөйлеуде диалогтық сөйлеу талаптары балалардың төмендегі сөйлеу қызметтерін анықтайды:

  • Танымдық:түрлі фактілер туралы хабар беру,суреттер,сұрау,анықтау,қарсы келу,жауапты мақұлдау.

  • Күнделікті өмірде:түрлі сұрақтар түрін қою,өтініш жасау,кеңес беру,шақыру т.б.

  • Бағалап-бағдарлау:өз пікіріңді айту,өз пікірің бойынша суреттер беру,өз бағалауың бойынша әңгімелеу.

Үлгілеу көрнекіліктері-талқыланған нысанның сапасын қабылдау,оның қосшысын құру және олармен жұмыс жасау.Бұл мектепалды балалары үшін маңызды,себебі,ақыл-ойы дамиды,көре отырып,әңгімелейді.Үлгілеу көрнекілігі арқылы неге қол жеткіземіз?

  • Бала өте зерек,қағілез болады.

  • Бір мәселені шеше білуге үйрету.

  • Символикалық аналогия балалардың есте сақтау қабілетін дамытады,өтілген материалды есте сақтауға көмектеседі,есте сақтау тәсілдерін қалыптастырады.

Есте сақтауды бекітудің ережесінде былай делінген: «Оқығанда-жазып ал,сызбасын сал,диаграммасын,кестесін салып ал».Үлгі элементтерінің үш түрі мыналар:

  • Геометриялық пішіндер арқылы ертегі құру.

  • Силуэттік бейнелер арқылы ертегі құру.

  • Заттық сызбалық үлгілеу.

Үлгі элементтері арқылы әңгімелеуде мынадай ертегілерді геометриялық пішіндер арқылы кіші топтарда қолдануға болады.Геометриялық пішіндерді қолданғанда балалар қарапайым пішіндерді қолдана отырып,олардың көлемін,түстерін ажыратады.Кейіпкерлердің мінез-құлқын,сыртқы пішінін ересектердің көмегімен ажыратып,ертегіні әңгімелеп береді.Мысалы:Шалқан ертегісін әңгімелегенде үлгі элементтері арқылы былай қолдануға болады:











Бұл жерде «Шалқан» ертегісін шалқан-сары түспен,үлкен пішінмен,басқа кейіпкерлердің пішіндері бірдей,бірақ көлемдері әртүрлі,түстері де әртүрлі.Бала геометриялық пішіндергеқарай отырып,шалқанның сары түсті екенін тез ойлайды,әңгімелейді.Ал, «Қоянның үйі» ертегісінде түлкіні-тоқсары түспен,қасқыр-сұр дөңгелек түспен,аюды-қоңырмен,әтешті –қызыл дөңгелек түспен бейнелейді,түлкінің үйі-қоңыр шаршымен,ал,қоянның үйін –көгілдір шаршымен белгілейді.











Ал,«Жеті лақ» ертегісінде қасқырды-үлкен дөңгелекпен,ешкіні-сұр үшбұрышпен,лақтарды кіші сұр түсті үшбұрышпен белгілейміз.











«Үш торай» ертегісінде қасқыр-сұр үлкен дөңгелекпен,ал,үш торай-кіші қызғылт түспен белгілейді.









Силуэттік бейнелермен шығармашылық ертегі құру.

Баланың шығармашылығын дамыту машықтарының бірі-силуэт бейнелері арқылы ертегі құру.Үлгі элементтерінің сапасы ретінде аңдардың,өсімдіктердің, адамдардың,табиғат құбылыстарының бейнелері алынады.Силуэттік бейнелерге сүйене отырып,тәрбиеші бір ертегінің басын бастайды, ал балалар аяқтайды.Мысалы:Ерте,ерте,ертеде күннің көзі түспейтін қап-қараңғы орманда бір әдемі гүл өсіп тұрыптыт.с.с.



Силуэттік бейнелердің суреттік материалдан ерекшелігі-нақты мазмұнын ашпай,мінез-құлқы,көңіл-күйі тіпті кейіпкердің сыртқы пішіні-балаға таныс болу керек. Балалар силуэттерін анықталған мағыналық сапасына қарай анықтайды.Келесі бөлімде бала өзі берілген ертегі тақырыбы бойынша ертегі мазмұнын өзі ойлап табады.

Мазмұнды сурет бойынша хабарлы монолог құру.

Сурет бойынша әңгімелеудің өзі үш бөлімнен тұрады:

  • Сурет мазмұны бөліктерін бөліп алу.

  • Олардың арасындағы байланысты анықтау

  • Бір толық мазмұн шығаруда бөліктерін қосу.

«Нұрсәуле» атты әңгімеде алдымен балаларға осы әңгімеде әңгіменің алдымен жеке бөліктерін жеке-жеке әңгімелеп,содан кейін бүтіндей әңгімелету керек.Олардың арасындағы байланысты анықтау.


Деп,нұрсәуленің әтешке түсуінде-күннің әтешпен байланысын,одан соң торғайға түскендегі екеуінің арасындағы байланысты, одан әрі күннің балаға түсуін,яғни,нұрсәуленің адамды оятуы,арадағы байланысты,әңгіме соңында ұйықтап жатқан арыстанға түсіп,оянып,тамағын табуға кеткені баяндалады.



Осы сияқты басқа да әңгімені бала жасына сай таңдап,осы әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Бұл әңгімеде тек бұл әдіс-тәсілге ғана емес,артикулляциялық жаттығу жасауға да қолданылады.Мысалы,әтеш-шақырады,торғай-шиқылдайды,арыстан-ырылдайды т.с. с.

Әңгіменің соңында:

-«Міне, тағыда бір арайланып таң атты, тағы да бір жаңа күн келді», - деп әңгімені аяқтаймын.

Балалардың шығармашылығын дамытуда мнемотехника көмекке келеді.

Ертегінің бастапқы кейіпкері-көк түспен,қалғандары қосылған кейіпкерлер.Соңында барлық кейіпкерлер кетіп,бір ғана кейіпкердің қалғаны көрінеді.





Балалардың шығармашылық әңгіме құруында көрнекілік үлгі баланың алдындағы қорқынышын жояды.Бұл түрі-баланың әртүрлі бөліктермен және шығарманы толық әңгімелеуі.Балаға әңгіменің үлгісі беріледі,ол арқылы байланысты әңгіме құра білуі керек.Үлгі элементтерінойша ойлап,байланыстық әңгіме құрау.Бұл біліктілік әңгіме құру машықтарына үйретеді.

Үлгілеуден әңгімелеуге көшу төмендегідей:

  • Іс-әрекетке байланысты эпизодты табу,Суретке қарап сол әңгіменің эпизодын табу.

  • Ересектерәрекетін әңгімелеу мысалы:тәрбиеші аюдың әрекетін ыммен көрсетеді,ал,бала табуы керек.Мазмұнды шығармашылық машықтарынқалыптастырудың реттілігі мынадай:

  • Тәрбиеші нақты әңгіме кейіпкерінұсынады.

  • Балаға бір жағдай ойлату,белгілі бір орында нақты кейіпкерлермен өтетін,әңгіме үлгісі тәрбиешіге тапсырылады.

  • Нақты кейіпкерлер силуэттік бейнелермен алмастырылады.

  • Балаларға ертегіні немесе әңгімені құруға ұсынылады,нақты емес,кейіпкердің көмекшісі-геометриялық пішіндер.

  • Бала өз әңгімесіне өз бетінше кейіпкер ойлап табады.

Көркем шығарманы сызба бойынша әңгімелеудегі қадамдар:

Бірінші қадам-Бұл ұжымдық жұмыс шығармадағы детальдарды бірлесе ойлау,айта отырып,сызбасын салу. Мысалы: «Шұбар тауық» ертегісіндегі барлық кейіпкерлерді анықтаймыз:

  • Әрбір кейіпкерлерді белгілейтін белгілерін анықтау,оларға ары қарай белгілер ойластыру.

Содан кейін бір бөлігін тыңдаймыз,бірге суретін саламыз.Бала айтады,ал,тәрбиеші суретін салады.немесе үлгідегі барлық элементтерін салады.

Екінші қадам:Айтып отырып,салу:Балаларға бөліктерін салу ұсынылады,қатысушылардың және маңызды нысандарға көп көңіл бөлінеді.Бұл бөлімде балалар жұмыстың үлкен бөлігін орындайды.Тәрбиеші өзіне көп жүк артады,бірақ әрбір қимылын ұстаз айтып отырады.Мысалы: «Қызыл телпек» ертегісінде:Қызыл телпек орманда келе жатты,естеріңе түсіріңдерші орманды қалай белгілеп едік?Қызыл телпекті қалай бейнелеу керектігін ұмытпаңдар,көрсетіп беріңдер.Қараңдар,мен қалай белгіледім?Бөліктерде барлық кейіпкерлер біртүрлі белгілермен бейнеленеді.Басында қалай белгіледік-солай.

Үшінші қадам-конспектілеу.Ертегілердің немесе тақпақтардың анықталған эпизодтарын салу.Сызба-суреттер жинағы керек. Бұл бөлімде балалар өз бетімен жұмыс істейді.Тәрбиеші біраз үзіліс жасап отырады, суреттердің сызба түрінде болуын қадағалайды.Баланың қиялы мен шығармашылығы үшін кең орын берілуі тиіс.


Төртінші қадам:Көмекші жоспарлау.Сабаққа дайындықта шығарма бірнеше бөлікке бөлінеді.Балалар қағаз бөлігін дәл параллельді түрде толтырады,бірнеше үзіліс жасай отырып.Шығарманы оқымас белгілерін талқылау керек.Топпен бірге.Мысалы: «Түлкі мен қырғауыл» ертегісінде

Бесінші қадам.Өздігімен шығарманы сызу.Шығарма бөліктерін үлгілеу және жоспарлауға үйретеді.Балалар бөліктерге бөледі,тігінен және көлденең,түзу,ирек сызықтармен,белгілі бір ені бойынша-интервалмен.Шығарма соңында нүкте қойылады.Мысалы: «Әже мен немере» атты әңгімені былай бейнелеуге болады:

Алтыншы қадам.Сызбаны жоспар құра оқу,білу іскерлігіне үйрету.Бұл қадам балаларға сабақты қызықты өткізуге көмектеседі,монологтық байланыстыра сөйлеуге үйретеді.Монолог-сипаттау,хабарлы монолог,талқылау монологы міндеттерін шешуге көмектеседі.Балаларға алдын-ала карточкалар дайындау ұсынылады,әртүрлі тапсырмаларды қолдануға болады.Мысалы:«Қояның үйі» ертегісіндеәрбір алты бала өз суреті бойынша әңгімелейді.

-Өздеріне ұнаған бөліктерін әңгімелеу.

-Қоянның итке кеп қандай көмек сұрағанда,әтешке келгендегі кезі.Көңіл-күйі қандай болды?

-Қоян итке оның үйін түлкінің алып қойғанын монолог-сипаттау арқылы айтып беру.

-Ертегі сөздермен әтештің қандай батыл екенін дәлелдеу.Монолог,талқылау арқылы дәлелдеу.

-Ертегі соңын әңгімелеу.Ретімен,уақыты,түсінігі.Хабарлы-монолог арқылы.

Әртүрлі кейіпкерлер атынан диалогтық сөйлеу тілі.

-Қоянға ақыры нелер көмектесті?Әңгімелеп бер.

-Логикалық байланысын құру.

Балалар әртүрлі сызба мен үлгілерді құруда әңгімелеп береді,оқиды,көркем шығармамен таныстыруда олардың жеке қабілеттеріне сай сызбаны,іс-әрекет негізінде қарастырады.

Жетінші қадам.Әртүрлі сызба үлгілерін құру.Сабақта балалардың белсенділік іс-әрекетіне көмектеседі.Бірақ,мұнда үлгінің реттілігін қабылдау емес,олардың кез-келген бөліктерін түсіну болып табылады.Шығарманың мазмұнын түсіну үшін жұмыс жүргізіледі.Ертегі не үшін әңгімеленді?кейіпкер ол қандай адам?

Уақыт және логикалық байланыстар,шығарманың тілі,мнемотехника әдісінің нәтижелерінің критерийлері:

  • Көп варианттар ішінен белгілерін таңдау шығармаға жақын болуы керек.

  • Шығарманың кейіпкерлерін анықтау. (Ата,әже,қыз,алтын балық,мыстан кемпір т. б. )

  • Шығарманы айтып отыру арқылы жеке бөліктерін салу.

  • Сызба-үлгідегі берілетін бөліктерді табу және оны мәтінге сәйкес әңгімелеу.

  • Өз бетінше сызба үлгісін салу.

  • Ұсынылған сызбадағы кеңістікті өз бетінше орналастыру.

  • Бейнелі сөздер мен сөз тіркестерін еске сақтау.

  • Мнемосызбаны тақпақты жаттауда,ертегіні құруда,әңгімелерді құруда ғана емес,балаларды айналамен таныстыруда да кеңінен қолдануға болады.

5-6 жастағы топтар арасындағы тіл дамыту.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы негізгі бағыттарға мыналар жатады:

  • Тіл байланысы мен қалыптасуы.Диалог және монолог.

  • Тіл байлығының мәнерлілігі,мәдениеттілігінің дамуы.

  • Әдеби оқулыққа,әдебиетке дайындық.

Тіл қатынасының дамуы.Балалар өз бетінше әдеби шығармаларды айтып,шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп,диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге тырысады.Балалар автордың сөз өнерін қолданып,сөз мәнерін өздері машықтануы қажет.Серіктестері айтқан әңгімені тыңдап отыруға,мазмұнын түсінуге,әдеби кейіпкерлерін атымен айтуға үйренеді.

Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты және дұрыс сөз қолдануға,үлкендердің көмегімен бір нәрсеге тиісті белгілерді табуға,нақты бейнелеуге,әңгімеде ой-өрісін жеткізуге,үйрету керек.Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде,сонымен қоса тілдік метафора,теңеу,эпитет,балама қолдануда сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу қажет.

Ойыншықтарды қолданып,суретке қарап әңгіме құрастырылады.Баланың өзі құрастырған әңгімесінде жанрдың негізгі ерекшелігін таба білуінде.Сюжет ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлілігі.Ертегідегі жақсылықтың жеңгені,сиқырлық жайында,кейіпкерлерді басқа бір нәрсеге айналдырып,және т.б.қолдана отырып,ертегі құрастыруға үйрету.

Бұл жастағы балалар шығарманы қызығушылықпен тыңдайды,әңгімелерді түрлендіре біледі.Баланың шығармашылық қабілеттілігінен туындаған әңгімелерінде көңіл аударып,көмектесіп,қол ұшын береді,дұрыс емес жерін түзетеді.

Сабақ алдында балалармен алдын-ала жұмыс жүргізіледі:

  • Балалардың танымын кеңейту,танымын материалмен толықтыру.

  • Сабақ алдында табиғат құбылыстарын бақылау,немесе ауызша халық ауыз шығармашылығының шығармаларын еске түсіру.

  • Үлестірмелі заттар мен құралдарды дайындау,ақпаратты қолдану.

  • Ұстаздың әдіс-тісілдерді таңдауы балалардың қызығушылығын арттыруда керек.


Сабақ кезінде: «Ал,сен бұл жайлы не білесің?» немесе «Тағы да бұл жайлы не білесің?» деген сұрақтар қойылады.Сабаққа қимылды ойындарды қолдану,сөздік ойындарды,ән тыңдау,өлең тыңдау,халық болжамдарын,жаңылтпаштарды қолданған ыңғайлы.Сабақтың негізгі бөлігі-сипаттау әңгімесін құру болып табылады.Бұл үшін мнемосызба көмекке келеді.Т.В.Большеваның «Учимся по сказке» деген еңбегіне сүйене отырып,және Л.Е.Белоусованың «Весёлые встречи» атты кітабынан үлгі-сызбаларды қолданған ыңғайлы.Егерде Т.В.Большева әңгімені құруға дайын мнемокестелерді ұсынса,ал,Л.Е.Белоусова өз үлгі сызбасы бойынша символдарды өздері салу керектігін ұсынады.Л.Е.Белоусованың еңбегін ересектер тобында қолданған дұрыс.Мен өз еңбегімде осыларды кең қолданамын.Мектепке бейінгі жас балаларды көркем,әдемі,сауатты сөйлеуге үйрететін жас.Бұл баланың ақыл-ойын дамыту болып табылады.

«Мнемотехника» немесе «мнемоника» грек тілінен аударғанда, « есте сақтау өнері» деп аталады.Мнемотехника-бұл әдістер мен тәсілдер жүйесі екені бізге мәлім.Яғни,белсенді еске сақтауды қамтамасыз ететін,ақпаратты сақтау және қабылдау деген сөз.Баламен жұмыс істеуде байланыстыра сөйлеуін,меңгеруін, жеңілдетеді.Содан басқа сызба жоспарының нақты,байланысты және реттілігін көрсетеді.Мнемосызба-бұл нақты ақпарат салынған сызба.Сәби,орта топтарда түрлі-түсті мнемосызбалар қолданылады,сонда балалардың есінде заттың жеке бөлшектері сақталып қалады.Мысалы:Түлкі-тоқсары,тышқан-сұр,шырша-жасыл түс т.с.с.Сабақ бірнеше бөлімнен тұрады:

  • 1-ші бөлім:Суретте не бейнеленген?Сызбаны қарау.

  • 2-ші бөлім:Ақпараттың құлпын ашу жүзеге асады.Символдан бейнеге ауысады.Мысалы:


үй- орман- аю-



  • 3-ші бөлім.Берілген тақырып бойынша ертегіні немесе әңгімені әңгімелеп беру құлпын ашудан кейін жүзеге асады.Сәби тобында тәрбиеші көмегімен,ал,ересек топтарда өз бетінше жүзеге асады.Балалардың есінде жеке бейнелер тез сақталып қалады.Мысалы:Балапан-сары түс,тышқан-сұр,шырша-жасыл.т.с.с.Қатынастан басқа тілінің функциясы дамиды,іс-әрекеттің ретімен және логикалыққұрылымы қалыптасады.

Балалардың байланыстыра сөйлеуін қалыптастыруда тек мнемосызбамен шектеліп қоймау керек.Бұл тек бастамасы ғана болып табылады.Себебі,балалардың есте сақтау,қабылдау қабілеті дамиды,көру ақпараты қайта қаралады,оны сақтап,қабылдайды.Сурет қарастыруда дидактикалық ойын барысында болсын,әр баланың жеке дамуына жол ашылады.Дидактикалық ойындағы танымдық деңгей ойынның ережесінде және ойынның әрекеттерінде байқалса,оқыта отырып ойнатуда не суреттер қарастырып оқытуда баланың әрбір тапсырманы дұрыс орындауға бағыттайтын шеберлігі ұстаздың тікелей нұсқауынан байқалады.Ұстаз түсіндіріп,нұсқау берген кезде даусының үнімен ең негізгі білуге қажетті мәселені ерекше екпін қойып айтады.Дидактикалық материал әрі мәтін,әрі сол мәтінге негізделген сурет болған жағдайда баланың сол материалменәрекетіне баса назар аударылады.



Дидактикалық ойындарға сипаттама.

Ойын балалардың іс-әрекетінің бір түрі.Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады,өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Аса ірі психологтың айтуынша,бала ойын үстінде қандай болса,өскенде де сондай болады.Ойын-адамның өмір танымының алғашқы қадамы.Ойын-балалар үшін күрделі әрекет,ол білімді,ақылды ұйымдастыруды қажет етеді.

Ұсынылып отырған дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ойының дамуына,зейінін,байланыстыра сөйлеуін қалыптастырады,сөздік қорын молайтады,сенсорлық қабілетін дамытады,көру,есту,еске сақтау қабілеттерін кеңейтіп,қоршаған ортаны танып білуге үйретеді.Кейбір ойындар балалардың байқампаздығын дамытады,қиялын,қимылының анықтылығын арттырады,адамның әртүрлі көңіл-күйін ажырата білуге үйретеді.Сонымен қатар,ойойлау қабілеттерін дамытып,іздемпаздығын арттырады,белсенділік танытып,бағдарламалық материалдарды меңгерулеріне әсер етеді.Дидактикалық ойындар сәбилер тобынан басталады. Мұнда басқа топтарға қарағанда жеңіл түрлері беріледі.Дидактикалықойындарды іріктеуде баланың ойынды саналы түсініп,оның шартын дұрыс орындауға тырысып,белгілі бір нәтижеге жету көзделеді.Балаға ұсынылған ойындар бала жасына сай болуы керек.





Тақырыбы: «Тас тіріл.»

Мақсаты:Балалардың ақыл-ойын дамыту,байланыстыра сөйлеуге үйрету,өз ойларын дұрыс жеткізе білуге баулу.

Шарты:Тәрбиеші балаларға әртүрлі аңдардың,құстардың силуэттерін таратады.Ал,балалар силуэттерге сүйене отырып, қажеттісін тауып,әңгімелеп берулері керек.



Тақырыбы: «Цирк» (Даярлық тобына арналған)

Мақсаты:Балалардың тілін дамыту,ақыл-ойын қалыптастыру,циркте болатын жануарлардың қандай болатынын силуэттер арқылы тауып,әңгімелеп беру.

Тақырыбы: «Наурыз көже.»

Мақсаты:Балалардың тілін дамыту,ұлттық тағам түрлерін атап,түстерге теңеп бере білуге үйрету,сөздік қорын молайту.

Шарты: Балаларға наурыз көжеге қосылатын жеті тағамның түрлері көрсетіледі.Балалар ол тағамдарды қандай түске теңейтінін әңгімелеп береді.Түстің жанына қажетті тағамды қояды.

Тақырыбы: «Жаңа пәтерге көшеміз»

Мақсаты:Балалар заттарды ажыратып беруге үйрету,топтауға баулу. Байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру.

Шарты:Тәрбиеші:Біз жаңа пәтер алдық.Алдымен ыдыстарды жинап алайық.Ол үшін сендер маған көмектесіңдер,ал мен жинаймын.Зейінді болыңдар.Заттарды маған әкеп,сипаттап отырыңдар,ыдыстарды көк қорапқа саламыз.Осылайша киімдерді шифонерге жинаймыз,тағамдарды бөлек т.с.с.

Тақырыбы: «Жемістер-көкөністер.»

Мақсаты:Балалардың тілін дамыту,жемістерді,көкөністерді бір-бірінен ажырата білуге үрету,олардың өзіндік ерекшеліктерін айтып,дәлелдеп беруге баулу.

Шарты:Ойын басында жүргізуші балалардың есіне мынаны салады: «жеміс деген не?» «көкөніс деген не?» Жемістерге бақтың суреті,көкөністерге бақшаның суреті беріледі.Бұл суреттер үстелдің екі шетіне қойылады.Заттық суреттер,жемістер мен көкөністер төңкеріліп жатыр.Балалар кезекпен бір суреттен алып,атайды,сосын қай топқа жататынын түсіндіреді.Түсіндірме толық түрде өтеді.Мысалы:қызанақ-көкөніс,себебі ол,бақшада өседі т.с.с.Кімде көп сурет-сол бала жеңеді.



Тақырыбы: «Өсімдіктер әлемінде.»

Мақсаты:Балаларды өсімдіктермен таныстыру,өсімдікке не жататынынбілуге белсендендіру,ағаштар,бұталар,гүлдердің өсімдікке жататынын бекіту.

Шарты:Лото үлкен суреттен тұрады,ортасында мазмұнды сурет бар,табиғаттағы өсімдіктердің суреттері.Ал,шетінде заттық суреттер бар.Мысалы:гүлдер мен ағаштар.Үлкен карточкалардан басқа кішкене карточкалар бар.Ойын ережесі сияқты өтеді.Барлық кішкене карточкалар таратылады.Әрбір қатысушы бір сөзбен барлықтоптарды атайды,яғни,өсімдік атауларын.



Тақырыбы: «Сөйлемді аяқта.»

Мақсаты:Балалардың тілін дамыту,байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру,мамандық атауларын атап,әңгімелеп беруге үйрету.

Шарты:Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды,ал,балалар жалғастырады.

Мұғалім балаларды оқытады,ал,дәрігер ше?

Құрылысшы үй салады,ал,суретші ше?т.с.с.

Тақырыбы:«Адамның көңіл- күйі»

Мақсаты:Баланың қиялын дамыту,ым-ишараға үйрету,қимылдың айқындылығын дамыту.Баланың өз ойын көрсете білуін қалыптастыру,ымның көмегімен адамның бет-әлпетінің қандай күйде екенін ажырата білуге үйрету.

Шарты:Балаларға бір-біріне ым арқылы көрсетіп,айту үшін мынадай тапсырмалар ұсынылады.Балаларға сүреттерге қарай отырып, адамның көніл –күйінің қандай екенін айтып, түсіндіру керек.

Тақырыбы: «Ертегіні бейнеле.»
Мақсаты:Балалардың ақыл-ойын дамыту,ертегіні ым арқылы бейнелеп беруге үйрету.

Шарты:Бір топ өздеріне таныс ертегіні бейнелейді немесе мультфильмді сөзсіз бейнелеуге тырысады.Ыммен,ишарамен заттардыда бейнелеуге болатынын түсіндіріледі.

Тақырыбы: «Мамандық.»

Мақсаты:Балалардың қиялын дамыту,адамның көңіл – күйіным-ишара арқылы бейнелеуге баулу.

Шарты:Балалар жұппен тұрады.Тәрбиешініғң тапсырмасы бойынша айтқан көңілді-көңілсіз суретшінің қимылын,биші,дирижёр,тәрбиеші,аулашы,құрылысшы т.б.мамандықтың іс-әрекетін,өздік ерекшелігін іспен бейнелеуі керек.

Тақырыбы:«Бұл кім?»

Мақсаты:Балалардың ойлау қабілетін арттыру,ақыл-ойын дамыту,жұмбақты шеше отырып,қандай маман иесі екенін дәл тауып айта білуге үйрету.

Шарты:Тәрбиеші: «Ауыратын адамдардың жанында отырады.Ол адам ауырған адамға емделу керектігін айтады,ауру адамға тамшы,дәрі береді.Бұл кім?»

Балалар жауап береді .Осылайша ойын жалғаса береді.

Тақырыбы: «Жалғастыр.»

Мақсаты:Балалардың мамандықтарды дұрыс атап берулерін қалыптастыру,тәрбиеші сұрағына дұрыс,ойланып жауап беруге баулу.

Шарты:Тәрбиеші: «Құрылысшы мекеме салады,ал,суретші ше?Бала ары қарай жалғастыруы керек.Аспазшы тамақ пісіреді,ал,сылақшы ше?» Бала жауап береді .Осылайша ойын жалғаса береді.

Тақырыбы: «Мен бастаймын,сен жалғастыр.»

Мақсаты:Балалардың ойлау қабілетін дамыту,заттың сапасын,қасиетін анықтауға үйрету,ерекше қасиеттерін атап беруге баулу.

Шарты:Тәрбиеші сөйлемді бастайды,ал,балалар әрі қарай жалғастырады.Мысалы: «Өзі қу,жыртқыш,бәрін алдайды,ертегілерде көп кездеседі» т.с.с. «Ол не?» Балалар : «Ол түлкі»-деп жауап береді. «Өзі жүгіруді ұнатады,аулауға шыққанда із кесуді үйренеді.Ол не?» Балалар: «түлкішек» –дейді Осылайша тек қана аңдарды емес,тұрмыс құралдарын,затты топтауға да ойнай беруге болады.



Мнемотехника әдісінің нәтиже бағасының критериі:

  • Берілген шығармаға сәйкес белгілерді таңдау.

  • Барлық кейіпкерлерді сала білу (шал, кемпір,алтын балық,теңіз т.б.)

  • Тәрбиешінің айтуы бойынша салу.

  • Берілген тапсырма үзінділерінің сызбасын салу,табу,мәтінге сәйкес әңгімелеу.

  • Өздігімен берілген сызба бойынша кеңістікті бағдарлау,тапсырманы орындау.Бейнелі сөзді,сөз тіркесін қолдану.

  • Мәтінге сәйкес немесе шығарманы әңгімелеу.

Мнемотехниканы қолданғанда неге қол жеткізуге болады:

  • Балалардың ертегіні ретімен әңгімелеп беруне деген қызығушылығы артады.

  • Қоршаған орта жайлы таным-білімі артады.

  • Сөздік қорының белсенділігі артады.

  • Балалардың ұялшақтығыжойылады,өзін-өзі ұстауы қалыптасады.






Мнемо сызбалар үлгілері арқылы көркем әдебиет бойынша жобалы жұмыс жоспары.


р/с

Ертегілер

Ұйымдастыру түрі

Мерзімі

1

«Қу түлкі»

Мнемо сызбалар

Қыркүйек

2

«Күз» өлеңі

Мнемо сызбалар

Қазан

3

«Арыстан мен түлкі»

Мнемо сызбалар

Қараша

4

«Алтын сақа»

Мнемо сызбалар

Желтоқсан

5

«Әке мен бала»

Мнемо сызбалар

Қаңтар

6

«Аурудан айыққан күштірек»

Мнемо сызбалар

Ақпан

7

«Көктем деген немене?»

Мнемо сызбалар

Наурыз

8

«Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Мнемо сызбалар

Сәуір

9

«Кішкентай бағбан»

Мнемо сызбалар

Мамыр

























Қолданылған әдебиеттер

  1. Учимся по сказке. Т.В.Большева

  2. Т.Б.Полянская “Использование метода мнемотехники в обучений

  3. Рассказыванию детей дошкольного возраста”

  4. Қ.Р Білім туралы заңы.Астана,2007ж

  5. Қ.Р Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

  6. «Отбасы және балабақшасы» журналдары №3,5,9-2008ж

  7. Психологиялық диагностика- Астана,2005ж

  8. Выготский Л.С. “Мышление и речь” (текст) Л.С.Высготский – М

  9. Лабиринт, 1996 – 416с.

  10. Дьяченко О.М. Возможности развития умственных способностей

  11. Дошкольников

  12. Венгер Л.А. Развитие способности к наглядному

  13. простанственному моделированию Д.В. 1982

  14. Дьяченко О.М. Чего на свете не бывает.

  15. Дьяченко О.М.,Е.Агаева – М.Просвещение 1991









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Балаларды? байланыстыра с?йлеуін дамытуда – мнемотехниканы ?олдану (?дістемелік ??рал)

Автор: Венера Серік?ызы Шапаева

Дата: 19.01.2016

Номер свидетельства: 279311


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства